https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8634
Сұхбат: харам ақша, харам табыспен ас жеу, дайрақ жеуге ұқсайды (2025.12.30 / Хижри 1447-жыл 10-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ كُلُوا۟ مِمَّا فِى ٱلْأَرْضِ حَلَـٰلًا طَيِّبًا» яғни «о адам баласы, жержүзіндегі барша халалдан және жақсыдан жеңдер», садақаллахулғазим, (құран 2інші сүре 168інші аят). Алла Әззә уә-Жәллә бізге таза нәрселерді жеуге әмір етеді, Алла Әззә уә-Жәлләның әмір еткені міне осы, Ол мұсылмандарға, жүйеден бүкіл адамзатты таза нәрселерді жеуге шақырады. Ал Оның таза нәрселер дегені халал нәрселер еді, халал болмаған нәрсе таза емес, таза астың материялдық жағы және рухани жағы болады. Материялдық тұрғыда, әрине, арақ, доңыз еті, және тағы басқа таза болмаған нәрселерге рұхсат етілмеген, олар лас нәрсе, таза емес, Алла Әззә уә-Жәллә, «оларды жемеңдер» деп айтқан. Сонымен бірге, егер сізде мынадай жағдайлар болса, сіз рухани тұрғыда харам жеп жатқан боласыз.
Мәселен, егер сіз байлығыңызға харам қоссаңыз, байлығыңыз таза болмаған лас нәрсеге, яғни дайрақ сияқты нәжіске айналады, сіз мүмкін, «мен ақшама халал мал етін сатып алдым, таза ет алдым» дерсіз, бірақ сіздің ақшаңыз ұрланған, тоналған, алдап алынған ақшалардан келген болса, бәрібір харам жеген боласыз. Сіз байлығыңызды онымен ластадыңыз, осындай табсыпен алынған нәрселерде еш игілік жоқ. Бұндайда сіздің жегеніңіз халал болмайды, себебі сіз харам ақшамен ас жеп жатырсыз, бұл харам таза емес, лас нәжіс болады. Ал әрбір істелінген күнә да ластыққа жатады, адамның дәрет-нәжісі де лас нәрсе, ал жаман нәрселерді жеу осындай нәрселерді жеумен ұқсас іс есептелінеді, сондықтан байқаңыз, кешірерсіз, яғни бұндайда дәрет сияқты лас нәрсе жегендей боласыз, иә, харам жеп жатырсыз. Жағдай міне осылай, адамдардың жақсы түсінуі үшін бұл ақиқат айтылуы керек.
Себебі, «لا حیاء في الدین», «ләхая фиддин» яғни «дінде ұяттық жоқ» делінер, демек дін істерінде ұялатын нәрсе жоқ, ақиқатты айту қажет, біз оны адамдарға жақсы түсіндіруіміз керек. Мәселен, адамдар, «мемлекеттің байлығы теңіз сияқты, оны доңыз ғана жемес» деп жатады, бірақ олар мүлдем қате айтады, іс бұлай емес, жағдай мүлдем оның керісі-дүр. Демек, кім ел байлығынан жесе, оған тұмсығын батырса, сол шошқаның өзі болар, себебі харам жеген адам осындай лас хайуан сияқты болып кетеді. Алла ﷻ бізді сақтағай, біз осыған көңіл бөлуіміз керек, харам жеп, пайдаға жеткен ешкім жоқ, онда еш игілік жоқ, байлығыңызды, мал-мүлкіңізді таза сақтаңыз, оны хараммен араластырып, былғап алмаңыз. Мәселен, қазір бұнда бір өте дәмді ас дайындалды делік, бірақ оған тым болмашы лас бірдеңе түсіп кетсе, жұрт ұлардай шулар, жер аударылғандай болар.
Мәселен, адамдар, «бұл тамақтың ішіне бір тышқан түсіп кетіпті», немесе, «одан бір тал шәш шықты» деп жатады, білмедім, басқа не нәрселердің шыққанын, әйтеу олар сондай істерді ұдайы айтар, ал осындай нәрсеге бола, олардың манағы тамақтары мүлдем лас тамаққа айналып кетеді. Алла ﷻ бізді панасына алғай, ал шындығында тышқан шыққан тамақ жесеңіз де, немесе, харам ақшамен тамақ жесеңіз де, екеуі - ұқсас бір іс, олардың ешқандай парқы жоқ. Алла ﷻ бізді сақтасын, және бізге харам жемейтін қырағылық бергей, иншалла, Алла ﷻ панасында еткей, бізді біліп я білмей харам жеуден сақтағай. Алла ﷻ бізді қорғағай, және бізді таза нәрселермен тамақтандырғай. Ал біз таза жеп, таза ішіп, Алла ﷻдың құзіретінде таза тұрғандардан болайық, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: حارام اقشا، حارام تابىسپەن اس جەۋ، دايراق جەۋگە ۇقسايدى (2025.12.30 / حيجري 1447-جىل 10-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ كُلُوا۟ مِمَّا فِى ٱلْأَرْضِ حَلَـٰلًا طَيِّبًا» ياعني «و ادام بالاسى، جەرجۇزىندەگى بارشا حالالدان جانە جاقسىدان جەڭدەر»، ساداقاللاحۋلعازيم، (قۇران 2ءىنشى سۇرە 168ءىنشى ايات). اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بىزگە تازا نارسەلەردى جەۋگە ءامىر ەتەدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءامىر ەتكەنى مىنە وسى، ول مۇسىلماندارعا، جۇيەدەن بۇكىل ادامزاتتى تازا نارسەلەردى جەۋگە شاقىرادى. ال ونىڭ تازا نارسەلەر دەگەنى حالال نارسەلەر ەدى، حالال بولماعان نارسە تازا ەمەس، تازا استىڭ ماتەريالدىق جاعى جانە رۋحاني جاعى بولادى. ماتەريالدىق تۇرعىدا، ارينە، اراق، دوڭىز ەتى، جانە تاعى باسقا تازا بولماعان نارسەلەرگە رۇحسات ەتىلمەگەن، ولار لاس نارسە، تازا ەمەس، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «ولاردى جەمەڭدەر» دەپ ايتقان. سونىمەن بىرگە، ەگەر سىزدە مىناداي جاعدايلار بولسا، ءسىز رۋحاني تۇرعىدا حارام جەپ جاتقان بولاسىز.
ماسەلەن، ەگەر ءسىز بايلىعىڭىزعا حارام قوسساڭىز، بايلىعىڭىز تازا بولماعان لاس نارسەگە، ياعني دايراق سياقتى ناجىسكە اينالادى، ءسىز مۇمكىن، «مەن اقشاما حالال مال ەتىن ساتىپ الدىم، تازا ەت الدىم» دەرسىز، ءبىراق ءسىزدىڭ اقشاڭىز ۇرلانعان، تونالعان، الداپ الىنعان اقشالاردان كەلگەن بولسا، ءبارىبىر حارام جەگەن بولاسىز. ءسىز بايلىعىڭىزدى ونىمەن لاستادىڭىز، وسىنداي تابسىپەن الىنعان نارسەلەردە ەش يگىلىك جوق. بۇندايدا ءسىزدىڭ جەگەنىڭىز حالال بولمايدى، سەبەبى ءسىز حارام اقشامەن اس جەپ جاتىرسىز، بۇل حارام تازا ەمەس، لاس ءناجىس بولادى. ال ءاربىر ىستەلىنگەن كۇنا دا لاستىققا جاتادى، ادامنىڭ دارەت-ءناجىسى دە لاس نارسە، ال جامان نارسەلەردى جەۋ وسىنداي نارسەلەردى جەۋمەن ۇقساس ءىس ەسەپتەلىنەدى، سوندىقتان بايقاڭىز، كەشىرەرسىز، ياعني بۇندايدا دارەت سياقتى لاس نارسە جەگەندەي بولاسىز، ءيا، حارام جەپ جاتىرسىز. جاعداي مىنە وسىلاي، ادامداردىڭ جاقسى ءتۇسىنۋى ءۇشىن بۇل اقيقات ايتىلۋى كەرەك.
سەبەبى، «لا ءحیا في الدین»، «ءلاحايا فيددين» ياعني «دىندە ۇياتتىق جوق» دەلىنەر، دەمەك ءدىن ىستەرىندە ۇيالاتىن نارسە جوق، اقيقاتتى ايتۋ قاجەت، ءبىز ونى ادامدارعا جاقسى ءتۇسىندىرۋىمىز كەرەك. ماسەلەن، ادامدار، «مەملەكەتتىڭ بايلىعى تەڭىز سياقتى، ونى دوڭىز عانا جەمەس» دەپ جاتادى، ءبىراق ولار مۇلدەم قاتە ايتادى، ءىس بۇلاي ەمەس، جاعداي مۇلدەم ونىڭ كەرىسى-ءدۇر. دەمەك، كىم ەل بايلىعىنان جەسە، وعان تۇمسىعىن باتىرسا، سول شوشقانىڭ ءوزى بولار، سەبەبى حارام جەگەن ادام وسىنداي لاس حايۋان سياقتى بولىپ كەتەدى. اللا ﷻ ءبىزدى ساقتاعاي، ءبىز وسىعان كوڭىل ءبولۋىمىز كەرەك، حارام جەپ، پايداعا جەتكەن ەشكىم جوق، وندا ەش يگىلىك جوق، بايلىعىڭىزدى، مال-مۇلكىڭىزدى تازا ساقتاڭىز، ونى حاراممەن ارالاستىرىپ، بىلعاپ الماڭىز. ماسەلەن، ءقازىر بۇندا ءبىر وتە ءدامدى اس دايىندالدى دەلىك، ءبىراق وعان تىم بولماشى لاس بىردەڭە ءتۇسىپ كەتسە، جۇرت ۇلارداي شۋلار، جەر اۋدارىلعانداي بولار.
ماسەلەن، ادامدار، «بۇل تاماقتىڭ ىشىنە ءبىر تىشقان ءتۇسىپ كەتىپتى»، نەمەسە، «ودان ءبىر تال ءشاش شىقتى» دەپ جاتادى، بىلمەدىم، باسقا نە نارسەلەردىڭ شىققانىن، ايتەۋ ولار سونداي ىستەردى ۇدايى ايتار، ال وسىنداي نارسەگە بولا، ولاردىڭ ماناعى تاماقتارى مۇلدەم لاس تاماققا اينالىپ كەتەدى. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ال شىندىعىندا تىشقان شىققان تاماق جەسەڭىز دە، نەمەسە، حارام اقشامەن تاماق جەسەڭىز دە، ەكەۋى - ۇقساس ءبىر ءىس، ولاردىڭ ەشقانداي پارقى جوق. اللا ﷻ ءبىزدى ساقتاسىن، جانە بىزگە حارام جەمەيتىن قىراعىلىق بەرگەي، ينشاللا، اللا ﷻ پاناسىندا ەتكەي، ءبىزدى ءبىلىپ يا بىلمەي حارام جەۋدەن ساقتاعاي. اللا ﷻ ءبىزدى قورعاعاي، جانە ءبىزدى تازا نارسەلەرمەن تاماقتاندىرعاي. ال ءبىز تازا جەپ، تازا ءىشىپ، اللا ﷻدىڭ قۇزىرەتىندە تازا تۇرعانداردان بولايىق، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8634