https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8629
Сұхбат: режеб айының бірінші бейсенбі түнін рағайып түні дейді (2025.12.25 / Хижри 1447-жыл 05-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Осыбір әдемі дінді жаратқаны үшін Алла ﷻға сансыз шүкірліктер болсын, Оған мыңдаған алғыс айтамыз, себебі, айтып өткеніміздей, біздің бұл хәліміз Оның қалауымен орнады. Бұл хәлдер әдемі хәлдер, біз оның құнын білуіміз керек, бүгін режеб айының бірінші бейсенбісі, ол бір құтты түн, оны «рағайып түні» деп атайды. Ал рағайып түнінде жасалған дұғалар ұдайы қабыл болады, бірақ осы түнде ерекше бір жақсылық, бір ерекше ұқсамастық бар, яғни бұл түн Алла ﷻ жағынан сүйілген түн, ол пайғамбарымыз ﷺ жағынан құтайған түн. Режеб айы берекелі айлардан болып, оның сауабы басқа айлардан жоғары болады, сондықтан шүкір-Алла.
Ондағы құлшылықтар сол, оның күндізді ораза ұсталады, ал түнінде, иншалла, бұнда зікір етіліп, дұға жасалады. Кім қаза еткен намаздары болса, соларды өтесін, ал түнде жатарда екі ракат намаз оқыңыз, (бұл намазды қиямул-ләйіл намазы дер), ұйқыдан соң тәхәжұтқа тұрыңыз, сонда сіз сол түні бойы ұйықтамай намаз оқығандай боласыз, соның сауабы беріледі, демек сіз сол түнді жандандырған боласыз, пайғамбарымыз ﷺ осылай дер. Кейбір адамдар түні бойы ұйықтамауға тырысар, бірақ бағанағы амалды істесеңіз, сіз ұйықтап жатсаңыз да оның сауабын аласыз, осылайша түні бойы құлшылық еткен болып саналасыз.
Бұл түндер Алла ﷻдан бізге берілген бір мейірім, бір іззет еді, Ол сауғаларын ұдайы беруде, ал осындай кездерді Ол тіпті де мол бергісі келеді, Ол бергенді, игілік сыйлағанды сүйеді. Ал адамның тәбиғаты олай емес, Алла Әззә уә-Жәллә тым жомарт, жомарттық дегеніміз бірдеңені онан арман көптеп беруге орай іздеу деген сөз, Алла Әззә уә-Жәллә, «Менен сұраңдар» дейді, ал сіз, «тым көп сұрап қойдым» демеңіз, себебі Алла Әззә уә-Жәллә, «сұра, тұрақты түрде тынбай сұрай бер, тағы да сұра» дейді. Ал адамдарға келсек, олар бір, екі я үш адамды қабыл ете алар, бірақ адамнан сұрай берсеңіз, оның тынысын тарылтып, мазасын кетіріп жіберетін боласыз, мейлі оның дүниесі қанша көп болсын, ол оған қиын болып кетеді.
Бірақ Алла Әззә уә-Жәллә Өз іззетімен жомарттығында, «Менен сұраңдар, тағы сұраңдар, Мен саған беремін, Менің қазынам еш таусылмайтын қазына» дер. Ол жәйлы, «مَا عِندَكُمْ يَنفَدُ ۖ وَمَا عِندَ اللَّهِ بَاقٍ» яғни «сендегілер таусылар, ал Алладағы еш таусылмас» делінер, (құран 16інші сүре 96інші аят), демек сіздегі әр нәрсенің ақыры бар, мейлі адам қанша бай болсын, оның нәрсесі таусылады, бірақ Алла Әззә уә-Жәлләмен бірге болған нәрселер мәңгілік болады, оның ақыры болмайды, шүкір-Алла. Сонымен бұл түніміз бір берекелі түн, Алла ﷻ оны бізге құтты еткей, және бізге Өзінің таусылмайтын қазыналарынан болған иман байлығын молынан нәсіп еткей. Алла ﷻ бізді құтайта бергей, ешкімге мұхтаж етпегей, иншалла, осында да және ақиретте де бақытты болуымыз үшін осылай болғай.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: رەجەب ايىنىڭ ءبىرىنشى بەيسەنبى ءتۇنىن راعايىپ ءتۇنى دەيدى (2025.12.25 / حيجري 1447-جىل 05-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) ءوسىبىر ادەمى ءدىندى جاراتقانى ءۇشىن اللا ﷻعا سانسىز شۇكىرلىكتەر بولسىن، وعان مىڭداعان العىس ايتامىز، سەبەبى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءبىزدىڭ بۇل ءحالىمىز ونىڭ قالاۋىمەن ورنادى. بۇل حالدەر ادەمى حالدەر، ءبىز ونىڭ قۇنىن ءبىلۋىمىز كەرەك، بۇگىن رەجەب ايىنىڭ ءبىرىنشى بەيسەنبىسى، ول ءبىر قۇتتى ءتۇن، ونى «راعايىپ ءتۇنى» دەپ اتايدى. ال راعايىپ تۇنىندە جاسالعان دۇعالار ۇدايى قابىل بولادى، ءبىراق وسى تۇندە ەرەكشە ءبىر جاقسىلىق، ءبىر ەرەكشە ۇقساماستىق بار، ياعني بۇل ءتۇن اللا ﷻ جاعىنان سۇيىلگەن ءتۇن، ول پايعامبارىمىز ﷺ جاعىنان قۇتايعان ءتۇن. رەجەب ايى بەرەكەلى ايلاردان بولىپ، ونىڭ ساۋابى باسقا ايلاردان جوعارى بولادى، سوندىقتان شۇكىر-اللا.
ونداعى قۇلشىلىقتار سول، ونىڭ كۇندىزدى ورازا ۇستالادى، ال تۇنىندە، ينشاللا، بۇندا زىكىر ەتىلىپ، دۇعا جاسالادى. كىم قازا ەتكەن نامازدارى بولسا، سولاردى وتەسىن، ال تۇندە جاتاردا ەكى راكات ناماز وقىڭىز، (بۇل نامازدى قيامۋل-ءلايىل نامازى دەر)، ۇيقىدان سوڭ ءتاحاجۇتقا تۇرىڭىز، سوندا ءسىز سول ءتۇنى بويى ۇيىقتاماي ناماز وقىعانداي بولاسىز، سونىڭ ساۋابى بەرىلەدى، دەمەك ءسىز سول ءتۇندى جانداندىرعان بولاسىز، پايعامبارىمىز ﷺ وسىلاي دەر. كەيبىر ادامدار ءتۇنى بويى ۇيىقتاماۋعا تىرىسار، ءبىراق باعاناعى امالدى ىستەسەڭىز، ءسىز ۇيىقتاپ جاتساڭىز دا ونىڭ ساۋابىن الاسىز، وسىلايشا ءتۇنى بويى قۇلشىلىق ەتكەن بولىپ سانالاسىز.
بۇل تۇندەر اللا ﷻدان بىزگە بەرىلگەن ءبىر مەيىرىم، ءبىر ىززەت ەدى، ول ساۋعالارىن ۇدايى بەرۋدە، ال وسىنداي كەزدەردى ول ءتىپتى دە مول بەرگىسى كەلەدى، ول بەرگەندى، يگىلىك سىيلاعاندى سۇيەدى. ال ادامنىڭ ءتابيعاتى ولاي ەمەس، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا تىم جومارت، جومارتتىق دەگەنىمىز بىردەڭەنى ونان ارمان كوپتەپ بەرۋگە وراي ىزدەۋ دەگەن ءسوز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «مەنەن سۇراڭدار» دەيدى، ال ءسىز، «تىم كوپ سۇراپ قويدىم» دەمەڭىز، سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «سۇرا، تۇراقتى تۇردە تىنباي سۇراي بەر، تاعى دا سۇرا» دەيدى. ال ادامدارعا كەلسەك، ولار ءبىر، ەكى يا ءۇش ادامدى قابىل ەتە الار، ءبىراق ادامنان سۇراي بەرسەڭىز، ونىڭ تىنىسىن تارىلتىپ، مازاسىن كەتىرىپ جىبەرەتىن بولاسىز، مەيلى ونىڭ دۇنيەسى قانشا كوپ بولسىن، ول وعان قيىن بولىپ كەتەدى.
ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءوز ىززەتىمەن جومارتتىعىندا، «مەنەن سۇراڭدار، تاعى سۇراڭدار، مەن ساعان بەرەمىن، مەنىڭ قازىنام ەش تاۋسىلمايتىن قازىنا» دەر. ول ءجايلى، «مَا عِندَكُمْ يَنفَدُ ۖ وَمَا عِندَ اللَّهِ بَاقٍ» ياعني «سەندەگىلەر تاۋسىلار، ال اللاداعى ەش تاۋسىلماس» دەلىنەر، (قۇران 16ءىنشى سۇرە 96ءىنشى ايات)، دەمەك سىزدەگى ءار نارسەنىڭ اقىرى بار، مەيلى ادام قانشا باي بولسىن، ونىڭ نارسەسى تاۋسىلادى، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن بىرگە بولعان نارسەلەر ماڭگىلىك بولادى، ونىڭ اقىرى بولمايدى، شۇكىر-اللا. سونىمەن بۇل ءتۇنىمىز ءبىر بەرەكەلى ءتۇن، اللا ﷻ ونى بىزگە قۇتتى ەتكەي، جانە بىزگە ءوزىنىڭ تاۋسىلمايتىن قازىنالارىنان بولعان يمان بايلىعىن مولىنان ءناسىپ ەتكەي. اللا ﷻ ءبىزدى قۇتايتا بەرگەي، ەشكىمگە مۇحتاج ەتپەگەي، ينشاللا، وسىندا دا جانە اقيرەتتە دە باقىتتى بولۋىمىز ءۇشىن وسىلاي بولعاي.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8629