https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8617
Сұхбат: Алла жолында болғың келсе, пірге еріп, сопылық тәриқат ұстан (2025.12.14 / Хижри 1447-жыл 23-Жұмадал Әл-Тәни)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Шүкір-Алла, біз барлығымыз уммати-мухаммат яғни пайғамбарымыз ﷺның үмбетіміз, бұл бір зор мәртебе, зор нығымет, зор береке, біз осы нығыметтің құнын білуіміз керек. Біз осы үшін, осы дінде болғанымыз үшін, осы үмбеттен болғанымыз үшін Алла Әззә уә-Жәлләға алғыс айталық, ал кім пайғамбарымыз ﷺды сүймесе, ол шайтан болар, шайтан болса адамдарды адастырып, оларды өзі сияқты бақытсыз еткісі келеді. Сондықтан ол адамдарды олардың нәпсісімен, қалау-аңсарымен алдап, пайғамбарымыз ﷺға қарсы жау етеді, немесе ең кемінде оларды пайғамбарымыз ﷺды құрметтеуден тосады. Ал пайғамбарымыз ﷺға қарсы келгендер, оған жау болғандар онсызда кәпірлерден болар, ал оған құрмет көрсетпегендер алданған мұсылмандардан болар, сонда олар кімдер? олардың көбі сол, мүршит пірі немесе шайығы жоқ мұсылмандар.
Шүкір-Алла, біз ең әдемі жолға, исламның жолына ілесеміз, ол - сопылық тәриқат, ал сопылық тәриқаттың ең жақсысы, үстінде еш шаңы жоқ мінсізі нақышбанд сопылық тәриқаты. Шүкір-Алла, ол солай, ал барлық сопылық тәриқаттағылар ұқсас махаббатты, ұқсас құрметті бөліседі, алайда кейде адамдар істі басқаша көзбен көрер, бірақ сопылық тәриқатсыз, жұрт пайғамбарымыз ﷺның шын құнын біле алмас, түсіне алмас. Олар пайғамбарымыз ﷺның ұлықтығын біле алмайды, оны ең құрметтейтіндер, ең сүйетіндер осы сопылық тәриқаттағылар. Мейлі өзгелер пайғамбарымыз ﷺды қанша сүймек болсын, шайтан олардың жүрегіне күмәнмен үрей салып қояды да, олар, «ол сен сияқты жәй адам» дер, немесе, «ол ондай, ол сондай» дер, міне осылай шайтан олардың махаббатын ерітіп, жоқ қылып жібереді.
Ал ақиқатында пайғамбарымыз ﷺның ұлықтығымен биіктігі жәйлы, мәртебесімен құны, қымбаты жәйлы еш күмән болмауы керек. Сондықтан, пайғамбарымыз ﷺның сүннетіне еру, оған деген құрметімізбен ұлықтауымыздың бір көрнісі болмақ. Шүкір-Алла, біздің сопылық тәриқатымыз оның көптеген сүннеттерін атқарады, олардың барлығын істеуге болады. Оны істей алатындар істей алғанынша істесін, ал Алла ﷻдың қасында әрбір сүннет амал жүздеген шәхиттің сауабына тең нәрсе, біз сүннетті тастамаймыз, бірақ не сүннет болса, соны мүмкіндігіміз келгенше орындауға тырысамыз. Сондықтан, сопылық тәриқаттағылар, «мен енді не істеймін» деп сұрар, сіз бес уақ намаз оқығаннан тыс, тәсбихат айтыңыз, басқа сүннет және нәфилерді орындаңыз, бұлардың барлығы сүннет, сонда құлшылық оңай болып кетеді, ол тіпті де жеңілдеседі.
Әйтпесе, сопылық тәриқатта болмағандар, оны бір рет, я екі рет, бірнеше рет істер, біраз уақыт істер, содан соң олар, «мен оны жалғасты істей алмаймын» дер, ал сопылық тәриқаттағылар, шүкір-Алла, олар оны Алла ﷻға кездесетін кезге дейін істейді. Бұл бір әдемі жол, біз Алла ﷻға шүкірлік айтуымыз керек, ол пайғамбарымыз ﷺның жолы, тәриқаттың мағынасы «жол» дегенді білдіреді. Ол жол пайғамбарымыз ﷺның жолы, ал біз Алла ﷻға жолығып, пайғамбарымыз ﷺмен бірге болғанша, осы жолды жалғастыра береміз, иншалла. Алла ﷻ барлығымызды бекем еткей, және бұл жолға келмегендерді Алла ﷻ осы жолға келуге нәсіп еткей, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: اللا جولىندا بولعىڭ كەلسە، پىرگە ەرىپ، سوپىلىق ءتاريقات ۇستان (2025.12.14 / حيجري 1447-جىل 23-جۇمادال ءال-ءتاني)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) شۇكىر-اللا، ءبىز بارلىعىمىز ۋمماتي-مۋحاممات ياعني پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ۇمبەتىمىز، بۇل ءبىر زور مارتەبە، زور نىعىمەت، زور بەرەكە، ءبىز وسى نىعىمەتتىڭ قۇنىن ءبىلۋىمىز كەرەك. ءبىز وسى ءۇشىن، وسى دىندە بولعانىمىز ءۇشىن، وسى ۇمبەتتەن بولعانىمىز ءۇشىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا العىس ايتالىق، ال كىم پايعامبارىمىز ﷺدى سۇيمەسە، ول شايتان بولار، شايتان بولسا ادامداردى اداستىرىپ، ولاردى ءوزى سياقتى باقىتسىز ەتكىسى كەلەدى. سوندىقتان ول ادامداردى ولاردىڭ ناپسىسىمەن، قالاۋ-اڭسارىمەن الداپ، پايعامبارىمىز ﷺعا قارسى جاۋ ەتەدى، نەمەسە ەڭ كەمىندە ولاردى پايعامبارىمىز ﷺدى قۇرمەتتەۋدەن توسادى. ال پايعامبارىمىز ﷺعا قارسى كەلگەندەر، وعان جاۋ بولعاندار ونسىزدا كاپىرلەردەن بولار، ال وعان قۇرمەت كورسەتپەگەندەر الدانعان مۇسىلمانداردان بولار، سوندا ولار كىمدەر؟ ولاردىڭ كوبى سول، ءمۇرشيت ءپىرى نەمەسە شايىعى جوق مۇسىلماندار.
شۇكىر-اللا، ءبىز ەڭ ادەمى جولعا، يسلامنىڭ جولىنا ىلەسەمىز، ول - سوپىلىق ءتاريقات، ال سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ ەڭ جاقسىسى، ۇستىندە ەش شاڭى جوق ءمىنسىزى ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتى. شۇكىر-اللا، ول سولاي، ال بارلىق سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار ۇقساس ماحابباتتى، ۇقساس قۇرمەتتى بولىسەدى، الايدا كەيدە ادامدار ءىستى باسقاشا كوزبەن كورەر، ءبىراق سوپىلىق ءتاريقاتسىز، جۇرت پايعامبارىمىز ﷺنىڭ شىن قۇنىن بىلە الماس، تۇسىنە الماس. ولار پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ۇلىقتىعىن بىلە المايدى، ونى ەڭ قۇرمەتتەيتىندەر، ەڭ سۇيەتىندەر وسى سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار. مەيلى وزگەلەر پايعامبارىمىز ﷺدى قانشا سۇيمەك بولسىن، شايتان ولاردىڭ جۇرەگىنە كۇمانمەن ۇرەي سالىپ قويادى دا، ولار، «ول سەن سياقتى ءجاي ادام» دەر، نەمەسە، «ول ونداي، ول سونداي» دەر، مىنە وسىلاي شايتان ولاردىڭ ماحابباتىن ەرىتىپ، جوق قىلىپ جىبەرەدى.
ال اقيقاتىندا پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ۇلىقتىعىمەن بيىكتىگى ءجايلى، مارتەبەسىمەن قۇنى، قىمباتى ءجايلى ەش كۇمان بولماۋى كەرەك. سوندىقتان، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ سۇننەتىنە ەرۋ، وعان دەگەن قۇرمەتىمىزبەن ۇلىقتاۋىمىزدىڭ ءبىر كورنىسى بولماق. شۇكىر-اللا، ءبىزدىڭ سوپىلىق ءتاريقاتىمىز ونىڭ كوپتەگەن سۇننەتتەرىن اتقارادى، ولاردىڭ بارلىعىن ىستەۋگە بولادى. ونى ىستەي الاتىندار ىستەي العانىنشا ىستەسىن، ال اللا ﷻدىڭ قاسىندا ءاربىر سۇننەت امال جۇزدەگەن ءشاحيتتىڭ ساۋابىنا تەڭ نارسە، ءبىز سۇننەتتى تاستامايمىز، ءبىراق نە سۇننەت بولسا، سونى مۇمكىندىگىمىز كەلگەنشە ورىنداۋعا تىرىسامىز. سوندىقتان، سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار، «مەن ەندى نە ىستەيمىن» دەپ سۇرار، ءسىز بەس ۋاق ناماز وقىعاننان تىس، ءتاسبيحات ايتىڭىز، باسقا سۇننەت جانە نافيلەردى ورىنداڭىز، بۇلاردىڭ بارلىعى سۇننەت، سوندا قۇلشىلىق وڭاي بولىپ كەتەدى، ول ءتىپتى دە جەڭىلدەسەدى.
ايتپەسە، سوپىلىق ءتاريقاتتا بولماعاندار، ونى ءبىر رەت، يا ەكى رەت، بىرنەشە رەت ىستەر، ءبىراز ۋاقىت ىستەر، سودان سوڭ ولار، «مەن ونى جالعاستى ىستەي المايمىن» دەر، ال سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار، شۇكىر-اللا، ولار ونى اللا ﷻعا كەزدەسەتىن كەزگە دەيىن ىستەيدى. بۇل ءبىر ادەمى جول، ءبىز اللا ﷻعا شۇكىرلىك ايتۋىمىز كەرەك، ول پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى، ءتاريقاتتىڭ ماعىناسى «جول» دەگەندى بىلدىرەدى. ول جول پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى، ال ءبىز اللا ﷻعا جولىعىپ، پايعامبارىمىز ﷺمەن بىرگە بولعانشا، وسى جولدى جالعاستىرا بەرەمىز، ينشاللا. اللا ﷻ بارلىعىمىزدى بەكەم ەتكەي، جانە بۇل جولعا كەلمەگەندەردى اللا ﷻ وسى جولعا كەلۋگە ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8617