You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8615
ЕРТЕҢ ЕРЕЖЕПТІҢ БІРІНШІ БЕЙСЕНБІ ТҮНІ "РАҒАЙЫП ТҮНІ" КІРЕДІ, МЫНА АМАЛДАРДЫ ІСТЕҢІЗ

Ертең (2025.12.25) Ережеп айының бірінші бейсенбісі, оның түні аса қасиетті түндердің бірі саналады, ол түнді "рағайып түні" дейді. Бұл түнде керегіңізді дұғамен сұраңыз, қабыл болады. Ертең бейсенбіні былай өткізіңіз:

- күндіз ораза ұстаңыз
- таң намазда я одан бұрын тұрып дұға етіп, керегіңізді сұраңыз
- садақа берсеңіз мың есе сауап жазылады
- мүмкін болса 500 астағфируллаһ айтыңыз
- кеште 4 ракат тәсбих намаз оқыңыз
- кеште 2 ракат шүкір намаз оқыңыз
- кеште яғни рағайып түнінде 12 ракат намаз бар, оны 2 ракаттан 6 рет оқиды, әр ракатта 1 фатиха, 3 қадір, 12 ықлас сүресі оқылады.

оны ақшаммен құптан арасында оқыса ең жақсы, болмаса құптаннан соң оқыса да болады. Намаз біткен соң 70 рет 'аллахумма сәли әлә сәидина мұхаммадин нәбиил уми уа әлә әлихи уа сәлим' деп айтасыз. Одан соң сәждеге барып, 'суббухұн құддусұн раббуна уа раббул малайкати уа рух' деп айтасыз. Сосын сәждеде Алладан кешірім сұрап, осы дүниемізбен ақиретіміз үшін қайырлы нәрселер сұраймыз, және басқа дұғаларды тілесеңіз болады. Соңында, Раббанна атина фиддуния хасанатан уафил ақирати хасанатан уақина ғазаббанар-ды оқыңыз. Рағайып түнінде бүкіл періштелер қағбаны айналып тәуәп жасап, пайғамбар үмбеті үшін кешірім сұрайды әрі олардың осы истиғфары қабыл болады.

ەرتەڭ ەرەجەپتىڭ ءبىرىنشى بەيسەنبى ءتۇنى "راعايىپ ءتۇنى" كىرەدى، مىنا امالداردى ىستەڭىز

ەرتەڭ (2025.12.25) ەرەجەپ ايىنىڭ ءبىرىنشى بەيسەنبىسى، ونىڭ ءتۇنى اسا قاسيەتتى تۇندەردىڭ ءبىرى سانالادى، ول ءتۇندى "راعايىپ ءتۇنى" دەيدى. بۇل تۇندە كەرەگىڭىزدى دۇعامەن سۇراڭىز، قابىل بولادى. ەرتەڭ بەيسەنبىنى بىلاي وتكىزىڭىز:

- كۇندىز ورازا ۇستاڭىز
- تاڭ نامازدا يا ودان بۇرىن تۇرىپ دۇعا ەتىپ، كەرەگىڭىزدى سۇراڭىز
- ساداقا بەرسەڭىز مىڭ ەسە ساۋاپ جازىلادى
- مۇمكىن بولسا 500 استاعفيرۋللاھ ايتىڭىز
- كەشتە 4 راكات ءتاسبيح ناماز وقىڭىز
- كەشتە 2 راكات شۇكىر ناماز وقىڭىز
- كەشتە ياعني راعايىپ تۇنىندە 12 راكات ناماز بار، ونى 2 راكاتتان 6 رەت وقيدى، ءار راكاتتا 1 فاتيحا، 3 ءقادىر، 12 ىقلاس سۇرەسى وقىلادى.

ونى اقشاممەن قۇپتان اراسىندا وقىسا ەڭ جاقسى، بولماسا قۇپتاننان سوڭ وقىسا دا بولادى. ناماز بىتكەن سوڭ 70 رەت 'اللاحۋمما ءسالي ءالا ءسايدينا مۇحاممادين ءنابيل ۋمي ۋا ءالا ءاليحي ۋا ءساليم' دەپ ايتاسىز. ودان سوڭ ساجدەگە بارىپ، 'سۋببۋحۇن قۇددۋسۇن راببۋنا ۋا راببۋل مالايكاتي ۋا رۋح' دەپ ايتاسىز. سوسىن ساجدەدە اللادان كەشىرىم سۇراپ، وسى دۇنيەمىزبەن اقيرەتىمىز ءۇشىن قايىرلى نارسەلەر سۇرايمىز، جانە باسقا دۇعالاردى تىلەسەڭىز بولادى. سوڭىندا، رابباننا اتينا فيددۋنيا حاساناتان ۋافيل اقيراتي حاساناتان ۋاقينا عازاببانار-دى وقىڭىز. راعايىپ تۇنىندە بۇكىل پەرىشتەلەر قاعبانى اينالىپ ءتاۋاپ جاساپ، پايعامبار ۇمبەتى ءۇشىن كەشىرىم سۇرايدى ءارى ولاردىڭ وسى يستيعفارى قابىل بولادى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8615