https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8596
Сұхбат: рим папасы шайық Назым әулиемен кездескен соң, папалықтан кетіп, исламды жасырын қабыл етті (2025.11.29 / Хижри 1447-жыл 08-Жұмадал Әл-Тәни)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «فَمَن شَاءَ فَلْيُؤْمِن وَمَن شَاءَ فَلْيَكْفُرْ» яғни «сондықтан кім қаласа, сенсін, ал кім қаласа, сенбесін», (құран 18інші сүре 29інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «кім қаласа, сеніп иман етсін, ал кім қаласа, күпірлікте қала берсін» дейді, міне бұлар жүрек ісі болып, сіз біреуді зорлықпен күштеп, мұсылман ете алмайсыз. Ал мұсылмандардың жаулап алу кездерінде олар ешкімді дінін өзгертуге зорлық етпеді, демек сіз мұсылман болғыңыз келсе, бола аласыз, әйтпесе өз дініңізде қала бересіз. Онда төленетін мәлім салық болған, сонымен сізге кәдімгі халық санатындағы бұқара сияқты мәміле жасалады. Ал бұларды біз не үшін айтып отырмыз? себебі бүгін я кеше, немесе өткен бірнеше күнмен ұқсас күнде, христан әлемінің ең үлкен папасы яғни рим папасы осында келіп, зиярат қылды. Ал рим папасының келгендегі басты мақсаты осы Никасе қаласындағы 1700 жыл бұрын өткен дінді өзгертуді мақсат етіп жиналған діни қызметкерлерді зиярат ету еді.
Бұрын рим көпқұдайшылдары «назарендер» деп аталынған Иса әлейхиссаламның жолында жүрген шын христандарды азаптап қинайтын еді, оларды өлтіріп, ешқайда шығармайтын, одан соң олар көпқұдайшылдық сенімімен христан дінін қосып, өз ойлары бойынша бірдеңе жасап шығады. Осыдан 1700 жыл бұрын, яғни Сәйдина Иса хазірет кеткен 325 жылдан соң, манағы рим көпқұдайшылдары, «біз де христан болдық» дер, бірақ олар кейін, «біздің дінде бір ғана құдай болмайды, оның отбасы болуы, баласы болуы керек» деп, дінді аз-аздан өзгерте бастады. Хаша, ол одан жырақ-дүр. Әрине, Иса әлейхиссаламға еретін шын кітап иелері оны қабыл етпеді, және олар басқа да көптеген істерді істеді, ал көпқұдайшылдар олардың үнін өшіру үшін оларды жинап, осы Никеяда жиын ашты. Бірақ христандар, «міне мынау христандық, ал біз осылардан басқа нәрселерді қабыл етпейміз, бұдан басқа ештеңені қабылдай алмаймыз» дейді, сонымен көпқұдайшылдар оларды қырып салды.
Ал олардан қаша алғаны қашып кетті, сонда қалғандары олардың тілегеніндей олардың сенімін қабыл етті, немесе кейбірі сонда өлтірілді. Міне осылай, осы мәселелер, осы істер осыдан 1700 жыл бұрын Никеяда туылған еді, ал кейбірі, айтып өткеніміздей, сонда да олардың сенімінен тыс қалған көптеген жамағаттар болды, солардың бірі Несториян тармағы еді. Мәселен, атақты сахаба Салман Фарси хазірет исламға кіруден бұрын осы Несторияндардың монағына еруші еді, және олар бір-біріне тура жолды көрсететін. Соңында осы несториян монақтары, «пайғамбар Мәдина жақтан шығады» деп, Салман Фарси хазіретті Мединаға жібереді, сонымен ол онда барып, пайғамбарымыз ﷺды тауып алады. Міне, Салман Фарси хазірет осы тармағында болған еді, олардан өте көп сандысы Алла ﷻдың бірләндығына иман келтіріп, бір Аллаға құлшылық етті.
Алайда кейін манағындай қыңыр тармақтар шықты, олар жалған інжіл жасап, бүкіл христан дүниесін адастырып жіберді, жұртқа зұлымдық қылды, оларды өлтірді, міне бұл олардың көпқұдайшылдыққа қалай түсіп кеткендігін көрсетеді. Нақты болған іс міне осындай, бұл жиналыс, иншалла, адамдарға дұрыс жолды көрсетуге бір себеп болады, біздің адамдар, «онда мәлім сиқыр жасалынса қайтеді, немесе басқа бірдеңе істелінсе қайтпек» деп қорқып жүр. Ештеңе болмайды, одан қорқарлық еш себеп жоқ, бұл жер әулиелердің мекені, шәхиттардың мекені, сахабалардың мекені, сондықтан кім келгісі келсе, келсін, олар оған ештеңе ете алмайды, ештеңе болмайды. Ал біз мейман-қонақтарымызға жомарттықпен мәміле жасалық, Алла ﷻ мейірімділік арқылы олардың жүрегіне иман және нұр бергей, олар ақиқатты көргей, иншалла.
Бұрынғы өткен екі рим папасы піріміз Мәуләнә Шайық Назым хазіретті тұтқиыл зиярат еткен еді, одан соң осы рим папасы папалық қызметін тастап, рим папаларының тәрихнда болып көрмеген істі істейді. Біз Мәуләнә Шайық Назым хазіреттен, «ол не үшін бұлай етті» деп сұрадық, ал Мәуләнә, «ол ақиқатты көрді» деп айтқан болатын, яғни ол ақиқатты көрген соң, папалықтан кетті. Ал олар христан халқына, «ол ауырып қалды, ол ауру себебінен рим папалығын істегісі келмейді екен» деген күлкілі сылтаумен күллі христан жұртын алдап қойды. Әдетте, бір рим папасы өлмей тұрып, оның орнына тағы бір рим папасы келмейді, ешкім одан түспейді, егер ауырса, ауыра берер, бірақ папалық қызметінде өлгенге дейін қала береді. Сондықтан, Алла ﷻ қаласа, адамдарды хидаятқа бастайды, осындай істер болады, иншалла. Ал қазірге дейін осы рим папасының айналасында жүрген мыңдаған, жүзмыңдаған поптармен монақтар ақиқатты көріп, өз міндеттерін жасырын істеуде, және олар жасырын мұсылман болып кетті.
Сондықтан бұнда осы іс үшін қорқудың еш қажеті жоқ, «وَقُلْ جَاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ» яғни «және, хақ келер, ал жалғандық кетер», (құран 17інші сүре 81інші аят). Демек хақ болған жерде, жалғандық жоғалады, оның мағынасы сол, оның ешбір құны қалмайды, ол еш маңызды болмай қалады. Ал біздің адамдар, «не болмақ, олай болар, былай болар» деп жүр, бірақ бұнда еш қорқыныш жоқ, Алла ﷻ бізбен бірге, Алла Әззә уә-Жәллә Әл-Хақ. Шындық ашыққа шығады, ол қазір яғни рим папасы келгенде болмаса да, бірақ Сәйдина Иса хазірет келгенде көрінеді, ол Алла ﷻдың рұхсатында барлық жалғандықты кетіреді. Алла ﷻ бұл істі жақсылыққа жол еткей, иншалла, ол хидаятқа себепші болғай. Көптеген бауырлар жалғандықтан қайтты емеспе, демек олар өздерінің дінінен хақ дінге қайтты, көп ел де солар сияқты, шүкір-Алла. Алла ﷻ осы арқылы да мұсылмандарды оятқай, сонда олар да хақты қабыл етер, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ريم پاپاسى شايىق نازىم اۋليەمەن كەزدەسكەن سوڭ، پاپالىقتان كەتىپ، يسلامدى جاسىرىن قابىل ەتتى (2025.11.29 / حيجري 1447-جىل 08-جۇمادال ءال-ءتاني)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «فَمَن ءشَاَ فَلْيُؤْمِن وَمَن ءشَاَ فَلْيَكْفُرْ» ياعني «سوندىقتان كىم قالاسا، سەنسىن، ال كىم قالاسا، سەنبەسىن»، (قۇران 18ءىنشى سۇرە 29ءىنشى ايات)، ساداقال لاحۋل عازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «كىم قالاسا، سەنىپ يمان ەتسىن، ال كىم قالاسا، كۇپىرلىكتە قالا بەرسىن» دەيدى، مىنە بۇلار جۇرەك ءىسى بولىپ، ءسىز بىرەۋدى زورلىقپەن كۇشتەپ، مۇسىلمان ەتە المايسىز. ال مۇسىلمانداردىڭ جاۋلاپ الۋ كەزدەرىندە ولار ەشكىمدى ءدىنىن وزگەرتۋگە زورلىق ەتپەدى، دەمەك ءسىز مۇسىلمان بولعىڭىز كەلسە، بولا الاسىز، ايتپەسە ءوز دىنىڭىزدە قالا بەرەسىز. وندا تولەنەتىن ءمالىم سالىق بولعان، سونىمەن سىزگە كادىمگى حالىق ساناتىنداعى بۇقارا سياقتى مامىلە جاسالادى. ال بۇلاردى ءبىز نە ءۇشىن ايتىپ وتىرمىز؟ سەبەبى بۇگىن يا كەشە، نەمەسە وتكەن بىرنەشە كۇنمەن ۇقساس كۇندە، حريستان الەمىنىڭ ەڭ ۇلكەن پاپاسى ياعني ريم پاپاسى وسىندا كەلىپ، زيارات قىلدى. ال ريم پاپاسىنىڭ كەلگەندەگى باستى ماقساتى وسى نيكاسە قالاسىنداعى 1700 جىل بۇرىن وتكەن ءدىندى وزگەرتۋدى ماقسات ەتىپ جينالعان ءدىني قىزمەتكەرلەردى زيارات ەتۋ ەدى.
بۇرىن ريم كوپقۇدايشىلدارى «نازارەندەر» دەپ اتالىنعان يسا الەيحيسسالامنىڭ جولىندا جۇرگەن شىن حريستانداردى ازاپتاپ قينايتىن ەدى، ولاردى ءولتىرىپ، ەشقايدا شىعارمايتىن، ودان سوڭ ولار كوپقۇدايشىلدىق سەنىمىمەن حريستان ءدىنىن قوسىپ، ءوز ويلارى بويىنشا بىردەڭە جاساپ شىعادى. وسىدان 1700 جىل بۇرىن، ياعني ءسايدينا يسا حازىرەت كەتكەن 325 جىلدان سوڭ، ماناعى ريم كوپقۇدايشىلدارى، «ءبىز دە حريستان بولدىق» دەر، ءبىراق ولار كەيىن، «ءبىزدىڭ دىندە ءبىر عانا قۇداي بولمايدى، ونىڭ وتباسى بولۋى، بالاسى بولۋى كەرەك» دەپ، ءدىندى از-ازدان وزگەرتە باستادى. حاشا، ول ودان جىراق-ءدۇر. ارينە، يسا الەيحيسسالامعا ەرەتىن شىن كىتاپ يەلەرى ونى قابىل ەتپەدى، جانە ولار باسقا دا كوپتەگەن ىستەردى ىستەدى، ال كوپقۇدايشىلدار ولاردىڭ ءۇنىن ءوشىرۋ ءۇشىن ولاردى جيناپ، وسى نيكەيادا جيىن اشتى. ءبىراق حريستاندار، «مىنە مىناۋ حريستاندىق، ال ءبىز وسىلاردان باسقا نارسەلەردى قابىل ەتپەيمىز، بۇدان باسقا ەشتەڭەنى قابىلداي المايمىز» دەيدى، سونىمەن كوپقۇدايشىلدار ولاردى قىرىپ سالدى.
ال ولاردان قاشا العانى قاشىپ كەتتى، سوندا قالعاندارى ولاردىڭ تىلەگەنىندەي ولاردىڭ سەنىمىن قابىل ەتتى، نەمەسە كەيبىرى سوندا ءولتىرىلدى. مىنە وسىلاي، وسى ماسەلەلەر، وسى ىستەر وسىدان 1700 جىل بۇرىن نيكەيادا تۋىلعان ەدى، ال كەيبىرى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، سوندا دا ولاردىڭ سەنىمىنەن تىس قالعان كوپتەگەن جاماعاتتار بولدى، سولاردىڭ ءبىرى نەستوريان تارماعى ەدى. ماسەلەن، اتاقتى ساحابا سالمان فارسي حازىرەت يسلامعا كىرۋدەن بۇرىن وسى نەستوريانداردىڭ موناعىنا ەرۋشى ەدى، جانە ولار ءبىر-بىرىنە تۋرا جولدى كورسەتەتىن. سوڭىندا وسى نەستوريان موناقتارى، «پايعامبار ءمادينا جاقتان شىعادى» دەپ، سالمان فارسي حازىرەتتى مەديناعا جىبەرەدى، سونىمەن ول وندا بارىپ، پايعامبارىمىز ﷺدى تاۋىپ الادى. مىنە، سالمان فارسي حازىرەت وسى تارماعىندا بولعان ەدى، ولاردان وتە كوپ ساندىسى اللا ﷻدىڭ ءبىرلاندىعىنا يمان كەلتىرىپ، ءبىر اللاعا قۇلشىلىق ەتتى.
الايدا كەيىن ماناعىنداي قىڭىر تارماقتار شىقتى، ولار جالعان ءىنجىل جاساپ، بۇكىل حريستان دۇنيەسىن اداستىرىپ جىبەردى، جۇرتقا زۇلىمدىق قىلدى، ولاردى ءولتىردى، مىنە بۇل ولاردىڭ كوپقۇدايشىلدىققا قالاي ءتۇسىپ كەتكەندىگىن كورسەتەدى. ناقتى بولعان ءىس مىنە وسىنداي، بۇل جينالىس، ينشاللا، ادامدارعا دۇرىس جولدى كورسەتۋگە ءبىر سەبەپ بولادى، ءبىزدىڭ ادامدار، «وندا ءمالىم سيقىر جاسالىنسا قايتەدى، نەمەسە باسقا بىردەڭە ىستەلىنسە قايتپەك» دەپ قورقىپ ءجۇر. ەشتەڭە بولمايدى، ودان قورقارلىق ەش سەبەپ جوق، بۇل جەر اۋليەلەردىڭ مەكەنى، ءشاحيتتاردىڭ مەكەنى، ساحابالاردىڭ مەكەنى، سوندىقتان كىم كەلگىسى كەلسە، كەلسىن، ولار وعان ەشتەڭە ەتە المايدى، ەشتەڭە بولمايدى. ال ءبىز مەيمان-قوناقتارىمىزعا جومارتتىقپەن مامىلە جاسالىق، اللا ﷻ مەيىرىمدىلىك ارقىلى ولاردىڭ جۇرەگىنە يمان جانە نۇر بەرگەي، ولار اقيقاتتى كورگەي، ينشاللا.
بۇرىنعى وتكەن ەكى ريم پاپاسى ءپىرىمىز ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتى تۇتقيىل زيارات ەتكەن ەدى، ودان سوڭ وسى ريم پاپاسى پاپالىق قىزمەتىن تاستاپ، ريم پاپالارىنىڭ ءتاريحندا بولىپ كورمەگەن ءىستى ىستەيدى. ءبىز ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتەن، «ول نە ءۇشىن بۇلاي ەتتى» دەپ سۇرادىق، ال ءماۋلانا، «ول اقيقاتتى كوردى» دەپ ايتقان بولاتىن، ياعني ول اقيقاتتى كورگەن سوڭ، پاپالىقتان كەتتى. ال ولار حريستان حالقىنا، «ول اۋىرىپ قالدى، ول اۋرۋ سەبەبىنەن ريم پاپالىعىن ىستەگىسى كەلمەيدى ەكەن» دەگەن كۇلكىلى سىلتاۋمەن كۇللى حريستان جۇرتىن الداپ قويدى. ادەتتە، ءبىر ريم پاپاسى ولمەي تۇرىپ، ونىڭ ورنىنا تاعى ءبىر ريم پاپاسى كەلمەيدى، ەشكىم ودان تۇسپەيدى، ەگەر اۋىرسا، اۋىرا بەرەر، ءبىراق پاپالىق قىزمەتىندە ولگەنگە دەيىن قالا بەرەدى. سوندىقتان، اللا ﷻ قالاسا، ادامداردى حيداياتقا باستايدى، وسىنداي ىستەر بولادى، ينشاللا. ال قازىرگە دەيىن وسى ريم پاپاسىنىڭ اينالاسىندا جۇرگەن مىڭداعان، ءجۇزمىڭداعان پوپتارمەن موناقتار اقيقاتتى كورىپ، ءوز مىندەتتەرىن جاسىرىن ىستەۋدە، جانە ولار جاسىرىن مۇسىلمان بولىپ كەتتى.
سوندىقتان بۇندا وسى ءىس ءۇشىن قورقۋدىڭ ەش قاجەتى جوق، «وَقُلْ ءجَاَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ» ياعني «جانە، حاق كەلەر، ال جالعاندىق كەتەر»، (قۇران 17ءىنشى سۇرە 81ءىنشى ايات). دەمەك حاق بولعان جەردە، جالعاندىق جوعالادى، ونىڭ ماعىناسى سول، ونىڭ ەشبىر قۇنى قالمايدى، ول ەش ماڭىزدى بولماي قالادى. ال ءبىزدىڭ ادامدار، «نە بولماق، ولاي بولار، بىلاي بولار» دەپ ءجۇر، ءبىراق بۇندا ەش قورقىنىش جوق، اللا ﷻ بىزبەن بىرگە، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءال-حاق. شىندىق اشىققا شىعادى، ول ءقازىر ياعني ريم پاپاسى كەلگەندە بولماسا دا، ءبىراق ءسايدينا يسا حازىرەت كەلگەندە كورىنەدى، ول اللا ﷻدىڭ رۇحساتىندا بارلىق جالعاندىقتى كەتىرەدى. اللا ﷻ بۇل ءىستى جاقسىلىققا جول ەتكەي، ينشاللا، ول حيداياتقا سەبەپشى بولعاي. كوپتەگەن باۋىرلار جالعاندىقتان قايتتى ەمەسپە، دەمەك ولار وزدەرىنىڭ دىنىنەن حاق دىنگە قايتتى، كوپ ەل دە سولار سياقتى، شۇكىر-اللا. اللا ﷻ وسى ارقىلى دا مۇسىلمانداردى وياتقاي، سوندا ولار دا حاقتى قابىل ەتەر، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8596