https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8564
Сұхбат: қанағатшыл адам - ең бай, ең тәлейлі адам (2025.10.27 / Хижри 1447-жыл 05-Жұмадал Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Argentina, Mendoza, Dergah La Consulta-да айтылған сұхбат) Алла ﷻ жиналысымызды берекелі жиналыс еткей, әлхамдулилла, біз Алла Әззә уә-Жәлләның пендесіміз, әр адамды Алла ﷻ жаратты және әр адамға бір сыр-құпия берді. Адамдардың кейбірі тура жолға ерсе, кейбірі қате жолға ереді, міне бұл Алла ﷻдың бір сыры, «неге бұлай, неге олай» демеңіз, бұл сіздің шаруаңыз емес. Бірақ сіз Алла ﷻға алғыс айтыңыз, ол сізді осы жолға салды, сіз бағы бар тәлейлі адамсыз, тәлейлісіз, егер Алла ﷻдың бергеніне риза болсаңыз, онда бағы зор тәлейлі адамсыз. Сізде жеткілікті тамақ болса, тұрарлық жер болса, баста пана болса, сол да бір қуаныш, пайғамбарымыз ﷺ солай дер. Әрине, жұмыс та істеуіңіз керек, шаруаңызға, жұмысыңызға қараңыз, істей алатын ісіңізді істеуіңіз керек, ал жоғары дәрежеге жете алмасаңыз, көңілсізденбеңіз, болған жағдайға ашуланбаңыз. Демек қабыл етіп, Алла ﷻға алғыс айтыңыз, «القناعة كنز لا يفنى» яғни «қанағат - таусылмайтн қазына» деген сөз бар, демек барыңызға қанағат етіп, оған риза болу таусылмайтын қазына саналар. Мүмкін, кейбір адамдар қазына табар, бірақ ол түгейді немесе олар оның онан да көп болуын қалайды.
Осы жәйлы бір әңгіме бар еді, әрине, бұл кездің адамдары да сол, яғни Алла ﷻ бүкіл адамды ұқсас жаратты, бұл замандағы уақытпен сән-салтанат ұқсамайды, мәселен, қазіргілердің жегендері ерте кездегі сән-салтанаттан өзгеше келеді. Ал олар оңай нәрсе, ең оңай іс сән-салтанатқа жету және оған үйренісіп қалу, ол қиын емес, кейбір адамдар, «сән-салтанатқа үйлесу оңай емес» деп ойлар, бірақ ол өте оңай нәрсе. Ал адамдар үшін қиын нәрсе, біреудің тұрған қалпын қабыл етумен өздерінде барды қабыл ету болмақ, адамдар осыны қабыл етпес. Әрине, олар Алла ﷻдың өздеріне беріп жатқанын көргенде, оны қабыл етеді, оған қуанады, бұл олар үшін мәселе емес. Айтып өткеніміздей, ертедегі адамдарда қазіргі кездегідей сән-салтанат болмаған, мәселен, ол кезде егер біреу ауылда туылса, ол өмірінің соңына дейін сол ауылынан шықпайтын. Білесіздер, үлкен теңіздің ортасында тұрған Кипірде кейбір адамдар бар, олар ауылынан ешқайда шығып көрмеген, тіпті теңізді де білмейді, теңіз көрмеген. Әрине, олардың өз мәселелері бар, бірақ олар сән-салтанатқа үйреніспеген, сондықтан олар кішпейіл, қарапайым өтті, барын қабыл етті, олар өзгелерге де, өздеріне де мәселе әкелген жоқ.
Ертеде бір сұлтан я патша өтті, және оның өз мәселесі толып жатыр, әрине ол сұлтандықты билейді, яғни оның өз әулет, бала-шаға, ел-жұрт, көршілерімен көптеген мәселелері бар еді. Демек ол сонша көп адамға көңіл бөлуі керек болатын, мәселен, он адамға қарасақ, бірнеше мәселе, ал жүз, я мың, я милион адамға қарасақ, онда мәселе барған сайын көбеие береді емеспе. Бұдан тыс бір әңгімені айта кетелік, бүгін бұнда жұма күні, және осы Аргентинада сайлау жүріліп жатыпты, ал адамдар сол сайлауға жүгіріп, бас ауру іздеп жүр, олар бәз біреулердің дегенін орындауда, әсілінде адамдар бұндай нәрсеге жүгірмей, одан аулақ қашуы керек еді. Ал манағы сұлтан уәзірімен сөйлесіп, сарай балконына келеді, және балконнан алыста біреудің қорығында жұмыс істеп жатқанын көреді. Сол кезде ол уәзіріне, «мен адамдардың себебінен қысымда жүрмін, менде көптеген жауапкершілік бар, түнде осы ел-жұрт жәйлы, анау-мынау жәйлы ойланып, жақсы ұйықтай алмаймын. Ал мына адамға қарашы, ол мәз жүр, оның иығында ауыр жүк жоқ, ол кедей, бірақ ол қуанбай жүрген жоқ, қуанып жүр, әркүні ол жұмысына осылай өте сергек, өте жақсы барар» дейді.
Сонда уәзірі, «себебі бұл адамда ештеңе жоқ, біз оны сынап көрелік, оған ақша берейік, сонда ол не істер екен, соны көрелік» дейді, ал сұлтан, «жарайды» дер. Сонымен олар алтынға толы бір дорба алып, оның сыртына, «100 динар алтын» деп жазып қояды, анық айтсақ, олар дорбаға, «бұл саған сауға, оның ішінде 100 алтын бар, ол саған берілген сыйлық» деп жазып, дорбаны манағы кедейдің үйіне білдірмей тастап жібереді. Бірақ олар дорбаға 99 динар алтын салған еді, олар оны тастап, кедейдің онымен не істейтінін бақылайды. Ал түн болғанда кедей оны санайды, сол кезде ол, «бұл 99 екен» деп отбасын шақырады, тағы санайды, ол тағы да 99 болып шығады, сонымен ол әйелін оятып, «мынаған қарашы, оған 100 деп жазыпты, біз оны бірге санайық» дейді. Ол отбасымен балаларын шақырады, олар бір алтынның қайда қалғанын іздеп, ол жер, бұл жерді қарайды, әбігер болады, оны тауып алмақ болады. Бірақ таба алмай, оның отбасы түнімен ұйықтамай шығады, ал ертесі манағы кедей жұмысына келмейді, кеш келеді, және сұлтан бұл кедейдің қуанышы кетіп, қабағы түскенін көреді.
Қараңыз, адамдардың қасиеті міне осындай болады, яғни олар қолында барына риза болмайды, қанағат етпейді, және өздерінде кем нәрсені, болмаған нәрсені іздейді. Мәселен, манағы кедейдің отбасында 99 динар алтын бар, мүмкін, олар өмір бойы жұмыс істесе де, 10 динар алтын таба алмайды, бірақ оларда манағы алтынның барлығы болғанда, олар оның кем қалған бір алтынын күнде іздеп жүрді, мүмкін, олар оны әлі іздеп жүрсе керек. Риза болу яғни қанағат дегеніміз жеткеніңізді қабыл етіп, соған риза болу-дүр, егер өзіңізде барыңыз өзіңізге жетсе, сол болады, сопылық тәриқат дегеніміз міне осы. Пайғамбарымыз ﷺ адамдарды дүниемен материялдық нәрселерге еш маңыздылық бермеуге үйретеді, ол адам баласының ішіндегі ең жомарты еді. Ал біздің үйреткендеріміз пайғамбарымыз ﷺнан келген, яғни әр нәрседе оған еліктейміз. Ол әрдайым аш жүретін, көп күн ештеңе жемей жүре беретін, ол құрсағына тас байлап алатындығымен белгілі еді.
Алла ﷻ оған бірдеңе жіберсе, ол, «менде ештеңе жоқ еді, ал қазір менде барлығы бар, мен мынаны сақтап қоюым керек» деп, ойлап көрген емес, ол келер күнге ештеңе қалдырмайтын еді. Ал қазір біреулер бүкіл адамзатты, бүкіл дүниені ұқсас бір қалыптағыдай етіп, құйып тастады, олар оны, «глобализация немесе жәхандану» деп атайды, және олар тек қана өздерінің қалауларымен нәпсілерін қалай мәз етудің артында жүр. Олар ақирет жәйлы, келер өмір жәйлы ештеңе ойламайды, ал осы өмір келер өмірге жұмыс істеуге арналған еді. Егер Алла ﷻ сізге жәрдем етсе, сіз адамдарға жәрдем етіңіз, оны келер өмірде алдыңыздан жолықтыратын боласыз. Мүмкін адамдар, «ондай адамдар аз» деп айтар, бірақ асыл тас та жершарында аз емеспе, демек сіз өзіңізді Алла Әззә уә-Жәлләның илаһи құзіретінде таза және асыл қалыпта сақтай біліңіз. Алла ﷻ сіздерді берекелегей.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: قاناعاتشىل ادام - ەڭ باي، ەڭ تالەيلى ادام (2025.10.27 / حيجري 1447-جىل 05-جۇمادال ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Argentina، Mendoza، Dergah La Consulta-دا ايتىلعان سۇحبات) اللا ﷻ جينالىسىمىزدى بەرەكەلى جينالىس ەتكەي، ءالحامدۋليللا، ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ پەندەسىمىز، ءار ادامدى اللا ﷻ جاراتتى جانە ءار ادامعا ءبىر سىر-قۇپيا بەردى. ادامداردىڭ كەيبىرى تۋرا جولعا ەرسە، كەيبىرى قاتە جولعا ەرەدى، مىنە بۇل اللا ﷻدىڭ ءبىر سىرى، «نەگە بۇلاي، نەگە ولاي» دەمەڭىز، بۇل ءسىزدىڭ شارۋاڭىز ەمەس. ءبىراق ءسىز اللا ﷻعا العىس ايتىڭىز، ول ءسىزدى وسى جولعا سالدى، ءسىز باعى بار تالەيلى ادامسىز، تالەيلىسىز، ەگەر اللا ﷻدىڭ بەرگەنىنە ريزا بولساڭىز، وندا باعى زور تالەيلى ادامسىز. سىزدە جەتكىلىكتى تاماق بولسا، تۇرارلىق جەر بولسا، باستا پانا بولسا، سول دا ءبىر قۋانىش، پايعامبارىمىز ﷺ سولاي دەر. ارينە، جۇمىس تا ىستەۋىڭىز كەرەك، شارۋاڭىزعا، جۇمىسىڭىزعا قاراڭىز، ىستەي الاتىن ءىسىڭىزدى ىستەۋىڭىز كەرەك، ال جوعارى دارەجەگە جەتە الماساڭىز، كوڭىلسىزدەنبەڭىز، بولعان جاعدايعا اشۋلانباڭىز. دەمەك قابىل ەتىپ، اللا ﷻعا العىس ايتىڭىز، «القناعة كنز لا يفنى» ياعني «قاناعات - تاۋسىلمايتن قازىنا» دەگەن ءسوز بار، دەمەك بارىڭىزعا قاناعات ەتىپ، وعان ريزا بولۋ تاۋسىلمايتىن قازىنا سانالار. مۇمكىن، كەيبىر ادامدار قازىنا تابار، ءبىراق ول تۇگەيدى نەمەسە ولار ونىڭ ونان دا كوپ بولۋىن قالايدى.
وسى ءجايلى ءبىر اڭگىمە بار ەدى، ارينە، بۇل كەزدىڭ ادامدارى دا سول، ياعني اللا ﷻ بۇكىل ادامدى ۇقساس جاراتتى، بۇل زامانداعى ۋاقىتپەن ءسان-سالتانات ۇقسامايدى، ماسەلەن، قازىرگىلەردىڭ جەگەندەرى ەرتە كەزدەگى ءسان-سالتاناتتان وزگەشە كەلەدى. ال ولار وڭاي نارسە، ەڭ وڭاي ءىس ءسان-سالتاناتقا جەتۋ جانە وعان ۇيرەنىسىپ قالۋ، ول قيىن ەمەس، كەيبىر ادامدار، «ءسان-سالتاناتقا ۇيلەسۋ وڭاي ەمەس» دەپ ويلار، ءبىراق ول وتە وڭاي نارسە. ال ادامدار ءۇشىن قيىن نارسە، بىرەۋدىڭ تۇرعان قالپىن قابىل ەتۋمەن وزدەرىندە باردى قابىل ەتۋ بولماق، ادامدار وسىنى قابىل ەتپەس. ارينە، ولار اللا ﷻدىڭ وزدەرىنە بەرىپ جاتقانىن كورگەندە، ونى قابىل ەتەدى، وعان قۋانادى، بۇل ولار ءۇشىن ماسەلە ەمەس. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ەرتەدەگى ادامداردا قازىرگى كەزدەگىدەي ءسان-سالتانات بولماعان، ماسەلەن، ول كەزدە ەگەر بىرەۋ اۋىلدا تۋىلسا، ول ءومىرىنىڭ سوڭىنا دەيىن سول اۋىلىنان شىقپايتىن. بىلەسىزدەر، ۇلكەن تەڭىزدىڭ ورتاسىندا تۇرعان كيپىردە كەيبىر ادامدار بار، ولار اۋىلىنان ەشقايدا شىعىپ كورمەگەن، ءتىپتى تەڭىزدى دە بىلمەيدى، تەڭىز كورمەگەن. ارينە، ولاردىڭ ءوز ماسەلەلەرى بار، ءبىراق ولار ءسان-سالتاناتقا ۇيرەنىسپەگەن، سوندىقتان ولار كىشپەيىل، قاراپايىم ءوتتى، بارىن قابىل ەتتى، ولار وزگەلەرگە دە، وزدەرىنە دە ماسەلە اكەلگەن جوق.
ەرتەدە ءبىر سۇلتان يا پاتشا ءوتتى، جانە ونىڭ ءوز ماسەلەسى تولىپ جاتىر، ارينە ول سۇلتاندىقتى بيلەيدى، ياعني ونىڭ ءوز اۋلەت، بالا-شاعا، ەل-جۇرت، كورشىلەرىمەن كوپتەگەن ماسەلەلەرى بار ەدى. دەمەك ول سونشا كوپ ادامعا كوڭىل ءبولۋى كەرەك بولاتىن، ماسەلەن، ون ادامعا قاراساق، بىرنەشە ماسەلە، ال ءجۇز، يا مىڭ، يا ميليون ادامعا قاراساق، وندا ماسەلە بارعان سايىن كوبەيە بەرەدى ەمەسپە. بۇدان تىس ءبىر اڭگىمەنى ايتا كەتەلىك، بۇگىن بۇندا جۇما كۇنى، جانە وسى ارگەنتينادا سايلاۋ ءجۇرىلىپ جاتىپتى، ال ادامدار سول سايلاۋعا جۇگىرىپ، باس اۋرۋ ىزدەپ ءجۇر، ولار ءباز بىرەۋلەردىڭ دەگەنىن ورىنداۋدا، اسىلىندە ادامدار بۇنداي نارسەگە جۇگىرمەي، ودان اۋلاق قاشۋى كەرەك ەدى. ال ماناعى سۇلتان ۋازىرىمەن سويلەسىپ، ساراي بالكونىنا كەلەدى، جانە بالكوننان الىستا بىرەۋدىڭ قورىعىندا جۇمىس ىستەپ جاتقانىن كورەدى. سول كەزدە ول ۋازىرىنە، «مەن ادامداردىڭ سەبەبىنەن قىسىمدا ءجۇرمىن، مەندە كوپتەگەن جاۋاپكەرشىلىك بار، تۇندە وسى ەل-جۇرت ءجايلى، اناۋ-مىناۋ ءجايلى ويلانىپ، جاقسى ۇيىقتاي المايمىن. ال مىنا ادامعا قاراشى، ول ءماز ءجۇر، ونىڭ يىعىندا اۋىر جۇك جوق، ول كەدەي، ءبىراق ول قۋانباي جۇرگەن جوق، قۋانىپ ءجۇر، اركۇنى ول جۇمىسىنا وسىلاي وتە سەرگەك، وتە جاقسى بارار» دەيدى.
سوندا ءۋازىرى، «سەبەبى بۇل ادامدا ەشتەڭە جوق، ءبىز ونى سىناپ كورەلىك، وعان اقشا بەرەيىك، سوندا ول نە ىستەر ەكەن، سونى كورەلىك» دەيدى، ال سۇلتان، «جارايدى» دەر. سونىمەن ولار التىنعا تولى ءبىر دوربا الىپ، ونىڭ سىرتىنا، «100 دينار التىن» دەپ جازىپ قويادى، انىق ايتساق، ولار دورباعا، «بۇل ساعان ساۋعا، ونىڭ ىشىندە 100 التىن بار، ول ساعان بەرىلگەن سىيلىق» دەپ جازىپ، دوربانى ماناعى كەدەيدىڭ ۇيىنە بىلدىرمەي تاستاپ جىبەرەدى. ءبىراق ولار دورباعا 99 دينار التىن سالعان ەدى، ولار ونى تاستاپ، كەدەيدىڭ ونىمەن نە ىستەيتىنىن باقىلايدى. ال ءتۇن بولعاندا كەدەي ونى سانايدى، سول كەزدە ول، «بۇل 99 ەكەن» دەپ وتباسىن شاقىرادى، تاعى سانايدى، ول تاعى دا 99 بولىپ شىعادى، سونىمەن ول ايەلىن وياتىپ، «مىناعان قاراشى، وعان 100 دەپ جازىپتى، ءبىز ونى بىرگە سانايىق» دەيدى. ول وتباسىمەن بالالارىن شاقىرادى، ولار ءبىر التىننىڭ قايدا قالعانىن ىزدەپ، ول جەر، بۇل جەردى قارايدى، ابىگەر بولادى، ونى تاۋىپ الماق بولادى. ءبىراق تابا الماي، ونىڭ وتباسى تۇنىمەن ۇيىقتاماي شىعادى، ال ەرتەسى ماناعى كەدەي جۇمىسىنا كەلمەيدى، كەش كەلەدى، جانە سۇلتان بۇل كەدەيدىڭ قۋانىشى كەتىپ، قاباعى تۇسكەنىن كورەدى.
قاراڭىز، ادامداردىڭ قاسيەتى مىنە وسىنداي بولادى، ياعني ولار قولىندا بارىنا ريزا بولمايدى، قاناعات ەتپەيدى، جانە وزدەرىندە كەم نارسەنى، بولماعان نارسەنى ىزدەيدى. ماسەلەن، ماناعى كەدەيدىڭ وتباسىندا 99 دينار التىن بار، مۇمكىن، ولار ءومىر بويى جۇمىس ىستەسە دە، 10 دينار التىن تابا المايدى، ءبىراق ولاردا ماناعى التىننىڭ بارلىعى بولعاندا، ولار ونىڭ كەم قالعان ءبىر التىنىن كۇندە ىزدەپ ءجۇردى، مۇمكىن، ولار ونى ءالى ىزدەپ جۇرسە كەرەك. ريزا بولۋ ياعني قاناعات دەگەنىمىز جەتكەنىڭىزدى قابىل ەتىپ، سوعان ريزا بولۋ-ءدۇر، ەگەر وزىڭىزدە بارىڭىز وزىڭىزگە جەتسە، سول بولادى، سوپىلىق ءتاريقات دەگەنىمىز مىنە وسى. پايعامبارىمىز ﷺ ادامداردى دۇنيەمەن ماتەريالدىق نارسەلەرگە ەش ماڭىزدىلىق بەرمەۋگە ۇيرەتەدى، ول ادام بالاسىنىڭ ىشىندەگى ەڭ جومارتى ەدى. ال ءبىزدىڭ ۇيرەتكەندەرىمىز پايعامبارىمىز ﷺنان كەلگەن، ياعني ءار نارسەدە وعان ەلىكتەيمىز. ول ءاردايىم اش جۇرەتىن، كوپ كۇن ەشتەڭە جەمەي جۇرە بەرەتىن، ول قۇرساعىنا تاس بايلاپ الاتىندىعىمەن بەلگىلى ەدى.
اللا ﷻ وعان بىردەڭە جىبەرسە، ول، «مەندە ەشتەڭە جوق ەدى، ال ءقازىر مەندە بارلىعى بار، مەن مىنانى ساقتاپ قويۋىم كەرەك» دەپ، ويلاپ كورگەن ەمەس، ول كەلەر كۇنگە ەشتەڭە قالدىرمايتىن ەدى. ال ءقازىر بىرەۋلەر بۇكىل ادامزاتتى، بۇكىل دۇنيەنى ۇقساس ءبىر قالىپتاعىداي ەتىپ، قۇيىپ تاستادى، ولار ونى، «گلوباليزاتسيا نەمەسە ءجاحاندانۋ» دەپ اتايدى، جانە ولار تەك قانا وزدەرىنىڭ قالاۋلارىمەن ناپسىلەرىن قالاي ءماز ەتۋدىڭ ارتىندا ءجۇر. ولار اقيرەت ءجايلى، كەلەر ءومىر ءجايلى ەشتەڭە ويلامايدى، ال وسى ءومىر كەلەر ومىرگە جۇمىس ىستەۋگە ارنالعان ەدى. ەگەر اللا ﷻ سىزگە جاردەم ەتسە، ءسىز ادامدارعا جاردەم ەتىڭىز، ونى كەلەر ومىردە الدىڭىزدان جولىقتىراتىن بولاسىز. مۇمكىن ادامدار، «ونداي ادامدار از» دەپ ايتار، ءبىراق اسىل تاس تا جەرشارىندا از ەمەسپە، دەمەك ءسىز ءوزىڭىزدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يلاھي قۇزىرەتىندە تازا جانە اسىل قالىپتا ساقتاي ءبىلىڭىز. اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8564