https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8557
Сұхбат: көре алмастық болған жерде бақытпен қуаныш тұра алмайды (2025.10.21 / Хижри 1447-жыл 29-Рабих Әл-Ақир)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Argentina, Patagonia, Dergah Mallin Ahogado дергасында айтылған сұхбат) Иншалла, Алла ﷻ әрдайым осындай жақсы жиналыс бергей, иншалла, пайғамбарымыз ﷺ, «мүмин үшін ең жақсы іс өзгелерге пайдалы болу» дейді. Ол әр істе солай, демек адамдарды тәрбиелеуде болсын, я кезкелген істе болсын пайдалы болуымыз керек, міне бұл бір хадис болып, онда, «ең жақсы адам отбасына, еліне, және адамзатқа жақсы болар» делінген. Әрине көптеген адамдар, «егер біз олай етер болсақ, кейбір пайдаларымызды жоғалтып аламыз» деп ойлар, мәселен сіз, «егер мен оған жәрдем етсем, ол менен асып кетеді» деп ойлайсыз. Адамдардың ойы міне осы, бірақ бұл мүминдердің ойы емес, мүминдер бұндай болмайды, мүмин адам барлығына көмектеседі, ал жақсы ойлай білетіндер осыны білуі керек. Егер сіз жақсы күйде болсаңыз, көршіңіз де жақсы күйде болады, басқа адамдар да, демек басқалар да жақсы күйде болады, сонымен барлық жұрт қуанып, бақытты жүреді, мәселе болмайды.
Бірақ шайтан көре алмастық етер, ол адамдарды ішітар, көре алмас, қызғаншақ болуға үйретеді, содан сабақ береді, ол оларға өзара пайдалы адам болуды үйретпейді, жоқ, ол ешкімнің біреуге жәрдем еткенін, ешкімнің бақытты жүргенін қаламайды. Міне бұл, әлхамдулилла, пайғамбарымыз ﷺның ислам жәйлы адамдарға үйреткендерімен айтқандары еді, ал Мекке Мукаррамахта жүргенде пайғамбарымыз ﷺның руластарымен оның айналасындағылар оған көре алмастық қылып, оны қабыл етпей қойды. Себебі олар оны қаламайтын, тәкаппар еді, олар ешкімнің өздері сияқты болуын қаламайтын, бірақ әркімнің өздерінен төмен болуын қалайтын. Олардың көбі пайғамбарымыз ﷺ көрсеткен мұғжизаларды біледі, және пайғамбарымыз ﷺ оларға ненің маңызды екендігін айтып кеткен.
Олар тіпті пайғамбарымыз ﷺ пайғамбар болудан бұрын да оның кім екендігін білетін, олар оның адал екендігін, өтірік айтпайтындығын, ешбір жаман іс істемейтіндігін білетін, бірақ оларды құртқан ең үлкен нәрсе, іштарлықпен тәкаппарлық еді. Ол құранда да, «وَقَالُوا لَوْلَا نُزِّلَ هَٰذَا الْقُرْآنُ عَلَىٰ رَجُلٍ مِّنَ الْقَرْيَتَيْنِ عَظِيمٍ» яғни (олар, «бұл құран неге екі қаланың ұлықтарына түспеген» дер,) деп айтылған, (құран 43інші сүре 31інші аят). Демек, олар, «бұл құран неге Мухамметке келеді» деп тым дөрекі сөйлейтін, біз Сәйдина Мухаммад дейміз, олар оны тек Мухаммад дейтін, олар осылай оған келмей қойды. Ал олардың арасында арап даласында бір дана адам өмір сүретін, ол ақылды, хикіметті кісі еді, ондағы жұрттың бәрі оның өздерінен жоғары екендігін біледі, алайда олар тәкаппарлығынан, кейбірі «оны біздің ақылымыз қабылдай алмады» деп жүріп алды.
Пайғамбарымыз ﷺды Алла Әззә уә-Жәллә таңдады, және Ол адамдардың көзғарасын сұраған жоқ, «Мен кімды таңдаймын, сендер сайлау жүргізгілерің келеме» деген жоқ, тіпті олар айтқан манағы дана адамның өзі кейін мұсылман болып кетті. Ал адамдар оған, «әсілі пайғамбарлық сізде болуы керек, сіз пайғамбар болуыңыз керек» дейтін, бірақ ол, «жоқ, қазір мен ислам қабылдадым, ол пайғамбар, ең биігі Сәйдина Мұхаммад ﷺ» дейді. Міне, осылай болса да манағылар қабыл етпеді, ал тәкаппар және көре алмас болу өте жаман қасиет, ол шайтанның қасиетінен еді. Әлхамдулилла, егер сіз біреуді көрсеңіз, яғни жақсы жұмыс істеп, жұмысы өмір сүруіне жетерлік болса, жақсы отбасы болса, жақсы әдеп үйретсе, біз оларға ең риза боламыз. Міне бұл бізбен мүминдер үшін, барша мүмин үшін бақыт болмақ, ал мүмин еместер қуана алмайды, демек олар барлығына, тіпті қарсы жақ мұсылман я мүмин болмаса да, олар кезкелген адамға көре алмастық етеді, сондықтан олар ұдайы соғысып өтеді, қуана алмайды.
Ал сопылық тәриқаттағыларда, әлхамдулилла, жақсы әдеп, жақсы үлгі бар, бұл сонау бастан солай, ол сонау пайғамбарымыз ﷺның кезінен қазірге дейін солай болған. Кім пайғамбарымыз ﷺның жолында болса, олар бір-біріне және өзгелерге көмекшіл болар, бұндағы жол дегеніміз тәриқат еді. Егер біреуге көмек керек болса, олар шамасы келгенше көмектеседі. Әрине, Османлының кезі өтіп кеткен соң мына дүниеде көптеген нәрселер өзгеріп кетті, әсіресе мұсылман елдерінде солай болды, ал мұсылман елдері жақсы әдепті жоғалтқан кезде, басқа адамдар да, демек күллі дүние де оны жоғалтты. Міне осылай ақырын-ақырын жақсы әдеп-иба азайды, дерлік жоғалды, тіпті қазір біреудің біреуге көмектескенін көрсеңіз, адамдар оны қате түсінетін болған, немесе оған сенбейтін болған.
Османлының кезінде сопылық тәриқаттағы сияқты еді, жұрт түгел сопылықта болған, ол кезде саудагер үшін де ұстаз болған, әр кәсіп үшін ұстаз болған, демек біреу не болғысы келсе, оны үйрететін ұстаз бар еді. Мәселен, мына бала не болмақ? егер ол қасапшы болғысы келсе, оны қасапшылыққа қойып, ұстаз оған қалай қасапшы болуы үйрететін, ал біреу ұста болғысы келсе, ол да ұқсас, оны ұсталық ұстазына апарып қоятын. Мейлі алтын я темір ұстасы болсын, я басқасы болсын, әрбір мамандықты үйренгісі келетіндер осындай барыстардан өтетін, ал олар оны бастағанда дұғамен бастайтын, олар сәйкесті орынға апарылып, бисмиллахиррахманиррахиммен істі бастайтын, ол үшін дұға жасайтын.
Бұнда көптеген мамандықтар бар, жүз емес, екі жүз немесе одан да көп мамандықтар бар, ал олардың әрбірі сол кәсіптің ең мықты ұстазымен бірге болып, соншама жылдар мамандығын қуана үйреніп, бақытты өтетін. Және оны бітірген соң ... әрине, бұнда ұқсамаған есіммен келетін ұқсамаған дәрежелер бар, кейбірі оған екі жылда, кейбірі төрт жылда, кейбірі алты жылда жететін, ал оны бітірген соң, оларды сынақпен сынайтын, олардан көптеген нәрселерді сұрайтын, одан соң оларға мамандық куәлік-дипломдарын беретін. Әрине осы барыста ұстаздар оларға жақсы әдеп-иба, жақсы қасиет үйрететін, кәрі-жасты, мейлі кімді болсын, оларды сыйлай білуді үйрететін, одан соң үлкен құттықтау тойын жасап, дұға етісетін, соңында куәлік-дипломдарын ұсынатын еді.
Міне бұл адамдар бір-біріне көмек еткен адамдар, мәселен, мәлім бір сатушы саудагер болса, егер оған мәлім тұтынушы келсе, немесе ол бірдеңе сатса, бірақ оған жақын тұрған көршісі ештеңе сатпаған болса, бұл сатушы я саудагер өз тұтынушысын манағы көрші тұрған сатушыға жіберетін. Ол оған, «бүгін менікі жетеді, өзгелер де қуануы керек» дейтін, ал содан соң не болмақ? әрине қуаныш келеді, ол да, өзгелер де қуанады, осылай бүкіл ел, бүкіл мемлекет қуанады, бақытты болады. Ал егер ол, «жоқ, барлық тұтынушы мен үшін болуы керек, мен олардың барлығын алуым керек» десе, бұл адам өзі де қуана алмас, бақытты болмас. Себебі ол, «о, қарашы, елдің бәрі маған қарап тұр, менің саудам күзет болуда, ал оларда еш сауда жоқ, олар маған ішітарылық етуде, бәрін мен істеп жатырмын, ал олар ештеңе істей алмады» деп ойлайды да, бүкіл ел, бүкіл мемлекет қуанышы жоқ, бақытсыз күйде болады. Ал ел-жұрт неше жүздеген жылдар бойы манағындай жақсы өткен еді, олар шайтани адамдар келіп, ел-жұртқа көре алмас болуды, бір-бірін өлтіруді, ешкімге риза болмауды үйреткенге дейін солай жақсы болған.
Себебі Османлының кезінде ел-жұрт ұқсамаған 70 халық, 70 ұлттан тұратын, ал біздің манағы айтқанымыз олардың барлығына келеді, онда ол мұсылман болса солай, ал христан немесе еврей я басқа болса олай емес, ол оған тұтушысын жібермейтін деген нәрсе болмаған. Жоқ, онда тұтынушы болса, басқалардың дініне қарамастан жібере беретін, осылай бүкіл адамдарды қуандыратын, бақытты ететін еді. Бірақ манағы шайтан адамдар бүлік жасап, адамдарды бір-біріне қарсы қойып қойды, ал бұндай болған кезде, бақыт кетеді де, оның орнына бүлік келеді, және содан соң не болады? Одан соң олар милиондап сол жақсы мемлекетін тастап, осы жерлерге (яғни әмерика-европа елдеріне) келеді, демек олар жақсы ел-жұртымен мемлекетін тастап, басқа жерлерге дүние үшін келеді, бірақ олар ол жақтарға дүние үшін көшіп келген соң, оларға еш жақсылық, еш игілік-пайда келмейтін болады.
Иә, яғни іштарлық, көре алмастық, қызғаншақтық барлығын құртып, адамдарды мазасыз, жәйсыз етіп, тынышы кеткен күйге салып қойды, бірақ әркімге риздықты Алла ﷻ береді, ал сіз осыған сенуіңіз керек, ішітар, қызғаншақ біреу болмаңыз, иншалла. Айтып өткеніміздей, бұнда (яғни әмерика құрлығына) милиондаған адамдар келді, иншалла, мүмкін олардың жартысы мұсылмандар, бірақ олар бұл араға келген соң, сол мұсылмандықтарын да жоғалтып алды. Иншалла, Алла ﷻ басқаларға да хидаят бергей, иншалла, немере-шөберелерге бұлай сөйлей алмаспыз, ол солай болар, бірақ Алла ﷻ жаңа адамдарға да хидаят бере алады, онда еш мәселе жоқ. Міне осындай жерлер, иншалла, адамдардың жүректеріне нұр тастауда, иншалла, кәдімгі көбелектердің шуақты нұрға келетіні сияқты, Алла ﷻ адамдарды осыбір жерлер арқылы исламға әкелгей. Алла ﷻ бізге жақсы түснік бергей, иншалла, және бізді қауыпсыз еткей, әрбір жамандық, кесір-кесапаттан сақтағай, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: كورە الماستىق بولعان جەردە باقىتپەن قۋانىش تۇرا المايدى (2025.10.21 / حيجري 1447-جىل 29-رابيح ءال-اقير)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Argentina، Patagonia، Dergah Mallin Ahogado دەرگاسىندا ايتىلعان سۇحبات) ينشاللا، اللا ﷻ ءاردايىم وسىنداي جاقسى جينالىس بەرگەي، ينشاللا، پايعامبارىمىز ﷺ، «ءمۇمين ءۇشىن ەڭ جاقسى ءىس وزگەلەرگە پايدالى بولۋ» دەيدى. ول ءار ىستە سولاي، دەمەك ادامداردى تاربيەلەۋدە بولسىن، يا كەزكەلگەن ىستە بولسىن پايدالى بولۋىمىز كەرەك، مىنە بۇل ءبىر حاديس بولىپ، وندا، «ەڭ جاقسى ادام وتباسىنا، ەلىنە، جانە ادامزاتقا جاقسى بولار» دەلىنگەن. ارينە كوپتەگەن ادامدار، «ەگەر ءبىز ولاي ەتەر بولساق، كەيبىر پايدالارىمىزدى جوعالتىپ الامىز» دەپ ويلار، ماسەلەن ءسىز، «ەگەر مەن وعان جاردەم ەتسەم، ول مەنەن اسىپ كەتەدى» دەپ ويلايسىز. ادامداردىڭ ويى مىنە وسى، ءبىراق بۇل مۇميندەردىڭ ويى ەمەس، مۇميندەر بۇنداي بولمايدى، ءمۇمين ادام بارلىعىنا كومەكتەسەدى، ال جاقسى ويلاي بىلەتىندەر وسىنى ءبىلۋى كەرەك. ەگەر ءسىز جاقسى كۇيدە بولساڭىز، كورشىڭىز دە جاقسى كۇيدە بولادى، باسقا ادامدار دا، دەمەك باسقالار دا جاقسى كۇيدە بولادى، سونىمەن بارلىق جۇرت قۋانىپ، باقىتتى جۇرەدى، ماسەلە بولمايدى.
ءبىراق شايتان كورە الماستىق ەتەر، ول ادامداردى ءىشىتار، كورە الماس، قىزعانشاق بولۋعا ۇيرەتەدى، سودان ساباق بەرەدى، ول ولارعا ءوزارا پايدالى ادام بولۋدى ۇيرەتپەيدى، جوق، ول ەشكىمنىڭ بىرەۋگە جاردەم ەتكەنىن، ەشكىمنىڭ باقىتتى جۇرگەنىن قالامايدى. مىنە بۇل، ءالحامدۋليللا، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ يسلام ءجايلى ادامدارعا ۇيرەتكەندەرىمەن ايتقاندارى ەدى، ال مەككە مۋكارراماحتا جۇرگەندە پايعامبارىمىز ﷺنىڭ رۋلاستارىمەن ونىڭ اينالاسىنداعىلار وعان كورە الماستىق قىلىپ، ونى قابىل ەتپەي قويدى. سەبەبى ولار ونى قالامايتىن، تاكاپپار ەدى، ولار ەشكىمنىڭ وزدەرى سياقتى بولۋىن قالامايتىن، ءبىراق اركىمنىڭ وزدەرىنەن تومەن بولۋىن قالايتىن. ولاردىڭ كوبى پايعامبارىمىز ﷺ كورسەتكەن مۇعجيزالاردى بىلەدى، جانە پايعامبارىمىز ﷺ ولارعا نەنىڭ ماڭىزدى ەكەندىگىن ايتىپ كەتكەن.
ولار ءتىپتى پايعامبارىمىز ﷺ پايعامبار بولۋدان بۇرىن دا ونىڭ كىم ەكەندىگىن بىلەتىن، ولار ونىڭ ادال ەكەندىگىن، وتىرىك ايتپايتىندىعىن، ەشبىر جامان ءىس ىستەمەيتىندىگىن بىلەتىن، ءبىراق ولاردى قۇرتقان ەڭ ۇلكەن نارسە، ىشتارلىقپەن تاكاپپارلىق ەدى. ول قۇراندا دا، «وَقَالُوا لَوْلَا نُزِّلَ هَٰذَا الْقُرْآنُ عَلَىٰ رَجُلٍ مِّنَ الْقَرْيَتَيْنِ عَظِيمٍ» ياعني (ولار، «بۇل قۇران نەگە ەكى قالانىڭ ۇلىقتارىنا تۇسپەگەن» دەر،) دەپ ايتىلعان، (قۇران 43ءىنشى سۇرە 31ءىنشى ايات). دەمەك، ولار، «بۇل قۇران نەگە مۋحاممەتكە كەلەدى» دەپ تىم دورەكى سويلەيتىن، ءبىز ءسايدينا مۋحامماد دەيمىز، ولار ونى تەك مۋحامماد دەيتىن، ولار وسىلاي وعان كەلمەي قويدى. ال ولاردىڭ اراسىندا اراپ دالاسىندا ءبىر دانا ادام ءومىر سۇرەتىن، ول اقىلدى، حيكىمەتتى كىسى ەدى، ونداعى جۇرتتىڭ ءبارى ونىڭ وزدەرىنەن جوعارى ەكەندىگىن بىلەدى، الايدا ولار تاكاپپارلىعىنان، كەيبىرى «ونى ءبىزدىڭ اقىلىمىز قابىلداي المادى» دەپ ءجۇرىپ الدى.
پايعامبارىمىز ﷺدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا تاڭدادى، جانە ول ادامداردىڭ كوزعاراسىن سۇراعان جوق، «مەن كىمدى تاڭدايمىن، سەندەر سايلاۋ جۇرگىزگىلەرىڭ كەلەمە» دەگەن جوق، ءتىپتى ولار ايتقان ماناعى دانا ادامنىڭ ءوزى كەيىن مۇسىلمان بولىپ كەتتى. ال ادامدار وعان، «ءاسىلى پايعامبارلىق سىزدە بولۋى كەرەك، ءسىز پايعامبار بولۋىڭىز كەرەك» دەيتىن، ءبىراق ول، «جوق، ءقازىر مەن يسلام قابىلدادىم، ول پايعامبار، ەڭ بيىگى ءسايدينا مۇحامماد ﷺ» دەيدى. مىنە، وسىلاي بولسا دا ماناعىلار قابىل ەتپەدى، ال تاكاپپار جانە كورە الماس بولۋ وتە جامان قاسيەت، ول شايتاننىڭ قاسيەتىنەن ەدى. ءالحامدۋليللا، ەگەر ءسىز بىرەۋدى كورسەڭىز، ياعني جاقسى جۇمىس ىستەپ، جۇمىسى ءومىر سۇرۋىنە جەتەرلىك بولسا، جاقسى وتباسى بولسا، جاقسى ادەپ ۇيرەتسە، ءبىز ولارعا ەڭ ريزا بولامىز. مىنە بۇل بىزبەن مۇميندەر ءۇشىن، بارشا ءمۇمين ءۇشىن باقىت بولماق، ال ءمۇمين ەمەستەر قۋانا المايدى، دەمەك ولار بارلىعىنا، ءتىپتى قارسى جاق مۇسىلمان يا ءمۇمين بولماسا دا، ولار كەزكەلگەن ادامعا كورە الماستىق ەتەدى، سوندىقتان ولار ۇدايى سوعىسىپ وتەدى، قۋانا المايدى.
ال سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلاردا، ءالحامدۋليللا، جاقسى ادەپ، جاقسى ۇلگى بار، بۇل سوناۋ باستان سولاي، ول سوناۋ پايعامبارىمىز ﷺنىڭ كەزىنەن قازىرگە دەيىن سولاي بولعان. كىم پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىندا بولسا، ولار ءبىر-بىرىنە جانە وزگەلەرگە كومەكشىل بولار، بۇنداعى جول دەگەنىمىز ءتاريقات ەدى. ەگەر بىرەۋگە كومەك كەرەك بولسا، ولار شاماسى كەلگەنشە كومەكتەسەدى. ارينە، وسمانلىنىڭ كەزى ءوتىپ كەتكەن سوڭ مىنا دۇنيەدە كوپتەگەن نارسەلەر وزگەرىپ كەتتى، اسىرەسە مۇسىلمان ەلدەرىندە سولاي بولدى، ال مۇسىلمان ەلدەرى جاقسى ادەپتى جوعالتقان كەزدە، باسقا ادامدار دا، دەمەك كۇللى دۇنيە دە ونى جوعالتتى. مىنە وسىلاي اقىرىن-اقىرىن جاقسى ادەپ-يبا ازايدى، دەرلىك جوعالدى، ءتىپتى ءقازىر بىرەۋدىڭ بىرەۋگە كومەكتەسكەنىن كورسەڭىز، ادامدار ونى قاتە تۇسىنەتىن بولعان، نەمەسە وعان سەنبەيتىن بولعان.
وسمانلىنىڭ كەزىندە سوپىلىق ءتاريقاتتاعى سياقتى ەدى، جۇرت تۇگەل سوپىلىقتا بولعان، ول كەزدە ساۋداگەر ءۇشىن دە ۇستاز بولعان، ءار كاسىپ ءۇشىن ۇستاز بولعان، دەمەك بىرەۋ نە بولعىسى كەلسە، ونى ۇيرەتەتىن ۇستاز بار ەدى. ماسەلەن، مىنا بالا نە بولماق؟ ەگەر ول قاساپشى بولعىسى كەلسە، ونى قاساپشىلىققا قويىپ، ۇستاز وعان قالاي قاساپشى بولۋى ۇيرەتەتىن، ال بىرەۋ ۇستا بولعىسى كەلسە، ول دا ۇقساس، ونى ۇستالىق ۇستازىنا اپارىپ قوياتىن. مەيلى التىن يا تەمىر ۇستاسى بولسىن، يا باسقاسى بولسىن، ءاربىر ماماندىقتى ۇيرەنگىسى كەلەتىندەر وسىنداي بارىستاردان وتەتىن، ال ولار ونى باستاعاندا دۇعامەن باستايتىن، ولار سايكەستى ورىنعا اپارىلىپ، بيسميللاحيرراحمانيرراحيممەن ءىستى باستايتىن، ول ءۇشىن دۇعا جاسايتىن.
بۇندا كوپتەگەن ماماندىقتار بار، ءجۇز ەمەس، ەكى ءجۇز نەمەسە ودان دا كوپ ماماندىقتار بار، ال ولاردىڭ ءاربىرى سول كاسىپتىڭ ەڭ مىقتى ۇستازىمەن بىرگە بولىپ، سونشاما جىلدار ماماندىعىن قۋانا ۇيرەنىپ، باقىتتى وتەتىن. جانە ونى بىتىرگەن سوڭ ... ارينە، بۇندا ۇقساماعان ەسىممەن كەلەتىن ۇقساماعان دارەجەلەر بار، كەيبىرى وعان ەكى جىلدا، كەيبىرى ءتورت جىلدا، كەيبىرى التى جىلدا جەتەتىن، ال ونى بىتىرگەن سوڭ، ولاردى سىناقپەن سىنايتىن، ولاردان كوپتەگەن نارسەلەردى سۇرايتىن، ودان سوڭ ولارعا ماماندىق كۋالىك-ديپلومدارىن بەرەتىن. ارينە وسى بارىستا ۇستازدار ولارعا جاقسى ادەپ-يبا، جاقسى قاسيەت ۇيرەتەتىن، كارى-جاستى، مەيلى كىمدى بولسىن، ولاردى سىيلاي ءبىلۋدى ۇيرەتەتىن، ودان سوڭ ۇلكەن قۇتتىقتاۋ تويىن جاساپ، دۇعا ەتىسەتىن، سوڭىندا كۋالىك-ديپلومدارىن ۇسىناتىن ەدى.
مىنە بۇل ادامدار ءبىر-بىرىنە كومەك ەتكەن ادامدار، ماسەلەن، ءمالىم ءبىر ساتۋشى ساۋداگەر بولسا، ەگەر وعان ءمالىم تۇتىنۋشى كەلسە، نەمەسە ول بىردەڭە ساتسا، ءبىراق وعان جاقىن تۇرعان كورشىسى ەشتەڭە ساتپاعان بولسا، بۇل ساتۋشى يا ساۋداگەر ءوز تۇتىنۋشىسىن ماناعى كورشى تۇرعان ساتۋشىعا جىبەرەتىن. ول وعان، «بۇگىن مەنىكى جەتەدى، وزگەلەر دە قۋانۋى كەرەك» دەيتىن، ال سودان سوڭ نە بولماق؟ ارينە قۋانىش كەلەدى، ول دا، وزگەلەر دە قۋانادى، وسىلاي بۇكىل ەل، بۇكىل مەملەكەت قۋانادى، باقىتتى بولادى. ال ەگەر ول، «جوق، بارلىق تۇتىنۋشى مەن ءۇشىن بولۋى كەرەك، مەن ولاردىڭ بارلىعىن الۋىم كەرەك» دەسە، بۇل ادام ءوزى دە قۋانا الماس، باقىتتى بولماس. سەبەبى ول، «و، قاراشى، ەلدىڭ ءبارى ماعان قاراپ تۇر، مەنىڭ ساۋدام كۇزەت بولۋدا، ال ولاردا ەش ساۋدا جوق، ولار ماعان ءىشىتارىلىق ەتۋدە، ءبارىن مەن ىستەپ جاتىرمىن، ال ولار ەشتەڭە ىستەي المادى» دەپ ويلايدى دا، بۇكىل ەل، بۇكىل مەملەكەت قۋانىشى جوق، باقىتسىز كۇيدە بولادى. ال ەل-جۇرت نەشە جۇزدەگەن جىلدار بويى ماناعىنداي جاقسى وتكەن ەدى، ولار شايتاني ادامدار كەلىپ، ەل-جۇرتقا كورە الماس بولۋدى، ءبىر-ءبىرىن ءولتىرۋدى، ەشكىمگە ريزا بولماۋدى ۇيرەتكەنگە دەيىن سولاي جاقسى بولعان.
سەبەبى وسمانلىنىڭ كەزىندە ەل-جۇرت ۇقساماعان 70 حالىق، 70 ۇلتتان تۇراتىن، ال ءبىزدىڭ ماناعى ايتقانىمىز ولاردىڭ بارلىعىنا كەلەدى، وندا ول مۇسىلمان بولسا سولاي، ال حريستان نەمەسە ەۆرەي يا باسقا بولسا ولاي ەمەس، ول وعان تۇتۋشىسىن جىبەرمەيتىن دەگەن نارسە بولماعان. جوق، وندا تۇتىنۋشى بولسا، باسقالاردىڭ دىنىنە قاراماستان جىبەرە بەرەتىن، وسىلاي بۇكىل ادامداردى قۋاندىراتىن، باقىتتى ەتەتىن ەدى. ءبىراق ماناعى شايتان ادامدار بۇلىك جاساپ، ادامداردى ءبىر-بىرىنە قارسى قويىپ قويدى، ال بۇنداي بولعان كەزدە، باقىت كەتەدى دە، ونىڭ ورنىنا بۇلىك كەلەدى، جانە سودان سوڭ نە بولادى؟ ودان سوڭ ولار ميليونداپ سول جاقسى مەملەكەتىن تاستاپ، وسى جەرلەرگە (ياعني امەريكا-ەۆروپا ەلدەرىنە) كەلەدى، دەمەك ولار جاقسى ەل-جۇرتىمەن مەملەكەتىن تاستاپ، باسقا جەرلەرگە دۇنيە ءۇشىن كەلەدى، ءبىراق ولار ول جاقتارعا دۇنيە ءۇشىن كوشىپ كەلگەن سوڭ، ولارعا ەش جاقسىلىق، ەش يگىلىك-پايدا كەلمەيتىن بولادى.
ءيا، ياعني ءىشتارلىق، كورە الماستىق، قىزعانشاقتىق بارلىعىن قۇرتىپ، ادامداردى مازاسىز، ءجايسىز ەتىپ، تىنىشى كەتكەن كۇيگە سالىپ قويدى، ءبىراق اركىمگە ريزدىقتى اللا ﷻ بەرەدى، ال ءسىز وسىعان سەنۋىڭىز كەرەك، ءىشىتار، قىزعانشاق بىرەۋ بولماڭىز، ينشاللا. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بۇندا (ياعني امەريكا قۇرلىعىنا) ميليونداعان ادامدار كەلدى، ينشاللا، مۇمكىن ولاردىڭ جارتىسى مۇسىلماندار، ءبىراق ولار بۇل اراعا كەلگەن سوڭ، سول مۇسىلماندىقتارىن دا جوعالتىپ الدى. ينشاللا، اللا ﷻ باسقالارعا دا حيدايات بەرگەي، ينشاللا، نەمەرە-شوبەرەلەرگە بۇلاي سويلەي الماسپىز، ول سولاي بولار، ءبىراق اللا ﷻ جاڭا ادامدارعا دا حيدايات بەرە الادى، وندا ەش ماسەلە جوق. مىنە وسىنداي جەرلەر، ينشاللا، ادامداردىڭ جۇرەكتەرىنە نۇر تاستاۋدا، ينشاللا، كادىمگى كوبەلەكتەردىڭ شۋاقتى نۇرعا كەلەتىنى سياقتى، اللا ﷻ ادامداردى ءوسىبىر جەرلەر ارقىلى يسلامعا اكەلگەي. اللا ﷻ بىزگە جاقسى تۇسنىك بەرگەي، ينشاللا، جانە ءبىزدى قاۋىپسىز ەتكەي، ءاربىر جاماندىق، كەسىر-كەساپاتتان ساقتاعاي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8557