You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8516
ШЫҒЫС ДАНАЛЫҒЫ: ТАҒДЫРҒА СЕНГЕН ТӘҢІРГЕ РЕНЖІМЕЙДІ

- адам болу үшін кескін тура бол, қанша кедей болсаң да абыройыңды сатпа, қанша қиындық көрсең де кісі алдама, не көрсең де өзгеден көрме.

- мына дүние айнаға ұқсайды, жүрегіңнің қандай екендігін бәріне көрсетіп қояды.

- мейлі бай бол, кедей бол, ұт немесе ұтыл, бірақ сонда да ашық бол, әділ бол, нұрлы бол. Ал іс қылсаң, ісіңді анық біл, сеніп істе, түзу бол.

- адам болу ізгілік деген бір ауыз сөзден тұрады, іс бітіру табандылық деген бір ауыз сөзден тұрады.

- Адамның қанша уақыт барыс-келісте болатыны оның адалдығына байланысты, ал жақсы жолда қанша ұзақ жүре алатындығы оның мөралына байланысты.

- 20 жаста сұлу болсаң, жас болғандықтан сұлусың, 40 жаста сұлу болсаң, өзіңді күткендіктен сұлусың, 60 жаста сұлу болсаң, жаның сұлу болғандықтан сұлусың.

- жолды өзің жүресің, ауыз елдікі, бірақ әдемі сөзді шын көріп қалма, ал жақпаған сөзге ашуланба. Мына дүниеде саған шын жақсы адам өте аз, бірақ сені күлкі еткісі келетін адам тым көп, сондықтан өзіңе көңіл бөл, өзіңді жақсы тәрбиеле, көңілді өмір өткізуің маңызды.

- егер біреу сені жек көріп, көрінген жерде жамандап, өсек етсе, оны елеме, білмеген болып жүре бер. себебі ол бақытсыз адам, ал бақытсыз адамның бақытты адамды жек көруі тәбиғи құбылыс. көнелерден, 'бақытсыз жан мың кісіні жек көрмей тұра алмас' деген сөз қалған.

- адамның мықтылығы мына үш нәрсеге байланысты, бірінші, сана хақында, ол өткенді қазбаламайды, қазіргі шақта өмір сүреді. екінші, іс хақында, барлығы дәл ойымдағыдай болсын деп, тұрып алмайды, бірақ бәрін біліп тұрады. үшінші, адамдық хақында, ол, 'тағдырға сенген Тәңірге ренжімес, өзіне сенген пендеге ренжімес' деген қағида ұстанады. Ол барлық мәселенің қайнары өзі екендігін біледі, ешкімді кінәламайды, кемшілік менен дейді.

- біреу саған тиіссе, оны елеме, ал елесең, ұтыласың, оны елемей салмақты болсаң, оның жамандығы өзіне қайтатын болады. Үндемей салмақты болу жеңілгендік емес, бірақ пысып жетілгендік болмақ. Әлсіз адам кешіре алмайды, ал кешіру күштілердің ғана қолынан келеді.

- дүниедегі ең жақсы емшілер қасыңда жүр, және олар сенен ақша сұрамайды, олар мыналар. Біріншісі, еңбек қозғалыс, екіншісі, күн нұры, үшіншісі, жақсы ұйықтау, төртіншісі, ашық ойлылық, бесіншісі, аз жеу ақырын жеу. алтыншысы, көңілді жүру, жетіншісі, ұдайы су ішу, сегізіншісі, күлімсіреп жүру, тоғызыншысы, өзгелерді мақтап шабыттандыру, оныншысы, екі көздің бірін ашық, бірін жабық ұстау, яғни ел кемістігін көрмей, өз кемістігіңді көру.

- ШЫҒЫС ДАНАЛЫҒЫ

شىعىس دانالىعى: تاعدىرعا سەنگەن تاڭىرگە رەنجىمەيدى

- ادام بولۋ ءۇشىن كەسكىن تۋرا بول، قانشا كەدەي بولساڭ دا ابىرويىڭدى ساتپا، قانشا قيىندىق كورسەڭ دە كىسى الداما، نە كورسەڭ دە وزگەدەن كورمە.

- مىنا دۇنيە ايناعا ۇقسايدى، جۇرەگىڭنىڭ قانداي ەكەندىگىن بارىنە كورسەتىپ قويادى.

- مەيلى باي بول، كەدەي بول، ۇت نەمەسە ۇتىل، ءبىراق سوندا دا اشىق بول، ءادىل بول، نۇرلى بول. ال ءىس قىلساڭ، ءىسىڭدى انىق ءبىل، سەنىپ ىستە، ءتۇزۋ بول.

- ادام بولۋ ىزگىلىك دەگەن ءبىر اۋىز سوزدەن تۇرادى، ءىس ءبىتىرۋ تاباندىلىق دەگەن ءبىر اۋىز سوزدەن تۇرادى.

- ادامنىڭ قانشا ۋاقىت بارىس-كەلىستە بولاتىنى ونىڭ ادالدىعىنا بايلانىستى، ال جاقسى جولدا قانشا ۇزاق جۇرە الاتىندىعى ونىڭ ءمورالىنا بايلانىستى.

- 20 جاستا سۇلۋ بولساڭ، جاس بولعاندىقتان سۇلۋسىڭ، 40 جاستا سۇلۋ بولساڭ، ءوزىڭدى كۇتكەندىكتەن سۇلۋسىڭ، 60 جاستا سۇلۋ بولساڭ، جانىڭ سۇلۋ بولعاندىقتان سۇلۋسىڭ.

- جولدى ءوزىڭ جۇرەسىڭ، اۋىز ەلدىكى، ءبىراق ادەمى ءسوزدى شىن كورىپ قالما، ال جاقپاعان سوزگە اشۋلانبا. مىنا دۇنيەدە ساعان شىن جاقسى ادام وتە از، ءبىراق سەنى كۇلكى ەتكىسى كەلەتىن ادام تىم كوپ، سوندىقتان وزىڭە كوڭىل ءبول، ءوزىڭدى جاقسى تاربيەلە، كوڭىلدى ءومىر وتكىزۋىڭ ماڭىزدى.

- ەگەر بىرەۋ سەنى جەك كورىپ، كورىنگەن جەردە جامانداپ، وسەك ەتسە، ونى ەلەمە، بىلمەگەن بولىپ جۇرە بەر. سەبەبى ول باقىتسىز ادام، ال باقىتسىز ادامنىڭ باقىتتى ادامدى جەك كورۋى ءتابيعي قۇبىلىس. كونەلەردەن، 'باقىتسىز جان مىڭ كىسىنى جەك كورمەي تۇرا الماس' دەگەن ءسوز قالعان.

- ادامنىڭ مىقتىلىعى مىنا ءۇش نارسەگە بايلانىستى، ءبىرىنشى، سانا حاقىندا، ول وتكەندى قازبالامايدى، قازىرگى شاقتا ءومىر سۇرەدى. ەكىنشى، ءىس حاقىندا، بارلىعى ءدال ويىمداعىداي بولسىن دەپ، تۇرىپ المايدى، ءبىراق ءبارىن ءبىلىپ تۇرادى. ءۇشىنشى، ادامدىق حاقىندا، ول، 'تاعدىرعا سەنگەن تاڭىرگە رەنجىمەس، وزىنە سەنگەن پەندەگە رەنجىمەس' دەگەن قاعيدا ۇستانادى. ول بارلىق ماسەلەنىڭ قاينارى ءوزى ەكەندىگىن بىلەدى، ەشكىمدى كىنالامايدى، كەمشىلىك مەنەن دەيدى.

- بىرەۋ ساعان تيىسسە، ونى ەلەمە، ال ەلەسەڭ، ۇتىلاسىڭ، ونى ەلەمەي سالماقتى بولساڭ، ونىڭ جاماندىعى وزىنە قايتاتىن بولادى. ۇندەمەي سالماقتى بولۋ جەڭىلگەندىك ەمەس، ءبىراق پىسىپ جەتىلگەندىك بولماق. ءالسىز ادام كەشىرە المايدى، ال كەشىرۋ كۇشتىلەردىڭ عانا قولىنان كەلەدى.

- دۇنيەدەگى ەڭ جاقسى ەمشىلەر قاسىڭدا ءجۇر، جانە ولار سەنەن اقشا سۇرامايدى، ولار مىنالار. ءبىرىنشىسى، ەڭبەك قوزعالىس، ەكىنشىسى، كۇن نۇرى، ءۇشىنشىسى، جاقسى ۇيىقتاۋ، ءتورتىنشىسى، اشىق ويلىلىق، بەسىنشىسى، از جەۋ اقىرىن جەۋ. التىنشىسى، كوڭىلدى ءجۇرۋ، جەتىنشىسى، ۇدايى سۋ ءىشۋ، سەگىزىنشىسى، كۇلىمسىرەپ ءجۇرۋ، توعىزىنشىسى، وزگەلەردى ماقتاپ شابىتتاندىرۋ، ونىنشىسى، ەكى كوزدىڭ ءبىرىن اشىق، ءبىرىن جابىق ۇستاۋ، ياعني ەل كەمىستىگىن كورمەي، ءوز كەمىستىگىڭدى كورۋ.

- شىعىس دانالىعى

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8516