You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8368
ИСЛАМДАҒЫ САЛМАҚ ТАСТАУ ӘДІСІМЕН АУРУДАН САҚТАНУ ЖОЛЫ

қазіргі адамдардың қант тұтынуы осыдан жүз жыл бұрынғы кезге қарағанда 50 де 500 есе артып кетті. Оның салдары адамдардың көптеп семіруімен, мыңдаған түрлі ауруға ұшырауын келтіріп шығарды. Қанытты рұхсат етілген апин деп те атайды, себебі қант адамдардың тамаққа құмарлығын, тойып тұрса да, арттыра береді. Ол тамақ құмарлықты қоздырып, адамдар семіре береді, және сан түрлі ауруға ұшырайды. Егер адам ұдайы көп дене қуатты қажет ететін жұмыс істемесе, ол күніне бір рет, көп болса екі рет қана тамақ жегені абзал, ал күніне үш рет тамақ жеу жақсы көрілмеген әдет, исламда осылай кеңес етілген. Асты қалай жеу жәйлы ислам былай дейді. Астың жақсысын, тазасын, халалын же, бірақ көп жеме, аз же, түлкі құрсақ жүр. Егер құрсағың тоқ болса, тамақ жеме, құрсағың ашқан кезде ғана тамақ же. Асты ысырап етпе, ал ұдайы күн аралатып сүннет нәфил ораза ұстап жүрсең, тіпті жақсы. Егер сіз исламның осы талабы бойынша азықтансаңыз, ешқашан семірмейсіз, және өзіңізге ауру-кесел жасап бермейтін боласыз. Пайғамбарымыз, 'ораза ұста, денсаулыққа жет' дейді, тіпті аң-хайуан, құстар да ауырып қалса, тамақ жемей, бірнеше күн аш жүреді, яғни жануарлардың өзі өздерін оразамен емдейді. Адам тамақты көп жесе, қантты көп тұтынса, ол қан қойулық, қан қысым, қандағы майды, тәттіні арттырады. Денеде көптеп май жасайды, бұл барыс кәдімгі базарға апарып сатылатын қойларға күніне 3-5 уақ жем-су беріп, семірту барысына ұқсайды. Адам семіргенде, май ішкі органдарға шаптаса бастайды, ең алдымен ауыздағы тілдің арты семіріп, адам көп қорылдайды. Одан май бауырды орайды, одан жүрек, бүйрек, ішек, қарын, ашқазанға май бітеді, май ішке сыймай қалған соң, еттің арасына, етпен терінің арасына кіреді, іштен сыртқа жиналады, қарынға ең көп жиналады. Бұлар адамның метаболизімін, қан айналысын, жүрек-тамыр соғысын баяулатады, жүріп тұруды қиындатады, сан түрлі кеселдерді тудырады. Бауырды май басқан соң, денсаулықтан мәселе шыға бастайды. Ал олардан құтылу үшін әуелі, тамақты аз жеңіз, ұдайы ораза ұстаңыз, арықтағанша көгеніспен жемісті көбірек жеңіз, көп қимылдаңыз. Ал бауырдағы майды кетіру үшін, мүмкін болса, әркүні тәңертең аш құрсақта мынаны ішуді әдет етіңіз. Жарты лимонның суын, аз алма сідір сіркесін, аз мөлшерде куркума, имбир, қара бұрыш ұнтағын, және 1-2 қасық балды жылы суға араластырып ішіңіз. Мөлшерлі лайықты болсын, бұл бауырдағы майды кетіруге көп пайдалы, денедегі маймен қантты жоюуға да, метаболизимға да пайдалы. Ал рак кеселі болса, пияздың суын сығып, аш құрсақта кемінде 40 күн ішіңіз, осы әдіспен рак кеселінен құтылғандар көп, бұны әулие Мәуләнә Шайық Назым хазірет айтқан еді. Бұдан тыс күнәдан аулақ жүріңіз, таза ниетті болыңыз, әркүні күндік садақаны беріңіз, құлшылық етіңіз, намаз өтеңіз, мақтаншақ болмаңыз, өзіңізді көрсеткіш болмаңыз, міне осылар да сіздің көптеген аурудан, тіл-көзден аулақ болуыңызға өте көп жәрдемдеседі. Бұлар тек тән саулық қана емес, рухани саулыққа да аса пайдалы.

يسلامداعى سالماق تاستاۋ ادىسىمەن اۋرۋدان ساقتانۋ جولى

قازىرگى ادامداردىڭ قانت تۇتىنۋى وسىدان ءجۇز جىل بۇرىنعى كەزگە قاراعاندا 50 دە 500 ەسە ارتىپ كەتتى. ونىڭ سالدارى ادامداردىڭ كوپتەپ سەمىرۋىمەن، مىڭداعان ءتۇرلى اۋرۋعا ۇشىراۋىن كەلتىرىپ شىعاردى. قانىتتى رۇحسات ەتىلگەن اپين دەپ تە اتايدى، سەبەبى قانت ادامداردىڭ تاماققا قۇمارلىعىن، تويىپ تۇرسا دا، ارتتىرا بەرەدى. ول تاماق قۇمارلىقتى قوزدىرىپ، ادامدار سەمىرە بەرەدى، جانە سان ءتۇرلى اۋرۋعا ۇشىرايدى. ەگەر ادام ۇدايى كوپ دەنە قۋاتتى قاجەت ەتەتىن جۇمىس ىستەمەسە، ول كۇنىنە ءبىر رەت، كوپ بولسا ەكى رەت قانا تاماق جەگەنى ابزال، ال كۇنىنە ءۇش رەت تاماق جەۋ جاقسى كورىلمەگەن ادەت، يسلامدا وسىلاي كەڭەس ەتىلگەن. استى قالاي جەۋ ءجايلى يسلام بىلاي دەيدى. استىڭ جاقسىسىن، تازاسىن، حالالىن جە، ءبىراق كوپ جەمە، از جە، تۇلكى قۇرساق ءجۇر. ەگەر قۇرساعىڭ توق بولسا، تاماق جەمە، قۇرساعىڭ اشقان كەزدە عانا تاماق جە. استى ىسىراپ ەتپە، ال ۇدايى كۇن ارالاتىپ سۇننەت ءنافيل ورازا ۇستاپ جۇرسەڭ، ءتىپتى جاقسى. ەگەر ءسىز يسلامنىڭ وسى تالابى بويىنشا ازىقتانساڭىز، ەشقاشان سەمىرمەيسىز، جانە وزىڭىزگە اۋرۋ-كەسەل جاساپ بەرمەيتىن بولاسىز. پايعامبارىمىز، 'ورازا ۇستا، دەنساۋلىققا جەت' دەيدى، ءتىپتى اڭ-حايۋان، قۇستار دا اۋىرىپ قالسا، تاماق جەمەي، بىرنەشە كۇن اش جۇرەدى، ياعني جانۋارلاردىڭ ءوزى وزدەرىن ورازامەن ەمدەيدى. ادام تاماقتى كوپ جەسە، قانتتى كوپ تۇتىنسا، ول قان قويۋلىق، قان قىسىم، قانداعى مايدى، ءتاتتىنى ارتتىرادى. دەنەدە كوپتەپ ماي جاسايدى، بۇل بارىس كادىمگى بازارعا اپارىپ ساتىلاتىن قويلارعا كۇنىنە 3-5 ۋاق جەم-سۋ بەرىپ، سەمىرتۋ بارىسىنا ۇقسايدى. ادام سەمىرگەندە، ماي ىشكى ورگاندارعا شاپتاسا باستايدى، ەڭ الدىمەن اۋىزداعى ءتىلدىڭ ارتى سەمىرىپ، ادام كوپ قورىلدايدى. ودان ماي باۋىردى ورايدى، ودان جۇرەك، بۇيرەك، ىشەك، قارىن، اشقازانعا ماي بىتەدى، ماي ىشكە سىيماي قالعان سوڭ، ەتتىڭ اراسىنا، ەتپەن تەرىنىڭ اراسىنا كىرەدى، ىشتەن سىرتقا جينالادى، قارىنعا ەڭ كوپ جينالادى. بۇلار ادامنىڭ مەتابوليزىمىن، قان اينالىسىن، جۇرەك-تامىر سوعىسىن باياۋلاتادى، ءجۇرىپ تۇرۋدى قيىنداتادى، سان ءتۇرلى كەسەلدەردى تۋدىرادى. باۋىردى ماي باسقان سوڭ، دەنساۋلىقتان ماسەلە شىعا باستايدى. ال ولاردان قۇتىلۋ ءۇشىن اۋەلى، تاماقتى از جەڭىز، ۇدايى ورازا ۇستاڭىز، ارىقتاعانشا كوگەنىسپەن جەمىستى كوبىرەك جەڭىز، كوپ قيمىلداڭىز. ال باۋىرداعى مايدى كەتىرۋ ءۇشىن، مۇمكىن بولسا، اركۇنى تاڭەرتەڭ اش قۇرساقتا مىنانى ءىشۋدى ادەت ەتىڭىز. جارتى ليموننىڭ سۋىن، از الما ءسىدىر سىركەسىن، از مولشەردە كۋركۋما، يمبير، قارا بۇرىش ۇنتاعىن، جانە 1-2 قاسىق بالدى جىلى سۋعا ارالاستىرىپ ءىشىڭىز. مولشەرلى لايىقتى بولسىن، بۇل باۋىرداعى مايدى كەتىرۋگە كوپ پايدالى، دەنەدەگى مايمەن قانتتى جويۋۋعا دا، مەتابوليزيمعا دا پايدالى. ال راك كەسەلى بولسا، پيازدىڭ سۋىن سىعىپ، اش قۇرساقتا كەمىندە 40 كۇن ءىشىڭىز، وسى ادىسپەن راك كەسەلىنەن قۇتىلعاندار كوپ، بۇنى اۋليە ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ايتقان ەدى. بۇدان تىس كۇنادان اۋلاق ءجۇرىڭىز، تازا نيەتتى بولىڭىز، اركۇنى كۇندىك ساداقانى بەرىڭىز، قۇلشىلىق ەتىڭىز، ناماز وتەڭىز، ماقتانشاق بولماڭىز، ءوزىڭىزدى كورسەتكىش بولماڭىز، مىنە وسىلار دا ءسىزدىڭ كوپتەگەن اۋرۋدان، ءتىل-كوزدەن اۋلاق بولۋىڭىزعا وتە كوپ جاردەمدەسەدى. بۇلار تەك ءتان ساۋلىق قانا ەمەس، رۋحاني ساۋلىققا دا اسا پايدالى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8368