https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8363
Сұхбат: істі қиын етпе, жеңіл ет, және рәбита туралы (2025.08.21 / Хижри 1447-жыл 27-Сафар)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бізге, «يَسِّرُوا ولا تُعَسِّرُوا، بَشِّرُوا ولا تُنَفِّرُوا» яғни (істі жеңіл ет, қиын етпе, жақсы хабар бер, жұртты қорқытып қашырма) дейді. Демек, істі оңай етіңіз, ол осылай дер, оны қиындатпаңыз, жұртқа қиындық тудырмаңыз, ал біреу қаншалық құлшылық ете алса, Алла ﷻ соны қабыл ететін болады. Егер сіз біреуге, «сенің құлшылығың қабыл емес» десеңіз, ол ер немесе әйел келер жолы, «ол баяғыда қабыл болмапты, енді оны қайта өтемеймін» дейтін болады. Алайда, Алла Әззә уә-Жәллә біреудің құлшылығы Алла ﷻдың ризалығы үшін болса болғаны, Ол оны қабыл етеді, оны қабыл етпейтіндей кедергі жоқ. Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз ﷺның берекелі тілімен бұны айтып кетті, демек істі жеңіл етелік, оңай етелік, оны адамдарға қиын етпеңіз. Егер сіз, «сен бұны істеуің керек, сен оны істеуің керек, сен бұны істейсің, я оны істейсің» дер болсаңыз, бұныңыз ол адамға қиын болып кетеді. Ол кейін, «мен бұны істей алмаймын» деп, барлығын тастап кететін болады, бірақ адам амалды аз істесе де, ол адамның жүрегіне нұр әкеледі, оның ісін оңына салады.
Ал адам Алла ﷻды ұмытпаған кезде, әрине, ол намазға тік тұрады, Алла ﷻды есіне алады, бұл ұқсас қағида дәрет алған кезге де жүреді, сондықтан, оны жеңіл етіңіз, тіпті ол болмашы болса да, сіз ол адамға, «бұны мұнша, ал оны сонша істеуің керек» деп, оны қиындатып жібермеңіз. Әрине, адам Алла Әззә уә-Жәлләны ұмытып кетпесе болғаны, Алла ﷻ бұл құлына риза бола береді, «башширу» яғни жақсы шүйінші беріңіз, пайғамбарымыз ﷺ осылай дейді. «Сіз осыншалық істепсіз, ал бұған Алла Әззә уә-Жәллә риза, пайғамбарымыз ﷺ да риза» деңіз, көптеген адамдарда, «өтеген құлшылығымыз қабыл болмаған шығар» деген шайтани уәсуәсә яғни сыбыр бар, бұндайда олар, «мен оның қабыл болған-болмағанына көзім жетпей тұр, оған күмәнім бар» дейді. Ол сағаттап дәрет алады, ал сосын намазға тұрғанда, «осы мен ниет жасадымба» деп, өз-өзінен күманға беріледі. Ал зікір қылар кезде, немесе сабақ аларда, «рабитаны жөндеп істедімбе» деп, тағы күмәнданады. Бірақ рабитада тұрған еш қиындық жоқ, рабита дегеніміз пір шайығыңызды, мүршитіңізді еске алу, піріңізді еске алыңыз, болды, сол жетеді.
«Мен бір сағат рабита істемекші болдым» деп тырмысып жүрген көптеген адамдар бар, бірақ олар істі қиындастырып жүр, ол осыдан соң оны ендігарі істемей кетеді. Әдетте, сіз рабита қылғанда пір шайық сізге жалғанатын болады, ал осы шайығыңызды еске алған соң, оның көмегімен, сіз пайғамбарымыз ﷺды еске алатын боласыз, Алла Әззә уә-Жәлләны еске алатын боласыз. Міне бұның барлығы сіз үшін бір жеңілдік, олар сізге қиндықты қаламайды, демек, Алла Әззә уә-Жәллә, пайғамбарымыз ﷺ, және Алла ﷻ жолындағы пір мүршиттер сізге ұдайы оңай жолды нұсқайды, жеңілдікті көрсетеді. Бұған ең үлкен үлгі-мысал Мәуләнә Шайық Назым хазірет еді, ол өзіне, яғни өзінің нәпсісіне өте қатаң, тым қиын келетін кісі болатұғын, демек ол барлығын істейтін, бүкіл сүннеттерді атқаратын еді. Ал бірақ басқаларға келгенде, ол оңайын, жеңілін көрсететін еді, оның себебінен, мыңдаған, неше онмыңдаған адамдар нөлден бастап көтеріліп, біртіндеп ең әдемі жағдайларға жетіп алды. Алла ﷻ оның мақамын биік еткей, Алла ﷻ адамдарға әдемілік және хидаят бергей, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ءىستى قيىن ەتپە، جەڭىل ەت، جانە ءرابيتا تۋرالى (2025.08.21 / حيجري 1447-جىل 27-سافار)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) پايعامبارىمىز ﷺ بىزگە، «يَسِّرُوا ولا تُعَسِّرُوا، بَشِّرُوا ولا تُنَفِّرُوا» ياعني (ءىستى جەڭىل ەت، قيىن ەتپە، جاقسى حابار بەر، جۇرتتى قورقىتىپ قاشىرما) دەيدى. دەمەك، ءىستى وڭاي ەتىڭىز، ول وسىلاي دەر، ونى قيىنداتپاڭىز، جۇرتقا قيىندىق تۋدىرماڭىز، ال بىرەۋ قانشالىق قۇلشىلىق ەتە السا، اللا ﷻ سونى قابىل ەتەتىن بولادى. ەگەر ءسىز بىرەۋگە، «سەنىڭ قۇلشىلىعىڭ قابىل ەمەس» دەسەڭىز، ول ەر نەمەسە ايەل كەلەر جولى، «ول باياعىدا قابىل بولماپتى، ەندى ونى قايتا وتەمەيمىن» دەيتىن بولادى. الايدا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بىرەۋدىڭ قۇلشىلىعى اللا ﷻدىڭ ريزالىعى ءۇشىن بولسا بولعانى، ول ونى قابىل ەتەدى، ونى قابىل ەتپەيتىندەي كەدەرگى جوق. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا پايعامبارىمىز ﷺنىڭ بەرەكەلى تىلىمەن بۇنى ايتىپ كەتتى، دەمەك ءىستى جەڭىل ەتەلىك، وڭاي ەتەلىك، ونى ادامدارعا قيىن ەتپەڭىز. ەگەر ءسىز، «سەن بۇنى ىستەۋىڭ كەرەك، سەن ونى ىستەۋىڭ كەرەك، سەن بۇنى ىستەيسىڭ، يا ونى ىستەيسىڭ» دەر بولساڭىز، بۇنىڭىز ول ادامعا قيىن بولىپ كەتەدى. ول كەيىن، «مەن بۇنى ىستەي المايمىن» دەپ، بارلىعىن تاستاپ كەتەتىن بولادى، ءبىراق ادام امالدى از ىستەسە دە، ول ادامنىڭ جۇرەگىنە نۇر اكەلەدى، ونىڭ ءىسىن وڭىنا سالادى.
ال ادام اللا ﷻدى ۇمىتپاعان كەزدە، ارينە، ول نامازعا تىك تۇرادى، اللا ﷻدى ەسىنە الادى، بۇل ۇقساس قاعيدا دارەت العان كەزگە دە جۇرەدى، سوندىقتان، ونى جەڭىل ەتىڭىز، ءتىپتى ول بولماشى بولسا دا، ءسىز ول ادامعا، «بۇنى مۇنشا، ال ونى سونشا ىستەۋىڭ كەرەك» دەپ، ونى قيىنداتىپ جىبەرمەڭىز. ارينە، ادام اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى ۇمىتىپ كەتپەسە بولعانى، اللا ﷻ بۇل قۇلىنا ريزا بولا بەرەدى، «باششيرۋ» ياعني جاقسى ءشۇيىنشى بەرىڭىز، پايعامبارىمىز ﷺ وسىلاي دەيدى. «ءسىز وسىنشالىق ىستەپسىز، ال بۇعان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ريزا، پايعامبارىمىز ﷺ دا ريزا» دەڭىز، كوپتەگەن ادامداردا، «وتەگەن قۇلشىلىعىمىز قابىل بولماعان شىعار» دەگەن شايتاني ءۋاسۋاسا ياعني سىبىر بار، بۇندايدا ولار، «مەن ونىڭ قابىل بولعان-بولماعانىنا كوزىم جەتپەي تۇر، وعان كۇمانىم بار» دەيدى. ول ساعاتتاپ دارەت الادى، ال سوسىن نامازعا تۇرعاندا، «وسى مەن نيەت جاسادىمبا» دەپ، ءوز-وزىنەن كۇمانعا بەرىلەدى. ال زىكىر قىلار كەزدە، نەمەسە ساباق الاردا، «رابيتانى جوندەپ ىستەدىمبە» دەپ، تاعى كۇماندانادى. ءبىراق رابيتادا تۇرعان ەش قيىندىق جوق، رابيتا دەگەنىمىز ءپىر شايىعىڭىزدى، ءمۇرشيتىڭىزدى ەسكە الۋ، ءپىرىڭىزدى ەسكە الىڭىز، بولدى، سول جەتەدى.
«مەن ءبىر ساعات رابيتا ىستەمەكشى بولدىم» دەپ تىرمىسىپ جۇرگەن كوپتەگەن ادامدار بار، ءبىراق ولار ءىستى قيىنداستىرىپ ءجۇر، ول وسىدان سوڭ ونى ەندىگارى ىستەمەي كەتەدى. ادەتتە، ءسىز رابيتا قىلعاندا ءپىر شايىق سىزگە جالعاناتىن بولادى، ال وسى شايىعىڭىزدى ەسكە العان سوڭ، ونىڭ كومەگىمەن، ءسىز پايعامبارىمىز ﷺدى ەسكە الاتىن بولاسىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى ەسكە الاتىن بولاسىز. مىنە بۇنىڭ بارلىعى ءسىز ءۇشىن ءبىر جەڭىلدىك، ولار سىزگە قيندىقتى قالامايدى، دەمەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، پايعامبارىمىز ﷺ، جانە اللا ﷻ جولىنداعى ءپىر مۇرشيتتەر سىزگە ۇدايى وڭاي جولدى نۇسقايدى، جەڭىلدىكتى كورسەتەدى. بۇعان ەڭ ۇلكەن ۇلگى-مىسال ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ەدى، ول وزىنە، ياعني ءوزىنىڭ ناپسىسىنە وتە قاتاڭ، تىم قيىن كەلەتىن كىسى بولاتۇعىن، دەمەك ول بارلىعىن ىستەيتىن، بۇكىل سۇننەتتەردى اتقاراتىن ەدى. ال ءبىراق باسقالارعا كەلگەندە، ول وڭايىن، جەڭىلىن كورسەتەتىن ەدى، ونىڭ سەبەبىنەن، مىڭداعان، نەشە ونمىڭداعان ادامدار نولدەن باستاپ كوتەرىلىپ، بىرتىندەپ ەڭ ادەمى جاعدايلارعا جەتىپ الدى. اللا ﷻ ونىڭ ماقامىن بيىك ەتكەي، اللا ﷻ ادامدارعا ادەمىلىك جانە حيدايات بەرگەي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8363