You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8335
АДАМНЫҢ 2 ТЕГІ: АТА-ТЕК ЖӘНЕ ЖАН-ТЕК; ЯҒНИ ТӘНІ ҚАЗАҚ, ЖАНЫ КӘПІР, ТӘНІ ҚЫТАЙ, ЖАНЫ МҮМИН АДАМ БАР

адамның ұқсамаған екі тегі бар, демек адамда қанмен келетін ата-тек яғни тән-тек, және барзақтан келетін рух тегі яғни жан-тегі болады. Адамның ата-тегі ата-анадан келіп, арғы тегі адам атамен хауа анаға, одан топыраққа тіреледі. Ал адам рухының тегі яғни жан-тегі ата-тектен мүлдем бөлек нәрсе, ол әруақтар әлемінен келеді. Жанның түп тегі пайғамбарымыздың нұрына тіреледі, бірақ жан-рух аса сырлы нәрсе, оған адам ақылы жетпейді, сондықтан кім жан-рух жәйлы зерттеу жасаса, ол адасып, діннен шығып кетеді, сол үшін исламда әруақты пікірлеу харам етілген, адамдар ол туралы аз ғана біледі. Ал бұндағы маңыздысы адамның жан-тегі болмақ. Әдетте адамдар бір құрсақтан шыққанымен, олардың мінезі, тағдыры, иманы әртүрлі болады. Яғни бір құрсақтан ала да, құла да туылады, немесе жақсыдан жаман, ал жаманнан жақсы да туыла береді. Міне бұл оларға әруақтар әлемінен әкелініп салынған жанның ұқсамайтындығынан еді. Жан әруақтар әлемінен әкелініп, іштегі шала етке күшпен ұрылып салынады, тәнге қамалады. Жан-рухтар адам жаралудан ерте жаратылған, бірақ олар кейін жаралған адам ұрпақтарының тәніне періштелер жағынан салынып, осы дүниеге сынаққа жіберілді. Кейбіреулер, 'бізді Алла осылай етті' деп, жамандығын Аллаға итереді, бірақ Алла әр адамға ақылмен ирада яғни ерік берген, демек адамның жаманды немесе жақсыны істеу еркі бар. Бірақ осы ақылмен ирада хайуанға берілмеген, сондықтан олар сұралмайды. Ал адам ұйықтағанда жанның 40 тан 1 бөлігі денеде қалып, тәннің өліп қалмауын қамтамасыз етеді, қалғандары түгел Алла құзіретіне барып, сәжде етеді, қуат жинап келеді. Мейлі мұсылман, мейлі кәпір болсын, олар ұйқтағанда олардың жаны Алла құзіретіне кетеді. Адам үшін маңыздысы оның руханияты яғни рухпен қатысты бөлігі болмақ, ал исламдағы сопылық тәриқат адамның осы рухын ашып, жетілдіруге арналған киелі жол. Мәселен, қазіргі генетикалық зерттеулер бойынша, қазақ халқының 20 пайызы қытай текке жатады, бірақ оларға мұсылмандық нәсіп болды. Сол сияқты қытай халының 20 пайызы түркі текке жатады, бірақ олар кәпір қауымнан болды. Міне бұл да жан-рухтың әртүрлі болуы ұқсас текті халықты әртүрлі дін-сенім, қауым, ұлттардан етіп жіберетіндігін білдіреді. Тағы бір мысал, мәселен, қазақта әтейстер бар, олардың тәні қазақ болғанымен жаны кәпір әтейст қытайға ұқсайды. Сол сияқты қытайда ислам жетпеген, бірақ иманды қытайлар бар, ал олардың жаны иманды қазаққа ұқсайды. Ал осы жан-рухтары ұқсайтын адамдар қияметте ұқсас бір сапқа тұратын болады. Бұндай жағдай әр ұлтта бар. Мәселен, егер біреу пайғамбар ұрпағы бола тұра пайғамбарымыздың жолынан алыс болса, ол қияметке пайғамбарымыздан алыс қалады. Міне бұл ең соңында барлығының жан-текке байланысты екендігін білдіреді.

ادامنىڭ 2 تەگى: اتا-تەك جانە جان-تەك; ياعني ءتانى قازاق، جانى كاپىر، ءتانى قىتاي، جانى ءمۇمين ادام بار

ادامنىڭ ۇقساماعان ەكى تەگى بار، دەمەك ادامدا قانمەن كەلەتىن اتا-تەك ياعني ءتان-تەك، جانە بارزاقتان كەلەتىن رۋح تەگى ياعني جان-تەگى بولادى. ادامنىڭ اتا-تەگى اتا-انادان كەلىپ، ارعى تەگى ادام اتامەن حاۋا اناعا، ودان توپىراققا تىرەلەدى. ال ادام رۋحىنىڭ تەگى ياعني جان-تەگى اتا-تەكتەن مۇلدەم بولەك نارسە، ول ءارۋاقتار الەمىنەن كەلەدى. جاننىڭ ءتۇپ تەگى پايعامبارىمىزدىڭ نۇرىنا تىرەلەدى، ءبىراق جان-رۋح اسا سىرلى نارسە، وعان ادام اقىلى جەتپەيدى، سوندىقتان كىم جان-رۋح ءجايلى زەرتتەۋ جاساسا، ول اداسىپ، دىننەن شىعىپ كەتەدى، سول ءۇشىن يسلامدا ءارۋاقتى پىكىرلەۋ حارام ەتىلگەن، ادامدار ول تۋرالى از عانا بىلەدى. ال بۇنداعى ماڭىزدىسى ادامنىڭ جان-تەگى بولماق. ادەتتە ادامدار ءبىر قۇرساقتان شىققانىمەن، ولاردىڭ مىنەزى، تاعدىرى، يمانى ءارتۇرلى بولادى. ياعني ءبىر قۇرساقتان الا دا، قۇلا دا تۋىلادى، نەمەسە جاقسىدان جامان، ال جاماننان جاقسى دا تۋىلا بەرەدى. مىنە بۇل ولارعا ءارۋاقتار الەمىنەن اكەلىنىپ سالىنعان جاننىڭ ۇقسامايتىندىعىنان ەدى. جان ءارۋاقتار الەمىنەن اكەلىنىپ، ىشتەگى شالا ەتكە كۇشپەن ۇرىلىپ سالىنادى، تانگە قامالادى. جان-رۋحتار ادام جارالۋدان ەرتە جاراتىلعان، ءبىراق ولار كەيىن جارالعان ادام ۇرپاقتارىنىڭ تانىنە پەرىشتەلەر جاعىنان سالىنىپ، وسى دۇنيەگە سىناققا جىبەرىلدى. كەيبىرەۋلەر، 'ءبىزدى اللا وسىلاي ەتتى' دەپ، جاماندىعىن اللاعا يتەرەدى، ءبىراق اللا ءار ادامعا اقىلمەن يرادا ياعني ەرىك بەرگەن، دەمەك ادامنىڭ جاماندى نەمەسە جاقسىنى ىستەۋ ەركى بار. ءبىراق وسى اقىلمەن يرادا حايۋانعا بەرىلمەگەن، سوندىقتان ولار سۇرالمايدى. ال ادام ۇيىقتاعاندا جاننىڭ 40 تان 1 بولىگى دەنەدە قالىپ، ءتاننىڭ ءولىپ قالماۋىن قامتاماسىز ەتەدى، قالعاندارى تۇگەل اللا قۇزىرەتىنە بارىپ، ساجدە ەتەدى، قۋات جيناپ كەلەدى. مەيلى مۇسىلمان، مەيلى كاپىر بولسىن، ولار ۇيقتاعاندا ولاردىڭ جانى اللا قۇزىرەتىنە كەتەدى. ادام ءۇشىن ماڭىزدىسى ونىڭ رۋحانياتى ياعني رۋحپەن قاتىستى بولىگى بولماق، ال يسلامداعى سوپىلىق ءتاريقات ادامنىڭ وسى رۋحىن اشىپ، جەتىلدىرۋگە ارنالعان كيەلى جول. ماسەلەن، قازىرگى گەنەتيكالىق زەرتتەۋلەر بويىنشا، قازاق حالقىنىڭ 20 پايىزى قىتاي تەككە جاتادى، ءبىراق ولارعا مۇسىلماندىق ءناسىپ بولدى. سول سياقتى قىتاي حالىنىڭ 20 پايىزى تۇركى تەككە جاتادى، ءبىراق ولار كاپىر قاۋىمنان بولدى. مىنە بۇل دا جان-رۋحتىڭ ءارتۇرلى بولۋى ۇقساس تەكتى حالىقتى ءارتۇرلى ءدىن-سەنىم، قاۋىم، ۇلتتاردان ەتىپ جىبەرەتىندىگىن بىلدىرەدى. تاعى ءبىر مىسال، ماسەلەن، قازاقتا اتەيستەر بار، ولاردىڭ ءتانى قازاق بولعانىمەن جانى كاپىر اتەيست قىتايعا ۇقسايدى. سول سياقتى قىتايدا يسلام جەتپەگەن، ءبىراق يماندى قىتايلار بار، ال ولاردىڭ جانى يماندى قازاققا ۇقسايدى. ال وسى جان-رۋحتارى ۇقسايتىن ادامدار قيامەتتە ۇقساس ءبىر ساپقا تۇراتىن بولادى. بۇنداي جاعداي ءار ۇلتتا بار. ماسەلەن، ەگەر بىرەۋ پايعامبار ۇرپاعى بولا تۇرا پايعامبارىمىزدىڭ جولىنان الىس بولسا، ول قيامەتكە پايعامبارىمىزدان الىس قالادى. مىنە بۇل ەڭ سوڭىندا بارلىعىنىڭ جان-تەككە بايلانىستى ەكەندىگىن بىلدىرەدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8335