You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8332
АСТЫ БІРГЕ ЖЕҢДЕР; БИСМИЛЛАСЫЗ ТАМАҚ ЖЕУ УЛЫ ТАМАҚ ЖЕУМЕН ТЕҢ

пайғамбарымыз, 'тамақ жеуге жиналыңдар, бөлек-бөлек жемеңдер' дейді. Ерте кезде отбасылар бірге отырып, тамақ жеуші еді, ал кейінірек, тіпті балаларды өз бөлмесінде бөлек тамақ жегізетін жаман әдеттер шықты. Бөлек-бөлек отырып, бөліне тамақ жемеңіздер, себебі бірге отырып тамақ жеу, пайғамбарымыздың кеңесі, ол осыны кеңес етті, бірақ оны әмір етпеді. Кеңеспен әмір екеуі екі бөлек нәрсе, егер ол пайғамбарымыздың кеңес-нәсихаты емес, әмірі болса, онда оны істемесек, бізге күнә жазылар еді. Демек отбасының бірге отырып ас ішіп, тамақ жеуі пайғамбарымыздың асыл кеңестерінің бірінен. Тамаққа көп болып, бірге жиналып жеңіздер, отбасымен бірге отырып ас ішіңіздер. Ал бір орынға жиналып ас ішкенде, ең алдымен Алланы еске алыңыздар, Алланың атын атаңыздар, яғни 'бисмиллахир рахманир рахим' деп айтыңыздар. Сонда, жемекші болған астарыңызды Алла берекелеп қоятын болады, ол құтты асқа айналады. Ол денеңізге қуат береді, одан сіз мықты денсаулық, мол афия табасыз, саламат боласыз. Ал бұндағы ең маңыздысы, осындай астан сіз рухани нұр аласыз, осы нұр ең маңыздысы болмақ, демек жегеніңіз сізге нұр береді, сізге иман және әдемілік алып келеді. Тамақты бисмилласыз жасау, асты бисмилласыз жеу рухани әлемде кәдімгі улы тамақ жасауға, улы тамақ жеуге ұқсайды. Демек бисмилласыз тамақ жеу улы тамақ жеуге тең, ол рухты тұншықтырады. Тәнге залал әкеледі, иманды әлсіретеді, жүректі қарайтады, шайтани теріс энергия жүктейді, демек бисмилласыз тамақ жеу жан-рухқа қиянат жасау болмақ. Ал қолмен ас жеуге келсе, оны отырып, қолмен жеу пайғамбар сүннеті болмақ, онда да көптеген хикіметтер бар. Мәселен, отырып асты қолмен жесе, адам тамақты асыра көп жемейді, адам астан көбірек тиылады, және ол тәнге ем-шипа болады. Асты алған саусақ ұшымен асқазан арасында мәлім тілдесулер яғни ақпарат алысып, сәйкесулер жүріледі. Пайғамбарымыз орындыққа, биік үстелге отыруды ұнатпаған, себебі ол сонау замандағы кәпірлердің салты еді. Пайғамбарымыз бір қарыстан биік нәрсеге отыруды ұнатпаған, бірақ ол малдас құрып, жерде отыруды ұнатқан. Сондықтан бертінге дейін мұсылмандар үстел қойып, биік орындыққа отырмаған. Биік орындыққа отыру денсаулыққа да, руханиятқа да зиянды, ол жүйкені оңай тоздырады, үстелде отырған адам тамақты көп жейді. Ол адамның кішпейілділігін түсіреді, нәпсіні семіртеді, және кейбір әдепсіз қимылдарды істеуге қолайлы келеді. Көп жыл жерде отырған адаммен көп жыл орындықта отырған адамдардың психологиясы да ұқсамайды. Жерде отырғандар көп кішпейіл, шыдамды, әдепті келеді, ширақы болады.

استى بىرگە جەڭدەر; بيسميللاسىز تاماق جەۋ ۋلى تاماق جەۋمەن تەڭ

پايعامبارىمىز، 'تاماق جەۋگە جينالىڭدار، بولەك-بولەك جەمەڭدەر' دەيدى. ەرتە كەزدە وتباسىلار بىرگە وتىرىپ، تاماق جەۋشى ەدى، ال كەيىنىرەك، ءتىپتى بالالاردى ءوز بولمەسىندە بولەك تاماق جەگىزەتىن جامان ادەتتەر شىقتى. بولەك-بولەك وتىرىپ، بولىنە تاماق جەمەڭىزدەر، سەبەبى بىرگە وتىرىپ تاماق جەۋ، پايعامبارىمىزدىڭ كەڭەسى، ول وسىنى كەڭەس ەتتى، ءبىراق ونى ءامىر ەتپەدى. كەڭەسپەن ءامىر ەكەۋى ەكى بولەك نارسە، ەگەر ول پايعامبارىمىزدىڭ كەڭەس-ءناسيحاتى ەمەس، ءامىرى بولسا، وندا ونى ىستەمەسەك، بىزگە كۇنا جازىلار ەدى. دەمەك وتباسىنىڭ بىرگە وتىرىپ اس ءىشىپ، تاماق جەۋى پايعامبارىمىزدىڭ اسىل كەڭەستەرىنىڭ بىرىنەن. تاماققا كوپ بولىپ، بىرگە جينالىپ جەڭىزدەر، وتباسىمەن بىرگە وتىرىپ اس ىشىڭىزدەر. ال ءبىر ورىنعا جينالىپ اس ىشكەندە، ەڭ الدىمەن اللانى ەسكە الىڭىزدار، اللانىڭ اتىن اتاڭىزدار، ياعني 'بيسميللاحير راحمانير راحيم' دەپ ايتىڭىزدار. سوندا، جەمەكشى بولعان استارىڭىزدى اللا بەرەكەلەپ قوياتىن بولادى، ول قۇتتى اسقا اينالادى. ول دەنەڭىزگە قۋات بەرەدى، ودان ءسىز مىقتى دەنساۋلىق، مول افيا تاباسىز، سالامات بولاسىز. ال بۇنداعى ەڭ ماڭىزدىسى، وسىنداي استان ءسىز رۋحاني نۇر الاسىز، وسى نۇر ەڭ ماڭىزدىسى بولماق، دەمەك جەگەنىڭىز سىزگە نۇر بەرەدى، سىزگە يمان جانە ادەمىلىك الىپ كەلەدى. تاماقتى بيسميللاسىز جاساۋ، استى بيسميللاسىز جەۋ رۋحاني الەمدە كادىمگى ۋلى تاماق جاساۋعا، ۋلى تاماق جەۋگە ۇقسايدى. دەمەك بيسميللاسىز تاماق جەۋ ۋلى تاماق جەۋگە تەڭ، ول رۋحتى تۇنشىقتىرادى. تانگە زالال اكەلەدى، يماندى السىرەتەدى، جۇرەكتى قارايتادى، شايتاني تەرىس ەنەرگيا جۇكتەيدى، دەمەك بيسميللاسىز تاماق جەۋ جان-رۋحقا قيانات جاساۋ بولماق. ال قولمەن اس جەۋگە كەلسە، ونى وتىرىپ، قولمەن جەۋ پايعامبار سۇننەتى بولماق، وندا دا كوپتەگەن حيكىمەتتەر بار. ماسەلەن، وتىرىپ استى قولمەن جەسە، ادام تاماقتى اسىرا كوپ جەمەيدى، ادام استان كوبىرەك تيىلادى، جانە ول تانگە ەم-شيپا بولادى. استى العان ساۋساق ۇشىمەن اسقازان اراسىندا ءمالىم تىلدەسۋلەر ياعني اقپارات الىسىپ، سايكەسۋلەر جۇرىلەدى. پايعامبارىمىز ورىندىققا، بيىك ۇستەلگە وتىرۋدى ۇناتپاعان، سەبەبى ول سوناۋ زامانداعى كاپىرلەردىڭ سالتى ەدى. پايعامبارىمىز ءبىر قارىستان بيىك نارسەگە وتىرۋدى ۇناتپاعان، ءبىراق ول مالداس قۇرىپ، جەردە وتىرۋدى ۇناتقان. سوندىقتان بەرتىنگە دەيىن مۇسىلماندار ۇستەل قويىپ، بيىك ورىندىققا وتىرماعان. بيىك ورىندىققا وتىرۋ دەنساۋلىققا دا، رۋحانياتقا دا زياندى، ول جۇيكەنى وڭاي توزدىرادى، ۇستەلدە وتىرعان ادام تاماقتى كوپ جەيدى. ول ادامنىڭ كىشپەيىلدىلىگىن تۇسىرەدى، ءناپسىنى سەمىرتەدى، جانە كەيبىر ادەپسىز قيمىلداردى ىستەۋگە قولايلى كەلەدى. كوپ جىل جەردە وتىرعان اداممەن كوپ جىل ورىندىقتا وتىرعان ادامداردىڭ پسيحولوگياسى دا ۇقسامايدى. جەردە وتىرعاندار كوپ كىشپەيىل، شىدامدى، ادەپتى كەلەدى، شيراقى بولادى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8332