https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8289
Сұхбат: қазіргі заманның жихаты - өз нәпсіңізбен күресу (2025.07.01 / Хижри 1447-жыл 06-Мұхаррам)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Cyprus, Lefke Dergah-да айтылған сұхбат) Алла Әззә Уә-Жәллә мұсылмандарға осыбір берекелі айларды сауға етіп ұсынды, ал мұхаррам айы болса дұл-қада, зұл-хижа, мұхаррам сияқты харам яғни қасиетті үш айдың соңғы айы. Алла Әззә Уә-Жәллә осы үш айды қажылыққа қасиетті етті, және Алла Әззә Уә-Жәллә, «сендер бұл айларда соғыс қылмаңдар» деді, бірақ өзгелер сіздерге шабуыл жасап, соғыс ашса, бұл кезде өздеріңізді қорғауға болады, алайда осы үшін айда соғыс жасамау керек. Себебі бұл айлар қажылықтың айлары, адамдар қажылыққа барып қайтады, сонда олар аман-есен барып келетін болады, бұлардан тыс режеп айы да харам айға жатады, ол оларға жалғаспаған, бірақ бөлек жатқан ай. Алла Әззә Уә-Жәллә көкпен жерді жаратқалы бері осылар қасиетті болып келген, біз өмір сүріп жатқан мына дүниеде осы төрт ай харам етілген, сондықтан әрбір нәрсенің Алла ﷻ қасында хикіметі бар, сонда адамдар ұдайы соғыс күйінде жүрме бермейтін болады, Алла ﷻ адамдарға бұны сауға ретінде ұсынған.
Жихат қажетті іс, жихат аса керекті, бірақ әр адам өз ойы бойынша жихат жасай бермейді, демек жихат жасаушы мәлім әміршінің қол астында, бұйрықтың астында болуы керек, егер ол осы шарт астында жихат жасаса, жихаты жихат болады, жихатты осылай жасайды. Ал егер сіз өз ойыңыз бойынша, «мен жихат жасаймын» деп, біреулерге еріп алсаңыз, анық болмаған күмәнді істерді істеп қоясыз, ал бұндайда сіз әмір-бұйрыққа бой ұсынбаған боласыз, сіз Алла Әззә Уә-Жәлләға бойұсынуыңыз керек. Сонымен бірге Алла ﷻ әмірлеріне де өз ойыңыз бойынша амал етпеңіз, үстіңізде бір әмірші болуы керек, және сіз сол әміршінің бұйрығы бойынша іс қылуыңыз керек, әрине, қазір дүниеде не болып жатқаны белгісіз, ештеңе өз орнында тұрған жоқ. Кейбір адамдар тағы біреулерді, «жақсы адам, адал адам» деп ойлайды да, оларға еріп алады, бірақ манағылар оларды құртуға, жоқ қылуға істетіп, аздаған тиын-тебен ақша табады, сондықтан, жалғыз амал ету немесе өзіңіз білмейтін адамдармен бірге болу жақсы іс емес, сіз бұрыннан білінген жолға қарап, анық тұрған адамдар бойынша іс қылыңыз.
Сол үшін де пайғамбарымыз ﷺ, осы біздің заманымыздағы ең үлкен жихат нәпсімен жихат екендігін айтып кеткен, демек ең ұлық жихат өз нәпсіңізбен болған жихат, әсіресе біз ақырзаманда тұрғандықтан, біз өз нәпсімізге жихат жасауымыз керек. Ал сіз нәпсіңіздің бір пайызына, екі пайызына немесе он пайызына болса да қарсы келе аласызба? бірақ бұндағы маңыздысы сол, сіз ұдайы нәпсіңізбен тоқтамастан күресіңіз, оған соғыс ашыңыз, ең үлкен соғыс дегеніміз өз нәпсіңізбен болған соғыс. Себебі, басқа соғыстар сіздің әміріңізде емес, ол соғыстарда сіз мәлім біреудің әмірінде боласыз, шүкір-Алла, қазіргі дүниенің хәлі белгісіз хәлде тұрғандықтан, осы кезде сіздің «жақсы» деп ойлаған нәрсеңіз, жаман болып шығады, ал «жаман» деп ойлаған нәрсеңіз, жақсы болып шығады, сол үшін сақ болуымыз керек, өзіңізді қауіпке итеру қажетсіз. Бұл ай мұхаррам айы, ол ашураның айы, ашура күні осы айда, иншалла, ал ашура сан түрлі жақсылыққа жол ашады, көптеген пайғамбарлармен әулиелер осы күнде, яғни ашура күнінде ең биік дәрежелеріне жеткен.
Сондықтан, біз осылар жәйлы сақ болуымыз керек, әр адамның артынан жүгіре бермеуіміз керек, себебі бұнда көптеген айла-қулықтар бар, ал адал адамдар өте аз кездеседі, олар расында тым сирек, ешкімнің сөзіне сенуге келмейді, әйелдің сөзіне де, еркектің сөзіне де сенуге келмейтін болған, демек біреулер, «мен бұны істеймін, оны істеймін» десе, оған сене кетпеңіз. Әр нәрседе сақ болыңыз, байлығыңызға да, мал-мүлкіңізге де сақ болыңыз, әсіресе дініңізге сақ болыңыз, өткен бір ғасырда осындай адамдар тобы, яғни салафилар пайда болды да, олар дүниенің жер-жеріне рак кеселі сияқты кең тарап кетті, олар сізді кәпір етіп жіберетін болады, сақ болыңыз. Бұл адамдарда ешбір адалдық, ешбір ықылас жоқ, ештеңе жоқ, олар ел-жұртты алдайды, ал біз олардың адамдарды қаншалық алдай алатынын көрелік, онан соң олардың төбесіне қандай бәле-қалалармен алапаттардың түскенін де көрелік. Алла ﷻ бізді панасына алғай, және манағыларды өзі оңалытқай, Алла ﷻ баршамызды қорғағай, иншалла, осыбір қасиетті айдың құрметі үшін солай еткей, иншалла.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: قازىرگى زاماننىڭ جيحاتى - ءوز ناپسىڭىزبەن كۇرەسۋ (2025.07.01 / حيجري 1447-جىل 06-مۇحاررام)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Cyprus، Lefke Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مۇسىلماندارعا ءوسىبىر بەرەكەلى ايلاردى ساۋعا ەتىپ ۇسىندى، ال مۇحاررام ايى بولسا دۇل-قادا، زۇل-حيجا، مۇحاررام سياقتى حارام ياعني قاسيەتتى ءۇش ايدىڭ سوڭعى ايى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسى ءۇش ايدى قاجىلىققا قاسيەتتى ەتتى، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «سەندەر بۇل ايلاردا سوعىس قىلماڭدار» دەدى، ءبىراق وزگەلەر سىزدەرگە شابۋىل جاساپ، سوعىس اشسا، بۇل كەزدە وزدەرىڭىزدى قورعاۋعا بولادى، الايدا وسى ءۇشىن ايدا سوعىس جاساماۋ كەرەك. سەبەبى بۇل ايلار قاجىلىقتىڭ ايلارى، ادامدار قاجىلىققا بارىپ قايتادى، سوندا ولار امان-ەسەن بارىپ كەلەتىن بولادى، بۇلاردان تىس رەجەپ ايى دا حارام ايعا جاتادى، ول ولارعا جالعاسپاعان، ءبىراق بولەك جاتقان اي. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا كوكپەن جەردى جاراتقالى بەرى وسىلار قاسيەتتى بولىپ كەلگەن، ءبىز ءومىر ءسۇرىپ جاتقان مىنا دۇنيەدە وسى ءتورت اي حارام ەتىلگەن، سوندىقتان ءاربىر نارسەنىڭ اللا ﷻ قاسىندا حيكىمەتى بار، سوندا ادامدار ۇدايى سوعىس كۇيىندە جۇرمە بەرمەيتىن بولادى، اللا ﷻ ادامدارعا بۇنى ساۋعا رەتىندە ۇسىنعان.
جيحات قاجەتتى ءىس، جيحات اسا كەرەكتى، ءبىراق ءار ادام ءوز ويى بويىنشا جيحات جاساي بەرمەيدى، دەمەك جيحات جاساۋشى ءمالىم ءامىرشىنىڭ قول استىندا، بۇيرىقتىڭ استىندا بولۋى كەرەك، ەگەر ول وسى شارت استىندا جيحات جاساسا، جيحاتى جيحات بولادى، جيحاتتى وسىلاي جاسايدى. ال ەگەر ءسىز ءوز ويىڭىز بويىنشا، «مەن جيحات جاسايمىن» دەپ، بىرەۋلەرگە ەرىپ الساڭىز، انىق بولماعان كۇماندى ىستەردى ىستەپ قوياسىز، ال بۇندايدا ءسىز ءامىر-بۇيرىققا بوي ۇسىنباعان بولاسىز، ءسىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا بويۇسىنۋىڭىز كەرەك. سونىمەن بىرگە اللا ﷻ امىرلەرىنە دە ءوز ويىڭىز بويىنشا امال ەتپەڭىز، ۇستىڭىزدە ءبىر ءامىرشى بولۋى كەرەك، جانە ءسىز سول ءامىرشىنىڭ بۇيرىعى بويىنشا ءىس قىلۋىڭىز كەرەك، ارينە، ءقازىر دۇنيەدە نە بولىپ جاتقانى بەلگىسىز، ەشتەڭە ءوز ورنىندا تۇرعان جوق. كەيبىر ادامدار تاعى بىرەۋلەردى، «جاقسى ادام، ادال ادام» دەپ ويلايدى دا، ولارعا ەرىپ الادى، ءبىراق ماناعىلار ولاردى قۇرتۋعا، جوق قىلۋعا ىستەتىپ، ازداعان تيىن-تەبەن اقشا تابادى، سوندىقتان، جالعىز امال ەتۋ نەمەسە ءوزىڭىز بىلمەيتىن ادامدارمەن بىرگە بولۋ جاقسى ءىس ەمەس، ءسىز بۇرىننان بىلىنگەن جولعا قاراپ، انىق تۇرعان ادامدار بويىنشا ءىس قىلىڭىز.
سول ءۇشىن دە پايعامبارىمىز ﷺ، وسى ءبىزدىڭ زامانىمىزداعى ەڭ ۇلكەن جيحات ناپسىمەن جيحات ەكەندىگىن ايتىپ كەتكەن، دەمەك ەڭ ۇلىق جيحات ءوز ناپسىڭىزبەن بولعان جيحات، اسىرەسە ءبىز اقىرزاماندا تۇرعاندىقتان، ءبىز ءوز ناپسىمىزگە جيحات جاساۋىمىز كەرەك. ال ءسىز ءناپسىڭىزدىڭ ءبىر پايىزىنا، ەكى پايىزىنا نەمەسە ون پايىزىنا بولسا دا قارسى كەلە الاسىزبا؟ ءبىراق بۇنداعى ماڭىزدىسى سول، ءسىز ۇدايى ناپسىڭىزبەن توقتاماستان كۇرەسىڭىز، وعان سوعىس اشىڭىز، ەڭ ۇلكەن سوعىس دەگەنىمىز ءوز ناپسىڭىزبەن بولعان سوعىس. سەبەبى، باسقا سوعىستار ءسىزدىڭ امىرىڭىزدە ەمەس، ول سوعىستاردا ءسىز ءمالىم بىرەۋدىڭ امىرىندە بولاسىز، شۇكىر-اللا، قازىرگى دۇنيەنىڭ ءحالى بەلگىسىز حالدە تۇرعاندىقتان، وسى كەزدە ءسىزدىڭ «جاقسى» دەپ ويلاعان نارسەڭىز، جامان بولىپ شىعادى، ال «جامان» دەپ ويلاعان نارسەڭىز، جاقسى بولىپ شىعادى، سول ءۇشىن ساق بولۋىمىز كەرەك، ءوزىڭىزدى قاۋىپكە يتەرۋ قاجەتسىز. بۇل اي مۇحاررام ايى، ول اشۋرانىڭ ايى، اشۋرا كۇنى وسى ايدا، ينشاللا، ال اشۋرا سان ءتۇرلى جاقسىلىققا جول اشادى، كوپتەگەن پايعامبارلارمەن اۋليەلەر وسى كۇندە، ياعني اشۋرا كۇنىندە ەڭ بيىك دارەجەلەرىنە جەتكەن.
سوندىقتان، ءبىز وسىلار ءجايلى ساق بولۋىمىز كەرەك، ءار ادامنىڭ ارتىنان جۇگىرە بەرمەۋىمىز كەرەك، سەبەبى بۇندا كوپتەگەن ايلا-قۋلىقتار بار، ال ادال ادامدار وتە از كەزدەسەدى، ولار راسىندا تىم سيرەك، ەشكىمنىڭ سوزىنە سەنۋگە كەلمەيدى، ايەلدىڭ سوزىنە دە، ەركەكتىڭ سوزىنە دە سەنۋگە كەلمەيتىن بولعان، دەمەك بىرەۋلەر، «مەن بۇنى ىستەيمىن، ونى ىستەيمىن» دەسە، وعان سەنە كەتپەڭىز. ءار نارسەدە ساق بولىڭىز، بايلىعىڭىزعا دا، مال-مۇلكىڭىزگە دە ساق بولىڭىز، اسىرەسە دىنىڭىزگە ساق بولىڭىز، وتكەن ءبىر عاسىردا وسىنداي ادامدار توبى، ياعني سالافيلار پايدا بولدى دا، ولار دۇنيەنىڭ جەر-جەرىنە راك كەسەلى سياقتى كەڭ تاراپ كەتتى، ولار ءسىزدى كاپىر ەتىپ جىبەرەتىن بولادى، ساق بولىڭىز. بۇل ادامداردا ەشبىر ادالدىق، ەشبىر ىقىلاس جوق، ەشتەڭە جوق، ولار ەل-جۇرتتى الدايدى، ال ءبىز ولاردىڭ ادامداردى قانشالىق الداي الاتىنىن كورەلىك، ونان سوڭ ولاردىڭ توبەسىنە قانداي بالە-قالالارمەن الاپاتتاردىڭ تۇسكەنىن دە كورەلىك. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، جانە ماناعىلاردى ءوزى وڭالىتقاي، اللا ﷻ بارشامىزدى قورعاعاي، ينشاللا، ءوسىبىر قاسيەتتى ايدىڭ قۇرمەتى ءۇشىن سولاي ەتكەي، ينشاللا.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8289