https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8235
Сұхбат: ислам не үшін «саясатқа араласпа» дейді? (2025.05.21 / Хижра 1446-жыл 23-Зұл Қада)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Сопылық тәриқат, шүкір-Алла, ол ақиретке арналған, ол ақиретті гүлдендіріп, дүниеден аулақ болуға тәрбиелейді, демек сопылық тәриқат дүниені жүректен кетіріп, оны жүрекке салдырмауға арналған. Мына дүниеде жүріп, тек ақиреті үшін құлшынған мүминдерге арналған кейбір кеңестер бар, ал кімнің ақиреті гүлденген ақирет болса, ол осы дүниенің өзінде де жәйлы өтетін болады, тіпті жәйлы өтпесе де ештеңе етпейді, бұндағы басты іс ақиретіңіздің гүлденген ақирет болуы-дүр. Сопылық тәриқатта көптеген кеңестер бар, пайғамбарымыз ﷺ адамдарға, «الدِّين النَّصِيحَة» (дін дегеніміз нәсихат) дейді, демек дін нәсихат-кеңеске құрылған, ал нәсихат деген не? ол жақсы нәрселерді көрсету, оны істейтіндер істер, ал істемейтіндер, өздері білер, міне осы нәсихаттардың бір саясат туралы болмақ, оны жұрт «саясат» дер, бірақ біз саясаттан аулақ болуымыз керек, саясатты істейтін өзінің саясаткерлері болады, адамдары болады, олардың шаруалармен білімдері өзі басқа бөлек білім.
Ал біз үшін яғни сопылық тәриқаттағылар үшін бұл қажетсіз нәрсе, себебі сопылық тәриқаттағылар Алла ﷻ не десе, сол боларын біледі, олар осыны түсінеді, сондықтан, олар дүниеге онша кірісіп кетпейді, себебі саясат дүние ісіне жатады, ал Алла ﷻ саясат үшін ерекше адамдарды жаратты, саясатты солар істейді, ол барлық адам істей беретін нәрсе емес. Бірақ бүгінгінің адамдары бәрін білгіш, бәрін ең жақсы білгіш болып алған, тіпті таудың төбесінде жүрген қойшының өзі саясатқа араласпақ болып тыраштанады, алайда біз сияқты адамдар оған киліккісі келіп, босқа таусылып жүр, айтып өткеніміздей, саясатты істейтін арнайы адамдар бар. Алла ﷻ бізді, «әр адам өз қабілетіне қарай іс қылысын» деген заңмен жаратқан, сіз осыны білуіңіз керек, мүриттер саясатқа кірсе, бұл олар үшін өте қауіпті болмақ, себебі адамдардың көбі саясатқа кірген соң ақиретті, Алла Әззә Уә-Жәлләны, Алла ﷻ дың әмірлерін ұмытып кетеді, оған немқұрайлы қарайтын болады, ол саясатпен қатты қарбалас болып, оның бүкіл ойы, ақылы, жүрегі соған беріліп кетеді, есі-дерті сол болады, осы себепті олар саясаттан аулақ болуы керек.
Көптеген әулие-машайықтар еруші мүриттерін саясатқа килігуден, оған араласудан тиған, себебі саясат біреудің жүрегіне кірген соң, оларда, «حُبُّ الرياسة» (басшы болуды сүйгіштік) деген рухани дерт пайда болады, ал осы нәрсе нәпсінің үлкен кеселі еді және ол жүректен ең соңында әзер кететін рухани ауру, адам бұл кеселмен өмірінің ең соңғы дем-тынысына дейін күреседі. Ал жәй адамдарға салсақ, олар оны бір кесел-дерт есептемейді, керісінше, «бұл істеуге тиісі ұлы шаруа» деп ойлайды, бірақ шындығында сіздің не істеуіңіз керектігі анық тұрған нәрсе емеспе, және не болатындығы да анық тұр, сопылық тәриқаттағылар бұны біледі. Алла Әззә Уә-Жәллә нені қалайды, сол туылады, басқа ештеңе де болмайды, сондықтан сіз, «мен оны істеймін, бұны тындырамын» демеңіз, өзі ісіңізбен болыңыз, өз әліңізге қараңыз, өз құлшылығыңызды жөндеп өтеңіз, бұл дүниеде балаларыңызға жақсы қарап алыңыз, олардың жақсы болуы үшін, оңалуы үшін дұға жасаңыз, міне осылар сізге жетіп асады. Алла ﷻ сіздерге жәрдем бергей, Алла ﷻ адамдарға жөн түсінерлік санамен түсінік бергей, сонда әр адам өзінің не істеп жүргенін білер еді, олар өздері білмейтін, түсінбейтін нәрсемен араласпағай, иншалла.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: يسلام نە ءۇشىن «ساياساتقا ارالاسپا» دەيدى؟ (2025.05.21 / حيجرا 1446-جىل 23-زۇل قادا)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) سوپىلىق ءتاريقات، شۇكىر-اللا، ول اقيرەتكە ارنالعان، ول اقيرەتتى گۇلدەندىرىپ، دۇنيەدەن اۋلاق بولۋعا تاربيەلەيدى، دەمەك سوپىلىق ءتاريقات دۇنيەنى جۇرەكتەن كەتىرىپ، ونى جۇرەككە سالدىرماۋعا ارنالعان. مىنا دۇنيەدە ءجۇرىپ، تەك اقيرەتى ءۇشىن قۇلشىنعان مۇميندەرگە ارنالعان كەيبىر كەڭەستەر بار، ال كىمنىڭ اقيرەتى گۇلدەنگەن اقيرەت بولسا، ول وسى دۇنيەنىڭ وزىندە دە ءجايلى وتەتىن بولادى، ءتىپتى ءجايلى وتپەسە دە ەشتەڭە ەتپەيدى، بۇنداعى باستى ءىس اقيرەتىڭىزدىڭ گۇلدەنگەن اقيرەت بولۋى-ءدۇر. سوپىلىق ءتاريقاتتا كوپتەگەن كەڭەستەر بار، پايعامبارىمىز ﷺ ادامدارعا، «الدِّين النَّصِيحَة» (ءدىن دەگەنىمىز ءناسيحات) دەيدى، دەمەك ءدىن ءناسيحات-كەڭەسكە قۇرىلعان، ال ءناسيحات دەگەن نە؟ ول جاقسى نارسەلەردى كورسەتۋ، ونى ىستەيتىندەر ىستەر، ال ىستەمەيتىندەر، وزدەرى بىلەر، مىنە وسى ءناسيحاتتاردىڭ ءبىر ساياسات تۋرالى بولماق، ونى جۇرت «ساياسات» دەر، ءبىراق ءبىز ساياساتتان اۋلاق بولۋىمىز كەرەك، ساياساتتى ىستەيتىن ءوزىنىڭ ساياساتكەرلەرى بولادى، ادامدارى بولادى، ولاردىڭ شارۋالارمەن بىلىمدەرى ءوزى باسقا بولەك ءبىلىم.
ال ءبىز ءۇشىن ياعني سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار ءۇشىن بۇل قاجەتسىز نارسە، سەبەبى سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار اللا ﷻ نە دەسە، سول بولارىن بىلەدى، ولار وسىنى تۇسىنەدى، سوندىقتان، ولار دۇنيەگە ونشا كىرىسىپ كەتپەيدى، سەبەبى ساياسات دۇنيە ىسىنە جاتادى، ال اللا ﷻ ساياسات ءۇشىن ەرەكشە ادامداردى جاراتتى، ساياساتتى سولار ىستەيدى، ول بارلىق ادام ىستەي بەرەتىن نارسە ەمەس. ءبىراق بۇگىنگىنىڭ ادامدارى ءبارىن بىلگىش، ءبارىن ەڭ جاقسى بىلگىش بولىپ العان، ءتىپتى تاۋدىڭ توبەسىندە جۇرگەن قويشىنىڭ ءوزى ساياساتقا ارالاسپاق بولىپ تىراشتانادى، الايدا ءبىز سياقتى ادامدار وعان كيلىككىسى كەلىپ، بوسقا تاۋسىلىپ ءجۇر، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ساياساتتى ىستەيتىن ارنايى ادامدار بار. اللا ﷻ ءبىزدى، «ءار ادام ءوز قابىلەتىنە قاراي ءىس قىلىسىن» دەگەن زاڭمەن جاراتقان، ءسىز وسىنى ءبىلۋىڭىز كەرەك، مۇريتتەر ساياساتقا كىرسە، بۇل ولار ءۇشىن وتە ءقاۋىپتى بولماق، سەبەبى ادامداردىڭ كوبى ساياساتقا كىرگەن سوڭ اقيرەتتى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى، اللا ﷻ دىڭ امىرلەرىن ۇمىتىپ كەتەدى، وعان نەمقۇرايلى قارايتىن بولادى، ول ساياساتپەن قاتتى قاربالاس بولىپ، ونىڭ بۇكىل ويى، اقىلى، جۇرەگى سوعان بەرىلىپ كەتەدى، ەسى-دەرتى سول بولادى، وسى سەبەپتى ولار ساياساتتان اۋلاق بولۋى كەرەك.
كوپتەگەن اۋليە-ماشايىقتار ەرۋشى مۇريتتەرىن ساياساتقا كيلىگۋدەن، وعان ارالاسۋدان تيعان، سەبەبى ساياسات بىرەۋدىڭ جۇرەگىنە كىرگەن سوڭ، ولاردا، «حُبُّ الرياسة» (باسشى بولۋدى سۇيگىشتىك) دەگەن رۋحاني دەرت پايدا بولادى، ال وسى نارسە ءناپسىنىڭ ۇلكەن كەسەلى ەدى جانە ول جۇرەكتەن ەڭ سوڭىندا ازەر كەتەتىن رۋحاني اۋرۋ، ادام بۇل كەسەلمەن ءومىرىنىڭ ەڭ سوڭعى دەم-تىنىسىنا دەيىن كۇرەسەدى. ال ءجاي ادامدارعا سالساق، ولار ونى ءبىر كەسەل-دەرت ەسەپتەمەيدى، كەرىسىنشە، «بۇل ىستەۋگە ءتيىسى ۇلى شارۋا» دەپ ويلايدى، ءبىراق شىندىعىندا ءسىزدىڭ نە ىستەۋىڭىز كەرەكتىگى انىق تۇرعان نارسە ەمەسپە، جانە نە بولاتىندىعى دا انىق تۇر، سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار بۇنى بىلەدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا نەنى قالايدى، سول تۋىلادى، باسقا ەشتەڭە دە بولمايدى، سوندىقتان ءسىز، «مەن ونى ىستەيمىن، بۇنى تىندىرامىن» دەمەڭىز، ءوزى ىسىڭىزبەن بولىڭىز، ءوز الىڭىزگە قاراڭىز، ءوز قۇلشىلىعىڭىزدى جوندەپ وتەڭىز، بۇل دۇنيەدە بالالارىڭىزعا جاقسى قاراپ الىڭىز، ولاردىڭ جاقسى بولۋى ءۇشىن، وڭالۋى ءۇشىن دۇعا جاساڭىز، مىنە وسىلار سىزگە جەتىپ اسادى. اللا ﷻ سىزدەرگە جاردەم بەرگەي، اللا ﷻ ادامدارعا ءجون تۇسىنەرلىك سانامەن تۇسىنىك بەرگەي، سوندا ءار ادام ءوزىنىڭ نە ىستەپ جۇرگەنىن بىلەر ەدى، ولار وزدەرى بىلمەيتىن، تۇسىنبەيتىن نارسەمەن ارالاسپاعاي، ينشاللا.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8235