https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8195
ЕҢ КӨП ҚҰЛШЫЛЫҚ ҚЫЛҒАН ІБЛІС ҚАЛАЙ ШАЙТАН БОЛДЫ?
Алланың адам жаратпақ болған хабары бүкіл әлемге тарады, ол кезде ібліс асқан тақуалығымен Әзезіл атанып, дәрежесі өсіп, Жебірейіл, Исрафил, Әзірейіл, Микайыл періштелермен теңескен еді. Ол адамның топырақтан жаратылған, бірақ әлі жан кірмеген денесінің барлық қуыс-қуысына кіріп, аралап шығады, әлсіз орындарын анықтайды. Және, 'ол менен артық жаратылыс болып кетерме' деп алаңдайды, әрине, бұны Алла біледі. Ібліс асқан тақуалығы және өте көп құлшылығы арқылы жерден көкке, одан жеті қат әлемге, одан Алла құзіретіне көтеріледі. Мына біз тұрған жер де сол іблістен қалған, яғни жер бетінде іблістің құлшылық етіп, маңдайы сәждемен тимеген бос жер жоқ, ол жердің әр нүктесіне маңдайын тигізіп кеткен. Ол әр көкте 70 мың жылдан намаз оқыды, ол бүкіл ай, жер, жұлдыз, сан әлемнің барлығын аралады, ол әлемнің барша жаратылыс ілімін білген. Алайда оның жүрегінде, 'Алладан басқа ешкім менен аспауы керек, мен бірінші болуым керек' деген кір бар еді. Ал ібліс осы кеселін, 'адамға сәжде етіңдер' дегенде жасыра алмай, оның шын сыры ашылады, ол Аллаға қарсы келіп, шайтанға айналады. Оның асқан сұлу келбеті жоғалып, ең ұсқынсыз жаратылысқа айналады, егер жәй адам оның шын жүзін көрсе, жиіркеніп, апта бой тамақ іше алмайды, ауырады, тіпті өледі. Ең үлкен періштелермен Алла құзіретінде қатар тұрған, Әзезіл хазірет атанған ібліс жүрек кірі себепті осылай шайтан болды. Ол осы хәлде қалғанын адамнан көреді, 'егер адам жаратылмаса, бұлай болмас едім' дер, ол адамның ешбір ұрпағын аямайды.
ەڭ كوپ قۇلشىلىق قىلعان ءىبلىس قالاي شايتان بولدى؟
اللانىڭ ادام جاراتپاق بولعان حابارى بۇكىل الەمگە تارادى، ول كەزدە ءىبلىس اسقان تاقۋالىعىمەن ازەزىل اتانىپ، دارەجەسى ءوسىپ، جەبىرەيىل، يسرافيل، ازىرەيىل، ميكايىل پەرىشتەلەرمەن تەڭەسكەن ەدى. ول ادامنىڭ توپىراقتان جاراتىلعان، ءبىراق ءالى جان كىرمەگەن دەنەسىنىڭ بارلىق قۋىس-قۋىسىنا كىرىپ، ارالاپ شىعادى، ءالسىز ورىندارىن انىقتايدى. جانە، 'ول مەنەن ارتىق جاراتىلىس بولىپ كەتەرمە' دەپ الاڭدايدى، ارينە، بۇنى اللا بىلەدى. ءىبلىس اسقان تاقۋالىعى جانە وتە كوپ قۇلشىلىعى ارقىلى جەردەن كوككە، ودان جەتى قات الەمگە، ودان اللا قۇزىرەتىنە كوتەرىلەدى. مىنا ءبىز تۇرعان جەر دە سول ىبلىستەن قالعان، ياعني جەر بەتىندە ءىبلىستىڭ قۇلشىلىق ەتىپ، ماڭدايى ساجدەمەن تيمەگەن بوس جەر جوق، ول جەردىڭ ءار نۇكتەسىنە ماڭدايىن تيگىزىپ كەتكەن. ول ءار كوكتە 70 مىڭ جىلدان ناماز وقىدى، ول بۇكىل اي، جەر، جۇلدىز، سان الەمنىڭ بارلىعىن ارالادى، ول الەمنىڭ بارشا جاراتىلىس ءىلىمىن بىلگەن. الايدا ونىڭ جۇرەگىندە، 'اللادان باسقا ەشكىم مەنەن اسپاۋى كەرەك، مەن ءبىرىنشى بولۋىم كەرەك' دەگەن كىر بار ەدى. ال ءىبلىس وسى كەسەلىن، 'ادامعا ساجدە ەتىڭدەر' دەگەندە جاسىرا الماي، ونىڭ شىن سىرى اشىلادى، ول اللاعا قارسى كەلىپ، شايتانعا اينالادى. ونىڭ اسقان سۇلۋ كەلبەتى جوعالىپ، ەڭ ۇسقىنسىز جاراتىلىسقا اينالادى، ەگەر ءجاي ادام ونىڭ شىن ءجۇزىن كورسە، جيىركەنىپ، اپتا بوي تاماق ىشە المايدى، اۋىرادى، ءتىپتى ولەدى. ەڭ ۇلكەن پەرىشتەلەرمەن اللا قۇزىرەتىندە قاتار تۇرعان، ازەزىل حازىرەت اتانعان ءىبلىس جۇرەك كىرى سەبەپتى وسىلاي شايتان بولدى. ول وسى حالدە قالعانىن ادامنان كورەدى، 'ەگەر ادام جاراتىلماسا، بۇلاي بولماس ەدىم' دەر، ول ادامنىڭ ەشبىر ۇرپاعىن ايامايدى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8195