https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8188
Сұхбат: білім үйренумен, ашуды жеңу төзімділікпен келеді (2025.04.21 / Хижра 1446-жыл 23-Шауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ адамдарға, «إِنَّمَا الْعِلْمُ بِالتَّعَلُّمِ، وَإِنَّمَا الْحِلْمُ بِالتَّحَلُّمِ» (білім үйренумен, төзімділік төзіммен келеді) дейді, білімді қалай үйренеміз? оны тек үйрену арқылы ғана игереміз, шәкірттер біртіндеп үйренеді, білімді бір жолда үйрене салуға келмейді, демек адам барлығын бір жолда бітіре салмайды, сіз бірдемде ғұлама бола салмайсыз, бірдемде білім адам бола салмайсыз. Адам ақырын-ақырын біртіндеп үйренеді, бір күн, екі күн үш күн, бес күн, он күн дегендей, бірақ мейлі қалай болмасын, білімнің шегі жоқ, оны қаншалықты үйренсеңіз де, тағы көптеген үйренуге тиісті білімдер алдан шыға береді, білімде шек болмайды. «وَإِنَّمَا الْحِلْمُ بِالتَّحَلُّمِ» (төзімділік төзіммен келеді) делінер, халим дегеніміз төзімділік, сабыр сақтау, халим мағынасы ашуын тежеуді, ашуын ұстап, меңгере білуді білдіреді, оны қалай іске асырамыз? ол да біртіндеп іске асады, демек сіз әр жолы ашуланғанда, «мен бұл ашудан арылуым керек, біз ертең жақсырақ боламыз, келесі күні жақсарамыз» деңіз, адам осылай істеуі керек. Жұрт бізге келіп, «біз қатты ашуланамыз, біз одан қалай құтылсақ болады?» деп айтады, адам ісі құмыраны бояуға ұқсамайды, мәселен, құмыраны бояққа бір батырып, алып шықсаңыз, түсі өзгеріп боялады, ал адам ашуын бұлай жоғалта салуға келмейді, оған ұқсамайды.
Ашуды меңгере білу ақырын-ақырын үйренетін нәрсе, әр жолы ашуланғанда, ашуыңызды тежеңіз, содан сол ашудан құтыласыз, сіз одан өзіңізді тежей білесіз, өзіңізді меңгеріп, ұстай аласыз, себебі жұртта, «ашумен тұрған зиянмен отырар» деген мақал бар, ол дәл осындай болады, адам ашуын біртіндеп, аз-аздан тежеп, меңгере алады. Әрине, ол кейде біреудің сіз үшін дұға жасауы арқылы да іске асады, бірақ дұға да біртіндеп іске асады, ол бірден бола қалмайды, егер дұға етсе, ол іске асатын болады, иншалла. Алайда, бұндағы маңызды іс, өзіңіздің құлшынуыңыз болмақ, демек білім әркүні біртіндеп үйренумен келеді, ал ашуыңызды да меңгеру біртіндеп іске асады, міне олар да күн өткей сайын, біртіндеп болатұғын нәрселер, сонда ол ашуын меңгеретін болады, иншалла. Себебі, қазіргі үлкен мәселе мынау, қазір әркүні осындай істер болып жатыр, мәселен, қазір адамдар қатты ашуланғыш болып кеткен, бұрынғы кездерде де адамдар ашуланады, бірақ қазір ол тым асқынып кеткен, қазір бұзықтар адамдарға сондай бір қитұрқы нәрселер үйретті, олар адамдарды онан арман ашуландыратын болды, және олар, «осылай болса, саған тіпті де жақсы» дер.
Бірақ бұл шайтанның нұсқауымен үйретіндісі еді, басқа дәнеңе де емес, ол, «әркіммен соғыс, анаңмен, әкеңмен, әпке-сіңлілеріңмен, аға-бауырларыңмен, әйеліңмен, күйеуіңмен соғыс, бәрімен соғыс, айтыс, тартыс, үнсіз қалма, егер тыныш жүрсең, саған не боларын білмедім, ақың кетеді» дейді, жоқ, сіз тыныш жүруіңіз керек, егер тыныш жүрмесеңіз, соққыға жығылып, таяқ жейтін боласыз, немесе одан да жаман іс туылуы мүмкін, Алла ﷻ бізді панасына алғай. Сондықтан да, ашулану жақсы іс емес, ашуланбау - пайғамбарымыз ﷺ ның өсиеті, бір сахаба пайғамбарымыз ﷺ ға келіп, «маған бір жақсы кеңес айтыңыз» дер, ол оған, «лә тағдәб» (ашуланба) дейді, одан ол тағы да, «ашуланба» дейді, ол тағы да ашуланбауды айта береді, ал сахаба, «егер мен таң атқанша кеңес сұрасам да, пайғамбарымыз ﷺ ның жалықпастан, "ашуланба" деп, ұқсас нәрсені айта беретініне көзім жетті» дейді. Сонымен ол, «бесінші рет сұраған соң, оған ештеңе айтпадым» дейді, міне бұл бүкіл үмбет үшін айтылған сөз, ашулану жақсы нәрсе емес, оның түк пайдасы жоқ, әсіресе, сіз болмашы немесе қажетсіз іске ашулана берсеңіз, сіз өзіңізді босқа тауысатын боласыз, ол сізді жегі құрттай жеп жіберетін болады, Алла ﷻ бізді панасына алғай.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ءبىلىم ۇيرەنۋمەن، اشۋدى جەڭۋ توزىمدىلىكپەن كەلەدى (2025.04.21 / حيجرا 1446-جىل 23-شاۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) پايعامبارىمىز ﷺ ادامدارعا، «إِنَّمَا الْعِلْمُ بِالتَّعَلُّمِ، وَإِنَّمَا الْحِلْمُ بِالتَّحَلُّمِ» (ءبىلىم ۇيرەنۋمەن، توزىمدىلىك توزىممەن كەلەدى) دەيدى، ءبىلىمدى قالاي ۇيرەنەمىز؟ ونى تەك ۇيرەنۋ ارقىلى عانا يگەرەمىز، شاكىرتتەر بىرتىندەپ ۇيرەنەدى، ءبىلىمدى ءبىر جولدا ۇيرەنە سالۋعا كەلمەيدى، دەمەك ادام بارلىعىن ءبىر جولدا بىتىرە سالمايدى، ءسىز بىردەمدە عۇلاما بولا سالمايسىز، بىردەمدە ءبىلىم ادام بولا سالمايسىز. ادام اقىرىن-اقىرىن بىرتىندەپ ۇيرەنەدى، ءبىر كۇن، ەكى كۇن ءۇش كۇن، بەس كۇن، ون كۇن دەگەندەي، ءبىراق مەيلى قالاي بولماسىن، ءبىلىمنىڭ شەگى جوق، ونى قانشالىقتى ۇيرەنسەڭىز دە، تاعى كوپتەگەن ۇيرەنۋگە ءتيىستى بىلىمدەر الدان شىعا بەرەدى، بىلىمدە شەك بولمايدى. «وَإِنَّمَا الْحِلْمُ بِالتَّحَلُّمِ» (توزىمدىلىك توزىممەن كەلەدى) دەلىنەر، حاليم دەگەنىمىز توزىمدىلىك، سابىر ساقتاۋ، حاليم ماعىناسى اشۋىن تەجەۋدى، اشۋىن ۇستاپ، مەڭگەرە ءبىلۋدى بىلدىرەدى، ونى قالاي ىسكە اسىرامىز؟ ول دا بىرتىندەپ ىسكە اسادى، دەمەك ءسىز ءار جولى اشۋلانعاندا، «مەن بۇل اشۋدان ارىلۋىم كەرەك، ءبىز ەرتەڭ جاقسىراق بولامىز، كەلەسى كۇنى جاقسارامىز» دەڭىز، ادام وسىلاي ىستەۋى كەرەك. جۇرت بىزگە كەلىپ، «ءبىز قاتتى اشۋلانامىز، ءبىز ودان قالاي قۇتىلساق بولادى؟» دەپ ايتادى، ادام ءىسى قۇمىرانى بوياۋعا ۇقسامايدى، ماسەلەن، قۇمىرانى بوياققا ءبىر باتىرىپ، الىپ شىقساڭىز، ءتۇسى وزگەرىپ بويالادى، ال ادام اشۋىن بۇلاي جوعالتا سالۋعا كەلمەيدى، وعان ۇقسامايدى.
اشۋدى مەڭگەرە ءبىلۋ اقىرىن-اقىرىن ۇيرەنەتىن نارسە، ءار جولى اشۋلانعاندا، اشۋىڭىزدى تەجەڭىز، سودان سول اشۋدان قۇتىلاسىز، ءسىز ودان ءوزىڭىزدى تەجەي بىلەسىز، ءوزىڭىزدى مەڭگەرىپ، ۇستاي الاسىز، سەبەبى جۇرتتا، «اشۋمەن تۇرعان زيانمەن وتىرار» دەگەن ماقال بار، ول ءدال وسىنداي بولادى، ادام اشۋىن بىرتىندەپ، از-ازدان تەجەپ، مەڭگەرە الادى. ارينە، ول كەيدە بىرەۋدىڭ ءسىز ءۇشىن دۇعا جاساۋى ارقىلى دا ىسكە اسادى، ءبىراق دۇعا دا بىرتىندەپ ىسكە اسادى، ول بىردەن بولا قالمايدى، ەگەر دۇعا ەتسە، ول ىسكە اساتىن بولادى، ينشاللا. الايدا، بۇنداعى ماڭىزدى ءىس، ءوزىڭىزدىڭ قۇلشىنۋىڭىز بولماق، دەمەك ءبىلىم اركۇنى بىرتىندەپ ۇيرەنۋمەن كەلەدى، ال اشۋىڭىزدى دا مەڭگەرۋ بىرتىندەپ ىسكە اسادى، مىنە ولار دا كۇن وتكەي سايىن، بىرتىندەپ بولاتۇعىن نارسەلەر، سوندا ول اشۋىن مەڭگەرەتىن بولادى، ينشاللا. سەبەبى، قازىرگى ۇلكەن ماسەلە مىناۋ، ءقازىر اركۇنى وسىنداي ىستەر بولىپ جاتىر، ماسەلەن، ءقازىر ادامدار قاتتى اشۋلانعىش بولىپ كەتكەن، بۇرىنعى كەزدەردە دە ادامدار اشۋلانادى، ءبىراق ءقازىر ول تىم اسقىنىپ كەتكەن، ءقازىر بۇزىقتار ادامدارعا سونداي ءبىر قيتۇرقى نارسەلەر ۇيرەتتى، ولار ادامداردى ونان ارمان اشۋلاندىراتىن بولدى، جانە ولار، «وسىلاي بولسا، ساعان ءتىپتى دە جاقسى» دەر.
ءبىراق بۇل شايتاننىڭ نۇسقاۋىمەن ۇيرەتىندىسى ەدى، باسقا دانەڭە دە ەمەس، ول، «اركىممەن سوعىس، اناڭمەن، اكەڭمەن، اپكە-سىڭلىلەرىڭمەن، اعا-باۋىرلارىڭمەن، ايەلىڭمەن، كۇيەۋىڭمەن سوعىس، بارىمەن سوعىس، ايتىس، تارتىس، ءۇنسىز قالما، ەگەر تىنىش جۇرسەڭ، ساعان نە بولارىن بىلمەدىم، اقىڭ كەتەدى» دەيدى، جوق، ءسىز تىنىش ءجۇرۋىڭىز كەرەك، ەگەر تىنىش جۇرمەسەڭىز، سوققىعا جىعىلىپ، تاياق جەيتىن بولاسىز، نەمەسە ودان دا جامان ءىس تۋىلۋى مۇمكىن، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي. سوندىقتان دا، اشۋلانۋ جاقسى ءىس ەمەس، اشۋلانباۋ - پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ وسيەتى، ءبىر ساحابا پايعامبارىمىز ﷺ عا كەلىپ، «ماعان ءبىر جاقسى كەڭەس ايتىڭىز» دەر، ول وعان، «ءلا ءتاعداب» (اشۋلانبا) دەيدى، ودان ول تاعى دا، «اشۋلانبا» دەيدى، ول تاعى دا اشۋلانباۋدى ايتا بەرەدى، ال ساحابا، «ەگەر مەن تاڭ اتقانشا كەڭەس سۇراسام دا، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جالىقپاستان، "اشۋلانبا" دەپ، ۇقساس نارسەنى ايتا بەرەتىنىنە كوزىم جەتتى» دەيدى. سونىمەن ول، «بەسىنشى رەت سۇراعان سوڭ، وعان ەشتەڭە ايتپادىم» دەيدى، مىنە بۇل بۇكىل ۇمبەت ءۇشىن ايتىلعان ءسوز، اشۋلانۋ جاقسى نارسە ەمەس، ونىڭ تۇك پايداسى جوق، اسىرەسە، ءسىز بولماشى نەمەسە قاجەتسىز ىسكە اشۋلانا بەرسەڭىز، ءسىز ءوزىڭىزدى بوسقا تاۋىساتىن بولاسىز، ول ءسىزدى جەگى قۇرتتاي جەپ جىبەرەتىن بولادى، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8188