You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8133
ЕР-ӘЙЕЛ НЕКЕСІЗ, МАС-ҚЫЗУ, БИСМИЛЛАСЫЗ ХӘЛДЕ ЖАҚЫНДАСА, АРАҒА ШАЙТАН КІРЕДІ

үйлену исламның жартысы, демек үйленсеңіз, исламның жартысын орындаған боласыз, үйленбей тұрып, дін исламыңыз толық болмайды, исламды дұрыс алып жүре алмайсыз. Үйлену - сүннет, сонымен бірге үйлену үлкен қорған, ол сізді рухани және тәндік жақтан қорғайды, ол күнәдан да, шайтаннан да, нәпсіңізден де қорғайды, үйленбей жалғыз жүрген адамға шайтан оңай шабуыл жасайды. Үйлену исламдағы қасиетті таған, ол өте ыждағаттықпен істелінуі керек. Исламда әйелдің өз ұқығы және ердің өз ұқығы бар, екі жақта бір-бірінің осы ұқықтарын құрметтеуі керек. Екі жақ өзара құрметтессе, олардың үйленіп отбасы болуы Алла тағаланы риза ететін іс болмақ. Үйлену - таған болса, отбасы сол тағанға салынған үй. Үйде бір бас болуы керек, ал исламда Алла отбасыға бас етіп, ерді қойған, әйел сол еріне бойұсынуы керек. Әйелі күйеуіне бағынған отбасы сүйкімді отбасы, оларға Алла риза, отбасында күйеу патша, әйел ақылшы уәзір болады. Үйленуден бұрын ер-әйелдің жақындасуы күнәға оңай жол ашады, ал ислам бойынша неке қиып, үйленген соң, ер-әйел арасындағы әр іске сауап жазылады, күнә жуылады. Мәселен, ислам бойынша некесі қиылып үйленген ер-әйел бір-біріне жақындаса, кәдімгі күзде қураған жапырақтар ағаштан саудырап түсіп қалатыны сияқты, олардағы күнәлар да саудырап түсіп қалады. Ал бала аларда таза дәретпен, бисмилламен алған жөн, сонда шайтан араласа алмайды, екі жақ некесіз, дәретсіз, бисмилласыз, арақ ішкен мас-қызу хәлде болса, шайтан ердің бел суына араласып, ана құрсағына кіреді, ал кейін қалыптасқан балада шайтани қасиеттер көрінетін болады. Әсіресе, зинадан, некесіздіктен, ер-әйел арақ ішіп байланыс етуден туылған балалар солай болады. Олар қыңыр, мейірімсіз, исламға қарсы келгіш, жамандыққа бейім болып өседі. Сондықтан, кеңес одағы кезінде мұсылмандар арасында некеге тиым салынып, зина және арақ көп дәріптелді, себебі олар мұсылмандардың жаңа ұрпақтарын 'арамдастыру' яғни құрсақтан бастап бұзу саясатын жүргізді, демек олар мұсылман балалары исламнан алыс болуы үшін, исламға қарсы келуі үшін, оларды некесіз тұрмыс құруға, және тұрмыс құрған соң арақ ішкен мас я қызу халде қосылып, тазалықсыз жүкті болуға, ұрпақ алуға шарт дайындады, егер олар осылай бір ұрпақты бұза алса, қалғаны өзі бұзыла беретін еді. Бұл саясатты түрік коминисті мұстапа камал да түріктерге жүргізді, бұл сұмдыққа ұшырамаған жұрт аз. Ал ислам бұндай ластықтан сақтайды, ұрпақтың таза күйде туылуын үйретеді, ол барша тазалықты үйретеді, келешек ұрпақтардың таза болып дүниеге келуіне кепілдік етеді. Исламда айтылмаған нәрсе жоқ, рухани тазалық, ата-тек тазалығы және тән тазалығы барлығы тек исламмен ғана келеді, басқаша болуы мүмкін емес.

ەر-ايەل نەكەسىز، ماس-قىزۋ، بيسميللاسىز حالدە جاقىنداسا، اراعا شايتان كىرەدى

ۇيلەنۋ يسلامنىڭ جارتىسى، دەمەك ۇيلەنسەڭىز، يسلامنىڭ جارتىسىن ورىنداعان بولاسىز، ۇيلەنبەي تۇرىپ، ءدىن يسلامىڭىز تولىق بولمايدى، يسلامدى دۇرىس الىپ جۇرە المايسىز. ۇيلەنۋ - سۇننەت، سونىمەن بىرگە ۇيلەنۋ ۇلكەن قورعان، ول ءسىزدى رۋحاني جانە تاندىك جاقتان قورعايدى، ول كۇنادان دا، شايتاننان دا، ناپسىڭىزدەن دە قورعايدى، ۇيلەنبەي جالعىز جۇرگەن ادامعا شايتان وڭاي شابۋىل جاسايدى. ۇيلەنۋ يسلامداعى قاسيەتتى تاعان، ول وتە ىجداعاتتىقپەن ىستەلىنۋى كەرەك. يسلامدا ايەلدىڭ ءوز ۇقىعى جانە ەردىڭ ءوز ۇقىعى بار، ەكى جاقتا ءبىر-ءبىرىنىڭ وسى ۇقىقتارىن قۇرمەتتەۋى كەرەك. ەكى جاق ءوزارا قۇرمەتتەسسە، ولاردىڭ ۇيلەنىپ وتباسى بولۋى اللا تاعالانى ريزا ەتەتىن ءىس بولماق. ۇيلەنۋ - تاعان بولسا، وتباسى سول تاعانعا سالىنعان ءۇي. ۇيدە ءبىر باس بولۋى كەرەك، ال يسلامدا اللا وتباسىعا باس ەتىپ، ەردى قويعان، ايەل سول ەرىنە بويۇسىنۋى كەرەك. ايەلى كۇيەۋىنە باعىنعان وتباسى سۇيكىمدى وتباسى، ولارعا اللا ريزا، وتباسىندا كۇيەۋ پاتشا، ايەل اقىلشى ءۋازىر بولادى. ۇيلەنۋدەن بۇرىن ەر-ايەلدىڭ جاقىنداسۋى كۇناعا وڭاي جول اشادى، ال يسلام بويىنشا نەكە قيىپ، ۇيلەنگەن سوڭ، ەر-ايەل اراسىنداعى ءار ىسكە ساۋاپ جازىلادى، كۇنا جۋىلادى. ماسەلەن، يسلام بويىنشا نەكەسى قيىلىپ ۇيلەنگەن ەر-ايەل ءبىر-بىرىنە جاقىنداسا، كادىمگى كۇزدە قۋراعان جاپىراقتار اعاشتان ساۋدىراپ ءتۇسىپ قالاتىنى سياقتى، ولارداعى كۇنالار دا ساۋدىراپ ءتۇسىپ قالادى. ال بالا الاردا تازا دارەتپەن، بيسميللامەن العان ءجون، سوندا شايتان ارالاسا المايدى، ەكى جاق نەكەسىز، دارەتسىز، بيسميللاسىز، اراق ىشكەن ماس-قىزۋ حالدە بولسا، شايتان ەردىڭ بەل سۋىنا ارالاسىپ، انا قۇرساعىنا كىرەدى، ال كەيىن قالىپتاسقان بالادا شايتاني قاسيەتتەر كورىنەتىن بولادى. اسىرەسە، زينادان، نەكەسىزدىكتەن، ەر-ايەل اراق ءىشىپ بايلانىس ەتۋدەن تۋىلعان بالالار سولاي بولادى. ولار قىڭىر، مەيىرىمسىز، يسلامعا قارسى كەلگىش، جاماندىققا بەيىم بولىپ وسەدى. سوندىقتان، كەڭەس وداعى كەزىندە مۇسىلماندار اراسىندا نەكەگە تيىم سالىنىپ، زينا جانە اراق كوپ دارىپتەلدى، سەبەبى ولار مۇسىلمانداردىڭ جاڭا ۇرپاقتارىن 'ارامداستىرۋ' ياعني قۇرساقتان باستاپ بۇزۋ ساياساتىن جۇرگىزدى، دەمەك ولار مۇسىلمان بالالارى يسلامنان الىس بولۋى ءۇشىن، يسلامعا قارسى كەلۋى ءۇشىن، ولاردى نەكەسىز تۇرمىس قۇرۋعا، جانە تۇرمىس قۇرعان سوڭ اراق ىشكەن ماس يا قىزۋ حالدە قوسىلىپ، تازالىقسىز جۇكتى بولۋعا، ۇرپاق الۋعا شارت دايىندادى، ەگەر ولار وسىلاي ءبىر ۇرپاقتى بۇزا السا، قالعانى ءوزى بۇزىلا بەرەتىن ەدى. بۇل ساياساتتى تۇرىك كومينيستى مۇستاپا كامال دا تۇرىكتەرگە جۇرگىزدى، بۇل سۇمدىققا ۇشىراماعان جۇرت از. ال يسلام بۇنداي لاستىقتان ساقتايدى، ۇرپاقتىڭ تازا كۇيدە تۋىلۋىن ۇيرەتەدى، ول بارشا تازالىقتى ۇيرەتەدى، كەلەشەك ۇرپاقتاردىڭ تازا بولىپ دۇنيەگە كەلۋىنە كەپىلدىك ەتەدى. يسلامدا ايتىلماعان نارسە جوق، رۋحاني تازالىق، اتا-تەك تازالىعى جانە ءتان تازالىعى بارلىعى تەك يسلاممەن عانا كەلەدى، باسقاشا بولۋى مۇمكىن ەمەس.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8133