You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7531
Сұхбат: Қожа Ахмет Яссауи әулиемен Мәуләнә Шайық Назым әулие (2) (2024.04.21 / Хижра 1445-жыл 12-шәууал)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Ағузу биллахи минаш шайтанир ражим, бисмиллахир рахманир рахим, «أَلَآ إِنَّ أَوْلِيَآءَ ٱللَّهِ لَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَكَانُوا۟ يَتَّقُونَ» (расында, Алла достарында қорқыныш болмас, қайғы болмас, иман келтіріп, тақуа болғандар) (құран 10:62-63). Алла ﷻ құранда «Алла ﷻ-дың сүйіктілерінде қорқынышпен қайғы болмайды» дейді, бүгін бір жақсы күн, себебі біз Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің туылған күнін тойлап жатырмыз, ол бәріміз үшін берекелі күн болмақ, біз оның бізге берген нәрселерін ұмытып қалмауымыз керек, ол бізге өте асыл дүнииелерді беріп кетті, адам баласына ең бағалы болған нәрселерді сыйлады, бірақ адамдар оның қадірін білмес, бағалы нәрсе мәңгілік болар, біреуге ақша я тамақ берсеңіз, ол уақытша ғана болар, қысқа мерізімге жарар, бірақ Мәуләнә Шайық Назым хазірет бізге иман беріп кетті, иманға тәрбиеледі, ал иман мәңгілікке жалғасар, ол мәңгі-дүр.

Дүниенің әр жерінен жүз мыңдаған, милиондаған адамдар әлі де болса оның берекесінен құт алып, пайда табуда, Мәуләнәның үйреткендерінен, бейне-баян таспаларынан, сұхбаттарынан көптеген ел-жұрттың игіліктеніп отырғанын естудеміз, көптеген адамдардың оның кереметін бастан кешіргенін немесе оның мәлім кереметі жәйлы бізге айтқанын да көп естіп жүрміз, Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің көптеген кереметтерін естіп те, көріп те жүрміз, ал жұрт оның жаңа кереметі жәйлы тағы да айтып жүр, демек оның кереметі үзілмей әлі жалғасуда, Мәуләнә тым сирек кездесетін әулие, әр заманда ондай әулие бола бермес, ол сияқты әулие бір ғасырда тек бір рет туылар.

Әулиелер ол жәйлы (ол туылудан бұрын) білер, әулие шайық Шарафудин әд-Дағыстаи хазірет осы Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің туылатыны жәйлы Мәуләнә Шайық Абдулла хазіретке алдын ала айтып кеткен, бұл 100 жыл бұрынғы іс еді, ол «бүгін бір ұлымыз дүниеге келгелі жатыр, ол ерекше жан болар» дейді, Шарафудин хазірет оның қандай кісі екендігін баяндайды, тіпті ол оның нешінші нөмерлі аяқ киетінін де айтқан, ол тағы «осы баламыз ... ол исламды батысқа ашады, көптеген батыстықтар ол арқылы исламға кіреді» деген еді, себебі одан бұрын (батысқа дін таратқан) ондай кісі болмады, оны себебімен жүз мыңдаған жұрт исламға кірді, әсіресе батыс елдерінде осылай болды, оның себебімен сонау қиыр шығыс, орта шығыс және басқа жерлерде де көптеген жұрт исламға кірді, бірақ басым сандысы европа, әмерика, канада сияқты жерлерде болды, осындағы көптеген адамдар да ол арқылы исламға келді, Мәуләнә хазіреттің жолы яғни нақышбанд жолы пайғамбарымыз ﷺ-нан Мәуләнәға дейін жалғасып келген ақиқат жол, шын жол, ол адамдарға ақиқатты үйретер, сопылық тәриқат жұртты дінге зорлықты күшпен емес, өз еріктерімен кіргізер.

Исламнан бұрын ислам дұшпандары шабуыл жасаушы еді, ертеде исламды қаламаған топтар болған, олар шайтанның әмірлеріне еретін, ертеде, пайғамбарымыз ﷺ-нан бері ғана емес, сонау Адам әлейхис-саламнан бастап-ақ, олар адамдарды тура жолдан тайдырып, құртпақшы болған, мұсылмандардың заманында да исламға көптеген бүліктер келді, бірақ бұл бүліктер сопылық тәриқат арқылы, әсіресе нақышбанд тәриқаты арқылы жойылып жіберілді, жоғалып аластатылды. Ерекше атап өтсек, орта азия, қазіргі Қазақстан өңірі және сол маңайдағы бүкіл жерлер сұлтан жағынан биленетін, алайда ондағы сұлтан бүлікшілер жағынан алданып, әхлул сүннә уәл-жамағаға қарсы келе бастайды, онда өте күшті бір шайық болған еді, ол біздің сопылық тәриқат шежіресіндегі бір шайық болатұғын, ол Юсуф Хамадани хазірет еді, ол сол өңірдегі ел-жұртқа көптеп сұхбат беріп, оларды қайтадан таза мұсылман қауымы етті, Юсуф Хамадани әулие болса Сәидина Қожа Ахмет Яссауи хазіреттің пірі, мүршид шайығы болатұғын, оның қабыры Өзбекстанға жақын Қазақстанның Түркістан деген жерінде, өз кезінде оның жүзмыңдаған мүриттері болған, ол келген осы мүриттерін тәрбиелеп, көптеген елдерге жібереді, ондағы ел-жұрт солар арқылы мұсылман болды.

Кейін барлық сұлтандар Сәидина Қожа Ахмет Яссауи хазіретке жүгінді, мүмкін оның қабырының айналасында жүздеген сұлтандар (қабыры) жатыр, ол 63 жасқа келген соң, пайғамбарымыз ﷺ-ға әдеп ретінде, өзі тұрған орыннан шұңғыр қазып, «бұдан кейін мен өмір сүрсем де, жердің үстінде сүре алмаймын, себебі пайғамбарымыз ﷺ 63 жас өмір сүрген» дейді, ол жер астында тағы 63 жас жасайды, жер астынан шықпайды, ол сонда адамдарды қабылдап, ғибадат жасайды, мүрид тәрбиелеп, мұсылман үмбетіне қызмет қылады, османлы болсын, басқа жаулап алынған жерлер болсын, барлығы оның руханият күшімен, оның мүриттерінің жұртқа ислам үйретуінің себебімен мұсылман болды, олар адамдарға исламның қалай жақсылық, әділдік, жомарттық, жақсы әдеп және басқа игіліктер алып келетінін үйретті, олар қайда барса, ондағы жұртқа исламды ұнаттыра білді, олар ол жерлерге мұсылман армиясы келуден бұрын исламды үйретіп болды, ол кезде бір уақытта көптеген сұлтандықтар қатар өмір сүрді, бірақ бүліктер тіпті де асқына берді, себебі олар философияға еріп, әулие-машайықтарды тастап қойды, оларды ұнатпады, сондықтан Ибн Араби және басқа көптеген шайықтар кетіп қалды, ал ондағыларға нақышбанд сопылық тәриқаты күш берді, кейін сұлтандар сұлтандығын тастап, мүрид болғысы келер, бірақ машайықтар оларға «жоқ, сендер сұлтандықты ұстаңдар, тастамаңдар» дейді.

Мәуләнә Шайық Назым хазірет те ақиреті үшін дүниені тастаған, ол бес ағайнды яғни төрт ұл, бір қыз еді, оның үш бауыры, бір қарындасы (я әпкесі) болған, олар Станбулда университет оқитын, ол кезде Түркия бойынша екі ғана университет болып, оларға оқуға түсу өте қиын еді, ол кезде жоғары мектеп оқығандар президент бола алатұғын, Мәуләнә және оның аға-бауырлары өте алғыр, ерекше жандар еді, оның ағасы сол кезде доктор болатұғын, кейін ол қайтыс болып кетті, тым зейінді кісі еді. Мәуләнә сол кездерде пір шайық іздеп жүрген болатын, ақыры шайық тауып, оған барып-келіп жүрді, ол да Станбулдағы әулиелердің бірі еді, ол кейін Мәуләнәға ижәза (рұхсат) берді.

Осы шайық Мәуләнәға Медине немесе Дамашыққа баруға кеңес берер, Мәуләнә ағасының қайтыс болғанын ет көзімен көргенде, барлығының да өтіп, жоқ болатынын әбден түсінді, ол да оған бір себеп болды, Мәуләнәға дүние ештеңе емес еді, ол барлығын тастады, сол кезде ол университеттің соңғы жылын оқып жатқан, ол заманда университеттер қазіргіндей келсе келіп, кетсе кетіп жүре беретін жер емес болатын, оған түсу өте қиын болатұғын, бірақ Мәуләнә бұған қарамай, университетін, әулетін, байлығын, барын тастады, қолында ештеңесі жоқ Шам жаққа жолға шықты, ол Хомсқа барып бір жыл болды, ол да берекелі жер, ондағы исламның атақты әскери қолбасшысы Сәидина Қалид ибн Уәлид хазіреттің мақамына жақын жерде бір жыл тұрды, осы арада көптеген ислам дін ғұламалары және басқа толып жатқан білімдерді білетіндер бар еді, ол сол бір жылда-ақ үлкен ғұлама болып шықты, машалла, Алла ﷻ оған асқан сұңғылалық, ерекше алғыр қабілет берген, ол өте зерек болды, үйренгендерін бізге айтатын, былайша айтсақ, ол жұрт он жылда үйренетін білімді бір жылда үйреніп алды, біз ондай білдімі он жылда да үйрене алмаймыз, ол бір жылда үлкен ғұламалыққа жетті, онан соң ол Медине қаласына кетуге рұхсат алады, олар оны алдымен Дамашыққа жібереді, ол Дамашықта әулие Мәуләнә Шайық Абдулла Дағыстани хазіретке жолығады, сол кезден бастап Мәуләнә Абдулла хазірет оған ешқайда кетпей, осында болуы айтады, Мәуләнә Шайық Абдулла хазіретке ерген адамдар тым аз еді, адамы өте аз болатын, мүмкін үш я төрт қана мүриті болды, ол әркүні Мәуләнәға сұхбат бере бастайды, Мәуләнә Назым хазірет әулие Мәуләнә Шайық Абддулла әл-Фәиз әд-Дағыстани хазірет айтқан сұхбаттарды жаза бастайды, ол оны еш тоқтамай жазады, Мәуләнә «мен 7000 сұхбат жазып алдым» деген еді.

Онан соң, оның Кипірге қалай барғанын білесіздер, ол Кипірден алыс тұрды, бірақ онда барып-келіп жүрді, осы кезде көптеген керемет-мұғжизалар болған, оның кереметі тоқтамастан келіп жатыр, келіп жатыр, әркүні Мәуләнәмен бір керемет туылатын, Мәуләнә Шайық Абдулла хазірет Шайық Назым хазіретті әр жерлерге сұхбат айтуға, іршатқа жібере бастады, оны Кипір, Ливан, Сирияларға жіберді, оның көптеген сапарлары осы өңірлерде болды, сонымен бірге ол әр жылы Кипірден елді хажылыққа апаратын, Абдулла хазірет қайтыс болғанға дейін, ол осы жұмыстарды істеді, ол қайтыс болған соң, Мәуләнәға европаға баруға әмір келді, міне осылай ол 1974-жылдан бастап, 2000-2001 ге дейін, менше 2001 ге дейін, шамамен 26 жылдай бүкіл европаны аралап, ислам дінін таратты, тіпті осы Испанияға да келді, осында да болған, оны көрген көптеген адамдар бар, бірақ оны көрмеген жұрт әлі көп, алайда олар оны көрмей тұрып сүйді, ал пайғамбарымыз ﷺ «اَﻟْﻤَﺮ ْ ءُ ﻣَﻊ ﻣَﻦ ْ أَﺣَﺐ» (кім кімді сүйсе, ол сонымен бірге болар) (хадис) дейді, демек Мәуләнәні сүйгендер де онымен бірге болмақ, сондықтан осы жол, оның жолы махаббат жолы болмақ, оны бір рет көрсе де сүйгендер бар, олар мейлі мұсылман, мейлі бей-мұсылман болсын, олар оған дән риза еді, себебі ол пайғамбарымыз ﷺ-ның халифасы, ол іс-амалда, барлығында оған ұқсайтын, ол пайғамбарымыз ﷺ-нан яғни сүннеттен ештеңе қалдырмауға тырысатын.

Ол барлығына игілік қалайтын, оның бүкіл өмірі Алла ﷻ үшін өтті, ол барлық жерге, әр жерге шаршамастан, еш ренжіместен Алла ﷻ үшін, жұртты осында және ақиретте бақытты ету үшін баратын еді, ол Кипірдегі 300-400 ауыл-қыстақтарды жәяу аралап шықты, қыстақтан қыстаққа жәяулатып кете беретін. Бір жолы мен онымен түстік Латикада болды, осы есімде қалыпты, онда Түрікмендердің ауылы бар еді, біз осы ауылды Мәуләнәмен бірге араладық, ол кезде 10 жастамын, кейде біз онда Land Rover жүрсек, кейде есек мініп жүрдік, бірде жол жүргенде Land Rover да, есек те жоқ болатын, ол кезде жаз болып, жәяу жүрдік, көп жүрдік, Мәуләнәмен жүріп отырдық, сонда бізді бір егде кісі қыстақтан қыстаққа жол бастап жүрді, мен қатты шаршап, жүрмей отырып алдым, ол «ох, кел, біз жүрелік» дер, мен «жоқ, қатты шаршап кеттім, маған есек алып келіңдер, есекке мініп жүрем» дедім, біз 15 минуттай тұрдық, соңында мен бойбермедім, бірақ лажысыз Мәуләнәмен жүріп отырдым, әлхамдулилла, бұл Мәуләнәмен қалған өте жақсы бір естелік еді, сондай жақсы естелік, біз түннің соңына дейін болдық, ол сұхбат айтып жатыр, мен ұйықтап жатырмын, ол алдында отырға жұртқа үзбей сұхбат беруде, ал мен болсам қатты шаршап, ұйықтап қалыппын, себебі ұзын күн бойы тынбай жүріп, шаршаған едім, ал олар әлі сұхбат айтып жатыпты, онан соң, ол тәхажұтқа, таң намазға тұрды, барлығын өтеді, міне бұлар одан қалған жақсы бір еске аларлық істер еді.

Машалла, оның бүкіл өмірі осылай болды, тіпті өмірінің соңғы күндері де солай, ол Кипірден 10 жыл шыға алмады, сондықтан ел-жұрт оны іздеп келіп, көргісі келетін, ол келгендерге түн жарымнан өтіп кетсе де, түнгі бір я екіге дейін сойлейтін, осындай еді, келгендер оның үстідегі бөлмесіне кіретін, ол өзі төмен түсе алмайтын, оның кереметінде әркүні құптан намаздан соң жүздеген адамдар, тіпті одан да көп адамдар онымен сөйлесе алатын, ол мен сияқты емес, машалла, ол «бұл не, ол не?» деп сұрайтын, ұзақ әңгімелер айтатын, сүйте тұра көптеген адамдар онымен кездесіп, көрісе алатын, демек ол қысқа уақытта ұзын сөйлеп, осылай жүздеген адамдармен кездесу бітіретін, оның ерекше бір кереметі бар еді, әулиелерде екі керемет болар, бірі тайуу макан, бұл кереметте қашықтық қысқартылып жіберіледі, демек бұл кереметпен сіз бұл жерден Меккеге бір аттап жете аласыз, енді бірі тайуу заман, онда уақыт ұзартылады, Мәуләнә осы кереметті істететінін біз қазір біліп жүрміз, бұл шын керемет, қазір біз бірдеңе істей қалсақ, бір күн бірдемде өтіп кетеді, бірақ Мәуләнә Лондоннан Станбулға не басқа жерлерге барып келетін, машалла, ол бір апта кететін істі бір күнде бітіретін, бір апта сапарды бір күнде аяқтайтын.

Әлхамдулилла, оның кереметтері көп еді, біз оның кейбірін ғана айттық, біздің айтып жүргеніміз тым аз, мүмкін 1%-тінен де аз, Алла ﷻ оның әруағын берекелегей, мақамын биіктете бергей, иншалла, ол бізге риза болғай, иншалла, баршаңызға алғыс болсын, сіздер бұны осында естіп отырсыздар және бұл сұхбатты басқа жерге жәриялайсыздар, осыны естіп отырғандардың жүректеріне Алла ﷻ махаббат салғай, оларға Өзінің шексіз қазыналарынан молынан бергей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami




سۇحبات: قوجا احمەت ياسساۋي اۋليەمەن ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە (2) (2024.04.21 / حيجرا 1445-جىل 12-ءشاۋۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

اعۋزۋ بيللاحي ميناش شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «أَلَآ إِنَّ أَءوْلِيَآَ ٱللَّهِ لَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ ٱلَّذِينَ َءامَنُوا۟ وَكَانُوا۟ يَتَّقُونَ» (راسىندا، اللا دوستارىندا قورقىنىش بولماس، قايعى بولماس، يمان كەلتىرىپ، تاقۋا بولعاندار) (قۇران 10:62-63). اللا ﷻ قۇراندا «اللا ﷻ-دىڭ سۇيىكتىلەرىندە قورقىنىشپەن قايعى بولمايدى» دەيدى، بۇگىن ءبىر جاقسى كۇن، سەبەبى ءبىز ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ تۋىلعان كۇنىن تويلاپ جاتىرمىز، ول ءبارىمىز ءۇشىن بەرەكەلى كۇن بولماق، ءبىز ونىڭ بىزگە بەرگەن نارسەلەرىن ۇمىتىپ قالماۋىمىز كەرەك، ول بىزگە وتە اسىل دۇنيەلەردى بەرىپ كەتتى، ادام بالاسىنا ەڭ باعالى بولعان نارسەلەردى سىيلادى، ءبىراق ادامدار ونىڭ ءقادىرىن بىلمەس، باعالى نارسە ماڭگىلىك بولار، بىرەۋگە اقشا يا تاماق بەرسەڭىز، ول ۋاقىتشا عانا بولار، قىسقا مەرىزىمگە جارار، ءبىراق ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت بىزگە يمان بەرىپ كەتتى، يمانعا تاربيەلەدى، ال يمان ماڭگىلىككە جالعاسار، ول ماڭگى-ءدۇر.

دۇنيەنىڭ ءار جەرىنەن ءجۇز مىڭداعان، ميليونداعان ادامدار ءالى دە بولسا ونىڭ بەرەكەسىنەن قۇت الىپ، پايدا تابۋدا، ءماۋلانانىڭ ۇيرەتكەندەرىنەن، بەينە-بايان تاسپالارىنان، سۇحباتتارىنان كوپتەگەن ەل-جۇرتتىڭ يگىلىكتەنىپ وتىرعانىن ەستۋدەمىز، كوپتەگەن ادامداردىڭ ونىڭ كەرەمەتىن باستان كەشىرگەنىن نەمەسە ونىڭ ءمالىم كەرەمەتى ءجايلى بىزگە ايتقانىن دا كوپ ەستىپ ءجۇرمىز، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ كوپتەگەن كەرەمەتتەرىن ەستىپ تە، كورىپ تە ءجۇرمىز، ال جۇرت ونىڭ جاڭا كەرەمەتى ءجايلى تاعى دا ايتىپ ءجۇر، دەمەك ونىڭ كەرەمەتى ۇزىلمەي ءالى جالعاسۋدا، ءماۋلانا تىم سيرەك كەزدەسەتىن اۋليە، ءار زاماندا ونداي اۋليە بولا بەرمەس، ول سياقتى اۋليە ءبىر عاسىردا تەك ءبىر رەت تۋىلار.

اۋليەلەر ول ءجايلى (ول تۋىلۋدان بۇرىن) بىلەر، اۋليە شايىق شارافۋدين ءاد-داعىستاي حازىرەت وسى ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ تۋىلاتىنى ءجايلى ءماۋلانا شايىق ابدۋللا حازىرەتكە الدىن الا ايتىپ كەتكەن، بۇل 100 جىل بۇرىنعى ءىس ەدى، ول «بۇگىن ءبىر ۇلىمىز دۇنيەگە كەلگەلى جاتىر، ول ەرەكشە جان بولار» دەيدى، شارافۋدين حازىرەت ونىڭ قانداي كىسى ەكەندىگىن باياندايدى، ءتىپتى ول ونىڭ نەشىنشى نومەرلى اياق كيەتىنىن دە ايتقان، ول تاعى «وسى بالامىز ... ول يسلامدى باتىسقا اشادى، كوپتەگەن باتىستىقتار ول ارقىلى يسلامعا كىرەدى» دەگەن ەدى، سەبەبى ودان بۇرىن (باتىسقا ءدىن تاراتقان) ونداي كىسى بولمادى، ونى سەبەبىمەن ءجۇز مىڭداعان جۇرت يسلامعا كىردى، اسىرەسە باتىس ەلدەرىندە وسىلاي بولدى، ونىڭ سەبەبىمەن سوناۋ قيىر شىعىس، ورتا شىعىس جانە باسقا جەرلەردە دە كوپتەگەن جۇرت يسلامعا كىردى، ءبىراق باسىم ساندىسى ەۆروپا، امەريكا، كانادا سياقتى جەرلەردە بولدى، وسىنداعى كوپتەگەن ادامدار دا ول ارقىلى يسلامعا كەلدى، ءماۋلانا حازىرەتتىڭ جولى ياعني ناقىشباند جولى پايعامبارىمىز ﷺ-نان ءماۋلاناعا دەيىن جالعاسىپ كەلگەن اقيقات جول، شىن جول، ول ادامدارعا اقيقاتتى ۇيرەتەر، سوپىلىق ءتاريقات جۇرتتى دىنگە زورلىقتى كۇشپەن ەمەس، ءوز ەرىكتەرىمەن كىرگىزەر.

يسلامنان بۇرىن يسلام دۇشپاندارى شابۋىل جاساۋشى ەدى، ەرتەدە يسلامدى قالاماعان توپتار بولعان، ولار شايتاننىڭ امىرلەرىنە ەرەتىن، ەرتەدە، پايعامبارىمىز ﷺ-نان بەرى عانا ەمەس، سوناۋ ادام الەيحيس-سالامنان باستاپ-اق، ولار ادامداردى تۋرا جولدان تايدىرىپ، قۇرتپاقشى بولعان، مۇسىلمانداردىڭ زامانىندا دا يسلامعا كوپتەگەن بۇلىكتەر كەلدى، ءبىراق بۇل بۇلىكتەر سوپىلىق ءتاريقات ارقىلى، اسىرەسە ناقىشباند ءتاريقاتى ارقىلى جويىلىپ جىبەرىلدى، جوعالىپ الاستاتىلدى. ەرەكشە اتاپ وتسەك، ورتا ازيا، قازىرگى قازاقستان ءوڭىرى جانە سول ماڭايداعى بۇكىل جەرلەر سۇلتان جاعىنان بيلەنەتىن، الايدا ونداعى سۇلتان بۇلىكشىلەر جاعىنان الدانىپ، ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعاعا قارسى كەلە باستايدى، وندا وتە كۇشتى ءبىر شايىق بولعان ەدى، ول ءبىزدىڭ سوپىلىق ءتاريقات شەجىرەسىندەگى ءبىر شايىق بولاتۇعىن، ول يۋسۋف حاماداني حازىرەت ەدى، ول سول وڭىردەگى ەل-جۇرتقا كوپتەپ سۇحبات بەرىپ، ولاردى قايتادان تازا مۇسىلمان قاۋىمى ەتتى، يۋسۋف حاماداني اۋليە بولسا ءسايدينا قوجا احمەت ياسساۋي حازىرەتتىڭ ءپىرى، ءمۇرشيد شايىعى بولاتۇعىن، ونىڭ قابىرى وزبەكستانعا جاقىن قازاقستاننىڭ تۇركىستان دەگەن جەرىندە، ءوز كەزىندە ونىڭ ءجۇزمىڭداعان مۇريتتەرى بولعان، ول كەلگەن وسى مۇريتتەرىن تاربيەلەپ، كوپتەگەن ەلدەرگە جىبەرەدى، ونداعى ەل-جۇرت سولار ارقىلى مۇسىلمان بولدى.

كەيىن بارلىق سۇلتاندار ءسايدينا قوجا احمەت ياسساۋي حازىرەتكە جۇگىندى، مۇمكىن ونىڭ قابىرىنىڭ اينالاسىندا جۇزدەگەن سۇلتاندار (قابىرى) جاتىر، ول 63 جاسقا كەلگەن سوڭ، پايعامبارىمىز ﷺ-عا ادەپ رەتىندە، ءوزى تۇرعان ورىننان شۇڭعىر قازىپ، «بۇدان كەيىن مەن ءومىر سۇرسەم دە، جەردىڭ ۇستىندە سۇرە المايمىن، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ 63 جاس ءومىر سۇرگەن» دەيدى، ول جەر استىندا تاعى 63 جاس جاسايدى، جەر استىنان شىقپايدى، ول سوندا ادامداردى قابىلداپ، عيبادات جاسايدى، ءمۇريد تاربيەلەپ، مۇسىلمان ۇمبەتىنە قىزمەت قىلادى، وسمانلى بولسىن، باسقا جاۋلاپ الىنعان جەرلەر بولسىن، بارلىعى ونىڭ رۋحانيات كۇشىمەن، ونىڭ مۇريتتەرىنىڭ جۇرتقا يسلام ۇيرەتۋىنىڭ سەبەبىمەن مۇسىلمان بولدى، ولار ادامدارعا يسلامنىڭ قالاي جاقسىلىق، ادىلدىك، جومارتتىق، جاقسى ادەپ جانە باسقا يگىلىكتەر الىپ كەلەتىنىن ۇيرەتتى، ولار قايدا بارسا، ونداعى جۇرتقا يسلامدى ۇناتتىرا ءبىلدى، ولار ول جەرلەرگە مۇسىلمان ارمياسى كەلۋدەن بۇرىن يسلامدى ۇيرەتىپ بولدى، ول كەزدە ءبىر ۋاقىتتا كوپتەگەن سۇلتاندىقتار قاتار ءومىر ءسۇردى، ءبىراق بۇلىكتەر ءتىپتى دە اسقىنا بەردى، سەبەبى ولار فيلوسوفياعا ەرىپ، اۋليە-ماشايىقتاردى تاستاپ قويدى، ولاردى ۇناتپادى، سوندىقتان يبن ارابي جانە باسقا كوپتەگەن شايىقتار كەتىپ قالدى، ال ونداعىلارعا ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتى كۇش بەردى، كەيىن سۇلتاندار سۇلتاندىعىن تاستاپ، ءمۇريد بولعىسى كەلەر، ءبىراق ماشايىقتار ولارعا «جوق، سەندەر سۇلتاندىقتى ۇستاڭدار، تاستاماڭدار» دەيدى.

ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت تە اقيرەتى ءۇشىن دۇنيەنى تاستاعان، ول بەس اعايندى ياعني ءتورت ۇل، ءبىر قىز ەدى، ونىڭ ءۇش باۋىرى، ءبىر قارىنداسى (يا اپكەسى) بولعان، ولار ستانبۋلدا ۋنيۆەرسيتەت وقيتىن، ول كەزدە تۇركيا بويىنشا ەكى عانا ۋنيۆەرسيتەت بولىپ، ولارعا وقۋعا ءتۇسۋ وتە قيىن ەدى، ول كەزدە جوعارى مەكتەپ وقىعاندار پرەزيدەنت بولا الاتۇعىن، ءماۋلانا جانە ونىڭ اعا-باۋىرلارى وتە العىر، ەرەكشە جاندار ەدى، ونىڭ اعاسى سول كەزدە دوكتور بولاتۇعىن، كەيىن ول قايتىس بولىپ كەتتى، تىم زەيىندى كىسى ەدى. ءماۋلانا سول كەزدەردە ءپىر شايىق ىزدەپ جۇرگەن بولاتىن، اقىرى شايىق تاۋىپ، وعان بارىپ-كەلىپ ءجۇردى، ول دا ستانبۋلداعى اۋليەلەردىڭ ءبىرى ەدى، ول كەيىن ءماۋلاناعا ءيجازا (رۇحسات) بەردى.

وسى شايىق ءماۋلاناعا مەدينە نەمەسە داماشىققا بارۋعا كەڭەس بەرەر، ءماۋلانا اعاسىنىڭ قايتىس بولعانىن ەت كوزىمەن كورگەندە، بارلىعىنىڭ دا ءوتىپ، جوق بولاتىنىن ابدەن ءتۇسىندى، ول دا وعان ءبىر سەبەپ بولدى، ءماۋلاناعا دۇنيە ەشتەڭە ەمەس ەدى، ول بارلىعىن تاستادى، سول كەزدە ول ۋنيۆەرسيتەتتىڭ سوڭعى جىلىن وقىپ جاتقان، ول زاماندا ۋنيۆەرسيتەتتەر قازىرگىندەي كەلسە كەلىپ، كەتسە كەتىپ جۇرە بەرەتىن جەر ەمەس بولاتىن، وعان ءتۇسۋ وتە قيىن بولاتۇعىن، ءبىراق ءماۋلانا بۇعان قاراماي، ۋنيۆەرسيتەتىن، اۋلەتىن، بايلىعىن، بارىن تاستادى، قولىندا ەشتەڭەسى جوق شام جاققا جولعا شىقتى، ول حومسقا بارىپ ءبىر جىل بولدى، ول دا بەرەكەلى جەر، ونداعى يسلامنىڭ اتاقتى اسكەري قولباسشىسى ءسايدينا قاليد يبن ءۋاليد حازىرەتتىڭ ماقامىنا جاقىن جەردە ءبىر جىل تۇردى، وسى ارادا كوپتەگەن يسلام ءدىن عۇلامالارى جانە باسقا تولىپ جاتقان بىلىمدەردى بىلەتىندەر بار ەدى، ول سول ءبىر جىلدا-اق ۇلكەن عۇلاما بولىپ شىقتى، ماشاللا، اللا ﷻ وعان اسقان سۇڭعىلالىق، ەرەكشە العىر قابىلەت بەرگەن، ول وتە زەرەك بولدى، ۇيرەنگەندەرىن بىزگە ايتاتىن، بىلايشا ايتساق، ول جۇرت ون جىلدا ۇيرەنەتىن ءبىلىمدى ءبىر جىلدا ۇيرەنىپ الدى، ءبىز ونداي ءبىلدىمى ون جىلدا دا ۇيرەنە المايمىز، ول ءبىر جىلدا ۇلكەن عۇلامالىققا جەتتى، ونان سوڭ ول مەدينە قالاسىنا كەتۋگە رۇحسات الادى، ولار ونى الدىمەن داماشىققا جىبەرەدى، ول داماشىقتا اۋليە ءماۋلانا شايىق ابدۋللا داعىستاني حازىرەتكە جولىعادى، سول كەزدەن باستاپ ءماۋلانا ابدۋللا حازىرەت وعان ەشقايدا كەتپەي، وسىندا بولۋى ايتادى، ءماۋلانا شايىق ابدۋللا حازىرەتكە ەرگەن ادامدار تىم از ەدى، ادامى وتە از بولاتىن، مۇمكىن ءۇش يا ءتورت قانا ءمۇريتى بولدى، ول اركۇنى ءماۋلاناعا سۇحبات بەرە باستايدى، ءماۋلانا نازىم حازىرەت اۋليە ءماۋلانا شايىق ابددۋللا ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني حازىرەت ايتقان سۇحباتتاردى جازا باستايدى، ول ونى ەش توقتاماي جازادى، ءماۋلانا «مەن 7000 سۇحبات جازىپ الدىم» دەگەن ەدى.

ونان سوڭ، ونىڭ كيپىرگە قالاي بارعانىن بىلەسىزدەر، ول كيپىردەن الىس تۇردى، ءبىراق وندا بارىپ-كەلىپ ءجۇردى، وسى كەزدە كوپتەگەن كەرەمەت-مۇعجيزالار بولعان، ونىڭ كەرەمەتى توقتاماستان كەلىپ جاتىر، كەلىپ جاتىر، اركۇنى ماۋلانامەن ءبىر كەرەمەت تۋىلاتىن، ءماۋلانا شايىق ابدۋللا حازىرەت شايىق نازىم حازىرەتتى ءار جەرلەرگە سۇحبات ايتۋعا، ءىرشاتقا جىبەرە باستادى، ونى كيپىر، ليۆان، سيريالارعا جىبەردى، ونىڭ كوپتەگەن ساپارلارى وسى وڭىرلەردە بولدى، سونىمەن بىرگە ول ءار جىلى كيپىردەن ەلدى حاجىلىققا اپاراتىن، ابدۋللا حازىرەت قايتىس بولعانعا دەيىن، ول وسى جۇمىستاردى ىستەدى، ول قايتىس بولعان سوڭ، ءماۋلاناعا ەۆروپاعا بارۋعا ءامىر كەلدى، مىنە وسىلاي ول 1974-جىلدان باستاپ، 2000-2001 گە دەيىن، مەنشە 2001 گە دەيىن، شامامەن 26 جىلداي بۇكىل ەۆروپانى ارالاپ، يسلام ءدىنىن تاراتتى، ءتىپتى وسى يسپانياعا دا كەلدى، وسىندا دا بولعان، ونى كورگەن كوپتەگەن ادامدار بار، ءبىراق ونى كورمەگەن جۇرت ءالى كوپ، الايدا ولار ونى كورمەي تۇرىپ ءسۇيدى، ال پايعامبارىمىز ﷺ «اَﻟْﻤَﺮ ْ ُءء ﻣَﻊ ﻣَﻦ ْ أَﺣَﺐ» (كىم كىمدى سۇيسە، ول سونىمەن بىرگە بولار) (حاديس) دەيدى، دەمەك ءماۋلانانى سۇيگەندەر دە ونىمەن بىرگە بولماق، سوندىقتان وسى جول، ونىڭ جولى ماحاببات جولى بولماق، ونى ءبىر رەت كورسە دە سۇيگەندەر بار، ولار مەيلى مۇسىلمان، مەيلى بەي-مۇسىلمان بولسىن، ولار وعان ءدان ريزا ەدى، سەبەبى ول پايعامبارىمىز ﷺ-نىڭ حاليفاسى، ول ءىس-امالدا، بارلىعىندا وعان ۇقسايتىن، ول پايعامبارىمىز ﷺ-نان ياعني سۇننەتتەن ەشتەڭە قالدىرماۋعا تىرىساتىن.

ول بارلىعىنا يگىلىك قالايتىن، ونىڭ بۇكىل ءومىرى اللا ﷻ ءۇشىن ءوتتى، ول بارلىق جەرگە، ءار جەرگە شارشاماستان، ەش رەنجىمەستەن اللا ﷻ ءۇشىن، جۇرتتى وسىندا جانە اقيرەتتە باقىتتى ەتۋ ءۇشىن باراتىن ەدى، ول كيپىردەگى 300-400 اۋىل-قىستاقتاردى ءجاياۋ ارالاپ شىقتى، قىستاقتان قىستاققا ءجاياۋلاتىپ كەتە بەرەتىن. ءبىر جولى مەن ونىمەن تۇستىك لاتيكادا بولدى، وسى ەسىمدە قالىپتى، وندا تۇرىكمەندەردىڭ اۋىلى بار ەدى، ءبىز وسى اۋىلدى ماۋلانامەن بىرگە ارالادىق، ول كەزدە 10 جاستامىن، كەيدە ءبىز وندا Land Rover جۇرسەك، كەيدە ەسەك ءمىنىپ جۇردىك، بىردە جول جۇرگەندە Land Rover دا، ەسەك تە جوق بولاتىن، ول كەزدە جاز بولىپ، ءجاياۋ جۇردىك، كوپ جۇردىك، ماۋلانامەن ءجۇرىپ وتىردىق، سوندا ءبىزدى ءبىر ەگدە كىسى قىستاقتان قىستاققا جول باستاپ ءجۇردى، مەن قاتتى شارشاپ، جۇرمەي وتىرىپ الدىم، ول «وح، كەل، ءبىز جۇرەلىك» دەر، مەن «جوق، قاتتى شارشاپ كەتتىم، ماعان ەسەك الىپ كەلىڭدەر، ەسەككە ءمىنىپ جۇرەم» دەدىم، ءبىز 15 مينۋتتاي تۇردىق، سوڭىندا مەن بويبەرمەدىم، ءبىراق لاجىسىز ماۋلانامەن ءجۇرىپ وتىردىم، ءالحامدۋليللا، بۇل ماۋلانامەن قالعان وتە جاقسى ءبىر ەستەلىك ەدى، سونداي جاقسى ەستەلىك، ءبىز ءتۇننىڭ سوڭىنا دەيىن بولدىق، ول سۇحبات ايتىپ جاتىر، مەن ۇيىقتاپ جاتىرمىن، ول الدىندا وتىرعا جۇرتقا ۇزبەي سۇحبات بەرۋدە، ال مەن بولسام قاتتى شارشاپ، ۇيىقتاپ قالىپپىن، سەبەبى ۇزىن كۇن بويى تىنباي ءجۇرىپ، شارشاعان ەدىم، ال ولار ءالى سۇحبات ايتىپ جاتىپتى، ونان سوڭ، ول ءتاحاجۇتقا، تاڭ نامازعا تۇردى، بارلىعىن وتەدى، مىنە بۇلار ودان قالعان جاقسى ءبىر ەسكە الارلىق ىستەر ەدى.

ماشاللا، ونىڭ بۇكىل ءومىرى وسىلاي بولدى، ءتىپتى ءومىرىنىڭ سوڭعى كۇندەرى دە سولاي، ول كيپىردەن 10 جىل شىعا المادى، سوندىقتان ەل-جۇرت ونى ىزدەپ كەلىپ، كورگىسى كەلەتىن، ول كەلگەندەرگە ءتۇن جارىمنان ءوتىپ كەتسە دە، تۇنگى ءبىر يا ەكىگە دەيىن سويلەيتىن، وسىنداي ەدى، كەلگەندەر ونىڭ ۇستىدەگى بولمەسىنە كىرەتىن، ول ءوزى تومەن تۇسە المايتىن، ونىڭ كەرەمەتىندە اركۇنى قۇپتان نامازدان سوڭ جۇزدەگەن ادامدار، ءتىپتى ودان دا كوپ ادامدار ونىمەن سويلەسە الاتىن، ول مەن سياقتى ەمەس، ماشاللا، ول «بۇل نە، ول نە؟» دەپ سۇرايتىن، ۇزاق اڭگىمەلەر ايتاتىن، سۇيتە تۇرا كوپتەگەن ادامدار ونىمەن كەزدەسىپ، كورىسە الاتىن، دەمەك ول قىسقا ۋاقىتتا ۇزىن سويلەپ، وسىلاي جۇزدەگەن ادامدارمەن كەزدەسۋ بىتىرەتىن، ونىڭ ەرەكشە ءبىر كەرەمەتى بار ەدى، اۋليەلەردە ەكى كەرەمەت بولار، ءبىرى تايۋۋ ماكان، بۇل كەرەمەتتە قاشىقتىق قىسقارتىلىپ جىبەرىلەدى، دەمەك بۇل كەرەمەتپەن ءسىز بۇل جەردەن مەككەگە ءبىر اتتاپ جەتە الاسىز، ەندى ءبىرى تايۋۋ زامان، وندا ۋاقىت ۇزارتىلادى، ءماۋلانا وسى كەرەمەتتى ىستەتەتىنىن ءبىز ءقازىر ءبىلىپ ءجۇرمىز، بۇل شىن كەرەمەت، ءقازىر ءبىز بىردەڭە ىستەي قالساق، ءبىر كۇن بىردەمدە ءوتىپ كەتەدى، ءبىراق ءماۋلانا لوندوننان ستانبۋلعا نە باسقا جەرلەرگە بارىپ كەلەتىن، ماشاللا، ول ءبىر اپتا كەتەتىن ءىستى ءبىر كۇندە بىتىرەتىن، ءبىر اپتا ساپاردى ءبىر كۇندە اياقتايتىن.

ءالحامدۋليللا، ونىڭ كەرەمەتتەرى كوپ ەدى، ءبىز ونىڭ كەيبىرىن عانا ايتتىق، ءبىزدىڭ ايتىپ جۇرگەنىمىز تىم از، مۇمكىن 1%-تىنەن دە از، اللا ﷻ ونىڭ ءارۋاعىن بەرەكەلەگەي، ماقامىن بيىكتەتە بەرگەي، ينشاللا، ول بىزگە ريزا بولعاي، ينشاللا، بارشاڭىزعا العىس بولسىن، سىزدەر بۇنى وسىندا ەستىپ وتىرسىزدار جانە بۇل سۇحباتتى باسقا جەرگە ءجاريالايسىزدار، وسىنى ەستىپ وتىرعانداردىڭ جۇرەكتەرىنە اللا ﷻ ماحاببات سالعاي، ولارعا ءوزىنىڭ شەكسىز قازىنالارىنان مولىنان بەرگەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7531