You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6813
Сұхбат: білімнің дұрысын үйрен (2023.05.19, 29 Шаууал 1444)
Канада, Исламбол (Стамбул), Түркия

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Алла Жәллә Жәләлуху мәжілісімізге береке бергей, біз бұнда Алла Жәллә Жәләлухудың ризалығы үшін отырмыз, бұл мәжіліс, бұл жиналыс Алла Әззә уә-Жәллә сүйетін мәжіліс. Мәжіліс талабул ілім яғни білімге талаптану сұралуда, міне бұл Алла Әззә уә-Жәллә ең жақсы көретін істерден, мәселен, осы жиналыстарда, бұндай жерлерде Алла Жәллә Жәләлуху періштелердің қанатын аяғыңызға жәятын болады.

Әлхамдұлилла, біздің бүкіл өміріміздегі ниетіміз білім алу-дүр, себебі білім шет-шегі жоқ мүхит, сіз «мен барлығын білемін, барлығына жеттім, мен кереметпін, кемелмін» дей алмайсыз, бұндай айтпақ жоқ, себебі сіз әр жолы жаңа білім үйренесіз, жақсы не жаман нәрсе болсын, әйтеу сіз бірдеңе үйренесіз, ал біз үшін үйренген нәрселеріміздің жақсы-жамандығы біле жүру қайырлы болмақ, мәселен, сіз кейде «жақсы» деп ойлап бірдеңелерді үйренуіңіз мүмкін, бірақ ол әсілінде жақсы нәрселер емес еді, демек, бұл үйренген нәрселеріңіз Алла Әззә уә-Жәлләмен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам жағынан қабыл етілмейтін нәрселер болып шығады, біздің бірдеңенің жақсы я жамандығын өлшейтін таразымыз осы болмақ, ал сіз бұнда жақсы нәрсені үйренуіңіз керек, егер жаман нәрсе болса, оның керісін үйреніңіз, әдетте, ол екі түрлі болар, демек, ол жақсы не жаман болуы керек, кейде олардың арасындағы нәрселер болады, сондықтан, сіз олардың арасындағы нәрселерді де білуіңіз керек, не залалды емес, не жаман, не жақсы емес, не нәрсе аралықта тұр, біз осылардың барлығын білуіміз керек, бұларды білмек үшін, оны жұрттан сұраудың еш айыбы жоқ.

Себебі біз көріп жүрміз, көп (мұсылман) жұрттар бей-мұсылмандардан үйреніп жатыр, егер үйренгендері исламмен мұсылмандарға жақсы пайда беретін нәрселер болса, онда тұрған ештеңе жоқ, себебі сіз үйренбесеңіз надан боласыз да, өзгенің сізді басқаруына мұхтаж болып, олардың әмірінің астында жүресіз, дәл осы жағдай Османлының соңғы кездерінде туылған еді, себебі көптеген адамдар «сендер бұны үйренулеріңе болмайды» деп айтатын, нәтіжесінде олар елді надан етті де, Европаға оқушыларды үйренуге көптеп жіберді, алайда, онда барған оқушылар жақсы нәрсе үйренген жоқ, олар тек жаман нәрсе үйреніп келді де, мұсылмандардың халифаты болып келген Османлы Имперясын аударды, қазір бізде ешбір халифаттың жоқ болуы осы адамдардың жақсы нәрселер үйренбегендігінен болған.

Сондықтан, ненің жақсы ненің жаман екендігін білмек керек, үйренбек керек, айтып өткеніміздей, балаларыңызға, ұл-қыздарыңызға қарап, оларға көңіл бөлуде тұрған ештеңе жоқ, біз олардың не істеп, не оқып, не үйреніп жүргеніне және оларға не үйретіліп жатқанына көңіл бөлуіміз керек, осы хақында біз сақ болғанымыз жөн, себебі біз барлығы бүлік-фитнаға толы заманда өмір сүріп жатырмыз, бұл жәй қалжыңдайтын нәрсе емес. Адамдар бүкіл ел-жұртты әрбір істе алдауда, олар таза мұсылмандарға «сендер қателесіп жүрсіңдер» дейді, біз қалай қате боламыз? біз әкелерімізбен ата-бабаларымыздың істеп келе жатқандарын істеп жатырмыз ғой, оның әкесі де, оның атасы істеп жүргенді істеп жүр емеспе, осылай келе жатқандардың барлығын қате ме? осындай ел-жұрт қате жолда жүр ме? жоқ, олардың айтып жүргендері шайтанның оларға салған сөздері ғана, Алла Әззә уә-Жәллә оларды былай баяндар, «ٱلْوَسْوَاسِ ٱلْخَنَّاسِ» (шайтанның сыбырынан) (құран 114:04) делінер, шайтан осыларды олардың ойына салып, олардың имандарын құртуда.

Бұл жағдай «шәриғатқа еріп жүрміз» дейтін, бірақ шәриғатты бүлдіретін адамдарды пайда қылды, оның алып келген нәтижесі осы болды, оларда ықлас жоқ, олар бейне исламға келген вирос сияқты болып, көп мұсылманды мүмин (шын иман келтіруші) болудан тосып, сол мұсылман қалпында ғана қалдырып қойды, мүмин дегеніміз иман келтіруші, ал мұсылман дегеніміз «әшхаду алла лә илаха иллаллах уа әшхаду әннә мухаммадар расул аллах» деп калима айтушылар ғана, олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның мұғжизаларына, Алла Жәллә Жәләлуху киелі еткен қасиетті-киелі нәрселерге сенбейді, олар бұларға сенбес, олар хадис, мәзхап, тәриқат (сопылық) да сенбес, ал тәриқат олардың әуел бастан қарсы болып, жоққа шығарған нәрсесі еді, сондықтан исламды қорғайтын ештеңе қалмады, себебі олар ел-жұртты осы айтылған нәрселерге сенбейтін етіп тастады.

Біз бұны көріп отырмыз, демек, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып кеткендей жағдай болып отыр, ол «ақырзаманда сендер өте көп боласыңдар, мұсылманның саны өте үлкен болар, бірақ сендерде еш құн болмайды, сендер теңіздің толқыны сияқты боласыңдар» дейді, толқын арындап жағаға жеткенде, көпіршіктер жасайды да, өзі жоқ боп кетеді, ол толқынды алғаш рет «тәп-тәуір бірдеңе» деп ойларсыз, бірақ бірнеше сиконттан соң, ол кері қайтқанда барлығы жоқ болады, ештеңе қалмайды, біздің қазіргі мұсылмандарымыз осындай, олардың еш нарқы қалмаған, ешкім оларды елеп-секермейтін болған.

Адамның нағыз құны иманмен артады, шын мұсылман болуыңыз үшін, сізде осындай иман болу керек, біздің иманымыз ғайыпты қабыл етуден тұрады, ғайып дегеніміз не? бірінші, Алла Әззә уә-Жәлләға, екінші, періштеге сену, періштелер көрінбейді, олар - ғайып, міне бұлар мүминнің сенімі, иманы болмақ, иман деген осылар, иманның мәні сену, періштерлерден соң, жындар келер, одан соң соңғы күнге яғни қияметке сену керек, бұл дегеніміз кейін сіз бұл дүниеге өз тәніңізбен қайта келесіз, тірілдірілесіз демекілік, қайта тірілетін күнде, Алла Жәллә Жәләлуху сізді тірілдіріп, қайта өмірге әкеледі, ал ол өмір мәңгілік болмақ, міне бұлар мүминдердің сенетін сенімдері, айта берсек бұдан басқа тағы да көптеген ғайып істері бар, демек, сіз көрмей тұрып сенуіңіз керек, көптеген (ғайып) нәрселер бар.

Алайда манағы қыңыр адамдар ел-жұртты бұны қабыл етпейтін тобырға айналдыруда, оларда иман жоқ болғандықтан, олар тек ауыздарымен ғана сөйлейді, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «ақырзаманда құран оқитын әрі құранды жүректерімен білетін бір түрлі адамдар тобыры болады, олар құранда (бізден - сахабалардан) жақсы-дүр» дейді, олар бізден жақсы, біз құранды олардай жүрегімізбен білмеспіз, бірақ олар құранмен хадисты жақсы біледі, олар барлығын біледі, ал пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам тағы да айта келе, олар хақында «бірақ олардың иманы кеңірдектеріне ғана жетеді, ол төмен түспей (жүрекке бармай) ауыздарында ғана тұрады, иман төмендеп олардың жүректеріне кірмейді, олардың жүректерінде ештеңе болмас, жебе садақтан қалай атылып шығып кетеді, олар да исламнан солай шығып кетеді» дейді, міне бұл пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айтқандары, демек, олар біледі, бірақ сенбейді, олар құранды жүректерімен біледі, мыңдаған хадистер ұғады, олар пайғамбарлардың барлық кітаптарымен мұғжизаларын, әулиелердің кереметін біледі, бірақ оған сенбейді.

Қазір осы қыңыр топ өздерінің бұл кеселдерін бүкіл мұсылман жамағатына таратып жіберді де, ел-жұрт осы аурумен ауырып жүр, сүйітті де, талай жұрт ақиретке имансыз күйінде аттанып кете барды, себебі олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып кеткен шафағатқа (араша түсуге), демек, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан және Алла Әззә уә-Жәлләдан келетін жәрдемге сенбейді, олар «бұнсызда біз өзімізді құтқара аламыз» деп айғайлайды, алайда, онсыз ешкім құтыла алмақ емес, әсіресе, осыбір жоққа шығарушы топтарға қиын болмақ, олар барлығын жоққа шығара тұра, қалай құтылып кетпек, сірә? олар төтесінен тозаққа кетер, себебі оларда ешбір орай қалмады, біз осы мәселелерді шамамыз келгенінше барынша тұсіндіріп жатырмыз, бірақ олар бұны қабыл етпейді, кім оны қабыл етпесе, өкінетін болады, кейін олар өздерінің істеп жүргендерінің еш пайдасы жоқ істер екендігін білетін болады әрі ненің ақиқат екенін көреді.

Сол үшін, біз Алла Әззә уә-Жәлләдан мұсылмандарды, жастарды, ер-әйелдері панасына алып, бұл бүліктерден қорғауын сұраймыз, ең қиын бүлік осы, біз бұны әр жерде көріп отырмыз, олар бей-мұсылмандарға еліктеумен әбіргер, мұсылман еместер не істейді, олар соны істейді, соған еліктейді. Әсіресе, ислам діні мейірімнің діні, әділдіктің діні, Алла Әззә уә-Жәлләға бойұсынудың діні, бірақ олар бұған қарсы іс қылар, оларда рахым, әділдік жоқ, ештеңе де жоқ, олардың бар істеп жүргендері тек өз жолдарының пайдасы, өздерінің жеке пайдасы үшін ғана.

Ал Алла Әззә уә-Жәллә бізбен бірге, олармен бірге емес, Алла Әззә уә-Жәллә оларды сүймейді. «لَا يُحِبُّ ٱلْمُفْسِدِينَ» (Алла бұзғыншыларды жақсы көрмейді) (құран 28:77) делінер, олар - муфсидиндер, оның мағынасы адамдарды құрту, мұсылмандарды бұзу, адамзатты бүлдіру демекілік-дүр, Алла Жәллә Жәләлуху оларға ғислах (өрлеу, көзі ашылу) бергей, иншалла, себебі өте көп адам олар жағынан алданды, ал олардың басшылары алданбады, себебі олардың басшылары шайтан адамдар-дүр, олар шайтаннан басқа дәнеңе емес, олар өздерінің не істеп жатқанын біледі, істеп жатқаны сол, исламды күйрету, олардың істеп жатқан жобасы (проекті) - осы, алайда, Алла Жәллә Жәләлуху бізбен бірге болады, Ол бізбен бірге, Алла Жәллә Жәләлуху оларды әлі-ақ жазалайтын болады, иншалла.

Алла Жәллә Жәләлуху адамдарға жөн түсінерлік түсінік бергей, сондықтан, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «تَفَكُّرَ سَاعَةٍ خَيْرٌ مِنْ عِبَادَةِ سَبْعِينَ سَنَةٍ» (бір сағат жақсы ойлана білу, 70 жылдық құлшылықтан да жақсы) дейді, бағанағы адамдар 70 жыл немесе 70000 жыл құлшылық қылсын, одан еш пайда келмейді, онысы ешкімге де пайда бермес, бірақ олар (бір сағат болса да) ой жүгіртіп, ақылдарын істете білсе әрі ақиқатты қабыл етсе, бұл оларға да, өзге адамдарға да пайдалы болар еді.

Сондықтан, біз сонау әуел бастан-ақ «үйрен» деп айтып келеміз, сіз (пайдалы) нәрсенің барлығын үйренуіңіз керек, әсіресе, сіздер тәрихты үйреніңіздер, бертінгі 100 жыл, одан бұрынғы тәрихты, 120, 150, 200 жыл бұрынғы тәрихты үйреніңіздер, біліп жүріңіздер. Әр жолы, әрдайым еш тынбастан күпірлік жобалары жаңадан пайда болып отырады, олар оны тынбай жасауда, олар оны исламды құрту үшін істейді, ал олардың ішінде ең бұзығы осы соңғы жобасы болып отыр, онда олар адамдардың басын айналдырып, алжастырып тастады, ел-жұрт «біз дұрыс, әлде, олар дұрыс?» деп алжасып жүр, әлхамдулилла, біз тура жолдамыз, алаң болмаңыз. Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай, Ол бізге ненің хақ, ненің хақ емес екендігін көрсететін сұлтанымыз Мәхди әлейхис-саламды жібергей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw




سۇحبات: ءبىلىمنىڭ دۇرىسىن ۇيرەن (2023.05.19، 29 شاۋۋال 1444)
كانادا، يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ماجىلىسىمىزگە بەرەكە بەرگەي، ءبىز بۇندا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ريزالىعى ءۇشىن وتىرمىز، بۇل ءماجىلىس، بۇل جينالىس اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سۇيەتىن ءماجىلىس. ءماجىلىس تالابۋل ءىلىم ياعني بىلىمگە تالاپتانۋ سۇرالۋدا، مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ەڭ جاقسى كورەتىن ىستەردەن، ماسەلەن، وسى جينالىستاردا، بۇنداي جەرلەردە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ پەرىشتەلەردىڭ قاناتىن اياعىڭىزعا ءجاياتىن بولادى.

ءالحامدۇليللا، ءبىزدىڭ بۇكىل ومىرىمىزدەگى نيەتىمىز ءبىلىم الۋ-ءدۇر، سەبەبى ءبىلىم شەت-شەگى جوق ءمۇحيت، ءسىز «مەن بارلىعىن بىلەمىن، بارلىعىنا جەتتىم، مەن كەرەمەتپىن، كەمەلمىن» دەي المايسىز، بۇنداي ايتپاق جوق، سەبەبى ءسىز ءار جولى جاڭا ءبىلىم ۇيرەنەسىز، جاقسى نە جامان نارسە بولسىن، ايتەۋ ءسىز بىردەڭە ۇيرەنەسىز، ال ءبىز ءۇشىن ۇيرەنگەن نارسەلەرىمىزدىڭ جاقسى-جاماندىعى بىلە ءجۇرۋ قايىرلى بولماق، ماسەلەن، ءسىز كەيدە «جاقسى» دەپ ويلاپ بىردەڭەلەردى ۇيرەنۋىڭىز مۇمكىن، ءبىراق ول اسىلىندە جاقسى نارسەلەر ەمەس ەدى، دەمەك، بۇل ۇيرەنگەن نارسەلەرىڭىز اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام جاعىنان قابىل ەتىلمەيتىن نارسەلەر بولىپ شىعادى، ءبىزدىڭ بىردەڭەنىڭ جاقسى يا جاماندىعىن ولشەيتىن تارازىمىز وسى بولماق، ال ءسىز بۇندا جاقسى نارسەنى ۇيرەنۋىڭىز كەرەك، ەگەر جامان نارسە بولسا، ونىڭ كەرىسىن ۇيرەنىڭىز، ادەتتە، ول ەكى ءتۇرلى بولار، دەمەك، ول جاقسى نە جامان بولۋى كەرەك، كەيدە ولاردىڭ اراسىنداعى نارسەلەر بولادى، سوندىقتان، ءسىز ولاردىڭ اراسىنداعى نارسەلەردى دە ءبىلۋىڭىز كەرەك، نە زالالدى ەمەس، نە جامان، نە جاقسى ەمەس، نە نارسە ارالىقتا تۇر، ءبىز وسىلاردىڭ بارلىعىن ءبىلۋىمىز كەرەك، بۇلاردى بىلمەك ءۇشىن، ونى جۇرتتان سۇراۋدىڭ ەش ايىبى جوق.

سەبەبى ءبىز كورىپ ءجۇرمىز، كوپ (مۇسىلمان) جۇرتتار بەي-مۇسىلمانداردان ۇيرەنىپ جاتىر، ەگەر ۇيرەنگەندەرى يسلاممەن مۇسىلماندارعا جاقسى پايدا بەرەتىن نارسەلەر بولسا، وندا تۇرعان ەشتەڭە جوق، سەبەبى ءسىز ۇيرەنبەسەڭىز نادان بولاسىز دا، وزگەنىڭ ءسىزدى باسقارۋىنا مۇحتاج بولىپ، ولاردىڭ ءامىرىنىڭ استىندا جۇرەسىز، ءدال وسى جاعداي وسمانلىنىڭ سوڭعى كەزدەرىندە تۋىلعان ەدى، سەبەبى كوپتەگەن ادامدار «سەندەر بۇنى ۇيرەنۋلەرىڭە بولمايدى» دەپ ايتاتىن، ناتىجەسىندە ولار ەلدى نادان ەتتى دە، ەۆروپاعا وقۋشىلاردى ۇيرەنۋگە كوپتەپ جىبەردى، الايدا، وندا بارعان وقۋشىلار جاقسى نارسە ۇيرەنگەن جوق، ولار تەك جامان نارسە ۇيرەنىپ كەلدى دە، مۇسىلمانداردىڭ حاليفاتى بولىپ كەلگەن وسمانلى يمپەرياسىن اۋداردى، ءقازىر بىزدە ەشبىر حاليفاتتىڭ جوق بولۋى وسى ادامداردىڭ جاقسى نارسەلەر ۇيرەنبەگەندىگىنەن بولعان.

سوندىقتان، نەنىڭ جاقسى نەنىڭ جامان ەكەندىگىن بىلمەك كەرەك، ۇيرەنبەك كەرەك، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بالالارىڭىزعا، ۇل-قىزدارىڭىزعا قاراپ، ولارعا كوڭىل بولۋدە تۇرعان ەشتەڭە جوق، ءبىز ولاردىڭ نە ىستەپ، نە وقىپ، نە ۇيرەنىپ جۇرگەنىنە جانە ولارعا نە ۇيرەتىلىپ جاتقانىنا كوڭىل ءبولۋىمىز كەرەك، وسى حاقىندا ءبىز ساق بولعانىمىز ءجون، سەبەبى ءبىز بارلىعى بۇلىك-فيتناعا تولى زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، بۇل ءجاي قالجىڭدايتىن نارسە ەمەس. ادامدار بۇكىل ەل-جۇرتتى ءاربىر ىستە الداۋدا، ولار تازا مۇسىلماندارعا «سەندەر قاتەلەسىپ جۇرسىڭدەر» دەيدى، ءبىز قالاي قاتە بولامىز؟ ءبىز اكەلەرىمىزبەن اتا-بابالارىمىزدىڭ ىستەپ كەلە جاتقاندارىن ىستەپ جاتىرمىز عوي، ونىڭ اكەسى دە، ونىڭ اتاسى ىستەپ جۇرگەندى ىستەپ ءجۇر ەمەسپە، وسىلاي كەلە جاتقانداردىڭ بارلىعىن قاتە مە؟ وسىنداي ەل-جۇرت قاتە جولدا ءجۇر مە؟ جوق، ولاردىڭ ايتىپ جۇرگەندەرى شايتاننىڭ ولارعا سالعان سوزدەرى عانا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردى بىلاي باياندار، «ٱلْوَسْوَاسِ ٱلْخَنَّاسِ» (شايتاننىڭ سىبىرىنان) (قۇران 114:04) دەلىنەر، شايتان وسىلاردى ولاردىڭ ويىنا سالىپ، ولاردىڭ يماندارىن قۇرتۋدا.

بۇل جاعداي «ءشاريعاتقا ەرىپ ءجۇرمىز» دەيتىن، ءبىراق ءشاريعاتتى بۇلدىرەتىن ادامداردى پايدا قىلدى، ونىڭ الىپ كەلگەن ناتيجەسى وسى بولدى، ولاردا ىقلاس جوق، ولار بەينە يسلامعا كەلگەن ۆيروس سياقتى بولىپ، كوپ مۇسىلماندى ءمۇمين (شىن يمان كەلتىرۋشى) بولۋدان توسىپ، سول مۇسىلمان قالپىندا عانا قالدىرىپ قويدى، ءمۇمين دەگەنىمىز يمان كەلتىرۋشى، ال مۇسىلمان دەگەنىمىز «ءاشحادۋ اللا ءلا يلاحا يللاللاح ۋا ءاشحادۋ ءاننا مۋحاممادار راسۋل اللاح» دەپ كاليما ايتۋشىلار عانا، ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ مۇعجيزالارىنا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ كيەلى ەتكەن قاسيەتتى-كيەلى نارسەلەرگە سەنبەيدى، ولار بۇلارعا سەنبەس، ولار حاديس، ءمازحاپ، ءتاريقات (سوپىلىق) دا سەنبەس، ال ءتاريقات ولاردىڭ اۋەل باستان قارسى بولىپ، جوققا شىعارعان نارسەسى ەدى، سوندىقتان يسلامدى قورعايتىن ەشتەڭە قالمادى، سەبەبى ولار ەل-جۇرتتى وسى ايتىلعان نارسەلەرگە سەنبەيتىن ەتىپ تاستادى.

ءبىز بۇنى كورىپ وتىرمىز، دەمەك، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ كەتكەندەي جاعداي بولىپ وتىر، ول «اقىرزاماندا سەندەر وتە كوپ بولاسىڭدار، مۇسىلماننىڭ سانى وتە ۇلكەن بولار، ءبىراق سەندەردە ەش قۇن بولمايدى، سەندەر تەڭىزدىڭ تولقىنى سياقتى بولاسىڭدار» دەيدى، تولقىن ارىنداپ جاعاعا جەتكەندە، كوپىرشىكتەر جاسايدى دا، ءوزى جوق بوپ كەتەدى، ول تولقىندى العاش رەت «ءتاپ-ءتاۋىر بىردەڭە» دەپ ويلارسىز، ءبىراق بىرنەشە سيكونتتان سوڭ، ول كەرى قايتقاندا بارلىعى جوق بولادى، ەشتەڭە قالمايدى، ءبىزدىڭ قازىرگى مۇسىلماندارىمىز وسىنداي، ولاردىڭ ەش نارقى قالماعان، ەشكىم ولاردى ەلەپ-سەكەرمەيتىن بولعان.

ادامنىڭ ناعىز قۇنى يمانمەن ارتادى، شىن مۇسىلمان بولۋىڭىز ءۇشىن، سىزدە وسىنداي يمان بولۋ كەرەك، ءبىزدىڭ يمانىمىز عايىپتى قابىل ەتۋدەن تۇرادى، عايىپ دەگەنىمىز نە؟ ءبىرىنشى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا، ەكىنشى، پەرىشتەگە سەنۋ، پەرىشتەلەر كورىنبەيدى، ولار - عايىپ، مىنە بۇلار ءمۇميننىڭ سەنىمى، يمانى بولماق، يمان دەگەن وسىلار، يماننىڭ ءمانى سەنۋ، پەرىشتەرلەردەن سوڭ، جىندار كەلەر، ودان سوڭ سوڭعى كۇنگە ياعني قيامەتكە سەنۋ كەرەك، بۇل دەگەنىمىز كەيىن ءسىز بۇل دۇنيەگە ءوز تانىڭىزبەن قايتا كەلەسىز، تىرىلدىرىلەسىز دەمەكىلىك، قايتا تىرىلەتىن كۇندە، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءسىزدى ءتىرىلدىرىپ، قايتا ومىرگە اكەلەدى، ال ول ءومىر ماڭگىلىك بولماق، مىنە بۇلار مۇميندەردىڭ سەنەتىن سەنىمدەرى، ايتا بەرسەك بۇدان باسقا تاعى دا كوپتەگەن عايىپ ىستەرى بار، دەمەك، ءسىز كورمەي تۇرىپ سەنۋىڭىز كەرەك، كوپتەگەن (عايىپ) نارسەلەر بار.

الايدا ماناعى قىڭىر ادامدار ەل-جۇرتتى بۇنى قابىل ەتپەيتىن توبىرعا اينالدىرۋدا، ولاردا يمان جوق بولعاندىقتان، ولار تەك اۋىزدارىمەن عانا سويلەيدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «اقىرزاماندا قۇران وقيتىن ءارى قۇراندى جۇرەكتەرىمەن بىلەتىن ءبىر ءتۇرلى ادامدار توبىرى بولادى، ولار قۇراندا (بىزدەن - ساحابالاردان) جاقسى-ءدۇر» دەيدى، ولار بىزدەن جاقسى، ءبىز قۇراندى ولارداي جۇرەگىمىزبەن بىلمەسپىز، ءبىراق ولار قۇرانمەن حاديستى جاقسى بىلەدى، ولار بارلىعىن بىلەدى، ال پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام تاعى دا ايتا كەلە، ولار حاقىندا «ءبىراق ولاردىڭ يمانى كەڭىردەكتەرىنە عانا جەتەدى، ول تومەن تۇسپەي (جۇرەككە بارماي) اۋىزدارىندا عانا تۇرادى، يمان تومەندەپ ولاردىڭ جۇرەكتەرىنە كىرمەيدى، ولاردىڭ جۇرەكتەرىندە ەشتەڭە بولماس، جەبە ساداقتان قالاي اتىلىپ شىعىپ كەتەدى، ولار دا يسلامنان سولاي شىعىپ كەتەدى» دەيدى، مىنە بۇل پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ايتقاندارى، دەمەك، ولار بىلەدى، ءبىراق سەنبەيدى، ولار قۇراندى جۇرەكتەرىمەن بىلەدى، مىڭداعان حاديستەر ۇعادى، ولار پايعامبارلاردىڭ بارلىق كىتاپتارىمەن مۇعجيزالارىن، اۋليەلەردىڭ كەرەمەتىن بىلەدى، ءبىراق وعان سەنبەيدى.

ءقازىر وسى قىڭىر توپ وزدەرىنىڭ بۇل كەسەلدەرىن بۇكىل مۇسىلمان جاماعاتىنا تاراتىپ جىبەردى دە، ەل-جۇرت وسى اۋرۋمەن اۋىرىپ ءجۇر، ءسۇيىتتى دە، تالاي جۇرت اقيرەتكە يمانسىز كۇيىندە اتتانىپ كەتە باردى، سەبەبى ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ كەتكەن شافاعاتقا (اراشا تۇسۋگە)، دەمەك، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلەتىن جاردەمگە سەنبەيدى، ولار «بۇنسىزدا ءبىز ءوزىمىزدى قۇتقارا الامىز» دەپ ايعايلايدى، الايدا، ونسىز ەشكىم قۇتىلا الماق ەمەس، اسىرەسە، ءوسىبىر جوققا شىعارۋشى توپتارعا قيىن بولماق، ولار بارلىعىن جوققا شىعارا تۇرا، قالاي قۇتىلىپ كەتپەك، ءسىرا؟ ولار توتەسىنەن توزاققا كەتەر، سەبەبى ولاردا ەشبىر وراي قالمادى، ءبىز وسى ماسەلەلەردى شامامىز كەلگەنىنشە بارىنشا ءتۇسىندىرىپ جاتىرمىز، ءبىراق ولار بۇنى قابىل ەتپەيدى، كىم ونى قابىل ەتپەسە، وكىنەتىن بولادى، كەيىن ولار وزدەرىنىڭ ىستەپ جۇرگەندەرىنىڭ ەش پايداسى جوق ىستەر ەكەندىگىن بىلەتىن بولادى ءارى نەنىڭ اقيقات ەكەنىن كورەدى.

سول ءۇشىن، ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان مۇسىلمانداردى، جاستاردى، ەر-ايەلدەرى پاناسىنا الىپ، بۇل بۇلىكتەردەن قورعاۋىن سۇرايمىز، ەڭ قيىن بۇلىك وسى، ءبىز بۇنى ءار جەردە كورىپ وتىرمىز، ولار بەي-مۇسىلماندارعا ەلىكتەۋمەن ابىرگەر، مۇسىلمان ەمەستەر نە ىستەيدى، ولار سونى ىستەيدى، سوعان ەلىكتەيدى. اسىرەسە، يسلام ءدىنى مەيىرىمنىڭ ءدىنى، ادىلدىكتىڭ ءدىنى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا بويۇسىنۋدىڭ ءدىنى، ءبىراق ولار بۇعان قارسى ءىس قىلار، ولاردا راحىم، ادىلدىك جوق، ەشتەڭە دە جوق، ولاردىڭ بار ىستەپ جۇرگەندەرى تەك ءوز جولدارىنىڭ پايداسى، وزدەرىنىڭ جەكە پايداسى ءۇشىن عانا.

ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بىزبەن بىرگە، ولارمەن بىرگە ەمەس، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردى سۇيمەيدى. «لَا يُحِبُّ ٱلْمُفْسِدِينَ» (اللا بۇزعىنشىلاردى جاقسى كورمەيدى) (قۇران 28:77) دەلىنەر، ولار - مۋفسيديندەر، ونىڭ ماعىناسى ادامداردى قۇرتۋ، مۇسىلمانداردى بۇزۋ، ادامزاتتى ءبۇلدىرۋ دەمەكىلىك-ءدۇر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا عيسلاح (ورلەۋ، كوزى اشىلۋ) بەرگەي، ينشاللا، سەبەبى وتە كوپ ادام ولار جاعىنان الداندى، ال ولاردىڭ باسشىلارى الدانبادى، سەبەبى ولاردىڭ باسشىلارى شايتان ادامدار-ءدۇر، ولار شايتاننان باسقا دانەڭە ەمەس، ولار وزدەرىنىڭ نە ىستەپ جاتقانىن بىلەدى، ىستەپ جاتقانى سول، يسلامدى كۇيرەتۋ، ولاردىڭ ىستەپ جاتقان جوباسى (پروەكتى) - وسى، الايدا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزبەن بىرگە بولادى، ول بىزبەن بىرگە، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردى ءالى-اق جازالايتىن بولادى، ينشاللا.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ادامدارعا ءجون تۇسىنەرلىك تۇسىنىك بەرگەي، سوندىقتان، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «تَفَكُّرَ سَاعَةٍ خَيْرٌ مِنْ عِبَادَةِ سَبْعِينَ سَنَةٍ» (ءبىر ساعات جاقسى ويلانا ءبىلۋ، 70 جىلدىق قۇلشىلىقتان دا جاقسى) دەيدى، باعاناعى ادامدار 70 جىل نەمەسە 70000 جىل قۇلشىلىق قىلسىن، ودان ەش پايدا كەلمەيدى، ونىسى ەشكىمگە دە پايدا بەرمەس، ءبىراق ولار (ءبىر ساعات بولسا دا) وي جۇگىرتىپ، اقىلدارىن ىستەتە بىلسە ءارى اقيقاتتى قابىل ەتسە، بۇل ولارعا دا، وزگە ادامدارعا دا پايدالى بولار ەدى.

سوندىقتان، ءبىز سوناۋ اۋەل باستان-اق «ۇيرەن» دەپ ايتىپ كەلەمىز، ءسىز (پايدالى) نارسەنىڭ بارلىعىن ۇيرەنۋىڭىز كەرەك، اسىرەسە، سىزدەر ءتاريحتى ۇيرەنىڭىزدەر، بەرتىنگى 100 جىل، ودان بۇرىنعى ءتاريحتى، 120، 150، 200 جىل بۇرىنعى ءتاريحتى ۇيرەنىڭىزدەر، ءبىلىپ جۇرىڭىزدەر. ءار جولى، ءاردايىم ەش تىنباستان كۇپىرلىك جوبالارى جاڭادان پايدا بولىپ وتىرادى، ولار ونى تىنباي جاساۋدا، ولار ونى يسلامدى قۇرتۋ ءۇشىن ىستەيدى، ال ولاردىڭ ىشىندە ەڭ بۇزىعى وسى سوڭعى جوباسى بولىپ وتىر، وندا ولار ادامداردىڭ باسىن اينالدىرىپ، الجاستىرىپ تاستادى، ەل-جۇرت «ءبىز دۇرىس، الدە، ولار دۇرىس؟» دەپ الجاسىپ ءجۇر، ءالحامدۋليللا، ءبىز تۋرا جولدامىز، الاڭ بولماڭىز. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ول بىزگە نەنىڭ حاق، نەنىڭ حاق ەمەس ەكەندىگىن كورسەتەتىن سۇلتانىمىز ءماحدي الەيحيس-سالامدى جىبەرگەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6813