You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Ашурада істелінетін міндеттер (2021.08.17)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=92

Ашурада істелінетін міндеттер (2021.08.17)

Бүгін мұхаррамның 9-күні, ал кейбір мемлекеттер үшін 8-күні, сонымен ертең ашура күні болмақ. Ашура күніне арналған белгілі құлшылықтар бар. Пайғамбарымыз «ашура күні толық ғұсыл (шомылу) алушы бір жыл бойы ауру-кеселден хауыпсыз болады, ол бәлендей үлкен науқасқа шалдықпайды.» деп айтқан, сондықтан ертең ғұсыл алған жөн, пайдалы болуы үшін бұл ғұсыл жақсы денсаулық тілеу ниетімен алынады, сонымен бірге, бұны істеуіміз пайғамбарымыздың бұйырығын орындау болып есептелінеді де, сол үшінде бізге сауаптар жазылатын болады. Ашурада үйіңе керекті зат сатып алу, әулет-отбасы мүшелеріне және кедей кісілерге садақа беру сынды амалдар амал етушіге мол береке алып келетін болады. Пайғамбарымыз көз аурудан сақтану үшін көзге сүрме жағу керектігін айтады, ал кімде-кім ашурада көзіне сүрме жақса, ол осы бір жыл бойы көз ауруларынан аман болады. Бұнда ашура күніне арналған арнайы төрт ракат намаз бар, бұл намазда әр ракаттағы фатиха сүресінің соңынан 11 рет ықлас сүресі оқылады. Намаз біткен соң 70 рет «хасбиаллһу уа ниғмәл уәкил.» деп айтып, соңында дұға жасайсың, дұғаң қабыл болады, иншалла.

Мұхаррамның 10-күні кейбір елдерде ертең болса, ал басқаларында бүрсігүні болады, оның уақытын әркім өзі тұрған елдердің уақыты бойынша есептеуі керек, себебі кей елдерде ай ерте көрінсе, кейбірінде жәй көрінеді. Біз оның нақты есептелуін білмедік, әдетте ай көрінгенде сәйкесті есептеу жасалатын, егер бұл мүмкіндік болмаса, әркім өзі тұрған мемлекеті бойынша есептеуі керек. Бұл күнді бекер өткізіп алмау керек, себебі ол бір қасиетті күн болып, қаза намаз секілді намаздарды орындасаң көптеген сауаптар жазылатын болады. Бұл күнді алла тағала біздерге орай ретінде берген, ол бізге расында қажетті-ақ, себебі қазіргі дүниенің жағдайы бәрімізге белгілі, көптеген жұт, тасқын су және өрт апаты сынды апаттар әр жерді жайлаған. Пайғамбарымыз бұл күндерді «ақырзаманда жауған жаңбыр мейрім болып емес, апат болып келеді, баласы ата-анасына бойсынбайтын болады.» деп сипаттаған яғни бұлар адамдарға жақсылық болып емес жаманшылық болып тимек, алла тағалада біздерді панасына алғай.

Бұл күндер дұға қабыл болатұғын уақыттардан болғандықтан, біз дұға жасауымыз керек, сонда барып аталмыш нәрселер жақсылыққа айналатын болады. Қазір апаттармен кеселдер қаптады, бұл күндері сан түрлі жұттар өршуде, ал адамдар бола «бұлар қайдан келді, оны адамдар жасауда?» деген сұрақтар үстінде жүр. Олар жасаған болсада, егер алла тағаланың рұхсат-қалауы болмаса, бұл істер болмақ емес, бұл апат-жұттар алла тағаланың адамдарға тура жолға түсіңдер деп жіберген ескертулері. Егер олар бұған құлақ салмаса, неболарын өздеріде біледі, ал біз алла тағаладан пана тілейміз, алла тағала біздерді бұндай апаттармен қиындықтардан қорғасын әрі құтқарсын деп сиынамыз. Біз осыларға сенуіміз керек, бізде иман болуы шарт, сенде «иман» сөзсіз бар болуы керек. Иман болмаған жерде адамдар ештеңеге сабыр ете алмайтын төзімсіздерден болады да, олар кезкелген нәрседен жеңіліп, күйрей бермек. Ал иман болған жерде, адамдар алла тағала оларды өзі қорғайтындығын және алла тағаланың әмірінің туылатындығын жете түсінеді де, олар жәйлы өмір сүретін болады. Алла тағала баршамызды панасына алғай әрі иманымызға қуат бергей.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
2021.08.17, Ыстанбұл, Түркия


- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф


اشۋرادا ىستەلىنەتىن مىندەتتەر (2021.08.17)

بۇگىن مۇحاررامنىڭ 9-كۇنى، ال كەيبىر مەملەكەتتەر ءۇشىن 8-كۇنى، سونىمەن ەرتەڭ اشۋرا كۇنى بولماق. اشۋرا كۇنىنە ارنالعان بەلگىلى قۇلشىلىقتار بار. پايعامبارىمىز «اشۋرا كۇنى تولىق عۇسىل (شومىلۋ) الۋشى ءبىر جىل بويى اۋرۋ-كەسەلدەن حاۋىپسىز بولادى، ول بالەندەي ۇلكەن ناۋقاسقا شالدىقپايدى.» دەپ ايتقان، سوندىقتان ەرتەڭ عۇسىل العان ءجون، پايدالى بولۋى ءۇشىن بۇل عۇسىل جاقسى دەنساۋلىق تىلەۋ نيەتىمەن الىنادى، سونىمەن بىرگە، بۇنى ىستەۋىمىز پايعامبارىمىزدىڭ بۇيىرىعىن ورىنداۋ بولىپ ەسەپتەلىنەدى دە، سول ۇشىندە بىزگە ساۋاپتار جازىلاتىن بولادى. اشۋرادا ۇيىڭە كەرەكتى زات ساتىپ الۋ، اۋلەت-وتباسى مۇشەلەرىنە جانە كەدەي كىسىلەرگە ساداقا بەرۋ سىندى امالدار امال ەتۋشىگە مول بەرەكە الىپ كەلەتىن بولادى. پايعامبارىمىز كوز اۋرۋدان ساقتانۋ ءۇشىن كوزگە سۇرمە جاعۋ كەرەكتىگىن ايتادى، ال كىمدە-كىم اشۋرادا كوزىنە سۇرمە جاقسا، ول وسى ءبىر جىل بويى كوز اۋرۋلارىنان امان بولادى. بۇندا اشۋرا كۇنىنە ارنالعان ارنايى ءتورت راكات ناماز بار، بۇل نامازدا ءار راكاتتاعى فاتيحا سۇرەسىنىڭ سوڭىنان 11 رەت ىقلاس سۇرەسى وقىلادى. ناماز بىتكەن سوڭ 70 رەت «حاسبياللھۋ ۋا نيعمال ۋاكيل.» دەپ ايتىپ، سوڭىندا دۇعا جاسايسىڭ، دۇعاڭ قابىل بولادى، ينشاللا.

مۇحاررامنىڭ 10-كۇنى كەيبىر ەلدەردە ەرتەڭ بولسا، ال باسقالارىندا بۇرسىگۇنى بولادى، ونىڭ ۋاقىتىن اركىم ءوزى تۇرعان ەلدەردىڭ ۋاقىتى بويىنشا ەسەپتەۋى كەرەك، سەبەبى كەي ەلدەردە اي ەرتە كورىنسە، كەيبىرىندە ءجاي كورىنەدى. ءبىز ونىڭ ناقتى ەسەپتەلۋىن بىلمەدىك، ادەتتە اي كورىنگەندە سايكەستى ەسەپتەۋ جاسالاتىن، ەگەر بۇل مۇمكىندىك بولماسا، اركىم ءوزى تۇرعان مەملەكەتى بويىنشا ەسەپتەۋى كەرەك. بۇل كۇندى بەكەر وتكىزىپ الماۋ كەرەك، سەبەبى ول ءبىر قاسيەتتى كۇن بولىپ، قازا ناماز سەكىلدى نامازداردى ورىنداساڭ كوپتەگەن ساۋاپتار جازىلاتىن بولادى. بۇل كۇندى اللا تاعالا بىزدەرگە وراي رەتىندە بەرگەن، ول بىزگە راسىندا قاجەتتى-اق، سەبەبى قازىرگى دۇنيەنىڭ جاعدايى بارىمىزگە بەلگىلى، كوپتەگەن جۇت، تاسقىن سۋ جانە ءورت اپاتى سىندى اپاتتار ءار جەردى جايلاعان. پايعامبارىمىز بۇل كۇندەردى «اقىرزاماندا جاۋعان جاڭبىر مەيرىم بولىپ ەمەس، اپات بولىپ كەلەدى، بالاسى اتا-اناسىنا بويسىنبايتىن بولادى.» دەپ سيپاتتاعان ياعني بۇلار ادامدارعا جاقسىلىق بولىپ ەمەس جامانشىلىق بولىپ تيمەك، اللا تاعالادا بىزدەردى پاناسىنا العاي.

بۇل كۇندەر دۇعا قابىل بولاتۇعىن ۋاقىتتاردان بولعاندىقتان، ءبىز دۇعا جاساۋىمىز كەرەك، سوندا بارىپ اتالمىش نارسەلەر جاقسىلىققا اينالاتىن بولادى. قازىر اپاتتارمەن كەسەلدەر قاپتادى، بۇل كۇندەرى سان ءتۇرلى جۇتتار ورشۋدە، ال ادامدار بولا «بۇلار قايدان كەلدى، ونى ادامدار جاساۋدا؟» دەگەن سۇراقتار ۇستىندە ءجۇر. ولار جاساعان بولسادا، ەگەر اللا تاعالانىڭ رۇحسات-قالاۋى بولماسا، بۇل ىستەر بولماق ەمەس، بۇل اپات-جۇتتار اللا تاعالانىڭ ادامدارعا تۋرا جولعا تۇسىڭدەر دەپ جىبەرگەن ەسكەرتۋلەرى. ەگەر ولار بۇعان قۇلاق سالماسا، نەبولارىن وزدەرىدە بىلەدى، ال ءبىز اللا تاعالادان پانا تىلەيمىز، اللا تاعالا بىزدەردى بۇنداي اپاتتارمەن قيىندىقتاردان قورعاسىن ءارى قۇتقارسىن دەپ سيىنامىز. ءبىز وسىلارعا سەنۋىمىز كەرەك، بىزدە يمان بولۋى شارت، سەندە «يمان» ءسوزسىز بار بولۋى كەرەك. يمان بولماعان جەردە ادامدار ەشتەڭەگە سابىر ەتە المايتىن توزىمسىزدەردەن بولادى دا، ولار كەزكەلگەن نارسەدەن جەڭىلىپ، كۇيرەي بەرمەك. ال يمان بولعان جەردە، ادامدار اللا تاعالا ولاردى ءوزى قورعايتىندىعىن جانە اللا تاعالانىڭ ءامىرىنىڭ تۋىلاتىندىعىن جەتە تۇسىنەدى دە، ولار ءجايلى ءومىر سۇرەتىن بولادى. اللا تاعالا بارشامىزدى پاناسىنا العاي ءارى يمانىمىزعا قۋات بەرگەي.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
2021.08.17، ىستانبۇل، تۇركيا


- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=92