Сұхбат: семірме, жүгірме, жәяу жүр, бұлшық ет өсірем деп, кесел болма (2026.11.22 / Хижри 1448-жыл 12-Жұмада Әл-Ақира)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=9007
Сұхбат: семірме, жүгірме, жәяу жүр, бұлшық ет өсірем деп, кесел болма (2026.11.22 / Хижри 1448-жыл 12-Жұмада Әл-Ақира)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Lefke, Cyprus, 2026) Алла Әззә уә-Жәллә былай дер, бисмиллахир рахманир рахим, «وَكُلُّ شَيْءٍ عِندَهُ بِمِقْدَارٍ», яғни, «және Оның қасында барлығының өз өлшемі бар», құран 13інші сүре 8інші аят. Барлығының өлшемі, есебі бар, ал адам сол өлшемге қарауы керек, пайғамбарымыз, «خَيْرُ الْأُمُورِ الْوَسَط», яғни, «әр нәрсе де орта болу - ең жақсысы» дейді. Пайғамбарымыз ﷺ әр нәрседе орташа болудың ең жақсы екендігін айтады, тым артық кетпеу жақсырақ болмақ. Ал қазір адамдар өз ой-қиялдары бойынша іс қылар, олар бірдеңе істей қалса, тым шектен асуға бейім тұрады. Ал олай шектен асу еш жақсылық емес, егер бір амал істемек болсаңыз, оны жалғасты сақтай алу жақсы болмақ, демек, өзіңіз жалғасты сақтай алмайтындай шектен шығатын ұшқарылыққа баспаңыз. Не үшін бұлай? себебі сіздің денеңіз мәлім әдетке үйреніп кеткен соң, ол осы ритимді сақтауы қажет, сонда орта жолда кідіріп қалмас, немесе, қалыпты хәлін жоғалтып алмас.
Әрине, адам қартаюға және өміріне қатысты шаруаларын ойласуы керек, егер біреу өзін шектен шығуға итермелесе, ол соңында оны жалғастыра алмайтын болады. Алайда, біреу тепе-теңдікті сақтайтын жолмен келсе, ол күнделікті намаз, дәрет-уду, және оқу-жаттау сияқтыларын жалғасты алып жүре алатын болады. Ал қазір адамдар оның дәл керісін істейді, олар физикалық-денелік нәрселерді руханияттан маңызды орынға қояды. Олар, «тән-дене өте маңызды, ал руханият деген не нәрсе, оны қой, біз әр күні екі сағат жүгіруіміз керек, ат сияқты такүр-түкір шауып, ойнақ салуымыз керек» дейді. Бұны сіз 1-2, я 3 жыл істей аларсыз, бірақ соңында одан шаршайтын боласыз, жалығасыз. Онсыз да сіз еш мақсатсыз шауып жүрген жоқсызба. Бұдан басқа, «дене өсіру» яғни, «боди-буилдиң» деген нәрсе бар.
Онда әр күні жарты я бір килограм ет жейсіз, бірақ денеге шынайы қажетті нәрсе орташа болған қалыпты ас-тамақтар ғой, асыра жеу жақсы емес. Адамдар асыра тамақ жейді, соңында жуан-жуан семіз құрсақпен қалады, содан олар, «мына құрсақтан қалай құтыламын, мен жүгірейін, спорт істейін» дер. Адамдар бұлшық ет өсіруге, яғни жуан-сом, қалың бұлшық ет өсіруге қатты көңіл бөледі, олар өте жуан бұлшық өсіріп, қозғала алмайды, білектері сондай ауыр, әрең қозғалатындай дәрежеге түседі. Ал ақырында олар одан да жалығып, оны тастар, сонымен не болар? олар үлкен қалтаға ұқсап қалар, терілері салбырап, денесі салақтап қалады. Сонымен бұның барлығының түйіні не? біз сонау бастан мынаны айтамыз, бұл біздің барлығына, бала-шаға, үлкен, және жастарға кеңесіміз сол, бұл қуған нәрселеріңде еш пайда жоқ. Кейбірі жағдайды онан арман асқындырады, олар сыйырдай дәу болып, жуан бұлшық ет өсіру дәмесімен сан түрлі ұнтақтарды (яғни протейін паудыр) істетеді.
Ал олар бұл ұнтақтарды жеуді тоқтатқан соң, олардың денесі бұзылар, олардың бүйрегі де, жүрегі де, өкпесі де дұрыс жұмыс істеуді қояды, барлығы бұзылумен тамам болады. Ақырында олар енді несін көрсетуі керек? олар екі жыл бұлшық етін өсірумен әуре болды, бірақ шындығында одан кім пайда тапты? одан ол адамның өзі де, отбасы да, әрине үмбет те пайда тапқан жоқ. Сонда оның не құны бар? егер шын пайда іздесеңіз, жалпылама пайдалы іс қылыңыз, орташа тәндік қимылдар істеңіз, мәселен, жәяу жүріңіз. Ал жүрген кезде, босқа жүрмеңіз, тасбих айтыңыз, зікір етіңіз, егер құран жаттаған болсаңыз, оны жүріп бара жатқанда жаттап, еске сақтаңыз. Машалла, имам Абдуррахман, Алла оған мықты денсаулық бергей, ол спорт істейді, және жәяу жүреді, ол ешқашан бос жүрмейді, жүріп бара жатып, есіне сақтаған 7-8 жүзді жатқа айтып шығады.
Қазір адамдар, «біз хафиз дайындап, қари тәрбиелеп жатырмыз» дейді, иә, сіздер хафиз тәрбиелеп жатсыздар, бірақ бір жыл өткен соң олардың есінде ештеңе қалмайды. Сонда не мән қалды? құранды жаттап алу тек басы ғана, ал одан соң тіпті де көптеген шаруа керек, сондықтан, уақытыңызды босқа ысырап етпеңіз. Жүріп бара жатып та зікір етіңіз, сол сияқтыларды істеңіз, ал жүгірмеңіз, ешқашан жүгірмеңіз, жүгіру - түк пайдасы жоқ нәрсе. Жүгіру мүмкін әскерлерге лайықты болар, Алла ﷻ оларға жәрдем еткей, тіпті соғыстың тәбиғатын алсақ, онда бір әскердің жүгіріп қашуы жеңіліске де апарады. Біз әскерде қызмет өтедік, бұл біздің командирдан есте қалғандарымыз, демек, жүгіру әскерлерге пайдалы, бірақ жәй адам неге жүгіреді? бұндайда денеңді шаршатасың, тізең құриды, аяғың ауырады. Сондықтан, жәяу жүрсең болды, жәяу жүру - пайғамбарымыз ﷺның сүннеті, демек, жәяу жүру - сүннет.
Жарты сағат немесе бір сағат жүріңіз, таңда біраз жүр, кеште біраз жүр, түсте жүр, міне бұл жақсы, бұл барлығына, кәрі-жас, ер-әйелге бірдей арналған кеңес. Тағы айтар болсақ, жаңа бірдеңе шыға қалса, немесе ағым-трендке айналса, елдің барлығы оған бірден сүңгіп кетеді, «мен дәрі жедім, укіл салдырдым, содан салмақ жоғалыттым» деп жатады, жә, бұндайда сіз өзіңізді өзіңіз бүлдірдіңіз! көп болмай салмағың қайта бұрынғы орнына келер, одан тағы басқа бірдеңені сынап көресіз, бірақ одан да түк өнбейді. Ал одан кейін олар не істемек, олар оны ұстап, салмақ түсірту үшін бір сарысуын салар. Демек, адамдар естігеніне сене беретін бұндай ақымақ болмауы керек, барлығына сене бермеңіз! айтылған нәрсенің барлығына сене кетпеңіз! Алла Әззә уә-Жәлләмен пайғамбарымыз ﷺ көрсеткен жолға еріңіз, сенсең, осыған сен.
Ал басқа ештеңеге сенбеңіз, Алла ﷻ бізді қорғағай, кейбір адамдар ақша үшін өзгелердің денсаулығымен және саламаттығымен ойнап жүр, Алла ﷻ бізге жәрдем еткей. Иншалла, егер әр адам өзін қорғай алса, ешқандай залал келмес болар. Және бұнда титтей іске болар дохтырға жүгіру қажетсіз. Егер расында бір қатер болса, әрине, бару керек, бірақ қазіргі кезде көптеген дохтырлар нәпсісіне ерік беріп, адамның миына мазасыздық егеді, жағдайды онан арман ұшықтырады. Ал бұнда тәбиғи түрде медитсиналық емдеуді қажет ететін жағдайлар бар, бұндай кезде ол айтылуы керек. Бірақ жұрт қажетсіз алаңдаушылыққа салынбауы, немесе, кішкене белгілерге бола, саспауы керек. Алла ﷻ бізді қорғағай, бізге жәрдем еткей, ал біз нәпсіміз үшін өзімізді құртып алғандардан болмайық, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: سەمىرمە، جۇگىرمە، ءجاياۋ ءجۇر، بۇلشىق ەت وسىرەم دەپ، كەسەل بولما (2026.11.22 / حيجري 1448-جىل 12-جۇمادا ءال-اقيرا)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Lefke، Cyprus، 2026) اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بىلاي دەر، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَكُلُّ ءشَيٍْ عِندَهُ بِمِقْدَارٍ»، ياعني، «جانە ونىڭ قاسىندا بارلىعىنىڭ ءوز ولشەمى بار»، قۇران 13ءىنشى سۇرە 8ءىنشى ايات. بارلىعىنىڭ ولشەمى، ەسەبى بار، ال ادام سول ولشەمگە قاراۋى كەرەك، پايعامبارىمىز، «خَيْرُ الْأُمُورِ الْوَسَط»، ياعني، «ءار نارسە دە ورتا بولۋ - ەڭ جاقسىسى» دەيدى. پايعامبارىمىز ﷺ ءار نارسەدە ورتاشا بولۋدىڭ ەڭ جاقسى ەكەندىگىن ايتادى، تىم ارتىق كەتپەۋ جاقسىراق بولماق. ال ءقازىر ادامدار ءوز وي-قيالدارى بويىنشا ءىس قىلار، ولار بىردەڭە ىستەي قالسا، تىم شەكتەن اسۋعا بەيىم تۇرادى. ال ولاي شەكتەن اسۋ ەش جاقسىلىق ەمەس، ەگەر ءبىر امال ىستەمەك بولساڭىز، ونى جالعاستى ساقتاي الۋ جاقسى بولماق، دەمەك، ءوزىڭىز جالعاستى ساقتاي المايتىنداي شەكتەن شىعاتىن ۇشقارىلىققا باسپاڭىز. نە ءۇشىن بۇلاي؟ سەبەبى ءسىزدىڭ دەنەڭىز ءمالىم ادەتكە ۇيرەنىپ كەتكەن سوڭ، ول وسى ءريتيمدى ساقتاۋى قاجەت، سوندا ورتا جولدا كىدىرىپ قالماس، نەمەسە، قالىپتى ءحالىن جوعالتىپ الماس.
ارينە، ادام قارتايۋعا جانە ومىرىنە قاتىستى شارۋالارىن ويلاسۋى كەرەك، ەگەر بىرەۋ ءوزىن شەكتەن شىعۋعا يتەرمەلەسە، ول سوڭىندا ونى جالعاستىرا المايتىن بولادى. الايدا، بىرەۋ تەپە-تەڭدىكتى ساقتايتىن جولمەن كەلسە، ول كۇندەلىكتى ناماز، دارەت-ۋدۋ، جانە وقۋ-جاتتاۋ سياقتىلارىن جالعاستى الىپ جۇرە الاتىن بولادى. ال ءقازىر ادامدار ونىڭ ءدال كەرىسىن ىستەيدى، ولار فيزيكالىق-دەنەلىك نارسەلەردى رۋحانياتتان ماڭىزدى ورىنعا قويادى. ولار، «ءتان-دەنە وتە ماڭىزدى، ال رۋحانيات دەگەن نە نارسە، ونى قوي، ءبىز ءار كۇنى ەكى ساعات جۇگىرۋىمىز كەرەك، ات سياقتى تاكۇر-تۇكىر شاۋىپ، ويناق سالۋىمىز كەرەك» دەيدى. بۇنى ءسىز 1-2، يا 3 جىل ىستەي الارسىز، ءبىراق سوڭىندا ودان شارشايتىن بولاسىز، جالىعاسىز. ونسىز دا ءسىز ەش ماقساتسىز شاۋىپ جۇرگەن جوقسىزبا. بۇدان باسقا، «دەنە ءوسىرۋ» ياعني، «بودي-بۋيلديڭ» دەگەن نارسە بار.
وندا ءار كۇنى جارتى يا ءبىر كيلوگرام ەت جەيسىز، ءبىراق دەنەگە شىنايى قاجەتتى نارسە ورتاشا بولعان قالىپتى اس-تاماقتار عوي، اسىرا جەۋ جاقسى ەمەس. ادامدار اسىرا تاماق جەيدى، سوڭىندا جۋان-جۋان سەمىز قۇرساقپەن قالادى، سودان ولار، «مىنا قۇرساقتان قالاي قۇتىلامىن، مەن جۇگىرەيىن، سپورت ىستەيىن» دەر. ادامدار بۇلشىق ەت وسىرۋگە، ياعني جۋان-سوم، قالىڭ بۇلشىق ەت وسىرۋگە قاتتى كوڭىل بولەدى، ولار وتە جۋان بۇلشىق ءوسىرىپ، قوزعالا المايدى، بىلەكتەرى سونداي اۋىر، ارەڭ قوزعالاتىنداي دارەجەگە تۇسەدى. ال اقىرىندا ولار ودان دا جالىعىپ، ونى تاستار، سونىمەن نە بولار؟ ولار ۇلكەن قالتاعا ۇقساپ قالار، تەرىلەرى سالبىراپ، دەنەسى سالاقتاپ قالادى. سونىمەن بۇنىڭ بارلىعىنىڭ ءتۇيىنى نە؟ ءبىز سوناۋ باستان مىنانى ايتامىز، بۇل ءبىزدىڭ بارلىعىنا، بالا-شاعا، ۇلكەن، جانە جاستارعا كەڭەسىمىز سول، بۇل قۋعان نارسەلەرىڭدە ەش پايدا جوق. كەيبىرى جاعدايدى ونان ارمان اسقىندىرادى، ولار سىيىرداي ءداۋ بولىپ، جۋان بۇلشىق ەت ءوسىرۋ دامەسىمەن سان ءتۇرلى ۇنتاقتاردى (ياعني پروتەيىن پاۋدىر) ىستەتەدى.
ال ولار بۇل ۇنتاقتاردى جەۋدى توقتاتقان سوڭ، ولاردىڭ دەنەسى بۇزىلار، ولاردىڭ بۇيرەگى دە، جۇرەگى دە، وكپەسى دە دۇرىس جۇمىس ىستەۋدى قويادى، بارلىعى بۇزىلۋمەن تامام بولادى. اقىرىندا ولار ەندى نەسىن كورسەتۋى كەرەك؟ ولار ەكى جىل بۇلشىق ەتىن وسىرۋمەن اۋرە بولدى، ءبىراق شىندىعىندا ودان كىم پايدا تاپتى؟ ودان ول ادامنىڭ ءوزى دە، وتباسى دا، ارينە ۇمبەت تە پايدا تاپقان جوق. سوندا ونىڭ نە قۇنى بار؟ ەگەر شىن پايدا ىزدەسەڭىز، جالپىلاما پايدالى ءىس قىلىڭىز، ورتاشا تاندىك قيمىلدار ىستەڭىز، ماسەلەن، ءجاياۋ ءجۇرىڭىز. ال جۇرگەن كەزدە، بوسقا جۇرمەڭىز، تاسبيح ايتىڭىز، زىكىر ەتىڭىز، ەگەر قۇران جاتتاعان بولساڭىز، ونى ءجۇرىپ بارا جاتقاندا جاتتاپ، ەسكە ساقتاڭىز. ماشاللا، يمام ابدۋرراحمان، اللا وعان مىقتى دەنساۋلىق بەرگەي، ول سپورت ىستەيدى، جانە ءجاياۋ جۇرەدى، ول ەشقاشان بوس جۇرمەيدى، ءجۇرىپ بارا جاتىپ، ەسىنە ساقتاعان 7-8 ءجۇزدى جاتقا ايتىپ شىعادى.
ءقازىر ادامدار، «ءبىز حافيز دايىنداپ، قاري تاربيەلەپ جاتىرمىز» دەيدى، ءيا، سىزدەر حافيز تاربيەلەپ جاتسىزدار، ءبىراق ءبىر جىل وتكەن سوڭ ولاردىڭ ەسىندە ەشتەڭە قالمايدى. سوندا نە ءمان قالدى؟ قۇراندى جاتتاپ الۋ تەك باسى عانا، ال ودان سوڭ ءتىپتى دە كوپتەگەن شارۋا كەرەك، سوندىقتان، ۋاقىتىڭىزدى بوسقا ىسىراپ ەتپەڭىز. ءجۇرىپ بارا جاتىپ تا زىكىر ەتىڭىز، سول سياقتىلاردى ىستەڭىز، ال جۇگىرمەڭىز، ەشقاشان جۇگىرمەڭىز، جۇگىرۋ - تۇك پايداسى جوق نارسە. جۇگىرۋ مۇمكىن اسكەرلەرگە لايىقتى بولار، اللا ﷻ ولارعا جاردەم ەتكەي، ءتىپتى سوعىستىڭ ءتابيعاتىن الساق، وندا ءبىر اسكەردىڭ جۇگىرىپ قاشۋى جەڭىلىسكە دە اپارادى. ءبىز اسكەردە قىزمەت وتەدىك، بۇل ءبىزدىڭ كومانديردان ەستە قالعاندارىمىز، دەمەك، جۇگىرۋ اسكەرلەرگە پايدالى، ءبىراق ءجاي ادام نەگە جۇگىرەدى؟ بۇندايدا دەنەڭدى شارشاتاسىڭ، تىزەڭ قۇريدى، اياعىڭ اۋىرادى. سوندىقتان، ءجاياۋ جۇرسەڭ بولدى، ءجاياۋ ءجۇرۋ - پايعامبارىمىز ﷺنىڭ سۇننەتى، دەمەك، ءجاياۋ ءجۇرۋ - سۇننەت.
جارتى ساعات نەمەسە ءبىر ساعات ءجۇرىڭىز، تاڭدا ءبىراز ءجۇر، كەشتە ءبىراز ءجۇر، تۇستە ءجۇر، مىنە بۇل جاقسى، بۇل بارلىعىنا، كارى-جاس، ەر-ايەلگە بىردەي ارنالعان كەڭەس. تاعى ايتار بولساق، جاڭا بىردەڭە شىعا قالسا، نەمەسە اعىم-ترەندكە اينالسا، ەلدىڭ بارلىعى وعان بىردەن سۇڭگىپ كەتەدى، «مەن ءدارى جەدىم، ۋكىل سالدىردىم، سودان سالماق جوعالىتتىم» دەپ جاتادى، ءجا، بۇندايدا ءسىز ءوزىڭىزدى ءوزىڭىز ءبۇلدىردىڭىز! كوپ بولماي سالماعىڭ قايتا بۇرىنعى ورنىنا كەلەر، ودان تاعى باسقا بىردەڭەنى سىناپ كورەسىز، ءبىراق ودان دا تۇك ونبەيدى. ال ودان كەيىن ولار نە ىستەمەك، ولار ونى ۇستاپ، سالماق ءتۇسىرتۋ ءۇشىن ءبىر سارىسۋىن سالار. دەمەك، ادامدار ەستىگەنىنە سەنە بەرەتىن بۇنداي اقىماق بولماۋى كەرەك، بارلىعىنا سەنە بەرمەڭىز! ايتىلعان نارسەنىڭ بارلىعىنا سەنە كەتپەڭىز! اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن پايعامبارىمىز ﷺ كورسەتكەن جولعا ەرىڭىز، سەنسەڭ، وسىعان سەن.
ال باسقا ەشتەڭەگە سەنبەڭىز، اللا ﷻ ءبىزدى قورعاعاي، كەيبىر ادامدار اقشا ءۇشىن وزگەلەردىڭ دەنساۋلىعىمەن جانە سالاماتتىعىمەن ويناپ ءجۇر، اللا ﷻ بىزگە جاردەم ەتكەي. ينشاللا، ەگەر ءار ادام ءوزىن قورعاي السا، ەشقانداي زالال كەلمەس بولار. جانە بۇندا تيتتەي ىسكە بولار دوحتىرعا جۇگىرۋ قاجەتسىز. ەگەر راسىندا ءبىر قاتەر بولسا، ارينە، بارۋ كەرەك، ءبىراق قازىرگى كەزدە كوپتەگەن دوحتىرلار ناپسىسىنە ەرىك بەرىپ، ادامنىڭ ميىنا مازاسىزدىق ەگەدى، جاعدايدى ونان ارمان ۇشىقتىرادى. ال بۇندا ءتابيعي تۇردە مەديتسينالىق ەمدەۋدى قاجەت ەتەتىن جاعدايلار بار، بۇنداي كەزدە ول ايتىلۋى كەرەك. ءبىراق جۇرت قاجەتسىز الاڭداۋشىلىققا سالىنباۋى، نەمەسە، كىشكەنە بەلگىلەرگە بولا، ساسپاۋى كەرەك. اللا ﷻ ءبىزدى قورعاعاي، بىزگە جاردەم ەتكەي، ال ءبىز ءناپسىمىز ءۇشىن ءوزىمىزدى قۇرتىپ العانداردان بولمايىق، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=9007