Сұхбат: «көп дүние, көп ақша мені бақытты етер» деген елеске алданып қалма (2026.11.01 / Хижри 1448-жыл 21-Жұмада Әл-Ауал)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8986
Сұхбат: «көп дүние, көп ақша мені бақытты етер» деген елеске алданып қалма (2026.11.01 / Хижри 1448-жыл 21-Жұмада Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Naqshbandi Aliyyah Zawiyah – Yishun, Singapore, 2026) Сингапорда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «ذَرْهُمْ يَأْكُلُوا وَيَتَمَتَّعُوا وَيُلْهِهِمُ الْأَمَلُ», яғни, «сонымен олар жесін, ойнап күлсін, және олар жалған үмітпен жаңыла тұрсын», садақаллахулғазим, құран 15інші сүре 3інші аят. Алла Әззә уә-Жәллә, «бұл адамдар дүниеде жеп ішіп, ойнап күліп, билей тұрсын, ақша-мүлік жинай тұрсын» дер, демек, міне бұл олардың «бізді қуантар» деп жүрген жалған елесі. Қазір біздің бұл дүниеде көріп отырғанымыз да міне осы нәрселер. Барлық адам бұл дүниеде өзімді қайткенде бақытты етем, мені ақша, алтын, машина, әйел, я кезкелген нәрсе бақытты етер деген нәрсенің ғана артына түскен. Адамдар осы нәрселерді ғана ойлар, әсіресе осы мемлекетте тіпті де солай. Не үшін? себебі оларда ақша бар болып, бақыт деген сол деп ойлар, ал ақиқатына ол бақыт емес. Бірақ олар, «біз қайткенде бақытты боламыз, біз тіпті де қымбат үй сатып алсақ, қымбат машина алсақ, аяқ киім алсақ, киім-кешек алсақ, тамақ жесек, бақыт деген сол» деп ойлар, олар тек осыны ойлар.
Бірақ бұның қалай адам болумен қатысы жоқ, себебі, Алла ﷻ адамға жаманнан жақсыны ажырата білсін, ойлансын деп ақыл берген. Ал хайуандар ненің жақсы екенін білмес, олар жеуді ғана білер, басқа ештеңе жоқ, бірақ адам баласы одан артық болуы керек, яғни, адам білуі керек. «أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا», яғни, «содан сендер Біз сендерді босқа жаратты деп ойлайсыңдарма» делінер, құран 23інші сүре 115інші аят. Демек, Біз сендерді ойнап күлуге, нәпсіңнің артына түсіп, оны қуантуға, нәпсіңе құл болып, оның айтқанын істеуге жаратқан жоқпыз, оған жаратпадық. Жоқ, Алла Әззә уә-Жәллә сендерді бұған жаратқан жоқ, Ол сендерді бақытты болуларың үшін жаратты, және Ол ненің бақыт екендігін айтты. «وَاللَّهُ يَدْعُو إِلَىٰ دَارِ السَّلَامِ», яғни, «және Алла сендерді тыныштық үйіне шақырады», құран 10інші сүре 25інші аят. Алла ﷻ адамдарды бақытты болуға шақырады, бейбітшілік үйіне шақырады.
Тыныштық мағынасы бақыт-қуаныш дегенді білдіреді, бұл «тыныштық» осы дүниеде адамдардың айтып жүрген «тыныштығы» емес, көптеген адамдар тынштық туралы айтар, бірақ осы тыныштыққа жету үшін ештеңе істемейді. Егер сендер Алла ﷻның қалағанын істесеңдер, бақытты болатын едіңдер, тыныштықта болатын едіңдер. Ал дүниенің артына түсіп, «егер біз бұны алсақ, оны алсақ, тіпті де бақытты боламыз» десең болмайды, жоқ, бұл ешқашан бітпейді. Демек, нәпсіңізге қанша көп берген сайын, ол тіпті де көп қалар, нәпсінің қалауының ақыры болмайды, ол тек қана «тағы да, тағы да» деп, көп нәрсені сұрай береді. Ол тағы басқасын қалайды, ол ешкімге ұқсамағысы келеді. Себебі, ол басқа нәрсені көргенде, «мен одан да жақсы бірдеңе жасауым керек, бұны алуым керек, ол ер, бұл әйел оны алыпты, менде ақша бар, бәрі бар, сондықтан мен ерекше болуым керек, бұған ешкім жете алмас» деген сияқты нәрселерді айтар.
Көп кезде біз бұны көріп жүрміз. Мәселен, мен бірінші рет парижға барғанда, ондағы ең қымбат дүкенге бардық, олар онда маған кейібір нәселерін көрсетті, кішісі бар, үлкені бар дегендей. Бірақ олардың бағасы сұмдық екен, мен ондай бағаны естіп көрмеппін, содан мен, «бұл адамдар оны сатып алу үшін осында келгенді ұнатады екен, себебі басқа адамдар оны сатып ала алмайды» дедім. Және бұл нәрселердің ешқандай пайдасы жоқ, бұл олардың, «мен бұны осы дүкеннен сатып алдым, ол өте қымбат, жәй адамдар оны сатып ала алмайды, бірақ мен сатып алдым, қатты қуанып тұрмын, нәпсім сол, ох менің нәпсім, сен қуанып тұрсыңба» деп айту үшін ғана керек. Әрине, жәй адамдар, кедей адамдар оны сатып ала алмайды. Одан соң нәпсісі, «жоқ, сен тағы да көп сатып алуың керек, одан да қымбат бірдеңе тап, соны ал, тіпті де қымбат нәрсе ізде, соған тағы да көп ақша жұмса» дер.
Ал Алла ﷻ үшін, олар бір тиын ақша да бермес, бірақ нәпсісі үшін барлығын берер, бұл күнде адамдар осындай болып кеткен, олар нәпсілеріне тым ереді. Егер олар осы нәпсіден азат болса, бақытты болар еді, шын бақытқа жетер еді, көптеген әулиелер қате жолда болған, одан соң Алла оларға хидаят беріп, олар ұлық әулиелерге айналған. Есімде, олардың бірі Бишыр Әл-Хафи есімді кісі еді, біз өткен жылы бағдат қаласында оны зиярат еттік. Жас кезінде оның отбасы өте бай еді, және оның бір жаман досы бар еді, ал сізге ең жаман іс сол, досыңыздың жаман болуы-дүр. Әр адам жаман достан абай болуы керек, олармен бірге болмаңыз, егер олар кеңесіңізге құлақ салса, онда болар, әйтпесе оларға жақындамаңыз. Иә, оның бір жаман дос бар еді, және ол оның ақшасымен барлығын істейтін, ана-мұнда баратын, арақ ішетін, бәрін қылатын. Содан, бірде ол арақ ішуге барып, үйіне қайтқан соң, ұйықтап қалады.
Сол кезде бір әулие кісі келіп, оның қақпасын қағады, оның құлы қақпаны ашар, және ол, «қожайыныңа мынаны айт, ол әнеу жаман досын, жаман жолын тастасын, Аллаға бұрылсын» дейді. Құлы ішке барып, бұны оған айтар, ол, «оны кім айтты» дер, құлы, «бір әулие кісі есікті қағып, осыны айтып кетті» дейді. Ол дереу шығып, оны қуып жетеді, ол адам оған тағы да, «анау жаман досыңмен бірге болма» дейді, содан ол тәубеге келіп, кешірім сұрар, намазға қайта келер. Алайда, біраз уақыт өткен соң, бұл шайтан досы оған тағы келер, және оны ақырын-ақырын өзгертер, ол осы жаман досына тағы еріп кетеді. Содан ол бірде мас болып, көшеде жатып қалады, ал есін жиғанда Алланың есімі жазылған бір қағазды тауып алады. Жауын жауып жатыр екен, қағаз балшық болған, ол оны алып, жақсы тазалайды, басына қояды, оны хош иіспен әтірлеп, бөлмесіне іліп қояды.
Сол түні ол түс көріп, түсіне манағы әулие кісінің Алладан сөйлеп тұрғанын көреді, ал Алла ﷻ оған, «бұл жас жігітке айт, ол Менің есімімді биік қойды, Мен оны кешіремін, мен де оны көтеремін, Менің илаһи құзіретімде ол биік, ол биік мақамда» деп жатыр екен. Ол манағы кісіге барып, бұл жәйлы айтады, және ол жылайды, қатты жылайды. Одан соң ол, «сіз бұны Алладан деп айтқан сәттен бастап, мен осылай қаламын, өзіммен ештеңе алмаймын, мен тек Алла үшін кетемін» дейді. Содан ол барлығын тастар, аяқ киімсіз кетер, бұнда «хафи» сөзі жалаңаяқ, аяқ киімі жоқ деген мағынаны білдіреді, оның есімі содан қалған еді. Ол, «мен Алланы таныған кезде жалаңаяқ едім, қазір аяқ киім киуден ұяламын» деп, өмір бойы жалаңаяқ жүрген екен. Солай, ол барлығын тастап, бақытқа жетті, ақиреттің бір сұлтанына айналды, оның қабыр-мазары бағдатта.
Ол мыңдаған шәкірттерді пайғамбарымыздың жолына, сопылық тәриқаттың, шәриғаттың жолына бастап, хидаят берді, ал біздің істемекші болып жатқанымыз да міне осы. Әлхамдулилла, осында да, әрине, бұл жер дүниедегі ең қымбат жер, әлхамдулилла, иншалла, мұндағылар, сіздер, сіздердің балаларыңыз, және өзгелер де бұған қарамауы, оның артына түспеуі керек. Демек олар, «ох, бұл менің әкем үшін, анам үшін, бұл біздің жер, я біздің жер емес» деген сияқты нәрселерді айтпаңыздар. Жоқ, бұлар маңызды емес, маңыздысы сізде ең асыл нәрсенің болуы-дүр, демек, Алла Әззә уә-Жәлләның илаһи құзіретінде асыл жан болыңыз. «إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِندَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ», яғни, «расында, Алла алдында сендердің ең асылдарың араларыңдағы ең тақуаларың», садақаллахулғазим, құран 49інші сүре 13інші аят. Яғни, Алланың илаһи құзіретінде ең асыл, ең қабыл адам дегеніміз Алламен бірге болған, Аллаға мойынұсынған, пайғамбарымызды, сахабаларды, әхлул-бәйіттерді, әулие-машайықтарды, мүминдерді сүйген адам.
Ең қымбат нәрсе басқа емес, дәл міне осы, мен сіздердің елдей бай ел көрмедім, яғни дүние байлығында осы жердей бай ел жоқ, тіпті дүниенің басқа жерінен де таба алмайсыз. Бірақ бұлардың еш құны жоқ, Мәуләнә Шайық Назым хазірет адамдарды күлдіретін және ойландыратын көптеген нәрселерді көп айтып отырушы еді. Мәселен, үлкен ғимараттардың қожайыны өлгенде, жұрт, «бұл алып ғимараттарға не болды, иә, оның иесі өліпті» дер. Және, «бұл өлген адамды лифтқа кіргізіңдер, сонда ешкім оны көрмес, бетін жабыңдар, ел көрмесін, оны бұл арадан тез әкетіңдер, дүниенің артында жүргендер оны көрмесін, сонда олар одан ғибырат ала алмас» деп айтар. Демек, осыбір алып ғимараттардың иесі өлді, ал оның осы нәрселерінен не пайдар бар? ол одан игілік таптыма? оның алып ғимараттары, есепсіз ақшалары, тым көп байлықтары оған көп өмір бере алдыма? жоқ, ол бітті, барлығы бітті, ол кезде үн жоқ, тыныс жоқ, ештеңе жоқ, бітті, бәрі бітті.
Осы қала мүминдерге дүниенің артына түсіп кетпеу жәйлы өте жақсы ғибырат, ал адамдарға, «ох, біз дүниемен ризамыз» деген ой салмау керек, яғни дүниемен мәз болмаңыз, ақиретпен мәз болыңыз, иншалла. Алла ﷻ біздерді берекелегей, сізді аман еткей, барлығымызды аман еткей. Сіздер дүниені ақирет үшін істетуіңіз керек, демек, осыбір ғимараттарды ақиретке жіберіңіздер, әйтпесе, оны осында қалдырасыз да, оны өзгелер алатын болады. Ол сіздікі болғандай, өзгелердікі болар. Алла ﷻ бізді есендікте еткей, иншалла. Алла ﷻ өзгелерге жәрдемдесуіміз үшін, исламға қызмет етуіміз үшін мол дәулет бергей, иншалла. Әйтпсе, олар қажетсіз, иншалла. Алла ﷻ бізді Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-саламға жеткізгей, сіздер байлықтың молдығын сол кезде көретін боласыздар. Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-саламның кезіндегідей дәулетілікті ештеңеге салыстыруға келмес.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: «كوپ دۇنيە، كوپ اقشا مەنى باقىتتى ەتەر» دەگەن ەلەسكە الدانىپ قالما (2026.11.01 / حيجري 1448-جىل 21-جۇمادا ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Naqshbandi Aliyyah Zawiyah – Yishun، Singapore، 2026) سينگاپوردا ايتىلعان سۇحبات. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «ذَرْهُمْ يَأْكُلُوا وَيَتَمَتَّعُوا وَيُلْهِهِمُ الْأَمَلُ»، ياعني، «سونىمەن ولار جەسىن، ويناپ كۇلسىن، جانە ولار جالعان ۇمىتپەن جاڭىلا تۇرسىن»، ساداقاللاحۋلعازيم، قۇران 15ءىنشى سۇرە 3ءىنشى ايات. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «بۇل ادامدار دۇنيەدە جەپ ءىشىپ، ويناپ كۇلىپ، بيلەي تۇرسىن، اقشا-مۇلىك جيناي تۇرسىن» دەر، دەمەك، مىنە بۇل ولاردىڭ «ءبىزدى قۋانتار» دەپ جۇرگەن جالعان ەلەسى. ءقازىر ءبىزدىڭ بۇل دۇنيەدە كورىپ وتىرعانىمىز دا مىنە وسى نارسەلەر. بارلىق ادام بۇل دۇنيەدە ءوزىمدى قايتكەندە باقىتتى ەتەم، مەنى اقشا، التىن، ماشينا، ايەل، يا كەزكەلگەن نارسە باقىتتى ەتەر دەگەن نارسەنىڭ عانا ارتىنا تۇسكەن. ادامدار وسى نارسەلەردى عانا ويلار، اسىرەسە وسى مەملەكەتتە ءتىپتى دە سولاي. نە ءۇشىن؟ سەبەبى ولاردا اقشا بار بولىپ، باقىت دەگەن سول دەپ ويلار، ال اقيقاتىنا ول باقىت ەمەس. ءبىراق ولار، «ءبىز قايتكەندە باقىتتى بولامىز، ءبىز ءتىپتى دە قىمبات ءۇي ساتىپ الساق، قىمبات ماشينا الساق، اياق كيىم الساق، كيىم-كەشەك الساق، تاماق جەسەك، باقىت دەگەن سول» دەپ ويلار، ولار تەك وسىنى ويلار.
ءبىراق بۇنىڭ قالاي ادام بولۋمەن قاتىسى جوق، سەبەبى، اللا ﷻ ادامعا جاماننان جاقسىنى اجىراتا ءبىلسىن، ويلانسىن دەپ اقىل بەرگەن. ال حايۋاندار نەنىڭ جاقسى ەكەنىن بىلمەس، ولار جەۋدى عانا بىلەر، باسقا ەشتەڭە جوق، ءبىراق ادام بالاسى ودان ارتىق بولۋى كەرەك، ياعني، ادام ءبىلۋى كەرەك. «أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا»، ياعني، «سودان سەندەر ءبىز سەندەردى بوسقا جاراتتى دەپ ويلايسىڭدارما» دەلىنەر، قۇران 23ءىنشى سۇرە 115ءىنشى ايات. دەمەك، ءبىز سەندەردى ويناپ كۇلۋگە، ءناپسىڭنىڭ ارتىنا ءتۇسىپ، ونى قۋانتۋعا، ناپسىڭە قۇل بولىپ، ونىڭ ايتقانىن ىستەۋگە جاراتقان جوقپىز، وعان جاراتپادىق. جوق، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سەندەردى بۇعان جاراتقان جوق، ول سەندەردى باقىتتى بولۋلارىڭ ءۇشىن جاراتتى، جانە ول نەنىڭ باقىت ەكەندىگىن ايتتى. «وَاللَّهُ يَدْعُو إِلَىٰ دَارِ السَّلَامِ»، ياعني، «جانە اللا سەندەردى تىنىشتىق ۇيىنە شاقىرادى»، قۇران 10ءىنشى سۇرە 25ءىنشى ايات. اللا ﷻ ادامداردى باقىتتى بولۋعا شاقىرادى، بەيبىتشىلىك ۇيىنە شاقىرادى.
تىنىشتىق ماعىناسى باقىت-قۋانىش دەگەندى بىلدىرەدى، بۇل «تىنىشتىق» وسى دۇنيەدە ادامداردىڭ ايتىپ جۇرگەن «تىنىشتىعى» ەمەس، كوپتەگەن ادامدار تىنشتىق تۋرالى ايتار، ءبىراق وسى تىنىشتىققا جەتۋ ءۇشىن ەشتەڭە ىستەمەيدى. ەگەر سەندەر اللا ﷻنىڭ قالاعانىن ىستەسەڭدەر، باقىتتى بولاتىن ەدىڭدەر، تىنىشتىقتا بولاتىن ەدىڭدەر. ال دۇنيەنىڭ ارتىنا ءتۇسىپ، «ەگەر ءبىز بۇنى الساق، ونى الساق، ءتىپتى دە باقىتتى بولامىز» دەسەڭ بولمايدى، جوق، بۇل ەشقاشان بىتپەيدى. دەمەك، ناپسىڭىزگە قانشا كوپ بەرگەن سايىن، ول ءتىپتى دە كوپ قالار، ءناپسىنىڭ قالاۋىنىڭ اقىرى بولمايدى، ول تەك قانا «تاعى دا، تاعى دا» دەپ، كوپ نارسەنى سۇراي بەرەدى. ول تاعى باسقاسىن قالايدى، ول ەشكىمگە ۇقساماعىسى كەلەدى. سەبەبى، ول باسقا نارسەنى كورگەندە، «مەن ودان دا جاقسى بىردەڭە جاساۋىم كەرەك، بۇنى الۋىم كەرەك، ول ەر، بۇل ايەل ونى الىپتى، مەندە اقشا بار، ءبارى بار، سوندىقتان مەن ەرەكشە بولۋىم كەرەك، بۇعان ەشكىم جەتە الماس» دەگەن سياقتى نارسەلەردى ايتار.
كوپ كەزدە ءبىز بۇنى كورىپ ءجۇرمىز. ماسەلەن، مەن ءبىرىنشى رەت پاريجعا بارعاندا، ونداعى ەڭ قىمبات دۇكەنگە باردىق، ولار وندا ماعان كەيىبىر ناسەلەرىن كورسەتتى، كىشىسى بار، ۇلكەنى بار دەگەندەي. ءبىراق ولاردىڭ باعاسى سۇمدىق ەكەن، مەن ونداي باعانى ەستىپ كورمەپپىن، سودان مەن، «بۇل ادامدار ونى ساتىپ الۋ ءۇشىن وسىندا كەلگەندى ۇناتادى ەكەن، سەبەبى باسقا ادامدار ونى ساتىپ الا المايدى» دەدىم. جانە بۇل نارسەلەردىڭ ەشقانداي پايداسى جوق، بۇل ولاردىڭ، «مەن بۇنى وسى دۇكەننەن ساتىپ الدىم، ول وتە قىمبات، ءجاي ادامدار ونى ساتىپ الا المايدى، ءبىراق مەن ساتىپ الدىم، قاتتى قۋانىپ تۇرمىن، ءناپسىم سول، وح مەنىڭ ءناپسىم، سەن قۋانىپ تۇرسىڭبا» دەپ ايتۋ ءۇشىن عانا كەرەك. ارينە، ءجاي ادامدار، كەدەي ادامدار ونى ساتىپ الا المايدى. ودان سوڭ ءناپسىسى، «جوق، سەن تاعى دا كوپ ساتىپ الۋىڭ كەرەك، ودان دا قىمبات بىردەڭە تاپ، سونى ال، ءتىپتى دە قىمبات نارسە ىزدە، سوعان تاعى دا كوپ اقشا جۇمسا» دەر.
ال اللا ﷻ ءۇشىن، ولار ءبىر تيىن اقشا دا بەرمەس، ءبىراق ءناپسىسى ءۇشىن بارلىعىن بەرەر، بۇل كۇندە ادامدار وسىنداي بولىپ كەتكەن، ولار ناپسىلەرىنە تىم ەرەدى. ەگەر ولار وسى ناپسىدەن ازات بولسا، باقىتتى بولار ەدى، شىن باقىتقا جەتەر ەدى، كوپتەگەن اۋليەلەر قاتە جولدا بولعان، ودان سوڭ اللا ولارعا حيدايات بەرىپ، ولار ۇلىق اۋليەلەرگە اينالعان. ەسىمدە، ولاردىڭ ءبىرى بيشىر ءال-حافي ەسىمدى كىسى ەدى، ءبىز وتكەن جىلى باعدات قالاسىندا ونى زيارات ەتتىك. جاس كەزىندە ونىڭ وتباسى وتە باي ەدى، جانە ونىڭ ءبىر جامان دوسى بار ەدى، ال سىزگە ەڭ جامان ءىس سول، دوسىڭىزدىڭ جامان بولۋى-ءدۇر. ءار ادام جامان دوستان اباي بولۋى كەرەك، ولارمەن بىرگە بولماڭىز، ەگەر ولار كەڭەسىڭىزگە قۇلاق سالسا، وندا بولار، ايتپەسە ولارعا جاقىنداماڭىز. ءيا، ونىڭ ءبىر جامان دوس بار ەدى، جانە ول ونىڭ اقشاسىمەن بارلىعىن ىستەيتىن، انا-مۇندا باراتىن، اراق ىشەتىن، ءبارىن قىلاتىن. سودان، بىردە ول اراق ىشۋگە بارىپ، ۇيىنە قايتقان سوڭ، ۇيىقتاپ قالادى.
سول كەزدە ءبىر اۋليە كىسى كەلىپ، ونىڭ قاقپاسىن قاعادى، ونىڭ قۇلى قاقپانى اشار، جانە ول، «قوجايىنىڭا مىنانى ايت، ول انەۋ جامان دوسىن، جامان جولىن تاستاسىن، اللاعا بۇرىلسىن» دەيدى. قۇلى ىشكە بارىپ، بۇنى وعان ايتار، ول، «ونى كىم ايتتى» دەر، قۇلى، «ءبىر اۋليە كىسى ەسىكتى قاعىپ، وسىنى ايتىپ كەتتى» دەيدى. ول دەرەۋ شىعىپ، ونى قۋىپ جەتەدى، ول ادام وعان تاعى دا، «اناۋ جامان دوسىڭمەن بىرگە بولما» دەيدى، سودان ول تاۋبەگە كەلىپ، كەشىرىم سۇرار، نامازعا قايتا كەلەر. الايدا، ءبىراز ۋاقىت وتكەن سوڭ، بۇل شايتان دوسى وعان تاعى كەلەر، جانە ونى اقىرىن-اقىرىن وزگەرتەر، ول وسى جامان دوسىنا تاعى ەرىپ كەتەدى. سودان ول بىردە ماس بولىپ، كوشەدە جاتىپ قالادى، ال ەسىن جيعاندا اللانىڭ ەسىمى جازىلعان ءبىر قاعازدى تاۋىپ الادى. جاۋىن جاۋىپ جاتىر ەكەن، قاعاز بالشىق بولعان، ول ونى الىپ، جاقسى تازالايدى، باسىنا قويادى، ونى حوش يىسپەن اتىرلەپ، بولمەسىنە ءىلىپ قويادى.
سول ءتۇنى ول ءتۇس كورىپ، تۇسىنە ماناعى اۋليە كىسىنىڭ اللادان سويلەپ تۇرعانىن كورەدى، ال اللا ﷻ وعان، «بۇل جاس جىگىتكە ايت، ول مەنىڭ ەسىمىمدى بيىك قويدى، مەن ونى كەشىرەمىن، مەن دە ونى كوتەرەمىن، مەنىڭ يلاھي قۇزىرەتىمدە ول بيىك، ول بيىك ماقامدا» دەپ جاتىر ەكەن. ول ماناعى كىسىگە بارىپ، بۇل ءجايلى ايتادى، جانە ول جىلايدى، قاتتى جىلايدى. ودان سوڭ ول، «ءسىز بۇنى اللادان دەپ ايتقان ساتتەن باستاپ، مەن وسىلاي قالامىن، وزىممەن ەشتەڭە المايمىن، مەن تەك اللا ءۇشىن كەتەمىن» دەيدى. سودان ول بارلىعىن تاستار، اياق كيىمسىز كەتەر، بۇندا «حافي» ءسوزى جالاڭاياق، اياق كيىمى جوق دەگەن ماعىنانى بىلدىرەدى، ونىڭ ەسىمى سودان قالعان ەدى. ول، «مەن اللانى تانىعان كەزدە جالاڭاياق ەدىم، ءقازىر اياق كيىم كيۋدەن ۇيالامىن» دەپ، ءومىر بويى جالاڭاياق جۇرگەن ەكەن. سولاي، ول بارلىعىن تاستاپ، باقىتقا جەتتى، اقيرەتتىڭ ءبىر سۇلتانىنا اينالدى، ونىڭ قابىر-مازارى باعداتتا.
ول مىڭداعان شاكىرتتەردى پايعامبارىمىزدىڭ جولىنا، سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ، ءشاريعاتتىڭ جولىنا باستاپ، حيدايات بەردى، ال ءبىزدىڭ ىستەمەكشى بولىپ جاتقانىمىز دا مىنە وسى. ءالحامدۋليللا، وسىندا دا، ارينە، بۇل جەر دۇنيەدەگى ەڭ قىمبات جەر، ءالحامدۋليللا، ينشاللا، مۇنداعىلار، سىزدەر، سىزدەردىڭ بالالارىڭىز، جانە وزگەلەر دە بۇعان قاراماۋى، ونىڭ ارتىنا تۇسپەۋى كەرەك. دەمەك ولار، «وح، بۇل مەنىڭ اكەم ءۇشىن، انام ءۇشىن، بۇل ءبىزدىڭ جەر، يا ءبىزدىڭ جەر ەمەس» دەگەن سياقتى نارسەلەردى ايتپاڭىزدار. جوق، بۇلار ماڭىزدى ەمەس، ماڭىزدىسى سىزدە ەڭ اسىل نارسەنىڭ بولۋى-ءدۇر، دەمەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يلاھي قۇزىرەتىندە اسىل جان بولىڭىز. «إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِندَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ»، ياعني، «راسىندا، اللا الدىندا سەندەردىڭ ەڭ اسىلدارىڭ ارالارىڭداعى ەڭ تاقۋالارىڭ»، ساداقاللاحۋلعازيم، قۇران 49ءىنشى سۇرە 13ءىنشى ايات. ياعني، اللانىڭ يلاھي قۇزىرەتىندە ەڭ اسىل، ەڭ قابىل ادام دەگەنىمىز اللامەن بىرگە بولعان، اللاعا مويىنۇسىنعان، پايعامبارىمىزدى، ساحابالاردى، ءاحلۋل-بايىتتەردى، اۋليە-ماشايىقتاردى، مۇميندەردى سۇيگەن ادام.
ەڭ قىمبات نارسە باسقا ەمەس، ءدال مىنە وسى، مەن سىزدەردىڭ ەلدەي باي ەل كورمەدىم، ياعني دۇنيە بايلىعىندا وسى جەردەي باي ەل جوق، ءتىپتى دۇنيەنىڭ باسقا جەرىنەن دە تابا المايسىز. ءبىراق بۇلاردىڭ ەش قۇنى جوق، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ادامداردى كۇلدىرەتىن جانە ويلاندىراتىن كوپتەگەن نارسەلەردى كوپ ايتىپ وتىرۋشى ەدى. ماسەلەن، ۇلكەن عيماراتتاردىڭ قوجايىنى ولگەندە، جۇرت، «بۇل الىپ عيماراتتارعا نە بولدى، ءيا، ونىڭ يەسى ءولىپتى» دەر. جانە، «بۇل ولگەن ادامدى ليفتقا كىرگىزىڭدەر، سوندا ەشكىم ونى كورمەس، بەتىن جابىڭدار، ەل كورمەسىن، ونى بۇل ارادان تەز اكەتىڭدەر، دۇنيەنىڭ ارتىندا جۇرگەندەر ونى كورمەسىن، سوندا ولار ودان عيبىرات الا الماس» دەپ ايتار. دەمەك، ءوسىبىر الىپ عيماراتتاردىڭ يەسى ءولدى، ال ونىڭ وسى نارسەلەرىنەن نە پايدار بار؟ ول ودان يگىلىك تاپتىما؟ ونىڭ الىپ عيماراتتارى، ەسەپسىز اقشالارى، تىم كوپ بايلىقتارى وعان كوپ ءومىر بەرە الدىما؟ جوق، ول ءبىتتى، بارلىعى ءبىتتى، ول كەزدە ءۇن جوق، تىنىس جوق، ەشتەڭە جوق، ءبىتتى، ءبارى ءبىتتى.
وسى قالا مۇميندەرگە دۇنيەنىڭ ارتىنا ءتۇسىپ كەتپەۋ ءجايلى وتە جاقسى عيبىرات، ال ادامدارعا، «وح، ءبىز دۇنيەمەن ريزامىز» دەگەن وي سالماۋ كەرەك، ياعني دۇنيەمەن ءماز بولماڭىز، اقيرەتپەن ءماز بولىڭىز، ينشاللا. اللا ﷻ بىزدەردى بەرەكەلەگەي، ءسىزدى امان ەتكەي، بارلىعىمىزدى امان ەتكەي. سىزدەر دۇنيەنى اقيرەت ءۇشىن ىستەتۋىڭىز كەرەك، دەمەك، ءوسىبىر عيماراتتاردى اقيرەتكە جىبەرىڭىزدەر، ايتپەسە، ونى وسىندا قالدىراسىز دا، ونى وزگەلەر الاتىن بولادى. ول سىزدىكى بولعانداي، وزگەلەردىكى بولار. اللا ﷻ ءبىزدى ەسەندىكتە ەتكەي، ينشاللا. اللا ﷻ وزگەلەرگە جاردەمدەسۋىمىز ءۇشىن، يسلامعا قىزمەت ەتۋىمىز ءۇشىن مول داۋلەت بەرگەي، ينشاللا. ايتپسە، ولار قاجەتسىز، ينشاللا. اللا ﷻ ءبىزدى ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامعا جەتكىزگەي، سىزدەر بايلىقتىڭ مولدىعىن سول كەزدە كورەتىن بولاسىزدار. ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامنىڭ كەزىندەگىدەي داۋلەتىلىكتى ەشتەڭەگە سالىستىرۋعا كەلمەس.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8986