Сұхбат: сопылыққа ергендер әр бейсенбі кешкі зікірге қатыссын, шамасы келгенше күнделікті зікірді істесін (2026.10.22 / Хижри 1448-жыл 11-Жұмада Әл-Ауал)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8978
Сұхбат: сопылыққа ергендер әр бейсенбі кешкі зікірге қатыссын, шамасы келгенше күнделікті зікірді істесін (2026.10.22 / Хижри 1448-жыл 11-Жұмада Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Kuala Lumpur, Malaysia, 2026) Малайзияда айтылған сұхбат. Әлхамдулилла, біз жұманың түні үшін жиналудамыз, ал жұма Алла ﷻдан пайғамбарымыз ﷺға берілген бір сауға. Бір күн әдетте кешкі ақшамынан басталып, келер күннің ақшамына дейін болады, бірақ жұма үшін ол бейсенбі ақшамнан басталып, сенбі күнгі таң намазға дейін болатындығы айтылған. Демек, Алла бізге артық бір күн берген, ал сіздің жұма күні істеген бар ісіңіз Алла Әззә уә-Жәлләның илаһи құзіретінде тіпті құнды болмақ. Сол үшін де біз көп кезде зікірмен қатмул-қоуажанды осы күннің түнінде я күндізінде істейміз, кейде адамдарға оңай болуы үшін басқа күндерде де істейміз. Ол қай кез адамдардың қатмул қоуажан және зікір етуіне оңай болуына қарай болар, сол үшін ол кейде сенбі, кейде жексенбі, кейде дүйсенбі болар. Бірақ әрине ең жақсы күн жұма күні, себебі жұма Алладан пайғамбарымызға, және оның үмбетіне берілген бір сауға.
Біз Аллаға бізді пайғамбарымыздың үмбеті етіп жаратқаны үшін алғыс айтамыз, осы үмбеттен болу аса зор нығымет, бұл да Алладан берілген бір нығымет. Алла ﷻ жаратқандарының ең жақсысын пайғамбарымыз ﷺға берген, және пайғамбарымыз Алланың оған берген нәрселерді үмбетінің алғанына қуанады. Ол бергенді жақсы көреді, пайғамбар ең жомарт адам, дүние материялдық жағынан ғана емес, бірақ әрбір жақсы амалды беру жағынан да жомарт, және одан ала алғаныңша алсаң болады. Сол үшін де сопылық тәриқат жеңімпаз болуға, Алланың нығыметінен тіпті де көп алуға арналған жол. Сіз оны алуыңыз керек, Алланың өзіңізге бергенінен алуыңыз керек, одан ала алғаныңызша алыңыз. Әлхамдулилла, біз бұны шаршауды сезінбестен істеп жатырмыз, әлхамдулилла, бұл бір жақсылық-дүр.
Бірақ әрине, көптеген адамдардың нәпсісі немесе шайтан оларды құлшылық етуге, қатымға немесе зікірге, немесе Алла ұнататын жиналысқа келуге тым қиын сезіндіреді. Содан олар жалқауласады, шаршаңқы сезінеді, ал біз оларды шаршады деп айта алмаймыз, себебі бұл күнде ешкім шаршамайды. Олар тіпті де шаршататын істерді шаршамай істей береді, және оны қуана істейді, бірақ құлшылыққа келгенде, көптеген адамдар шаршай қалады, «ол кейін болсын» дер. Сондықтан, біз оларға әр аптада қатмул-қоуажан зікіріне келулерің керек деп айтамыз, егер оған әр аптада қатыса алмасаңыз, екі аптада бір рет келіңіз, тіпті ол болмаса, кемінде үш аптада бір рет келіп қатысыңыз. Сіздің бірінші-екінші аптада қатыспауыңызға бір себеп бар шығар, ол болар, бірақ үшінші аптасында, сөзсіз келуіңіз керек. Мен Мәуләнә Шайық Абдуллаһ Әд-Дағыстани қазіреттен мынаны көп рет естіген едім.
«Қатмул қоуажанмен зікірге келмеуге не себеп» деп сұралғанда, ол, «егер бұнда кім келсе, алтын алар делінсе, бірақ біреу оны келіп ала алмаса, оған себеп бар деуге болар, алайда ол келіп, алтынды ала алса, бірақ зікірге келе алмаса, онда оған себеп жоқ» деген еді. Демек, ол алтынды қалдырса, оған себеп бар, бірақ ол алтынды алуға жүгірсе, онда ол зікірге де сөзсіз келуі керек. Айтып өткеніміздей, ең кемінде үш аптада бір келсін, ал бұнда интернетте де тікелей таратылым жүріледі. Егер біреу жалқау болса, немесе адамдардан тым алыста болса, олар оған интернетте ерсе болады. Сонда ол жарты сағат болса да, Алла Әззә уә-Жәлләмен, зікір және қатмул қоуажан мәжілісімен бірге болған болады. Ал егер ол бұны істемесе, біз оған басқа не дей алармыз. Қазір адамдарға тікелей таратылымда еру тым оңай, көптеген адамдар мұсылман жерлерінен алыс тұрады, немесе зікір ететін жерден алыс тұрады, сондықтан, олар кемінде тікелей таратылымға ерсін.
Ал Алла ﷻ оларға олардың ниетіне қарай береді, бұнда Алла Әззә уә-Жәлләмен пайғамбарымыз ﷺға жақындықты сақтайтын нәрсе ниет. Әрине бұнда күнделікті зікірлер де бар, бұл парыз емес, бірақ сопылық тәриқаттағылар оны шамасы келгенше орындауы керек. Кемінде оның бірінші бөлігін істеңіз, ал кейін мүмкін болса, қалғанын істерсіз, егер істей алмасаңыз, оны келесі күні істесеңіз болады. Ал жұмыс істеп жүргенде қафи зікірді, яғни үнсіз зікірді жүрегіңізде істеуіңізге болады, демек, тәспиф ұстамастан, «Аллаһ, Аллаһ, Аллаһ» дей беріңіз. Осылай етуге де болады, ал біздің нақышбанди сопылық тәриқатының басты ерекшелігі зікірді жүректе істеу. Егер ұзақ жолға машинамен ұзақ жолға шықсаңыз, жүрекпен зікір етесіз, ол кезде тәспих ұстау қажетсіз, әйтпесе қатынас уақиғасы туылар. Сондықтан, жүрекпен, «Аллаһ, Аллаһ, Аллаһ» деңіз, осы да болады. Кемінде зікірдің бірінші бөлімін істеңіз, оны мүмкін 5 минутта бітер.
Жұрт далали-қайрат үшін де жиналар, егер сіздер бірге жиналып, я мүриттерді жинап далали-қайрат оқи алсаңдар, бұл да болады, бұл олардың теледидар көріп, я басқа бос нәрселерді істеп отырғанынан жақсы. Бірге жиналып, жақсы нәрсе айтсаңыздар да, айналадағы қатысты кезкелген жағдайға қатысты жақсы ойларды айтсаңыздар да болады. Осылай ете алсаңыздар, оны істеңіздер, олай болмаса, үйлеріңізде далалй-қайрат оқыңыздар, бұл да аса маңызды. Ал кім оларды оқи алмаса, кемінде 100 рет салауат айтсын, кейбір адамдар, «оны қашан оқысақ болар, тәхәжұттама» деп сұрар. Ал оны сіз 24 сағаттың кезкелген кезінде орындауыңызға болады, мәселе жоқ, істесеңіз болды, біздің жолымыз оңайлықтың жолы. Рабита да оңай, көптеген адамдар осы рабита жәйлы сұрар, себебі кейбіреулер, «оңға ет, солға ет, одан жоғары-төмен ет» деген сияқты нәрселерді айтып, оны жарты сағат еткізіп жүр екен, содан елдің бәрі қашар.
Жоқ, бұл қажетсіз нәрсе, ал рабитаны, «бисмиллаһ» деп, бітіре саласыз, оны ұзақ ету қажетсіз, істеуге тиісті басқа істеріңіз бар емеспе. Біздің жол әлхамдулилла, оңай және сауапқа толы, қуаныш-бақытқа толы, Алла Әззә уә-Жәлләдан келген рахымға толы. Сопылық тәриқатқа ерудің қандай оңай екендігі жәйлы мысалдар көп, себебі адамдар, «сопылыққа еру өте қиын, адамды тым шаршатар» деп қате ойлар, бірақ ол ондай емес, ондай нәрсе қажетсіз. Мәселен, сіз офиста жұмыс істеп жүріп те, «мен дәруішпін» дейтін, бірақ жүрек байланысы жоқ адамдардан әлдеқайда жақсы болуыңызға болар. Бай болсаңыз да болады, ал жүрегіңіз тек Алламен болсын, және бар шаруаңыз адамдарға көмектесу болуына да болады. Демек, сіз Алланың қызметші құлы болып, адамдарға қызмет өтеу ниетімен барлығын істеуіңізге болады.
Мәуләнә Шайық Назым хазірет Сәйдина Ибырахим әлейхис-салам жайлы мына хикаяны көп айтатын еді. Бірде Сәйдина Ибырахим әлейхис-салам, «мен Алланы кешкі асқа шақырамын» дейді, сүбіханАлла, ол пайғамбар, бірақ бұл іс ғибырат үшін болған еді. Содан ол күтіп отырады, біраздан соң біреу келер, және ол бір отқа құлшылық етуші, яғни мажуси екен. Ал сәйдина Ибырахим әлейхис-салам, «кетсең болады, мен басқа маңызды жанды күтудемін» деп, оны кетіріп жібереді. Ол күтеді, көп күтеді, бірақ ешкім келмес, содан ол, «о Алла» дер, ал Алла, «кешкі асыңа бір адамды жібердім ғой, ал сен оны қабыл етпедің, сен Мені шақырдың, бірақ Мен жемеймін я ішпеймін емеспе, Мен біреуді жібердім, ал сен оны қуып жібердің, тез оны тауып кел, оны шақыр» дейді. Содан ол жүгіріп шығады, және оны тауып әкеледі.
Ол адам, «не болды, сен мені қуып, кетіріп жібердің емеспе, ал қазір мені алып барасың, тәйірі не істеп жатырсың» дейді, ол, «Алла Әззә уә-Жәллә мені арнайы сені алып келуге жіберді, Ол сені шақырмағаным үшін мені сындады, содан мен сені іздедім» дер. Ал бұны естігенде, ол мұсылман болып кетеді, өзінің дінін тастап, мұсылман болады. Сондықтан, біздің істеп жатқандарымыз Алла үшін, адамдарға қызмет өтегеніміз, Алла Әззә уә-Жәлләға қызмет өтегеніміз. Бұл аса маңызды, біздің жолымыз осы жол, біз ел-жұртқа тек Алла ﷻ үшін қызмет өтейміз, иншалла. Алла ﷻ бізге оны Алла үшін істеткей, ал оның алдына нәпсіміз шығып, мақтанып кетпегей, Алла ﷻ бізге жәрдем еткей. Оны айту оңай, бірақ көбінде істеу оңай емес, алайда, біз Алла ﷻдан көмек сұраймыз, және Алла ﷻ бізге жәрдемдесетін болады, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: سوپىلىققا ەرگەندەر ءار بەيسەنبى كەشكى زىكىرگە قاتىسسىن، شاماسى كەلگەنشە كۇندەلىكتى زىكىردى ىستەسىن (2026.10.22 / حيجري 1448-جىل 11-جۇمادا ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Kuala Lumpur، Malaysia، 2026) مالايزيادا ايتىلعان سۇحبات. ءالحامدۋليللا، ءبىز جۇمانىڭ ءتۇنى ءۇشىن جينالۋدامىز، ال جۇما اللا ﷻدان پايعامبارىمىز ﷺعا بەرىلگەن ءبىر ساۋعا. ءبىر كۇن ادەتتە كەشكى اقشامىنان باستالىپ، كەلەر كۇننىڭ اقشامىنا دەيىن بولادى، ءبىراق جۇما ءۇشىن ول بەيسەنبى اقشامنان باستالىپ، سەنبى كۇنگى تاڭ نامازعا دەيىن بولاتىندىعى ايتىلعان. دەمەك، اللا بىزگە ارتىق ءبىر كۇن بەرگەن، ال ءسىزدىڭ جۇما كۇنى ىستەگەن بار ءىسىڭىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يلاھي قۇزىرەتىندە ءتىپتى قۇندى بولماق. سول ءۇشىن دە ءبىز كوپ كەزدە زىكىرمەن قاتمۋل-قوۋاجاندى وسى كۇننىڭ تۇنىندە يا كۇندىزىندە ىستەيمىز، كەيدە ادامدارعا وڭاي بولۋى ءۇشىن باسقا كۇندەردە دە ىستەيمىز. ول قاي كەز ادامداردىڭ قاتمۋل قوۋاجان جانە زىكىر ەتۋىنە وڭاي بولۋىنا قاراي بولار، سول ءۇشىن ول كەيدە سەنبى، كەيدە جەكسەنبى، كەيدە دۇيسەنبى بولار. ءبىراق ارينە ەڭ جاقسى كۇن جۇما كۇنى، سەبەبى جۇما اللادان پايعامبارىمىزعا، جانە ونىڭ ۇمبەتىنە بەرىلگەن ءبىر ساۋعا.
ءبىز اللاعا ءبىزدى پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتى ەتىپ جاراتقانى ءۇشىن العىس ايتامىز، وسى ۇمبەتتەن بولۋ اسا زور نىعىمەت، بۇل دا اللادان بەرىلگەن ءبىر نىعىمەت. اللا ﷻ جاراتقاندارىنىڭ ەڭ جاقسىسىن پايعامبارىمىز ﷺعا بەرگەن، جانە پايعامبارىمىز اللانىڭ وعان بەرگەن نارسەلەردى ۇمبەتىنىڭ العانىنا قۋانادى. ول بەرگەندى جاقسى كورەدى، پايعامبار ەڭ جومارت ادام، دۇنيە ماتەريالدىق جاعىنان عانا ەمەس، ءبىراق ءاربىر جاقسى امالدى بەرۋ جاعىنان دا جومارت، جانە ودان الا العانىڭشا الساڭ بولادى. سول ءۇشىن دە سوپىلىق ءتاريقات جەڭىمپاز بولۋعا، اللانىڭ نىعىمەتىنەن ءتىپتى دە كوپ الۋعا ارنالعان جول. ءسىز ونى الۋىڭىز كەرەك، اللانىڭ وزىڭىزگە بەرگەنىنەن الۋىڭىز كەرەك، ودان الا العانىڭىزشا الىڭىز. ءالحامدۋليللا، ءبىز بۇنى شارشاۋدى سەزىنبەستەن ىستەپ جاتىرمىز، ءالحامدۋليللا، بۇل ءبىر جاقسىلىق-ءدۇر.
ءبىراق ارينە، كوپتەگەن ادامداردىڭ ءناپسىسى نەمەسە شايتان ولاردى قۇلشىلىق ەتۋگە، قاتىمعا نەمەسە زىكىرگە، نەمەسە اللا ۇناتاتىن جينالىسقا كەلۋگە تىم قيىن سەزىندىرەدى. سودان ولار جالقاۋلاسادى، شارشاڭقى سەزىنەدى، ال ءبىز ولاردى شارشادى دەپ ايتا المايمىز، سەبەبى بۇل كۇندە ەشكىم شارشامايدى. ولار ءتىپتى دە شارشاتاتىن ىستەردى شارشاماي ىستەي بەرەدى، جانە ونى قۋانا ىستەيدى، ءبىراق قۇلشىلىققا كەلگەندە، كوپتەگەن ادامدار شارشاي قالادى، «ول كەيىن بولسىن» دەر. سوندىقتان، ءبىز ولارعا ءار اپتادا قاتمۋل-قوۋاجان زىكىرىنە كەلۋلەرىڭ كەرەك دەپ ايتامىز، ەگەر وعان ءار اپتادا قاتىسا الماساڭىز، ەكى اپتادا ءبىر رەت كەلىڭىز، ءتىپتى ول بولماسا، كەمىندە ءۇش اپتادا ءبىر رەت كەلىپ قاتىسىڭىز. ءسىزدىڭ ءبىرىنشى-ەكىنشى اپتادا قاتىسپاۋىڭىزعا ءبىر سەبەپ بار شىعار، ول بولار، ءبىراق ءۇشىنشى اپتاسىندا، ءسوزسىز كەلۋىڭىز كەرەك. مەن ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءاد-داعىستاني قازىرەتتەن مىنانى كوپ رەت ەستىگەن ەدىم.
«قاتمۋل قوۋاجانمەن زىكىرگە كەلمەۋگە نە سەبەپ» دەپ سۇرالعاندا، ول، «ەگەر بۇندا كىم كەلسە، التىن الار دەلىنسە، ءبىراق بىرەۋ ونى كەلىپ الا الماسا، وعان سەبەپ بار دەۋگە بولار، الايدا ول كەلىپ، التىندى الا السا، ءبىراق زىكىرگە كەلە الماسا، وندا وعان سەبەپ جوق» دەگەن ەدى. دەمەك، ول التىندى قالدىرسا، وعان سەبەپ بار، ءبىراق ول التىندى الۋعا جۇگىرسە، وندا ول زىكىرگە دە ءسوزسىز كەلۋى كەرەك. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ەڭ كەمىندە ءۇش اپتادا ءبىر كەلسىن، ال بۇندا ينتەرنەتتە دە تىكەلەي تاراتىلىم جۇرىلەدى. ەگەر بىرەۋ جالقاۋ بولسا، نەمەسە ادامداردان تىم الىستا بولسا، ولار وعان ينتەرنەتتە ەرسە بولادى. سوندا ول جارتى ساعات بولسا دا، اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن، زىكىر جانە قاتمۋل قوۋاجان ماجىلىسىمەن بىرگە بولعان بولادى. ال ەگەر ول بۇنى ىستەمەسە، ءبىز وعان باسقا نە دەي الارمىز. ءقازىر ادامدارعا تىكەلەي تاراتىلىمدا ەرۋ تىم وڭاي، كوپتەگەن ادامدار مۇسىلمان جەرلەرىنەن الىس تۇرادى، نەمەسە زىكىر ەتەتىن جەردەن الىس تۇرادى، سوندىقتان، ولار كەمىندە تىكەلەي تاراتىلىمعا ەرسىن.
ال اللا ﷻ ولارعا ولاردىڭ نيەتىنە قاراي بەرەدى، بۇندا اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن پايعامبارىمىز ﷺعا جاقىندىقتى ساقتايتىن نارسە نيەت. ارينە بۇندا كۇندەلىكتى زىكىرلەر دە بار، بۇل پارىز ەمەس، ءبىراق سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار ونى شاماسى كەلگەنشە ورىنداۋى كەرەك. كەمىندە ونىڭ ءبىرىنشى بولىگىن ىستەڭىز، ال كەيىن مۇمكىن بولسا، قالعانىن ىستەرسىز، ەگەر ىستەي الماساڭىز، ونى كەلەسى كۇنى ىستەسەڭىز بولادى. ال جۇمىس ىستەپ جۇرگەندە قافي زىكىردى، ياعني ءۇنسىز زىكىردى جۇرەگىڭىزدە ىستەۋىڭىزگە بولادى، دەمەك، ءتاسپيف ۇستاماستان، «اللاھ، اللاھ، اللاھ» دەي بەرىڭىز. وسىلاي ەتۋگە دە بولادى، ال ءبىزدىڭ ناقىشباندي سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ باستى ەرەكشەلىگى زىكىردى جۇرەكتە ىستەۋ. ەگەر ۇزاق جولعا ماشينامەن ۇزاق جولعا شىقساڭىز، جۇرەكپەن زىكىر ەتەسىز، ول كەزدە ءتاسپيح ۇستاۋ قاجەتسىز، ايتپەسە قاتىناس ۋاقيعاسى تۋىلار. سوندىقتان، جۇرەكپەن، «اللاھ، اللاھ، اللاھ» دەڭىز، وسى دا بولادى. كەمىندە زىكىردىڭ ءبىرىنشى ءبولىمىن ىستەڭىز، ونى مۇمكىن 5 مينۋتتا بىتەر.
جۇرت دالالي-قايرات ءۇشىن دە جينالار، ەگەر سىزدەر بىرگە جينالىپ، يا مۇريتتەردى جيناپ دالالي-قايرات وقي الساڭدار، بۇل دا بولادى، بۇل ولاردىڭ تەلەديدار كورىپ، يا باسقا بوس نارسەلەردى ىستەپ وتىرعانىنان جاقسى. بىرگە جينالىپ، جاقسى نارسە ايتساڭىزدار دا، اينالاداعى قاتىستى كەزكەلگەن جاعدايعا قاتىستى جاقسى ويلاردى ايتساڭىزدار دا بولادى. وسىلاي ەتە الساڭىزدار، ونى ىستەڭىزدەر، ولاي بولماسا، ۇيلەرىڭىزدە دالالي-قايرات وقىڭىزدار، بۇل دا اسا ماڭىزدى. ال كىم ولاردى وقي الماسا، كەمىندە 100 رەت سالاۋات ايتسىن، كەيبىر ادامدار، «ونى قاشان وقىساق بولار، ءتاحاجۇتتاما» دەپ سۇرار. ال ونى ءسىز 24 ساعاتتىڭ كەزكەلگەن كەزىندە ورىنداۋىڭىزعا بولادى، ماسەلە جوق، ىستەسەڭىز بولدى، ءبىزدىڭ جولىمىز وڭايلىقتىڭ جولى. رابيتا دا وڭاي، كوپتەگەن ادامدار وسى رابيتا ءجايلى سۇرار، سەبەبى كەيبىرەۋلەر، «وڭعا ەت، سولعا ەت، ودان جوعارى-تومەن ەت» دەگەن سياقتى نارسەلەردى ايتىپ، ونى جارتى ساعات ەتكىزىپ ءجۇر ەكەن، سودان ەلدىڭ ءبارى قاشار.
جوق، بۇل قاجەتسىز نارسە، ال رابيتانى، «بيسميللاھ» دەپ، بىتىرە سالاسىز، ونى ۇزاق ەتۋ قاجەتسىز، ىستەۋگە ءتيىستى باسقا ىستەرىڭىز بار ەمەسپە. ءبىزدىڭ جول ءالحامدۋليللا، وڭاي جانە ساۋاپقا تولى، قۋانىش-باقىتقا تولى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلگەن راحىمعا تولى. سوپىلىق ءتاريقاتقا ەرۋدىڭ قانداي وڭاي ەكەندىگى ءجايلى مىسالدار كوپ، سەبەبى ادامدار، «سوپىلىققا ەرۋ وتە قيىن، ادامدى تىم شارشاتار» دەپ قاتە ويلار، ءبىراق ول ونداي ەمەس، ونداي نارسە قاجەتسىز. ماسەلەن، ءسىز وفيستا جۇمىس ىستەپ ءجۇرىپ تە، «مەن ءدارۋىشپىن» دەيتىن، ءبىراق جۇرەك بايلانىسى جوق ادامداردان الدەقايدا جاقسى بولۋىڭىزعا بولار. باي بولساڭىز دا بولادى، ال جۇرەگىڭىز تەك اللامەن بولسىن، جانە بار شارۋاڭىز ادامدارعا كومەكتەسۋ بولۋىنا دا بولادى. دەمەك، ءسىز اللانىڭ قىزمەتشى قۇلى بولىپ، ادامدارعا قىزمەت وتەۋ نيەتىمەن بارلىعىن ىستەۋىڭىزگە بولادى.
ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ءسايدينا يبىراحيم الەيحيس-سالام جايلى مىنا حيكايانى كوپ ايتاتىن ەدى. بىردە ءسايدينا يبىراحيم الەيحيس-سالام، «مەن اللانى كەشكى اسقا شاقىرامىن» دەيدى، ءسۇبىحاناللا، ول پايعامبار، ءبىراق بۇل ءىس عيبىرات ءۇشىن بولعان ەدى. سودان ول كۇتىپ وتىرادى، ءبىرازدان سوڭ بىرەۋ كەلەر، جانە ول ءبىر وتقا قۇلشىلىق ەتۋشى، ياعني ماجۋسي ەكەن. ال ءسايدينا يبىراحيم الەيحيس-سالام، «كەتسەڭ بولادى، مەن باسقا ماڭىزدى جاندى كۇتۋدەمىن» دەپ، ونى كەتىرىپ جىبەرەدى. ول كۇتەدى، كوپ كۇتەدى، ءبىراق ەشكىم كەلمەس، سودان ول، «و اللا» دەر، ال اللا، «كەشكى اسىڭا ءبىر ادامدى جىبەردىم عوي، ال سەن ونى قابىل ەتپەدىڭ، سەن مەنى شاقىردىڭ، ءبىراق مەن جەمەيمىن يا ىشپەيمىن ەمەسپە، مەن بىرەۋدى جىبەردىم، ال سەن ونى قۋىپ جىبەردىڭ، تەز ونى تاۋىپ كەل، ونى شاقىر» دەيدى. سودان ول جۇگىرىپ شىعادى، جانە ونى تاۋىپ اكەلەدى.
ول ادام، «نە بولدى، سەن مەنى قۋىپ، كەتىرىپ جىبەردىڭ ەمەسپە، ال ءقازىر مەنى الىپ باراسىڭ، ءتايىرى نە ىستەپ جاتىرسىڭ» دەيدى، ول، «اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مەنى ارنايى سەنى الىپ كەلۋگە جىبەردى، ول سەنى شاقىرماعانىم ءۇشىن مەنى سىندادى، سودان مەن سەنى ىزدەدىم» دەر. ال بۇنى ەستىگەندە، ول مۇسىلمان بولىپ كەتەدى، ءوزىنىڭ ءدىنىن تاستاپ، مۇسىلمان بولادى. سوندىقتان، ءبىزدىڭ ىستەپ جاتقاندارىمىز اللا ءۇشىن، ادامدارعا قىزمەت وتەگەنىمىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قىزمەت وتەگەنىمىز. بۇل اسا ماڭىزدى، ءبىزدىڭ جولىمىز وسى جول، ءبىز ەل-جۇرتقا تەك اللا ﷻ ءۇشىن قىزمەت وتەيمىز، ينشاللا. اللا ﷻ بىزگە ونى اللا ءۇشىن ىستەتكەي، ال ونىڭ الدىنا ءناپسىمىز شىعىپ، ماقتانىپ كەتپەگەي، اللا ﷻ بىزگە جاردەم ەتكەي. ونى ايتۋ وڭاي، ءبىراق كوبىندە ىستەۋ وڭاي ەمەس، الايدا، ءبىز اللا ﷻدان كومەك سۇرايمىز، جانە اللا ﷻ بىزگە جاردەمدەسەتىن بولادى، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8978