You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: алаңдама, Алла жолында болсаң болғаны, қауіпсіз боласың (2026.10.15 / Хижри 1448-жыл 04-Жұмада Әл-Ауал)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8973
Сұхбат: алаңдама, Алла жолында болсаң болғаны, қауіпсіз боласың (2026.10.15 / Хижри 1448-жыл 04-Жұмада Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Fajr Prayer – Kuala Lumpur Dergah, Malaysia, 2026) Малайзияда айтылған сұхбат. Біз Аллаға алғыс айтамыз, шүкір-Алла, біз Алла сүйіктісі етіп таңдаған адамдармен бірге болғанымызға қуанамыз. Бұл жиндар, осыбір жиналыстар Алла ﷻға сүйікті болған жиналыстар. Шамамен он күн бұрын мәлім біреу жұрт көп сұрайтын бір сұрақты сұрады, яғни, университет оқитын бір оқушы, «қалай әулие боламын» деп сұрады. Себебі, кейбір адамдар қалай әулие болу жәйлы курыс ашып жүр екен, олар интернетте сені қалай әулие етіп жіберетіні жәйлы үш-айлық курыс барын жазыпты. Сонда қалай әулие болмақ екен? демек, манағы адамдарға мың доллар төлейсің, содан 3 айдан кейін әулие болып кетеді екенсің! бірақ бұл нәрселер бос нәрселер! егер сіз бес уақ намаз өтесеңіз, ораза ұстасаңыз, зекет төлесеңіз, қажылық өтесеңіз, сіз Алла ﷻға сүйікті боласыз, ал әулие яғни уәлиолла дегеніміз Алла сүйікті жан болу деген сөз.

Егер сіз мұғжиза істеп, керемет жасау үшін Аллаға сүйікті әулие болуды армандап жүрген болсаңыз, онда сіз бұны Алла ﷻ үшін істеп жатқан жоқсыз, бұндайда Аллаға сүйікті жан болмайсыз, сіз оны пайда үшін істеп жатсыз. Ал әулие өзі үшін керемет істеуі қажетсіз, сондықтан, әлхамдулилла, бұнда сіздердің көбіңіз Алланың әмір еткендерін орындап жатсыздар, Алла ﷻ сіздерді сүйеді. Егер Алла ﷻ сізді сүймесе, сізді бұнда әкелмес еді. Себебі милиондаған адамдар нәпсі қалауларына еріп, базар аралап, кофехана жағалап жүр емеспе. Олардың дінге деген қызығуы жоқ, немесе Алла үшін бірдеңе сұрап жатқан да жоқ, ал кім Алла үшін сұраса, Алла ﷻ оларды құр қол қайтармайды, Алла ﷻ оларға сауап береді. Сондықтан, әлхамдулилла, біздің сопылық тәриқат сонау бастан ақыр, «қайткенде сізді Аллаға сүйікті жан етеміз» деген шаруаны көздейді.

Ал сіз Аллаға сүйікті жан болған кезде, адамдарға да сүйікті боласыз, себебі Алла Әззә уә-Жәллә, «мен біреуді сүйсем, бүкіл жаратылыстарыма оны сүюге әмір етемін» дейді. Бірақ Алла ﷻ біреуді сүймесе, бірақ адамдар ол адамға ерсе де, олар оған ақша үшін оған ерер, олар оған оны сүйгендіктен ермес. Себебі, олар оның ақшасын, немесе оның бергенін сүйеді, бірақ оның өзін сүймес. Ал біреу тек Алланы сүйсе, және Алла да оны сүйсе, адамдар да оны сүйетін болады. Сондықтан, біздің сопылық тәриқат пайғамбарымыз ﷺның жолы, ал пайғамбарымыз бізге әрбір жақсы істі, игі амалды үйретер, және ол бастан ақыр бүкіл адамзатқа пайдалы. Ол біреулер айтып жүргендей 1000 жыл, 100 мың жыл, 500 мың жыл алдындағы нәрсе емес, міне бұл адамзаттың ең үлкен өтірігі. Егер сопылық тәриқат болмаса, өмір болмайды, рухани өмір, яғни руханият болмайды, барша игілік сонымен келеді.

Тіпті исламға ермейтіндерге де, исламға тіл тигізгендерге де, исламды зияндайтындарға да, және исламға залал әкеліп жатқан мұсылмандарға да, Алла Әззә уә-Жәллә осыбір адамдардың кереметі үшін игілік беруде. Ол жәйлы пайғамбарымыз, «بِهِم تُمْطَرُون، بِهِم تُرْزَقُون بِهِم تُنْصَرُون», яғни, «жауын сендерге солармен жауар, риздық сендерге солармен келер, жеңіс сендерге солармен берілер» дейді. Демек, осыбір адамдар арқылы сіздер риздық аласыздар, жеңіс табасыздар, және жауынға жетесіздер. Сондықтан, сопылық тәриқатқа еру барлық адамдар үшін маңызды, бірақ басында айтып өткеніміздей, ол үшін сіз Алла Әззә уә-Жәллә жағынан таңдалған адам болуыңыз керек. Алла ﷻ, «шайтанға емес, тәриқатқа ергендер» дейді, ал сопылық тәриқат шәриғаттың жүрегі, сопылық тәриқат пайғамбарымыз ﷺның бізге үйреткендері және ол бізді бүкіл үмбет үшін үйретуде.

Бұндағы бірінші іс сүю, яғни, мұсылман өз мұсылман бауырын сүйсін, ал егер сіз біреуді сүйсеңіз, оған жаман қылық көрсетпейсіз емеспе, демек, бұндай адам ұдайы әдепті, және жақсы мінезде болады. Пайғамбарымыз ﷺ бірге әрбір жақсы әдепті үйреткен, әлхамдулилла, сіздерде жақсы мәнер, жақсы әдеп-иба бар. Және иншалла, барлықтарыңыз Алла ﷻға сүйікті боласыздар, ол сіздерді әр жамандықтан қорғайды. Бұрын олар, «біз ислам халифасы османлыны күйретсек, исламның шаруасын бітіреміз» деп ойлаған еді, бірақ ислам әдепті адамдармен, ибалы адамдармен, сопылық тәриқаттағылармен, және әулиелермен қауіпсіз етілді. Бұзық адамдар исламға қолынан келгенінше шабуылдады, егер олар жеңіске жеткен болса, бұнда ешкімді таба алмас едіңіздер, жершарында бір мұсылман қалмас еді. Ал біз оларға қарсы не істей алармыз? бізде қару жоқ, басқарылмалы бомбалар жоқ, біз соғысып жатқан жоқпыз, немесе өзгелерді құрту үшін құпия жоспар жасап жатқан жоқпыз.

Бірақ олар сұмдықтың барлығын істеуде, бұл кәпірлер, исламға қарсылар исламды жоқ қылу үшін солай істер, бірақ Алла ﷻ оны қорғайды, ал біз рахат, жәйлы жүре береміз, алаңдайтын ештеңеміз жоқ. Не үшін? себебі, пайғамбарымыз, «لَا تَحْزَنْ إِنَّ اللَّهَ مَعَنَا», «ләтәзан инналаха мәғәнә», яғни, «қайғырма, расында Алла бізбен бірге» дейді, құран 9інші сүре 40інші аят. Олар өте қиын кезде де, яғни, пайғамбарымызбен Сәйдина Әбубәкір хазірет қиындықта қалғанда, ол оған, «алаңдама, көңілсіз болма, Алла бізбен бірге» деген еді. Демек, бүкіл әлемнің жаратушысы бізбен бірге, сондықтан, бұл қару-жарақтар, осыбір адамдар жайлы алаң болмаңыз, тек осы жолда болып, жүрегіңізді пайғамбарымызбен бір етіңіз. Және оның ақыры бізге қайырлы болар, жұрт көп айтатын бір сөз бар еді, оны ағылшынша қалай айтуды білмедім, иә олар былай еді, яғни, ақырында «ең соңында күлген ең жақсы күлер» дегендей жағдай болар.

Бірақ одан бұрып күліп, «кейбір адамдарды жойдым» деп ойласаң, ақырына барғанда еш жеңіске жетпейтін боласың. Бұл әл-мутәфиқин сүресінде, «هَلْ ثُوِّبَ الْكُفَّارُ مَا كَانُوا يَفْعَلُونَ», яғни, «және кәпірлер қолекі істегендерінің төлемін төледі емеспе?» деп айтылған, құран 83інші сүре 36інші аят. Демек, мүминдер бұл адамдардың тозаққа түскенін көретін болады, ал Алла Әззә уә-Жәллә бұл аятта олардың не істегенін, және істегендері үшін не қарымжы алғанын айтуда. Алла ﷻ оны осы сүренің артында сұрады, сондықтан, біз Алла жолында болуымыз керек, және онда я бұнда болып жатқан істер жәйлы алаңдамаңыз. Алла ﷻға шыншыл болып, пайғамбарымыз ﷺды, мүминдермен мұсылмандарды сүйіңіз, иншалла. Алла ﷻ сіздерді берекелегей, бізді және сіздерді есендікте еткей, және өзгелерге тіпті де көп хидаят бергей, құтты адамдармен бірге еткей, иншалла. Алла ﷻ барлықтарыңызды аулия-Алла, яғни әулиелерден еткей, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: الاڭداما، اللا جولىندا بولساڭ بولعانى، ءقاۋىپسىز بولاسىڭ (2026.10.15 / حيجري 1448-جىل 04-جۇمادا ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Fajr Prayer – Kuala Lumpur Dergah، Malaysia، 2026) مالايزيادا ايتىلعان سۇحبات. ءبىز اللاعا العىس ايتامىز، شۇكىر-اللا، ءبىز اللا سۇيىكتىسى ەتىپ تاڭداعان ادامدارمەن بىرگە بولعانىمىزعا قۋانامىز. بۇل جيندار، ءوسىبىر جينالىستار اللا ﷻعا سۇيىكتى بولعان جينالىستار. شامامەن ون كۇن بۇرىن ءمالىم بىرەۋ جۇرت كوپ سۇرايتىن ءبىر سۇراقتى سۇرادى، ياعني، ۋنيۆەرسيتەت وقيتىن ءبىر وقۋشى، «قالاي اۋليە بولامىن» دەپ سۇرادى. سەبەبى، كەيبىر ادامدار قالاي اۋليە بولۋ ءجايلى كۋرىس اشىپ ءجۇر ەكەن، ولار ينتەرنەتتە سەنى قالاي اۋليە ەتىپ جىبەرەتىنى ءجايلى ءۇش-ايلىق كۋرىس بارىن جازىپتى. سوندا قالاي اۋليە بولماق ەكەن؟ دەمەك، ماناعى ادامدارعا مىڭ دوللار تولەيسىڭ، سودان 3 ايدان كەيىن اۋليە بولىپ كەتەدى ەكەنسىڭ! ءبىراق بۇل نارسەلەر بوس نارسەلەر! ەگەر ءسىز بەس ۋاق ناماز وتەسەڭىز، ورازا ۇستاساڭىز، زەكەت تولەسەڭىز، قاجىلىق وتەسەڭىز، ءسىز اللا ﷻعا سۇيىكتى بولاسىز، ال اۋليە ياعني ءۋاليوللا دەگەنىمىز اللا سۇيىكتى جان بولۋ دەگەن ءسوز.

ەگەر ءسىز مۇعجيزا ىستەپ، كەرەمەت جاساۋ ءۇشىن اللاعا سۇيىكتى اۋليە بولۋدى ارمانداپ جۇرگەن بولساڭىز، وندا ءسىز بۇنى اللا ﷻ ءۇشىن ىستەپ جاتقان جوقسىز، بۇندايدا اللاعا سۇيىكتى جان بولمايسىز، ءسىز ونى پايدا ءۇشىن ىستەپ جاتسىز. ال اۋليە ءوزى ءۇشىن كەرەمەت ىستەۋى قاجەتسىز، سوندىقتان، ءالحامدۋليللا، بۇندا سىزدەردىڭ كوبىڭىز اللانىڭ ءامىر ەتكەندەرىن ورىنداپ جاتسىزدار، اللا ﷻ سىزدەردى سۇيەدى. ەگەر اللا ﷻ ءسىزدى سۇيمەسە، ءسىزدى بۇندا اكەلمەس ەدى. سەبەبى ميليونداعان ادامدار ءناپسى قالاۋلارىنا ەرىپ، بازار ارالاپ، كوفەحانا جاعالاپ ءجۇر ەمەسپە. ولاردىڭ دىنگە دەگەن قىزىعۋى جوق، نەمەسە اللا ءۇشىن بىردەڭە سۇراپ جاتقان دا جوق، ال كىم اللا ءۇشىن سۇراسا، اللا ﷻ ولاردى قۇر قول قايتارمايدى، اللا ﷻ ولارعا ساۋاپ بەرەدى. سوندىقتان، ءالحامدۋليللا، ءبىزدىڭ سوپىلىق ءتاريقات سوناۋ باستان اقىر، «قايتكەندە ءسىزدى اللاعا سۇيىكتى جان ەتەمىز» دەگەن شارۋانى كوزدەيدى.

ال ءسىز اللاعا سۇيىكتى جان بولعان كەزدە، ادامدارعا دا سۇيىكتى بولاسىز، سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «مەن بىرەۋدى سۇيسەم، بۇكىل جاراتىلىستارىما ونى سۇيۋگە ءامىر ەتەمىن» دەيدى. ءبىراق اللا ﷻ بىرەۋدى سۇيمەسە، ءبىراق ادامدار ول ادامعا ەرسە دە، ولار وعان اقشا ءۇشىن وعان ەرەر، ولار وعان ونى سۇيگەندىكتەن ەرمەس. سەبەبى، ولار ونىڭ اقشاسىن، نەمەسە ونىڭ بەرگەنىن سۇيەدى، ءبىراق ونىڭ ءوزىن سۇيمەس. ال بىرەۋ تەك اللانى سۇيسە، جانە اللا دا ونى سۇيسە، ادامدار دا ونى سۇيەتىن بولادى. سوندىقتان، ءبىزدىڭ سوپىلىق ءتاريقات پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى، ال پايعامبارىمىز بىزگە ءاربىر جاقسى ءىستى، يگى امالدى ۇيرەتەر، جانە ول باستان اقىر بۇكىل ادامزاتقا پايدالى. ول بىرەۋلەر ايتىپ جۇرگەندەي 1000 جىل، 100 مىڭ جىل، 500 مىڭ جىل الدىنداعى نارسە ەمەس، مىنە بۇل ادامزاتتىڭ ەڭ ۇلكەن وتىرىگى. ەگەر سوپىلىق ءتاريقات بولماسا، ءومىر بولمايدى، رۋحاني ءومىر، ياعني رۋحانيات بولمايدى، بارشا يگىلىك سونىمەن كەلەدى.

ءتىپتى يسلامعا ەرمەيتىندەرگە دە، يسلامعا ءتىل تيگىزگەندەرگە دە، يسلامدى زياندايتىندارعا دا، جانە يسلامعا زالال اكەلىپ جاتقان مۇسىلماندارعا دا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءوسىبىر ادامداردىڭ كەرەمەتى ءۇشىن يگىلىك بەرۋدە. ول ءجايلى پايعامبارىمىز، «بِهِم تُمْطَرُون، بِهِم تُرْزَقُون بِهِم تُنْصَرُون»، ياعني، «جاۋىن سەندەرگە سولارمەن جاۋار، ريزدىق سەندەرگە سولارمەن كەلەر، جەڭىس سەندەرگە سولارمەن بەرىلەر» دەيدى. دەمەك، ءوسىبىر ادامدار ارقىلى سىزدەر ريزدىق الاسىزدار، جەڭىس تاباسىزدار، جانە جاۋىنعا جەتەسىزدەر. سوندىقتان، سوپىلىق ءتاريقاتقا ەرۋ بارلىق ادامدار ءۇشىن ماڭىزدى، ءبىراق باسىندا ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ول ءۇشىن ءسىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاعىنان تاڭدالعان ادام بولۋىڭىز كەرەك. اللا ﷻ، «شايتانعا ەمەس، ءتاريقاتقا ەرگەندەر» دەيدى، ال سوپىلىق ءتاريقات ءشاريعاتتىڭ جۇرەگى، سوپىلىق ءتاريقات پايعامبارىمىز ﷺنىڭ بىزگە ۇيرەتكەندەرى جانە ول ءبىزدى بۇكىل ۇمبەت ءۇشىن ۇيرەتۋدە.

بۇنداعى ءبىرىنشى ءىس ءسۇيۋ، ياعني، مۇسىلمان ءوز مۇسىلمان باۋىرىن ءسۇيسىن، ال ەگەر ءسىز بىرەۋدى سۇيسەڭىز، وعان جامان قىلىق كورسەتپەيسىز ەمەسپە، دەمەك، بۇنداي ادام ۇدايى ادەپتى، جانە جاقسى مىنەزدە بولادى. پايعامبارىمىز ﷺ بىرگە ءاربىر جاقسى ادەپتى ۇيرەتكەن، ءالحامدۋليللا، سىزدەردە جاقسى مانەر، جاقسى ادەپ-يبا بار. جانە ينشاللا، بارلىقتارىڭىز اللا ﷻعا سۇيىكتى بولاسىزدار، ول سىزدەردى ءار جاماندىقتان قورعايدى. بۇرىن ولار، «ءبىز يسلام حاليفاسى وسمانلىنى كۇيرەتسەك، يسلامنىڭ شارۋاسىن بىتىرەمىز» دەپ ويلاعان ەدى، ءبىراق يسلام ادەپتى ادامدارمەن، يبالى ادامدارمەن، سوپىلىق تاريقاتتاعىلارمەن، جانە اۋليەلەرمەن ءقاۋىپسىز ەتىلدى. بۇزىق ادامدار يسلامعا قولىنان كەلگەنىنشە شابۋىلدادى، ەگەر ولار جەڭىسكە جەتكەن بولسا، بۇندا ەشكىمدى تابا الماس ەدىڭىزدەر، جەرشارىندا ءبىر مۇسىلمان قالماس ەدى. ال ءبىز ولارعا قارسى نە ىستەي الارمىز؟ بىزدە قارۋ جوق، باسقارىلمالى بومبالار جوق، ءبىز سوعىسىپ جاتقان جوقپىز، نەمەسە وزگەلەردى قۇرتۋ ءۇشىن قۇپيا جوسپار جاساپ جاتقان جوقپىز.

ءبىراق ولار سۇمدىقتىڭ بارلىعىن ىستەۋدە، بۇل كاپىرلەر، يسلامعا قارسىلار يسلامدى جوق قىلۋ ءۇشىن سولاي ىستەر، ءبىراق اللا ﷻ ونى قورعايدى، ال ءبىز راحات، ءجايلى جۇرە بەرەمىز، الاڭدايتىن ەشتەڭەمىز جوق. نە ءۇشىن؟ سەبەبى، پايعامبارىمىز، «لَا تَحْزَنْ إِنَّ اللَّهَ مَعَنَا»، «ءلاتازان يننالاحا ءماعانا»، ياعني، «قايعىرما، راسىندا اللا بىزبەن بىرگە» دەيدى، قۇران 9ءىنشى سۇرە 40ءىنشى ايات. ولار وتە قيىن كەزدە دە، ياعني، پايعامبارىمىزبەن ءسايدينا ابۋباكىر حازىرەت قيىندىقتا قالعاندا، ول وعان، «الاڭداما، كوڭىلسىز بولما، اللا بىزبەن بىرگە» دەگەن ەدى. دەمەك، بۇكىل الەمنىڭ جاراتۋشىسى بىزبەن بىرگە، سوندىقتان، بۇل قارۋ-جاراقتار، ءوسىبىر ادامدار جايلى الاڭ بولماڭىز، تەك وسى جولدا بولىپ، جۇرەگىڭىزدى پايعامبارىمىزبەن ءبىر ەتىڭىز. جانە ونىڭ اقىرى بىزگە قايىرلى بولار، جۇرت كوپ ايتاتىن ءبىر ءسوز بار ەدى، ونى اعىلشىنشا قالاي ايتۋدى بىلمەدىم، ءيا ولار بىلاي ەدى، ياعني، اقىرىندا «ەڭ سوڭىندا كۇلگەن ەڭ جاقسى كۇلەر» دەگەندەي جاعداي بولار.

ءبىراق ودان بۇرىپ كۇلىپ، «كەيبىر ادامداردى جويدىم» دەپ ويلاساڭ، اقىرىنا بارعاندا ەش جەڭىسكە جەتپەيتىن بولاسىڭ. بۇل ءال-ءمۋتافيقين سۇرەسىندە، «هَلْ ثُوِّبَ الْكُفَّارُ مَا كَانُوا يَفْعَلُونَ»، ياعني، «جانە كاپىرلەر قولەكى ىستەگەندەرىنىڭ تولەمىن تولەدى ەمەسپە؟» دەپ ايتىلعان، قۇران 83ءىنشى سۇرە 36ءىنشى ايات. دەمەك، مۇميندەر بۇل ادامداردىڭ توزاققا تۇسكەنىن كورەتىن بولادى، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇل اياتتا ولاردىڭ نە ىستەگەنىن، جانە ىستەگەندەرى ءۇشىن نە قارىمجى العانىن ايتۋدا. اللا ﷻ ونى وسى سۇرەنىڭ ارتىندا سۇرادى، سوندىقتان، ءبىز اللا جولىندا بولۋىمىز كەرەك، جانە وندا يا بۇندا بولىپ جاتقان ىستەر ءجايلى الاڭداماڭىز. اللا ﷻعا شىنشىل بولىپ، پايعامبارىمىز ﷺدى، مۇميندەرمەن مۇسىلمانداردى ءسۇيىڭىز، ينشاللا. اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي، ءبىزدى جانە سىزدەردى ەسەندىكتە ەتكەي، جانە وزگەلەرگە ءتىپتى دە كوپ حيدايات بەرگەي، قۇتتى ادامدارمەن بىرگە ەتكەي، ينشاللا. اللا ﷻ بارلىقتارىڭىزدى اۋليا-اللا، ياعني اۋليەلەردەن ەتكەي، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8973