Сұхбат: адамзатты қазіргі зұлымдықтан Мәхди хазірет құтқарады (2) (2026.10.16 / Хижри 1448-жыл 05-Жұмада Әл-Ауал)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8970
Сұхбат: адамзатты қазіргі зұлымдықтан Мәхди хазірет құтқарады (2) (2026.10.16 / Хижри 1448-жыл 05-Жұмада Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Kampung Janda Baik, Malaysia, 2026) Малайзияда айтылған сұхбат. Тәриқатуна сұхбах уәл-қайру фил-жәмиях, яғни, біздің жолымыз сұхбат және жамағат ара игілік-дүр. Міне бұл Мәуләнә Шайық Бахаудин Нақшыбанди хазіреттің әр сұхбатында айтатын сөзі еді, ол жалпы 12000 сұхбат айтты. Ал біз берекеге жету үшін оған еліктейміз, оған ұқсап бағамыз, иншалла, біз шамамыз келгенше оған ереміз. Сұхбаттың мағынасы пайғамбарымыз ﷺға еліктеу, біз оның істегеніне еліктейміз, сүннеттермен пайғамбарымыздың істегендерін істеуге тырысамыз. Әр сүннет үшін Алла он сауап-хасанат береді, бұл сүннет істейтін әр адамға берілер. Ал пайғамбарымыз ﷺ ақырзаманда сүннет орындайтын адамдарға 70 я 100 шәхиттың сауабы берілетіндігін айтады, яғни, оның бір сүннетін орындаушыға осындай сауап бар.
Біз машайығымызға еліктейміз, ал машайығымыз пайғамбарымыз ﷺға еліктейді, ал ниетіміз пайғамбарымыздың істегендеріне еру, және пайғамбарымыздың істегендерін, айтқандарын я жұртқа үйреткенін сүймейтін адамдардан аулақ болу. Біз бұндай адамдардан аулақпыз, біз әхлул-сүннә уәл-жамағамыз, сопылық тәриқат адамдарымыз, шәриғат адамдармыз, бізде мәзхап бар, сопылық тәриқат бар. Міне бұл сіздердің панаңыз, ал сіз оны қанша паналаған сайын, шайтанмен оның ерушілерінің залалынан қауіпсіз боласыз, олар бұл қорғанға жете алмайды. Сіз осы қорғанның астында болып, көптеп паналаған сайын, өзіңізді көптеп қорғай алатын боласыз. Әлхамдулилла, біз Алла махаббаты үшін, және пайғамбарымыз махаббаты үшін жиналудамыз, бұл жиналыс талаб әл-илм, яғни білім жиналысы-дүр.
Барлығыңыз білім үшін келдіңіздер, сіздердің білім үйренгілеріңіз келеді, сіздер шәкіртсіздер. Алла ﷻ, «Алла тәлибул илмді, яғни білім іздеушіні сүйеді, және Ол періштелерге оның аяқ астына қанаттарын жаюға әмір етер» дейді. Ал біздің істемек болғанмыз міне осылар, тіпті түсінсек те, я түсінбесек те, әйтеу осында болсақ, Алла ﷻ рахымымен берекесін осы жиналысқа жіберетін болады. Сол үшін пайғамбарымыз ﷺ, «жәннәттың бақшасынан өткенде оған барып, одан алғандарыңша алыңдар» дейді. Сонда сахабалар, «біз дүниедеміз ғой, жәннәттың бақшасы не нәрсе» деп сұрайды. Ал пайғамбарымыз, «ол білім жиналыстары, сол жәннәт» дейді, демек, сіз осындай жерге кіргенде, Алла жәннәттың берекесінен беретін болады. Жәннәт өте асыл-дүр, сіз оларды ештеңеге салыстыра алмайсыз.
Сондықтан, бұнда келген әр адам үшін әлхамдулилла, олар осыбір құт-берекеден үлес алатын болады, ол оларға жауып тұрар, әлхамдулилла, ол кәдімгі мына жауынның жауғанын естіп тұрғанымыз сияқты болар. Біз Алла ﷻдың бізге бергендері үшін алғыс айтамыз, адамдар, әсірсе мүминдер Алла ﷻдың бергенін қадірлеп, ол үшін Оған алғыс айтулары керек. Ал басқа адамдарға біз жауапты емеспіз, бірақ олар бұны білуі керек. Алла бізге білімді ненің жақсы, ненің жаман екендігін білуіміз үшін берген. Бірақ өкінішке орай, бұл кезде мәлім адамдар өздерін ақылды санап, жұртты өз жолдарына бұрмақшы болады, және дұрыс істермен сіз білетін жақсы істерді қате нәрсе сияқты етіп көрсетеді. Ал біз қате істерді сонау бастан білеміз, олар адам тәбиғатына қарсы келеді, біз бұны қате деп айтудамыз, және біз оларды істемеуіміз керек. Ал манағылар, «сендер біздің айтқанымызға еріңдер» дейді, бірақ олардың ісі қате, біз оларға ере алмаймыз.
Пайғамбарлар бізге жол көрсетіп кеткен, және соңғы пайғамбар пайғамбарымыз ﷺ адамдарға керек болған барлығын толықтап, тамам етіп кеткен, адамға керекті болған барлығы құран және пайғамбарымыз сәйдина Мұхаммад ﷺ жағынан көрсетіліп кеткен. Онда туылған бірінші күніңізден бастап, өміріңіздің ең соңына дейінгі еруге тиісті нұсқаулардың барлығы нұсқалынған. Әрине, Алла ﷻ сәбилерге де нұсқаулар берген, және олар есейіп қартайған сайын, оларға міндет көптеп берілер. Сондықтан сіз, «мен бұны ұнатамын, бұны істегім келеді, мен еркінмін, сондықтан оны істеймін, ойыма не келсе, соны істеймін» деп айта алмайсыз. Бұл сізге жақсы емес, және ол сізге жақсы болмаған кезде, ол сіз өмір сүріп жатқан қоғамға да, мемлекетке де, бүкіл дүниеге де жақсы болмас, ол бір апат болар. Ал біз адамдардың әр жерде ойына не келсе, сол бойынша өзгертулер жасап жатқанын көріп жүрміз.
Адамдар әр жолы өздері жақсы деп ойлаған нәрселермен келер, бірақ онысы онан арман қитұрқы, онан арман жаман болып кетеді. Сол үшін біз ненің маңызды, ненің жақсы емес екендігін білу үшін жиналып жатырмыз. Алла Әззә уә-Жәллә, «عَلَّمَ الْإِنسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ», яғни, «адамға ол білмейтін нәрселерді үйреттік» дейді, құран 96інші сүре 5інші аят. Демек, Алла ﷻ адам баласына олар білмейтін білімдерді берер. Ал көптеген сахабалар осы нәрселерді адамдарға айту үшін ел-жерді аралады, алыс жерлерге барды. Адамдар таңғалып, «бұны сендер қалай білесіңдер, біз сендердің қаңыраған шөл далада өмір сүретіндеріңді білеміз, ал сендер бұны қалай білдіңдер» деп сұрар. Сонда олар, «бұл Алланың білімі, Ол оны қалағанына берер» дейді. Көптеген адамдар, «біз барлығын білеміз» деп ойлар, бірақ олардың білетіні Алланың білім мұхитынан бір тамшы да емес, оны тозаң деп те айта алмаймыз, ол тозаң да емес. Бірақ олар тым тәкаппар, олар, «бізде жасанды интеллакт бар, компютер бар, көп нәрселер бар» дейді.
Бірақ бұлар ештеңе емес, тіпті біз оны «Алланың біліміне салыстырғанда» деп те айта алмаймыз, демек, біз ештеңені Оның біліміне салыстыра алмаймыз. Бұнда Алланың біліміне салыстырғанда деп айтып отырғанымыздың өзі бір қателік. Біз тозаңды бүкіл әлемге салыстыра алмаймыз емеспе, сондықтан, олардың онысы ештеңе емес, олардың мәз болып жүрген нәрселері түкке татымайды. Олар тәкаппарланады, және адамдарды мәз етпек болады, оларды өздері сияқты етуде. Бірақ бұлардан еш пайда жоқ, себебі, сіз және олар да көз жұмғанда, онда дем-тыныс та, ештеңе де қалмас, олардың шаруасы бітеді. Сонда одан не пайда келді? ал «пайда барлығы бұл машиналардан емес, адамдардан емес, бірақ Алла Әззә уә-Жәлләдан келер» деу мүминге жарасар. Осы кездің адамдары бір-біріне жаман іс істеуде, жұртқа адам тәбиғатына жат нәрселерді үйретуде, адамзатты зияндауда, ал бұдан оларға еш жақсылық келмес.
«قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ», яғни, «Алланы сүйсең, онда маған ер, сонда Алла сені сүйер» делінер, құран 3інші сүре 31інші аят. Демек, Алланы сүйсең, маған ер, яғни, пайғамбарымызға еріңіз, сонда Алла ﷻ сізді сүйетін болады. Біз үшін, әр адам үшін, әр адам баласы үшін маңызды нәрсе міне осы, Алла сізді сүймек үшін осы нәрсе керек. Егер Алла ﷻ сізді қарғаса, ол нәрсе адамдар үшін ең жаман іс болмақ, бұнда Алла Әззә уә-Жәллә жағынан қарғалған көптеген адамдар бар. Олар оны сезбей жүр, бірақ олар кетеді, және оларға еш пайда келмейтін болады. Тек қана мүминдер осы адамдарды ақиретте көріп, оларға ермегеніне қуанысатын болады, ал мына өмірде адамдар оларға қарап жүр, барлығына көзін сүзіп жүр.
Ал осы адамдар жақсыны жасырып, тек жаманды ғана көрсетеді, сондықтан олардың айтқаны жайлы алаңдау қажетсіз. Әлхамдулилла, біз Аллаға ризамыз, Алла бізге барлығын берген, ал Алла біреуді сүйсе, оған иман береді, өте асыл нәрсе міне осы. Әлхамдулилла, Алла ﷻ барша адам баласына иман бергей, бірақ ақырзманда бүкіл адам баласы мұсылман болады, себебі, бұл Алланың пайғамбарымызға берген уәдесі, иә, олар солай болар, иншалла. Ал біз оның тезден болуын тілейміз, біз мына дүниенің қиналып жатқанын көріп отырмыз, адамзат барлығын жалмап құртуда, олар барлығының быт-шытын шығарды. Сондықтан бізге оны жөндеп, орнына қоятын, және осы дүниені адамдарға қайтадан жақсы ететін біреу керек. Мәуләнә Шайық Назым хазірет Мәхди әлейхис-салам келгенде заман өте жақсы болатынын, жаңбыр түнде жауып, күндіз жаңбыр болмайтынын, ауарайы өте жақсы болатынын айтқан еді.
Ол кезде барлығы құт-берекеге толады, економикалық қиындық болмайды, қиыналу болмайды, кедейлік болмайды, ал бұның барлығы Сәйдина Әл-Мәхди әлейхс-саламның келуімен туылар, иншалла. Біз оның тезден болуын үміт етеміз, иншалла, бірақ біз сонда да қазіргі осы күнімізге, және оның бергеніне ризамыз. Біз ренжіген жоқпыз, бірақ біз кәпірлердің айтқандарын қабыл етпейміз, жұрт бұны да білу керек, демек, егер біреу жаман іс көрсе, оны қалыпты нәрсе демесін. Ал біз, «бұл қалыпты нәрсе емес, оған риза емеспіз» дейміз, тіпті сіз бұны жүрегіңізде болса да айтуыңыз керек. Себебі, егер сіз жаман істі көріп, оны қалыпты деп, харамды қалыпты көрсеңіз, бұл сіз үшін жақсы болмайды. Алла ﷻ бізді аман еткей, біздің адамдар, әр жердегі мұсылмандар, бұндағы және басқа мемлекеттегілердің барлығын аман еткей. Алла бізді Алла жолында еткей, Алланы есімізде еткей. Ал кім Аллаға риза болса, Алла оларға риза болар, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ادامزاتتى قازىرگى زۇلىمدىقتان ءماحدي حازىرەت قۇتقارادى (2) (2026.10.16 / حيجري 1448-جىل 05-جۇمادا ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Kampung Janda Baik، Malaysia، 2026) مالايزيادا ايتىلعان سۇحبات. ءتاريقاتۋنا سۇحباح ءۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح، ياعني، ءبىزدىڭ جولىمىز سۇحبات جانە جاماعات ارا يگىلىك-ءدۇر. مىنە بۇل ءماۋلانا شايىق باحاۋدين ناقشىباندي حازىرەتتىڭ ءار سۇحباتىندا ايتاتىن ءسوزى ەدى، ول جالپى 12000 سۇحبات ايتتى. ال ءبىز بەرەكەگە جەتۋ ءۇشىن وعان ەلىكتەيمىز، وعان ۇقساپ باعامىز، ينشاللا، ءبىز شامامىز كەلگەنشە وعان ەرەمىز. سۇحباتتىڭ ماعىناسى پايعامبارىمىز ﷺعا ەلىكتەۋ، ءبىز ونىڭ ىستەگەنىنە ەلىكتەيمىز، سۇننەتتەرمەن پايعامبارىمىزدىڭ ىستەگەندەرىن ىستەۋگە تىرىسامىز. ءار سۇننەت ءۇشىن اللا ون ساۋاپ-حاسانات بەرەدى، بۇل سۇننەت ىستەيتىن ءار ادامعا بەرىلەر. ال پايعامبارىمىز ﷺ اقىرزاماندا سۇننەت ورىندايتىن ادامدارعا 70 يا 100 ءشاحيتتىڭ ساۋابى بەرىلەتىندىگىن ايتادى، ياعني، ونىڭ ءبىر سۇننەتىن ورىنداۋشىعا وسىنداي ساۋاپ بار.
ءبىز ماشايىعىمىزعا ەلىكتەيمىز، ال ماشايىعىمىز پايعامبارىمىز ﷺعا ەلىكتەيدى، ال نيەتىمىز پايعامبارىمىزدىڭ ىستەگەندەرىنە ەرۋ، جانە پايعامبارىمىزدىڭ ىستەگەندەرىن، ايتقاندارىن يا جۇرتقا ۇيرەتكەنىن سۇيمەيتىن ادامداردان اۋلاق بولۋ. ءبىز بۇنداي ادامداردان اۋلاقپىز، ءبىز ءاحلۋل-ءسۇننا ءۋال-جاماعامىز، سوپىلىق ءتاريقات ادامدارىمىز، ءشاريعات ادامدارمىز، بىزدە ءمازحاپ بار، سوپىلىق ءتاريقات بار. مىنە بۇل سىزدەردىڭ پاناڭىز، ال ءسىز ونى قانشا پانالاعان سايىن، شايتانمەن ونىڭ ەرۋشىلەرىنىڭ زالالىنان ءقاۋىپسىز بولاسىز، ولار بۇل قورعانعا جەتە المايدى. ءسىز وسى قورعاننىڭ استىندا بولىپ، كوپتەپ پانالاعان سايىن، ءوزىڭىزدى كوپتەپ قورعاي الاتىن بولاسىز. ءالحامدۋليللا، ءبىز اللا ماحابباتى ءۇشىن، جانە پايعامبارىمىز ماحابباتى ءۇشىن جينالۋدامىز، بۇل جينالىس تالاب ءال-يلم، ياعني ءبىلىم جينالىسى-ءدۇر.
بارلىعىڭىز ءبىلىم ءۇشىن كەلدىڭىزدەر، سىزدەردىڭ ءبىلىم ۇيرەنگىلەرىڭىز كەلەدى، سىزدەر شاكىرتسىزدەر. اللا ﷻ، «اللا ءتاليبۋل ءيلمدى، ياعني ءبىلىم ىزدەۋشىنى سۇيەدى، جانە ول پەرىشتەلەرگە ونىڭ اياق استىنا قاناتتارىن جايۋعا ءامىر ەتەر» دەيدى. ال ءبىزدىڭ ىستەمەك بولعانمىز مىنە وسىلار، ءتىپتى تۇسىنسەك تە، يا تۇسىنبەسەك تە، ايتەۋ وسىندا بولساق، اللا ﷻ راحىمىمەن بەرەكەسىن وسى جينالىسقا جىبەرەتىن بولادى. سول ءۇشىن پايعامبارىمىز ﷺ، «ءجانناتتىڭ باقشاسىنان وتكەندە وعان بارىپ، ودان العاندارىڭشا الىڭدار» دەيدى. سوندا ساحابالار، «ءبىز دۇنيەدەمىز عوي، ءجانناتتىڭ باقشاسى نە نارسە» دەپ سۇرايدى. ال پايعامبارىمىز، «ول ءبىلىم جينالىستارى، سول ءجاننات» دەيدى، دەمەك، ءسىز وسىنداي جەرگە كىرگەندە، اللا ءجانناتتىڭ بەرەكەسىنەن بەرەتىن بولادى. ءجاننات وتە اسىل-ءدۇر، ءسىز ولاردى ەشتەڭەگە سالىستىرا المايسىز.
سوندىقتان، بۇندا كەلگەن ءار ادام ءۇشىن ءالحامدۋليللا، ولار ءوسىبىر قۇت-بەرەكەدەن ۇلەس الاتىن بولادى، ول ولارعا جاۋىپ تۇرار، ءالحامدۋليللا، ول كادىمگى مىنا جاۋىننىڭ جاۋعانىن ەستىپ تۇرعانىمىز سياقتى بولار. ءبىز اللا ﷻدىڭ بىزگە بەرگەندەرى ءۇشىن العىس ايتامىز، ادامدار، اسىرسە مۇميندەر اللا ﷻدىڭ بەرگەنىن قادىرلەپ، ول ءۇشىن وعان العىس ايتۋلارى كەرەك. ال باسقا ادامدارعا ءبىز جاۋاپتى ەمەسپىز، ءبىراق ولار بۇنى ءبىلۋى كەرەك. اللا بىزگە ءبىلىمدى نەنىڭ جاقسى، نەنىڭ جامان ەكەندىگىن ءبىلۋىمىز ءۇشىن بەرگەن. ءبىراق وكىنىشكە وراي، بۇل كەزدە ءمالىم ادامدار وزدەرىن اقىلدى ساناپ، جۇرتتى ءوز جولدارىنا بۇرماقشى بولادى، جانە دۇرىس ىستەرمەن ءسىز بىلەتىن جاقسى ىستەردى قاتە نارسە سياقتى ەتىپ كورسەتەدى. ال ءبىز قاتە ىستەردى سوناۋ باستان بىلەمىز، ولار ادام ءتابيعاتىنا قارسى كەلەدى، ءبىز بۇنى قاتە دەپ ايتۋدامىز، جانە ءبىز ولاردى ىستەمەۋىمىز كەرەك. ال ماناعىلار، «سەندەر ءبىزدىڭ ايتقانىمىزعا ەرىڭدەر» دەيدى، ءبىراق ولاردىڭ ءىسى قاتە، ءبىز ولارعا ەرە المايمىز.
پايعامبارلار بىزگە جول كورسەتىپ كەتكەن، جانە سوڭعى پايعامبار پايعامبارىمىز ﷺ ادامدارعا كەرەك بولعان بارلىعىن تولىقتاپ، تامام ەتىپ كەتكەن، ادامعا كەرەكتى بولعان بارلىعى قۇران جانە پايعامبارىمىز ءسايدينا مۇحامماد ﷺ جاعىنان كورسەتىلىپ كەتكەن. وندا تۋىلعان ءبىرىنشى كۇنىڭىزدەن باستاپ، ءومىرىڭىزدىڭ ەڭ سوڭىنا دەيىنگى ەرۋگە ءتيىستى نۇسقاۋلاردىڭ بارلىعى نۇسقالىنعان. ارينە، اللا ﷻ سابيلەرگە دە نۇسقاۋلار بەرگەن، جانە ولار ەسەيىپ قارتايعان سايىن، ولارعا مىندەت كوپتەپ بەرىلەر. سوندىقتان ءسىز، «مەن بۇنى ۇناتامىن، بۇنى ىستەگىم كەلەدى، مەن ەركىنمىن، سوندىقتان ونى ىستەيمىن، ويىما نە كەلسە، سونى ىستەيمىن» دەپ ايتا المايسىز. بۇل سىزگە جاقسى ەمەس، جانە ول سىزگە جاقسى بولماعان كەزدە، ول ءسىز ءومىر ءسۇرىپ جاتقان قوعامعا دا، مەملەكەتكە دە، بۇكىل دۇنيەگە دە جاقسى بولماس، ول ءبىر اپات بولار. ال ءبىز ادامداردىڭ ءار جەردە ويىنا نە كەلسە، سول بويىنشا وزگەرتۋلەر جاساپ جاتقانىن كورىپ ءجۇرمىز.
ادامدار ءار جولى وزدەرى جاقسى دەپ ويلاعان نارسەلەرمەن كەلەر، ءبىراق ونىسى ونان ارمان قيتۇرقى، ونان ارمان جامان بولىپ كەتەدى. سول ءۇشىن ءبىز نەنىڭ ماڭىزدى، نەنىڭ جاقسى ەمەس ەكەندىگىن ءبىلۋ ءۇشىن جينالىپ جاتىرمىز. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «عَلَّمَ الْإِنسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ»، ياعني، «ادامعا ول بىلمەيتىن نارسەلەردى ۇيرەتتىك» دەيدى، قۇران 96ءىنشى سۇرە 5ءىنشى ايات. دەمەك، اللا ﷻ ادام بالاسىنا ولار بىلمەيتىن بىلىمدەردى بەرەر. ال كوپتەگەن ساحابالار وسى نارسەلەردى ادامدارعا ايتۋ ءۇشىن ەل-جەردى ارالادى، الىس جەرلەرگە باردى. ادامدار تاڭعالىپ، «بۇنى سەندەر قالاي بىلەسىڭدەر، ءبىز سەندەردىڭ قاڭىراعان ءشول دالادا ءومىر سۇرەتىندەرىڭدى بىلەمىز، ال سەندەر بۇنى قالاي بىلدىڭدەر» دەپ سۇرار. سوندا ولار، «بۇل اللانىڭ ءبىلىمى، ول ونى قالاعانىنا بەرەر» دەيدى. كوپتەگەن ادامدار، «ءبىز بارلىعىن بىلەمىز» دەپ ويلار، ءبىراق ولاردىڭ بىلەتىنى اللانىڭ ءبىلىم مۇحيتىنان ءبىر تامشى دا ەمەس، ونى توزاڭ دەپ تە ايتا المايمىز، ول توزاڭ دا ەمەس. ءبىراق ولار تىم تاكاپپار، ولار، «بىزدە جاساندى ينتەللاكت بار، كومپيۋتەر بار، كوپ نارسەلەر بار» دەيدى.
ءبىراق بۇلار ەشتەڭە ەمەس، ءتىپتى ءبىز ونى «اللانىڭ بىلىمىنە سالىستىرعاندا» دەپ تە ايتا المايمىز، دەمەك، ءبىز ەشتەڭەنى ونىڭ بىلىمىنە سالىستىرا المايمىز. بۇندا اللانىڭ بىلىمىنە سالىستىرعاندا دەپ ايتىپ وتىرعانىمىزدىڭ ءوزى ءبىر قاتەلىك. ءبىز توزاڭدى بۇكىل الەمگە سالىستىرا المايمىز ەمەسپە، سوندىقتان، ولاردىڭ ونىسى ەشتەڭە ەمەس، ولاردىڭ ءماز بولىپ جۇرگەن نارسەلەرى تۇككە تاتىمايدى. ولار تاكاپپارلانادى، جانە ادامداردى ءماز ەتپەك بولادى، ولاردى وزدەرى سياقتى ەتۋدە. ءبىراق بۇلاردان ەش پايدا جوق، سەبەبى، ءسىز جانە ولار دا كوز جۇمعاندا، وندا دەم-تىنىس تا، ەشتەڭە دە قالماس، ولاردىڭ شارۋاسى بىتەدى. سوندا ودان نە پايدا كەلدى؟ ال «پايدا بارلىعى بۇل ماشينالاردان ەمەس، ادامداردان ەمەس، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلەر» دەۋ مۇمينگە جاراسار. وسى كەزدىڭ ادامدارى ءبىر-بىرىنە جامان ءىس ىستەۋدە، جۇرتقا ادام ءتابيعاتىنا جات نارسەلەردى ۇيرەتۋدە، ادامزاتتى زيانداۋدا، ال بۇدان ولارعا ەش جاقسىلىق كەلمەس.
«قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ»، ياعني، «اللانى سۇيسەڭ، وندا ماعان ەر، سوندا اللا سەنى سۇيەر» دەلىنەر، قۇران 3ءىنشى سۇرە 31ءىنشى ايات. دەمەك، اللانى سۇيسەڭ، ماعان ەر، ياعني، پايعامبارىمىزعا ەرىڭىز، سوندا اللا ﷻ ءسىزدى سۇيەتىن بولادى. ءبىز ءۇشىن، ءار ادام ءۇشىن، ءار ادام بالاسى ءۇشىن ماڭىزدى نارسە مىنە وسى، اللا ءسىزدى سۇيمەك ءۇشىن وسى نارسە كەرەك. ەگەر اللا ﷻ ءسىزدى قارعاسا، ول نارسە ادامدار ءۇشىن ەڭ جامان ءىس بولماق، بۇندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاعىنان قارعالعان كوپتەگەن ادامدار بار. ولار ونى سەزبەي ءجۇر، ءبىراق ولار كەتەدى، جانە ولارعا ەش پايدا كەلمەيتىن بولادى. تەك قانا مۇميندەر وسى ادامداردى اقيرەتتە كورىپ، ولارعا ەرمەگەنىنە قۋانىساتىن بولادى، ال مىنا ومىردە ادامدار ولارعا قاراپ ءجۇر، بارلىعىنا كوزىن ءسۇزىپ ءجۇر.
ال وسى ادامدار جاقسىنى جاسىرىپ، تەك جاماندى عانا كورسەتەدى، سوندىقتان ولاردىڭ ايتقانى جايلى الاڭداۋ قاجەتسىز. ءالحامدۋليللا، ءبىز اللاعا ريزامىز، اللا بىزگە بارلىعىن بەرگەن، ال اللا بىرەۋدى سۇيسە، وعان يمان بەرەدى، وتە اسىل نارسە مىنە وسى. ءالحامدۋليللا، اللا ﷻ بارشا ادام بالاسىنا يمان بەرگەي، ءبىراق اقىرزماندا بۇكىل ادام بالاسى مۇسىلمان بولادى، سەبەبى، بۇل اللانىڭ پايعامبارىمىزعا بەرگەن ۋادەسى، ءيا، ولار سولاي بولار، ينشاللا. ال ءبىز ونىڭ تەزدەن بولۋىن تىلەيمىز، ءبىز مىنا دۇنيەنىڭ قينالىپ جاتقانىن كورىپ وتىرمىز، ادامزات بارلىعىن جالماپ قۇرتۋدا، ولار بارلىعىنىڭ بىت-شىتىن شىعاردى. سوندىقتان بىزگە ونى جوندەپ، ورنىنا قوياتىن، جانە وسى دۇنيەنى ادامدارعا قايتادان جاقسى ەتەتىن بىرەۋ كەرەك. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ءماحدي الەيحيس-سالام كەلگەندە زامان وتە جاقسى بولاتىنىن، جاڭبىر تۇندە جاۋىپ، كۇندىز جاڭبىر بولمايتىنىن، اۋارايى وتە جاقسى بولاتىنىن ايتقان ەدى.
ول كەزدە بارلىعى قۇت-بەرەكەگە تولادى، ەكونوميكالىق قيىندىق بولمايدى، قيىنالۋ بولمايدى، كەدەيلىك بولمايدى، ال بۇنىڭ بارلىعى ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحس-سالامنىڭ كەلۋىمەن تۋىلار، ينشاللا. ءبىز ونىڭ تەزدەن بولۋىن ءۇمىت ەتەمىز، ينشاللا، ءبىراق ءبىز سوندا دا قازىرگى وسى كۇنىمىزگە، جانە ونىڭ بەرگەنىنە ريزامىز. ءبىز رەنجىگەن جوقپىز، ءبىراق ءبىز كاپىرلەردىڭ ايتقاندارىن قابىل ەتپەيمىز، جۇرت بۇنى دا ءبىلۋ كەرەك، دەمەك، ەگەر بىرەۋ جامان ءىس كورسە، ونى قالىپتى نارسە دەمەسىن. ال ءبىز، «بۇل قالىپتى نارسە ەمەس، وعان ريزا ەمەسپىز» دەيمىز، ءتىپتى ءسىز بۇنى جۇرەگىڭىزدە بولسا دا ايتۋىڭىز كەرەك. سەبەبى، ەگەر ءسىز جامان ءىستى كورىپ، ونى قالىپتى دەپ، حارامدى قالىپتى كورسەڭىز، بۇل ءسىز ءۇشىن جاقسى بولمايدى. اللا ﷻ ءبىزدى امان ەتكەي، ءبىزدىڭ ادامدار، ءار جەردەگى مۇسىلماندار، بۇنداعى جانە باسقا مەملەكەتتەگىلەردىڭ بارلىعىن امان ەتكەي. اللا ءبىزدى اللا جولىندا ەتكەي، اللانى ەسىمىزدە ەتكەي. ال كىم اللاعا ريزا بولسا، اللا ولارعا ريزا بولار، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8970