You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: христандар жергілікті әмерикалықтарды түгел қырып жіберген (2) (2026.09.26 / Хижри 1448-жыл 15-Рабих Әл-Ақир)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8951
Сұхбат: христандар жергілікті әмерикалықтарды түгел қырып жіберген (2) (2026.09.26 / Хижри 1448-жыл 15-Рабих Әл-Ақир)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Teiba Mosque – Berlin, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Алла ﷻ бұл жиынымызды құтты еткей, ол берекеге толғай, иншалла. Шүкір-Алла, қазір біз бұнда 3-4 күндей болдық, ал біз бізді осындай нығыметтерінің арасында, осындай жақсы адамдарымен бірге еткен Аллаға шүкірлік қыламыз. Біздің мақсатымыз жақсы адамдармен бірге болу, ал жалғыз қалуда еш күш-қуат жоқ, күш бірлікте жатыр. Ол Алланың әмірі, «وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلَاتَفَرَّقُوا», яғни, «және Алланың жібінен бірге мықтап ұстаңдар, және бөлінбеңдер», құран 3інші сүре 103інші аят. Демек, Алла Әззә уә-Жәллә, «Алланың арқанынан мықты ұстаңдар, бірге болыңдар, бөлінбеңдер» деп, әмір етеді. Алла Әззә уә-Жәлләның жолы біреу, таухид міне осы, ол Аллаға ештеңені серік етпеу. Алла ﷻ, «осы жолда бірігіңдер» деп әмір етеді.

Ал осы жол пайғамбарлардың жолы, жер-жерге сапар шегіп, адамдарды хақ дінге шақырған көптеген пайғамбарлар болған, олар адамзаттың игілігі үшін еңбек етті, олар адамдардың Алла әмірлерін орындауына, және олардың жақсы адам болуы үшін құлшынды. Олардың міндеттері өте қиын, оңай нәрсе емес. Демек, адамдарға жақсылықты тарату қиын, себебі олардың ой-саналары осыбір әдемі жолда емес, бірақ оның кері бағытында жүр. Пайғамбарымыз ﷺ осы жолда болды, көп сапарлады, алайда, пайғамбарымыз дін тарату мақсаты барысында хижаздан көп асқан жоқ. Ол тек таифқа барды, және ол онда қарсылыққа ұшырап, залалға ұшырады, және залал көргендіктен, күшпен кері қайтарылды. Нәтижесінде бір кісі ғана хидаятқа келді, және ол бір қарапайым, жарлы адам еді.

Ал пайғамбарымыз ﷺ қайда барса да, не істесе де, олардың барлығының астары Алла Әззә уә-Жәлләның илаһи хикіметімен ашылып отырды. Расында, оның осы өңірден ары аспай дін таратуында терең хикіметтер бар, ол дамашыққа тек бір рет сапарлады, одан басқа жерге барған жоқ. Бұл ерекше іс, себебі біздің заманда исламға залал істегісі келетін адамдар пайғамбарымыз ﷺға қарсы көптеген жалған айыптарды тақты, ал ақиқатында оның басқа жаққа сапарламағаны олардың осыбір өтіріктеріне тойтарыс берді. Демек, пайғамбарымыз ﷺның хижаздан көп ұзап кетпегенінде зор хикіметтер бар еді, себебі Алланың барлық уахилары оған осы өңірде түсті, оның хабар таратуы осы өңірден басталды.

Ал кейін айналадағы патшаларға, шахтарға, мысырдың мұқауиқына, румның билеушісіне ислам жайлы айтатын хаттар жіберілді. Хаттарда олардың әрбірінің есімдері аталып, оларға ислам таныстырылды, онда, «егер құтылысқа жетуді қаласаңдар, исламды қабыл етіңдер» деген хабар жіберілді. Пайғамбарымыз ﷺның жіберген хаты осындай мәнерде болған, ал пайғамбарымыз ﷺнан соң, сахабалар тым алыс жерлерге, байтақ далаларға сапар шекті. Олар жердің әр бұрышын исламға шақырды, олар қытайға дейін барып, иман таратты, және адамдарға осыбір әдемі жолды көрсетті. Біз өткен 10 күнде самарханда болған едік, ал онда пайғамбарымыздың бөлесі Құсам Ибн Аббас хазірет жатыр, ол самарханда шәхит болған. Міне осындай құтты сахабаның қасиетті қабыры сонда жатыр.

Міне бұл пайғамбарымыз ﷺнан соң олардың исламды алыс жерлерге қалай және кең таратқаны еді, олар адамдарды мұсылман болуға зорлаған жоқ, олар жерді жаулап алған соң, оларды еркін қойған, ешкімді мәжбүрлемеген. Олар ондағы жұртқа, «егер сендер мұсылман болғыларың келсе, болыңдар, ол сендердің ұқықтарың, бірақ мұсылман болсаңдар, толық ұқыққа жетесіңдер, және оған ешкім тиісе алмайды, ал мұсылман болуды таңдамасаңдар, сендер жизах, яғни салық төлеулерің керек» деді. Ал салық төлегендер мұсылманнан да жоғары ұқықтардан игіліктенген. Тағы айтар болсақ, олардың салығы бүгінгі сияқты 60, 80, я 90 пайыз болмаған, салығы шама келмейтін жүк емес еді, бар болғаны 2 жарым пайыз айналасында ғана болған, яғни, зекетпен қарайлас болған.

Исламды дүниеге таратқан осындай әділдік еді, ал адамдар осы адамгершілікпен әділеттілікке куә болған соң, олар өз еріктерімен ислам қабылдай бастады. Ал біреулер, «ислам діні қылышпен тараған» деп жүр, бірақ бұл мүлдем өтірік айғай-шулар. Дәл бүгінгідей істегені сияқты, ислам зұлым билеушілерді кетіріп, адамдарды азат еткен, онда жағдайы құлдан да әлдеқайда нашар өмір сүріп жатқан жұртты еркіндікке жеткізген. Адамдар, «ислам жаман» дейді, ал бұндағы адамдар ислам деген сөзді естісе, шошитындай болған, бұл исламфобия, ол бей-мұсылмандардың исламнан қорқынышы-дүр. Бірақ исламдық жерлер артқы көрнісі әртүрлі болған адамдарға мекен болды, еврейлер, христандар, католиктер, бұдистер, отқа табынушылар, хиндұстер барлығы мұсылман елдерінде еркін өмір сүрді. Олар жиза яғни салығын төлесе болғаны, олар тыныштықта бірге өмір сүрді.

Ал шындығында айтылуға тиісті нәрсе, христанфобия еді, олар, «Иса пайғамбардың жолына ілесеміз» дейді, бірақ Иса пайғамбар не деп еді? ол, «егер біреу оң бетіңді шапалақпен ұрса, сол бетіңді де бұрып бер» деген. Ал кіресітшілер иерусалимге кіргенде, христандырғанның орнына, ондағыларды қырып салды. Олар бұны өз кітаптарында жазып кеткен, яғни, олар онда 70мың адамды өлтірген, мұсылманды да, еврейді де, христанды да қалдырмаған. Көшеде қан көтеріліп, тізеге дейін жетті, олар ешкімді тірі қалдырмады, олар сол бойы константиполға, яғни қазіргі ыстанбулға дейін жетті, олардың ісі белгілі еді. Демек, оларды олардың өз христандары қарсы алғанда да, олар конистантиполды да тонады. Ал анатолияға кіргенде кіресітшілерді «өз христандарымыз» деп сеніп, қақпасын ашқан әрменияндарды да сол кіресітшілер қырып салды.

Міне бұл аталмыш «қасиетті кіресітшілер армиясы» еді, ал олардың басшылары поптармен монахтар болатын, олар келіп, Иса пайғамбардың атымен соғыспақшы болатын, бірақ оларға соғыс харам етілген еді. Содан олар, «біз Иса үшін соғысамыз, христанды таратамыз, ол ізеттің, игіліктің, әдеміліктің, және рахымның діні» деп жар салды. Ал ислам армиясы сәл болса да осындай жауыздық істеп көріппе еді? расында, ислам армиясы жорыққа шыққан, бірақ құранда, «кәріге, әйелге, балаға, әлсізге тиіспе, тек сендермен соғысқандармен ғана соғысыңдар» деп әлдеқашан айтылған. Ол тіпті, «соғыста аяушылық сұрағандарға, немесе бағынғандарға тиіспеңдер» деп, әмір етеді. Ал манағы қыңырлар осы ақиқатты жасырып, «ислам жауыз және қанышер» деген жалған нәрселерді көптің санасына екті.

Ал шын қанышерлер солар еді, яғни, христандықтың атымен іс қылып жүргендердің өзі еді. Олар не үшін христан аталды? себебі олар үлкен кіресті көтеріп алып, «қасиетті соғыс» деп жар салады, және адамға адам сияқты мәміле жасамайды. Оларда рахым-мейірімнің ізі де жоқ, іштері тек асқан зұлымдыққа толған. Және бұлар көзге көрінерлік аза ғана бөлімі, ал христандықтың атында құрылған бұл жүйе бүкілдей зұлымдыққа құрылған. Олардың әскерилері әл-әндалуста небір жауыздықтарды істеді, ондағылар португалдар, голландиялықтар және белгиялықтар жағынан асқан зұлымдықпен қырғындалды, басқа да сансыз адамдардың өмірі жұда етілді, олардың тізімінің ақыры жоқ. Сол кездерде олар христан болмаған әрбір адамды жауыздықпен өлтірді, сүйте тұра олар, «дүниеге соғыс арқылы мәдениет әкелеміз» деп, жар салды! бірақ әл-әндалустың мұсылмандары болмаса, оларда еш мәдениет болмас еді.

Жарайды, біз олардың бізді дұшпан санайтынын түсінеміз, бірақ сендер кедей африкалықтардан нені қалайсыңдар? олар сендерге не істеп қойды? сендер оларды мал сияқты кемеге тиеп, әмерикаға құл етіп саттыңдар. Ал апарған 100 адамның ішінде 10 адам әзер аман қалатын, сол барыста жүз милиондаған адам жанынан жұда болды. Және бұл жетпегендей, олар сол кезде әмерикаға барғанда ондағы жергілікті халықтарды аямай қырды. Демек, олар өздерінің «қасиетті христан» идеясын әмерикаға апарып, ондағы жергілікті халықтарды түгел қырып тастады, милиондап өлтірді. Тіпті оларға бұл да жетпеді, олар сонау суық солтүстік әмерикада жүрген жергілікті әмерикалықтарды да нысанаға алды. Милиондаған адамдарды өлтірді, және оларға әдейі қастандықпен ауру-кесел таратып, оларды жойып тастады. Ал осыларды есту мені расында қатты ашу-ызаға булықтырды. Сүйте тұра олар «исламфобия» жайлы айтады, исламфобия, исламфобия, исламфобия деп сарнайды. Ал ақиқатында нақтылы талқылануға тиісті іс христанфобия еді.

Мен германияға ең алғаш 1985інші жылы келдім, ол кезде кейінгі Жәләл мырзаның үйінде тұрдым, оның үйінде мәлім профессордің жазған бір кітәбі тұр екен. Ол кітабында пайғамбарымыз ﷺ жайлы өте жаман сөздер жазыпты, ал осындай жалған нәрселерді таратып жүрген адам европада оқыған, барлығын білетін аталмыш ақылдылар еді. Мен бұны көргенде шошып кеттім, пайғамбарымыз ﷺ жайлы осындай жаман сөздерді бірінші рет естіген мен әрі таңғалста, әрі қатты ашулы күйде қалдым. Демек, «ақылды» атанып жүрген адамдар қалай бұндай сөздерді айтады? ал кейін біз олардың Иса пайғамбарға ермейтін адамдар екендігін танып жеттік, олар шайтанға еретін адамдар екен. Шайтан оларды алдап, оларға жақсыны жаман, ал жаманды жақсы сияқты етіп көрсетіп қойыпты.

Олардың барша істегендерді өтірікке, жалғандыққа, құлық-сұмдыққа, және көз бояушылыққа құрылған, олар арамдықтың барлығын істей алады, және Иса әлейхис-саламның үйреткендерімен олардың істеп жүргендерінің ешқандай қатысы жоқ. Иса әлейхис-салам құдды басқа барлық пайғамбарлар істеп кеткен істерді істеді. Бейне, «لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِّن رُّسُلِه», яғни, «біз Оның елшілерінің арасын бөлмейміз» деп айтылған аяттағы сияқты болар, құран 2інші сүре 285інші аят. Демек, барша пайғамбарлардың арасын бөлмеу, бізге бұйырылған әмір, біз пайғамбарлардың арасын бөлмеуіміз керек. Пайғамбарымыз ﷺның қасиеттерімен оның жеткізген әмірлері басқа пайғамбарлардың әмірлерімен ұқсас-дүр. Ал адамизим, коминизим, сотсиялизим, империялизим деген сияқты қаптаған барша изимдер адамдардың назарын бұзу үшін жасалған жалған бірдеңелер ғана.

Ал бұндағы нақты болған басты шаруа пайғамбарымыз ﷺның жолы-дүр. Ол жолда ешкім зұлымдық көрмейді, ол жол - әділеттің жолы, онда әділдік бар болып, әр адам өз ұқығын алады, және риза жүреді. Міне осы жол пайғамбарымыз ﷺмен оның ізіне ергендердің жолы, ол адамдарға олардың ұқықтарын қайтарып береді, және осы ұқықтарды қорғайды. Алайда, бір адамның ұқығы тағы бір адамның ұқығына кіріспейтіндей жерге дейін ғана болады. Ал біреу одан асып, өзгелердің ұқығына қол сұғуына болмайды, бұл исламда қабыл етілмейді. Алла ﷻдың қасында адамдардың барлығы ұқсас, Алла алдында адамдардың түсіне қарау жоқ, адам ақ, қара, қызыл болсын, бәрі Аллаға ұқсас. Әрине, онда кім Алла алдына артық және Оған жақын? Ал бұнда артық болу, байлық немесе мал-мүлікке қарай белгіленбейді, бірақ ол адамның Алла жолында жүруімен және Оған бойұсынуына қарай белгіленеді. Сондықтан, адамның мақсаты Алла ﷻдың алдында биік мәртебеге жету болуы керек.

Айтып өткеніміздей, ол өз жолдарында жүрген ең биік дәрежедегі пайғамбарлардың жолына еру арқылы іске асырылады, оларды сүю қажеттілік, ал пайғамбарларды сүю дегеніміз олардың жолына ілесу. Себебі, өмірдегі ең маңызды іс - махаббат, ол бейне, «قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ», яғни, «егер Алланы сүйсең, онда маған ер, сонда Алла сені сүйер» деген асыл аятта айтылғандай нәрсе, құран 3інші сүре 31інші аят. Бұл аятта, «егер Алланы сүйсең, онда маған ер және істегенімді істе, сонда Алла Әззә уә-Жәлләның сүйікті пендесіне айналарсың деп айт» делінген. Сұхбаттың басында айтып өткеніміздей, жақсы адамдармен бірге болу аса маңызды, себебі, ел-жұртты адастыратын, ел-жұртты бір-біріне қарсы айдап салып бүлік істейтін көптеген адамдар бар. Ал шын жол Алла ﷻдың жолы, онда адамдар бір-біріне мейірім және махаббатпен жақындайды, осындай мәміледе болады.

Бізді құтқаратыны біздің пайғамбарымыз ﷺға деген махаббатымыз. Ал мейірім, өзара көмек, жақсылық істеу қатарлылар ислам және пайғамбарымыз жағынан қастерленген қасиеттер. Бұл исламмен сопылық тәриқаттың ең маңызы. Пайғамбарымыз ﷺ Алла Әззә уә-Жәлләның ең сүйікті пендесі, ал біз айтқан дұғамыздың алды-артына салауат қоспасақ, дұғамыздың қабыл болуы екіталай болмақ. Бірақ, дұғаның алды-артына салауат айтылған кезде Алла ﷻ оны сөзсіз қабыл ететін болады. Алла ﷻ біздің махаббатымызды арттырғай, ал адамдар бір-біріне көмектескей, иншалла. Міне осы махаббат арқылы біз пайғамбарымыз жағынан уәде етілген аса үлкен жақсы шүйіншіге жетеміз, иншалла. Себебі, оған қатысты пайғамбарымыз ﷺның бір құтты хадисі бар.

Мәлім бір сахаба өлім төсегінде жатқанда пайғамбарымыз оған келеді, ал сахаба жылайды, сонда пайғамбарымыз, «неге жылдың» деп сұрайды, ол, «мен өлгелі жатырмын, енді сізбен бірге бола алмайтын болдым» дейді. Сол кезде пайғамбарымыз, «اَلْمَرْءُ مَعَ مَنْ أَحَبَّ», яғни, «адам сүйгенімен бірге болар» дейді, міне осыбір құтты сөз барлығымыз үшін шынында өте жақсы шүйінші хабар болмақ. Сондықтан, пайғамбарымызға сый, құрмет, және махаббат көрсету, оны қадірлеп әспеттеу, оны ұлықтау біздің аса зор табысымызбен пайдамыз болмақ. Ал біз осы махаббатпен қияметтегі жиналыс алаңындағы ұзақ кезек күтудің қысымында қалмайтын боламыз, тозақ азабына қалмайтын боламыз, Алла ﷻ бізді одан сақтағай. Демек, адам пайғамбарымыз ﷺның махаббатымен жәннәтқа төте кіреді, иншалла. Алла ﷻ барлығымызға осыны нәсіп еткей, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: حريستاندار جەرگىلىكتى امەريكالىقتاردى تۇگەل قىرىپ جىبەرگەن (2) (2026.09.26 / حيجري 1448-جىل 15-رابيح ءال-اقير)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Teiba Mosque – Berlin، Germany، 2026) گەرمانيادا ايتىلعان سۇحبات. اللا ﷻ بۇل جيىنىمىزدى قۇتتى ەتكەي، ول بەرەكەگە تولعاي، ينشاللا. شۇكىر-اللا، ءقازىر ءبىز بۇندا 3-4 كۇندەي بولدىق، ال ءبىز ءبىزدى وسىنداي نىعىمەتتەرىنىڭ اراسىندا، وسىنداي جاقسى ادامدارىمەن بىرگە ەتكەن اللاعا شۇكىرلىك قىلامىز. ءبىزدىڭ ماقساتىمىز جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولۋ، ال جالعىز قالۋدا ەش كۇش-قۋات جوق، كۇش بىرلىكتە جاتىر. ول اللانىڭ ءامىرى، «وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلَاتَفَرَّقُوا»، ياعني، «جانە اللانىڭ جىبىنەن بىرگە مىقتاپ ۇستاڭدار، جانە بولىنبەڭدەر»، قۇران 3ءىنشى سۇرە 103ءىنشى ايات. دەمەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «اللانىڭ ارقانىنان مىقتى ۇستاڭدار، بىرگە بولىڭدار، بولىنبەڭدەر» دەپ، ءامىر ەتەدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولى بىرەۋ، تاۋحيد مىنە وسى، ول اللاعا ەشتەڭەنى سەرىك ەتپەۋ. اللا ﷻ، «وسى جولدا بىرىگىڭدەر» دەپ ءامىر ەتەدى.

ال وسى جول پايعامبارلاردىڭ جولى، جەر-جەرگە ساپار شەگىپ، ادامداردى حاق دىنگە شاقىرعان كوپتەگەن پايعامبارلار بولعان، ولار ادامزاتتىڭ يگىلىگى ءۇشىن ەڭبەك ەتتى، ولار ادامداردىڭ اللا امىرلەرىن ورىنداۋىنا، جانە ولاردىڭ جاقسى ادام بولۋى ءۇشىن قۇلشىندى. ولاردىڭ مىندەتتەرى وتە قيىن، وڭاي نارسە ەمەس. دەمەك، ادامدارعا جاقسىلىقتى تاراتۋ قيىن، سەبەبى ولاردىڭ وي-سانالارى ءوسىبىر ادەمى جولدا ەمەس، ءبىراق ونىڭ كەرى باعىتىندا ءجۇر. پايعامبارىمىز ﷺ وسى جولدا بولدى، كوپ ساپارلادى، الايدا، پايعامبارىمىز ءدىن تاراتۋ ماقساتى بارىسىندا حيجازدان كوپ اسقان جوق. ول تەك تايفقا باردى، جانە ول وندا قارسىلىققا ۇشىراپ، زالالعا ۇشىرادى، جانە زالال كورگەندىكتەن، كۇشپەن كەرى قايتارىلدى. ناتيجەسىندە ءبىر كىسى عانا حيداياتقا كەلدى، جانە ول ءبىر قاراپايىم، جارلى ادام ەدى.

ال پايعامبارىمىز ﷺ قايدا بارسا دا، نە ىستەسە دە، ولاردىڭ بارلىعىنىڭ استارى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يلاھي حيكىمەتىمەن اشىلىپ وتىردى. راسىندا، ونىڭ وسى وڭىردەن ارى اسپاي ءدىن تاراتۋىندا تەرەڭ حيكىمەتتەر بار، ول داماشىققا تەك ءبىر رەت ساپارلادى، ودان باسقا جەرگە بارعان جوق. بۇل ەرەكشە ءىس، سەبەبى ءبىزدىڭ زاماندا يسلامعا زالال ىستەگىسى كەلەتىن ادامدار پايعامبارىمىز ﷺعا قارسى كوپتەگەن جالعان ايىپتاردى تاقتى، ال اقيقاتىندا ونىڭ باسقا جاققا ساپارلاماعانى ولاردىڭ ءوسىبىر وتىرىكتەرىنە تويتارىس بەردى. دەمەك، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ حيجازدان كوپ ۇزاپ كەتپەگەنىندە زور حيكىمەتتەر بار ەدى، سەبەبى اللانىڭ بارلىق ۋاحيلارى وعان وسى وڭىردە ءتۇستى، ونىڭ حابار تاراتۋى وسى وڭىردەن باستالدى.

ال كەيىن اينالاداعى پاتشالارعا، شاحتارعا، مىسىردىڭ مۇقاۋيقىنا، رۋمنىڭ بيلەۋشىسىنە يسلام جايلى ايتاتىن حاتتار جىبەرىلدى. حاتتاردا ولاردىڭ ءاربىرىنىڭ ەسىمدەرى اتالىپ، ولارعا يسلام تانىستىرىلدى، وندا، «ەگەر قۇتىلىسقا جەتۋدى قالاساڭدار، يسلامدى قابىل ەتىڭدەر» دەگەن حابار جىبەرىلدى. پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جىبەرگەن حاتى وسىنداي مانەردە بولعان، ال پايعامبارىمىز ﷺنان سوڭ، ساحابالار تىم الىس جەرلەرگە، بايتاق دالالارعا ساپار شەكتى. ولار جەردىڭ ءار بۇرىشىن يسلامعا شاقىردى، ولار قىتايعا دەيىن بارىپ، يمان تاراتتى، جانە ادامدارعا ءوسىبىر ادەمى جولدى كورسەتتى. ءبىز وتكەن 10 كۇندە سامارحاندا بولعان ەدىك، ال وندا پايعامبارىمىزدىڭ بولەسى قۇسام يبن ابباس حازىرەت جاتىر، ول سامارحاندا ءشاحيت بولعان. مىنە وسىنداي قۇتتى ساحابانىڭ قاسيەتتى قابىرى سوندا جاتىر.

مىنە بۇل پايعامبارىمىز ﷺنان سوڭ ولاردىڭ يسلامدى الىس جەرلەرگە قالاي جانە كەڭ تاراتقانى ەدى، ولار ادامداردى مۇسىلمان بولۋعا زورلاعان جوق، ولار جەردى جاۋلاپ العان سوڭ، ولاردى ەركىن قويعان، ەشكىمدى ماجبۇرلەمەگەن. ولار ونداعى جۇرتقا، «ەگەر سەندەر مۇسىلمان بولعىلارىڭ كەلسە، بولىڭدار، ول سەندەردىڭ ۇقىقتارىڭ، ءبىراق مۇسىلمان بولساڭدار، تولىق ۇقىققا جەتەسىڭدەر، جانە وعان ەشكىم تيىسە المايدى، ال مۇسىلمان بولۋدى تاڭداماساڭدار، سەندەر جيزاح، ياعني سالىق تولەۋلەرىڭ كەرەك» دەدى. ال سالىق تولەگەندەر مۇسىلماننان دا جوعارى ۇقىقتاردان يگىلىكتەنگەن. تاعى ايتار بولساق، ولاردىڭ سالىعى بۇگىنگى سياقتى 60، 80، يا 90 پايىز بولماعان، سالىعى شاما كەلمەيتىن جۇك ەمەس ەدى، بار بولعانى 2 جارىم پايىز اينالاسىندا عانا بولعان، ياعني، زەكەتپەن قارايلاس بولعان.

يسلامدى دۇنيەگە تاراتقان وسىنداي ادىلدىك ەدى، ال ادامدار وسى ادامگەرشىلىكپەن ادىلەتتىلىككە كۋا بولعان سوڭ، ولار ءوز ەرىكتەرىمەن يسلام قابىلداي باستادى. ال بىرەۋلەر، «يسلام ءدىنى قىلىشپەن تاراعان» دەپ ءجۇر، ءبىراق بۇل مۇلدەم وتىرىك ايعاي-شۋلار. ءدال بۇگىنگىدەي ىستەگەنى سياقتى، يسلام زۇلىم بيلەۋشىلەردى كەتىرىپ، ادامداردى ازات ەتكەن، وندا جاعدايى قۇلدان دا الدەقايدا ناشار ءومىر ءسۇرىپ جاتقان جۇرتتى ەركىندىككە جەتكىزگەن. ادامدار، «يسلام جامان» دەيدى، ال بۇنداعى ادامدار يسلام دەگەن ءسوزدى ەستىسە، شوشيتىنداي بولعان، بۇل يسلامفوبيا، ول بەي-مۇسىلمانداردىڭ يسلامنان قورقىنىشى-ءدۇر. ءبىراق يسلامدىق جەرلەر ارتقى كورنىسى ءارتۇرلى بولعان ادامدارعا مەكەن بولدى، ەۆرەيلەر، حريستاندار، كاتوليكتەر، بۇديستەر، وتقا تابىنۋشىلار، حيندۇستەر بارلىعى مۇسىلمان ەلدەرىندە ەركىن ءومىر ءسۇردى. ولار جيزا ياعني سالىعىن تولەسە بولعانى، ولار تىنىشتىقتا بىرگە ءومىر ءسۇردى.

ال شىندىعىندا ايتىلۋعا ءتيىستى نارسە، حريستانفوبيا ەدى، ولار، «يسا پايعامباردىڭ جولىنا ىلەسەمىز» دەيدى، ءبىراق يسا پايعامبار نە دەپ ەدى؟ ول، «ەگەر بىرەۋ وڭ بەتىڭدى شاپالاقپەن ۇرسا، سول بەتىڭدى دە بۇرىپ بەر» دەگەن. ال كىرەسىتشىلەر يەرۋساليمگە كىرگەندە، حريستاندىرعاننىڭ ورنىنا، ونداعىلاردى قىرىپ سالدى. ولار بۇنى ءوز كىتاپتارىندا جازىپ كەتكەن، ياعني، ولار وندا 70مىڭ ادامدى ولتىرگەن، مۇسىلماندى دا، ەۆرەيدى دە، حريستاندى دا قالدىرماعان. كوشەدە قان كوتەرىلىپ، تىزەگە دەيىن جەتتى، ولار ەشكىمدى ءتىرى قالدىرمادى، ولار سول بويى كونستانتيپولعا، ياعني قازىرگى ىستانبۋلعا دەيىن جەتتى، ولاردىڭ ءىسى بەلگىلى ەدى. دەمەك، ولاردى ولاردىڭ ءوز حريستاندارى قارسى العاندا دا، ولار كونيستانتيپولدى دا تونادى. ال اناتولياعا كىرگەندە كىرەسىتشىلەردى «ءوز حريستاندارىمىز» دەپ سەنىپ، قاقپاسىن اشقان ارمەنيانداردى دا سول كىرەسىتشىلەر قىرىپ سالدى.

مىنە بۇل اتالمىش «قاسيەتتى كىرەسىتشىلەر ارمياسى» ەدى، ال ولاردىڭ باسشىلارى پوپتارمەن موناحتار بولاتىن، ولار كەلىپ، يسا پايعامباردىڭ اتىمەن سوعىسپاقشى بولاتىن، ءبىراق ولارعا سوعىس حارام ەتىلگەن ەدى. سودان ولار، «ءبىز يسا ءۇشىن سوعىسامىز، حريستاندى تاراتامىز، ول ىزەتتىڭ، يگىلىكتىڭ، ادەمىلىكتىڭ، جانە راحىمنىڭ ءدىنى» دەپ جار سالدى. ال يسلام ارمياسى ءسال بولسا دا وسىنداي جاۋىزدىق ىستەپ كورىپپە ەدى؟ راسىندا، يسلام ارمياسى جورىققا شىققان، ءبىراق قۇراندا، «كارىگە، ايەلگە، بالاعا، السىزگە تيىسپە، تەك سەندەرمەن سوعىسقاندارمەن عانا سوعىسىڭدار» دەپ الدەقاشان ايتىلعان. ول ءتىپتى، «سوعىستا اياۋشىلىق سۇراعاندارعا، نەمەسە باعىنعاندارعا تيىسپەڭدەر» دەپ، ءامىر ەتەدى. ال ماناعى قىڭىرلار وسى اقيقاتتى جاسىرىپ، «يسلام جاۋىز جانە قانىشەر» دەگەن جالعان نارسەلەردى كوپتىڭ ساناسىنا ەكتى.

ال شىن قانىشەرلەر سولار ەدى، ياعني، حريستاندىقتىڭ اتىمەن ءىس قىلىپ جۇرگەندەردىڭ ءوزى ەدى. ولار نە ءۇشىن حريستان اتالدى؟ سەبەبى ولار ۇلكەن كىرەستى كوتەرىپ الىپ، «قاسيەتتى سوعىس» دەپ جار سالادى، جانە ادامعا ادام سياقتى مامىلە جاسامايدى. ولاردا راحىم-مەيىرىمنىڭ ءىزى دە جوق، ىشتەرى تەك اسقان زۇلىمدىققا تولعان. جانە بۇلار كوزگە كورىنەرلىك ازا عانا ءبولىمى، ال حريستاندىقتىڭ اتىندا قۇرىلعان بۇل جۇيە بۇكىلدەي زۇلىمدىققا قۇرىلعان. ولاردىڭ اسكەريلەرى ءال-ءاندالۋستا نەبىر جاۋىزدىقتاردى ىستەدى، ونداعىلار پورتۋگالدار، گوللانديالىقتار جانە بەلگيالىقتار جاعىنان اسقان زۇلىمدىقپەن قىرعىندالدى، باسقا دا سانسىز ادامداردىڭ ءومىرى جۇدا ەتىلدى، ولاردىڭ ءتىزىمىنىڭ اقىرى جوق. سول كەزدەردە ولار حريستان بولماعان ءاربىر ادامدى جاۋىزدىقپەن ءولتىردى، سۇيتە تۇرا ولار، «دۇنيەگە سوعىس ارقىلى مادەنيەت اكەلەمىز» دەپ، جار سالدى! ءبىراق ءال-ءاندالۋستىڭ مۇسىلماندارى بولماسا، ولاردا ەش مادەنيەت بولماس ەدى.

جارايدى، ءبىز ولاردىڭ ءبىزدى دۇشپان سانايتىنىن تۇسىنەمىز، ءبىراق سەندەر كەدەي افريكالىقتاردان نەنى قالايسىڭدار؟ ولار سەندەرگە نە ىستەپ قويدى؟ سەندەر ولاردى مال سياقتى كەمەگە تيەپ، امەريكاعا قۇل ەتىپ ساتتىڭدار. ال اپارعان 100 ادامنىڭ ىشىندە 10 ادام ازەر امان قالاتىن، سول بارىستا ءجۇز ميليونداعان ادام جانىنان جۇدا بولدى. جانە بۇل جەتپەگەندەي، ولار سول كەزدە امەريكاعا بارعاندا ونداعى جەرگىلىكتى حالىقتاردى اياماي قىردى. دەمەك، ولار وزدەرىنىڭ «قاسيەتتى حريستان» يدەياسىن امەريكاعا اپارىپ، ونداعى جەرگىلىكتى حالىقتاردى تۇگەل قىرىپ تاستادى، ميليونداپ ءولتىردى. ءتىپتى ولارعا بۇل دا جەتپەدى، ولار سوناۋ سۋىق سولتۇستىك امەريكادا جۇرگەن جەرگىلىكتى امەريكالىقتاردى دا نىساناعا الدى. ميليونداعان ادامداردى ءولتىردى، جانە ولارعا ادەيى قاستاندىقپەن اۋرۋ-كەسەل تاراتىپ، ولاردى جويىپ تاستادى. ال وسىلاردى ەستۋ مەنى راسىندا قاتتى اشۋ-ىزاعا بۋلىقتىردى. سۇيتە تۇرا ولار «يسلامفوبيا» جايلى ايتادى، يسلامفوبيا، يسلامفوبيا، يسلامفوبيا دەپ سارنايدى. ال اقيقاتىندا ناقتىلى تالقىلانۋعا ءتيىستى ءىس حريستانفوبيا ەدى.

مەن گەرمانياعا ەڭ العاش 1985ءىنشى جىلى كەلدىم، ول كەزدە كەيىنگى ءجالال مىرزانىڭ ۇيىندە تۇردىم، ونىڭ ۇيىندە ءمالىم پروفەسسوردىڭ جازعان ءبىر كىتابى تۇر ەكەن. ول كىتابىندا پايعامبارىمىز ﷺ جايلى وتە جامان سوزدەر جازىپتى، ال وسىنداي جالعان نارسەلەردى تاراتىپ جۇرگەن ادام ەۆروپادا وقىعان، بارلىعىن بىلەتىن اتالمىش اقىلدىلار ەدى. مەن بۇنى كورگەندە شوشىپ كەتتىم، پايعامبارىمىز ﷺ جايلى وسىنداي جامان سوزدەردى ءبىرىنشى رەت ەستىگەن مەن ءارى تاڭعالستا، ءارى قاتتى اشۋلى كۇيدە قالدىم. دەمەك، «اقىلدى» اتانىپ جۇرگەن ادامدار قالاي بۇنداي سوزدەردى ايتادى؟ ال كەيىن ءبىز ولاردىڭ يسا پايعامبارعا ەرمەيتىن ادامدار ەكەندىگىن تانىپ جەتتىك، ولار شايتانعا ەرەتىن ادامدار ەكەن. شايتان ولاردى الداپ، ولارعا جاقسىنى جامان، ال جاماندى جاقسى سياقتى ەتىپ كورسەتىپ قويىپتى.

ولاردىڭ بارشا ىستەگەندەردى وتىرىككە، جالعاندىققا، قۇلىق-سۇمدىققا، جانە كوز بوياۋشىلىققا قۇرىلعان، ولار ارامدىقتىڭ بارلىعىن ىستەي الادى، جانە يسا الەيحيس-سالامنىڭ ۇيرەتكەندەرىمەن ولاردىڭ ىستەپ جۇرگەندەرىنىڭ ەشقانداي قاتىسى جوق. يسا الەيحيس-سالام قۇددى باسقا بارلىق پايعامبارلار ىستەپ كەتكەن ىستەردى ىستەدى. بەينە، «لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِّن رُّسُلِه»، ياعني، «ءبىز ونىڭ ەلشىلەرىنىڭ اراسىن بولمەيمىز» دەپ ايتىلعان اياتتاعى سياقتى بولار، قۇران 2ءىنشى سۇرە 285ءىنشى ايات. دەمەك، بارشا پايعامبارلاردىڭ اراسىن بولمەۋ، بىزگە بۇيىرىلعان ءامىر، ءبىز پايعامبارلاردىڭ اراسىن بولمەۋىمىز كەرەك. پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قاسيەتتەرىمەن ونىڭ جەتكىزگەن امىرلەرى باسقا پايعامبارلاردىڭ امىرلەرىمەن ۇقساس-ءدۇر. ال اداميزيم، كومينيزيم، سوتسياليزيم، يمپەرياليزيم دەگەن سياقتى قاپتاعان بارشا يزيمدەر ادامداردىڭ نازارىن بۇزۋ ءۇشىن جاسالعان جالعان بىردەڭەلەر عانا.

ال بۇنداعى ناقتى بولعان باستى شارۋا پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى-ءدۇر. ول جولدا ەشكىم زۇلىمدىق كورمەيدى، ول جول - ادىلەتتىڭ جولى، وندا ادىلدىك بار بولىپ، ءار ادام ءوز ۇقىعىن الادى، جانە ريزا جۇرەدى. مىنە وسى جول پايعامبارىمىز ﷺمەن ونىڭ ىزىنە ەرگەندەردىڭ جولى، ول ادامدارعا ولاردىڭ ۇقىقتارىن قايتارىپ بەرەدى، جانە وسى ۇقىقتاردى قورعايدى. الايدا، ءبىر ادامنىڭ ۇقىعى تاعى ءبىر ادامنىڭ ۇقىعىنا كىرىسپەيتىندەي جەرگە دەيىن عانا بولادى. ال بىرەۋ ودان اسىپ، وزگەلەردىڭ ۇقىعىنا قول سۇعۋىنا بولمايدى، بۇل يسلامدا قابىل ەتىلمەيدى. اللا ﷻدىڭ قاسىندا ادامداردىڭ بارلىعى ۇقساس، اللا الدىندا ادامداردىڭ تۇسىنە قاراۋ جوق، ادام اق، قارا، قىزىل بولسىن، ءبارى اللاعا ۇقساس. ارينە، وندا كىم اللا الدىنا ارتىق جانە وعان جاقىن؟ ال بۇندا ارتىق بولۋ، بايلىق نەمەسە مال-مۇلىككە قاراي بەلگىلەنبەيدى، ءبىراق ول ادامنىڭ اللا جولىندا جۇرۋىمەن جانە وعان بويۇسىنۋىنا قاراي بەلگىلەنەدى. سوندىقتان، ادامنىڭ ماقساتى اللا ﷻدىڭ الدىندا بيىك مارتەبەگە جەتۋ بولۋى كەرەك.

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ول ءوز جولدارىندا جۇرگەن ەڭ بيىك دارەجەدەگى پايعامبارلاردىڭ جولىنا ەرۋ ارقىلى ىسكە اسىرىلادى، ولاردى ءسۇيۋ قاجەتتىلىك، ال پايعامبارلاردى ءسۇيۋ دەگەنىمىز ولاردىڭ جولىنا ىلەسۋ. سەبەبى، ومىردەگى ەڭ ماڭىزدى ءىس - ماحاببات، ول بەينە، «قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ»، ياعني، «ەگەر اللانى سۇيسەڭ، وندا ماعان ەر، سوندا اللا سەنى سۇيەر» دەگەن اسىل اياتتا ايتىلعانداي نارسە، قۇران 3ءىنشى سۇرە 31ءىنشى ايات. بۇل اياتتا، «ەگەر اللانى سۇيسەڭ، وندا ماعان ەر جانە ىستەگەنىمدى ىستە، سوندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ سۇيىكتى پەندەسىنە اينالارسىڭ دەپ ايت» دەلىنگەن. سۇحباتتىڭ باسىندا ايتىپ وتكەنىمىزدەي، جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولۋ اسا ماڭىزدى، سەبەبى، ەل-جۇرتتى اداستىراتىن، ەل-جۇرتتى ءبىر-بىرىنە قارسى ايداپ سالىپ بۇلىك ىستەيتىن كوپتەگەن ادامدار بار. ال شىن جول اللا ﷻدىڭ جولى، وندا ادامدار ءبىر-بىرىنە مەيىرىم جانە ماحابباتپەن جاقىندايدى، وسىنداي مامىلەدە بولادى.

ءبىزدى قۇتقاراتىنى ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ﷺعا دەگەن ماحابباتىمىز. ال مەيىرىم، ءوزارا كومەك، جاقسىلىق ىستەۋ قاتارلىلار يسلام جانە پايعامبارىمىز جاعىنان قاستەرلەنگەن قاسيەتتەر. بۇل يسلاممەن سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ ەڭ ماڭىزى. پايعامبارىمىز ﷺ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ەڭ سۇيىكتى پەندەسى، ال ءبىز ايتقان دۇعامىزدىڭ الدى-ارتىنا سالاۋات قوسپاساق، دۇعامىزدىڭ قابىل بولۋى ەكىتالاي بولماق. ءبىراق، دۇعانىڭ الدى-ارتىنا سالاۋات ايتىلعان كەزدە اللا ﷻ ونى ءسوزسىز قابىل ەتەتىن بولادى. اللا ﷻ ءبىزدىڭ ماحابباتىمىزدى ارتتىرعاي، ال ادامدار ءبىر-بىرىنە كومەكتەسكەي، ينشاللا. مىنە وسى ماحاببات ارقىلى ءبىز پايعامبارىمىز جاعىنان ۋادە ەتىلگەن اسا ۇلكەن جاقسى شۇيىنشىگە جەتەمىز، ينشاللا. سەبەبى، وعان قاتىستى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءبىر قۇتتى ءحاديسى بار.

ءمالىم ءبىر ساحابا ءولىم توسەگىندە جاتقاندا پايعامبارىمىز وعان كەلەدى، ال ساحابا جىلايدى، سوندا پايعامبارىمىز، «نەگە جىلدىڭ» دەپ سۇرايدى، ول، «مەن ولگەلى جاتىرمىن، ەندى سىزبەن بىرگە بولا المايتىن بولدىم» دەيدى. سول كەزدە پايعامبارىمىز، «ءاَلْمَرُْ مَعَ مَنْ أَحَبَّ»، ياعني، «ادام سۇيگەنىمەن بىرگە بولار» دەيدى، مىنە ءوسىبىر قۇتتى ءسوز بارلىعىمىز ءۇشىن شىنىندا وتە جاقسى ءشۇيىنشى حابار بولماق. سوندىقتان، پايعامبارىمىزعا سىي، قۇرمەت، جانە ماحاببات كورسەتۋ، ونى قادىرلەپ اسپەتتەۋ، ونى ۇلىقتاۋ ءبىزدىڭ اسا زور تابىسىمىزبەن پايدامىز بولماق. ال ءبىز وسى ماحابباتپەن قيامەتتەگى جينالىس الاڭىنداعى ۇزاق كەزەك كۇتۋدىڭ قىسىمىندا قالمايتىن بولامىز، توزاق ازابىنا قالمايتىن بولامىز، اللا ﷻ ءبىزدى ودان ساقتاعاي. دەمەك، ادام پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ماحابباتىمەن ءجانناتقا توتە كىرەدى، ينشاللا. اللا ﷻ بارلىعىمىزعا وسىنى ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8951