Сұхбат: қазір бүлік-фитна өте көп ақырзаман, тыныш жүр, үйіңде бол (2026.07.30 / Хижри 1448-жыл 16-Сафар)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8892
Сұхбат: қазір бүлік-фитна өте көп ақырзаман, тыныш жүр, үйіңде бол (2026.07.30 / Хижри 1448-жыл 16-Сафар)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Akbaba Dergah, Istanbul, Turkiye, 2026) Пайғамбарымыз ﷺ ақырзаман жәйлы баяндаған еді, ол, «ол заманда сондай сұмдық бүліктер болады, ол кәдімгі, كَقِطَعِ اللَّيْلِ الْمُظْلِمِ, яғни, қара түннің бір бөлігі сияқты болар» дейді. Пайғамбарымыз ﷺ бұнда бүлік-фитналардың көптеген бөліктері болатынын айта келіп, оның қара түндей болатын түрлерін де айтқан. Сол кезде біреу, «қалайша бұндай іс туылмақ» деп, қатты таңдана өзінен сұрайды. Пайғамбарымыз ﷺ құтты сөздерімен оларды осылай бейнелеген еді, ал пайғамбарлық дегеніміз болашақта не болатынын алдын-ала айту. Демек, пайғамбарымыз ﷺ айтқан барлық іс болып кетті, және көрніс берді. Соңында ол біз өмір сүріп жатқан осы заманды баяндай келе, ол заманда туылатын бүлік-фитна, кесір-кесапат, былықтардың, және дүниенің хәлімен адамдардың хәлі расында адамды қатты таңғалдыратындығын айтқан еді.
Демек, қазір әр жер бүлік-фитна, небір сұмдықтарға толған, бүлік жоқ еш жер қалмады, бұл бүліктер әр елде, әр мемлекетте, мұсылманы я басқасы болсын, барлығында бар. Сондықтан, біз қырағы болып, «міне бұл ақырзаман» деп, айтуымыз керек, бұны киелі адамдарымыз мың жыл бұрын айтып кеткен, олар, «هَذَا زَمَنُ السُّكُوتِ وَمُلازَمَةُ البُيُوت», яғни, «бұл заман тыныш жүріп, үйде отыратын заман» деп, айтқан еді, оның мағынасы сол, үйде болу ғана бүліктен құтқарар. Сондықтан, адамдарға, және айналамызға аса сақ болуымыз керек, демек, кезкелген сәтте, еш күтпеген кезкелген нәрселер туыла берер. Алла ﷻдан пана ізделік, сонда осыбір сұмдықтармен кесір-кесапаттардан аман боламыз, сақтана аламыз, иншалла. Расында, кім Алла ﷻдан пана іздесе, олар көмекке ие болар, Алла Әззә уә-Жәллә оларға жәрдемдесер.
Алла ﷻ бізді заманымыздың осыбір бүлік-фитналарымен кесір-кесапаттарынан қорғағай, адамдарға ақылмен түсінік бергей, олар нәпсілерін басқара білгей, шайтанға ермегей, және олар естігендерінің бәріне сене бермесе екен. Сенетін жол - шәриғаттың жолы, сопылық тәриқаттың жолы, ал адамдар бұлардан тыс ешқандай нәрсеге сенбесін, сонда олар бүлік-фитнаға ілініп қалмайтын болады. Алла ﷻ бізді панасына алғай. Әр адам, кәрі-жас, бала-шаға, ерсек болсын, бүліктен аулақ болғай, ал сіз, «мен ересекпін, мен бүліктен аманмын, шайтан мені алдай алмайды» демеңіз. Шайтан барлық адамды алдай береді, сондықтан, Алладан пана тілеңіз, кім Алладан пана тілесе, Алла рұхсатында, ол құтылады. Алла ﷻ барлығымызды қорғағай, бізді осыбір бүлік-фитналармен кесір-кесапаттардан сақтағай.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8892