Сұхбат: сопылық тәриқат атын жамылған кейбір адамдардан сақтан (2) (2026.01.22 / Хижри 1447-жыл 03-Шағбан)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8678
Сұхбат: сопылық тәриқат атын жамылған кейбір адамдардан сақтан (2) (2026.01.22 / Хижри 1447-жыл 03-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Waltham Forest Islamic Association (WFIA) , Walthamstow, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Пайғамбарымыз, «الدِّين النَّصِيحَة», «әддинун нәсихах», яғни, «дін дегеніміз нәсихат» дейді, нәсихат дегеніміз кеңес, әркім кеңес сұрайды. Біреу сізден кеңес сұрағанда, оған қатысты пайғамбарымыз, «المستشارَ مؤتمنٌ» яғни, «кеңес беруші сенімді болсын» дейді, демек, сіз кеңес алған адам сенімді, адал адам болуы керек. Сол үшін кеңес дінде жақсы нәрсені, жақсы жолды, және өмірмен дүние-ақиреттегі барша игілікті көрсетуде аса маңызды, ал кеңес сұрағанда, адамдар жақсы нәрселер үшін кеңес сұрасын, олар, «мен оны қалай тонаймын, қалай өлтіреміз, елді қалай алдаймыз» деген нәрселерді сұрамауы керек. Бұл кеңес-нәсихат емес, олар бұндайды көп сұрамас, өздері істей берер, бұны шайтани адамдар үйретеді, бұндай адамдарға кеңес керек емес. Кеңес-нәсихат дегеніміз жаман істерге тосқауыл қою, біздің есігіміз сопылық тәриқаттың есігі, Алланың есігі жақсы нәрсе сұрағандарға арналған. Жақсылық жақсылық алып келеді, жамандық жамандық алып келеді, жамандық ешқашан жақсылық әкелмейді.
Сонымен бірге, «мен сопылық тәриқаттамын» деп жүрген адамдарға да аса сақ болуымыз керек, себебі солай айта тұра адам алдайтындар бар, ал адам алдау, сопылықта болмаған нәрселерді айту, дін исламда да, қазіргі төңкерілген замандағы қалыпты адамдардың кезінде де қабыл етілмейді. Біз қазіргі кез жәйлы бірдеңе дей алмаймыз, бірақ қалыпты кездерде барша жақсы нәрсе жақсылықты алып келеді, ал барша жаман нәрсе жамандықты алып келеді. Мүмкін жаман нәрсе сізді 1-2 минут мәз қылар, бірақ одан соң, түк жоқ болады да, сіз сол жаман нәрсені тағы істегіңіз келетін болады. Сіз, «мәз жүрмін» деп ойларсыз, бірақ ол бір отқа ұқсайды, мәселен, отқа әр жолы ағаш, я май, я кезкелген нәрсені лақтырса, ол күйдіреді, от сізге қарай күшеие түседі, сізді күйдірмек болады. Бірақ сіз бұған қуана алмайсыз, қазір бүкіл дүние осындай болып кетті, демек, барша жаман нәрселер батыс елдерінде ғана қалып қойған жоқ, олар шығыс-батысқа түгел тарап кетті. Олар әр жерге тарап жатыр, өсіп жатыр, не үшін? себебі Алла ﷻ адамдарға Өз нығыметінен өте көп нәрселер берді, мәселен, ақша, асыл, жұмыс, байлық, тыбы барлығын берді.
Қазір жұрт, «бүкіл дүниені кедейлік жәйлауда» дер, бірақ бұл шын емес, себебі, мәселен, мен бұрын бірінші рет қажылыққа барғанда семіз ер, семіз әйелді аз ұшыратқам, тек мысырмен ирақтықтардың ғана семіз екендігін көргем. Ал басқалары сүйекпен тері ғана сияқты тым арық, ештеңесі жоқ болатын, ал қазірше? машалла, қайда барсаң топ-топ болып жүрген семіздер қаптаған, машалла, олар табын-табын семіз сыйырлар сияқты тобымен жүреді, бұл қайдан келді? себебі адамдарда зат байлығы көп, сондықтан, олар жей береді, іше береді, нәпсісін өсіреді, құмарлығын семіртеді. Тіпті қазір шәриғатқа еріп жүргендер өздеріне бүкіл харамды істеуге мүмкіндік беретін фатуаларды шығарып алды, олар, «біз мына мәзхап бойынша, ана мәзхап бойынша фатуа береміз» дейді. Олардың айтып жүргені қайсы мәзхап екенін білмедім, олар, «20 әйелге үйленсең болады, я мына әйелді жәрия алсаңы болады» деп соғады. Міне бұл қазір, сүбіханАлла, міне бұлар құрсақтарымен ойлайтындардың былығы, сонысы түсіп жатыр, басқа ештеңе емес. Бақытсыздыққа орай, бұл біздің қазір көріп-естіп отырған нәрселеріміз, әрине бұл, олардың жоғары мұрнынан я басқа бірделерінен келген фатуа болса керек, олар осындай сұмдықтың бәрін істеуде, мұсылмандар да соны істеуде, бұл өте өкінішті, Алла ﷻ сіздерге барлығын берді, ал сіздер осындай сұмдық істеп жүрсіздер.
Бұнда, «يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ», яғни, «о иман келтіргендер, өздеріңді, және отбасыларыңды отыны адамдармен тастардан болған оттан қорғаңдар» делінер, құран 66інші сүре 6інші аят. Оның мағынасы, о адамдар, о адам баласы, тозақтан сақтаныңдар демекілік-дүр, ал тозақ қала тұтанады? ол тас және адаммен тұтандырылады, себебі адамдар тозаққа лақтырылғанда, тау сияқты үйіліп қалады, олар үсті-үстіне үйілген таудай болып төгіліп жатады. Ол осы ангиядағы тау емес, бұл тау кішкене ғой, олар гималай тауы сияқты алып болады, солай үйіліп жатады, сол үшін оның отыны таспен адамдардан тұрады. Неге бұлай? себебі олар бар сұмдықты істеуде, тіпті олар Алла ﷻдың бергенін харамға істетуде, онымен жаман нәрселерді істеуде, ал содан соң не болмақ? бірінші болып, олардың иманы кетеді, одан, олардан олардың исламы кетеді, одан соң, олар кәпір, я әтеист болып кетеді, демек олар қабыл етілмейтін адамдарға айналып кетеді.
Сол үшін біз кімдердің осыбір адамдар жағынан алданып жатқанын нақты айтып жатырмыз, сақ болыңыз! тәриқат, біздің сопылық тәриқат, әсіресе нақышбанд тәриқаты шәриғатқа өте сақ, шәриғат біз үшін өте маңызды. Сіз өз қалағаныңызша істеуіңізге, қалағаныңызша фатуа беруіңізге болмайды, өте тетік, аса сақ болуыңыз керек, бұл әр адамның, және өмір сүріп отырған қоғамымыздың игілігі үшін еді. Біз бұл жәйлы ұдайы мысал әңгіме көрсетеміз, мәселен, бір қораптағы бір алма шірісе, ол басқа алманы да шірітіп, барлық алманың шаруасы бітеді. Әдетте мен бау-бақша қорықтың жұмысына көп бара алмаймын, мәселен, біз онда он адамды жұмысқа алып барсақ, машалла, олар жақсы жұмыс істеп жатады. Бірақ олардың ішінде біреуі жұмыс істемей қойса, ол басқалардың барлығына әсер етеді, сол үшін мен оларды бөліп істетемін, оларға, «сен бұнда тұр, тек дергада қызмет қыл, онда ұйқың келсе, ұйықтай бер, шыққың келсе, шыға бер, бірақ бізбен бірге келме» деймін. Бұл маңызды, себебі, отбасында жаман біреу болса, ол сонау бастан әйелін алдайды, бұндай істі мен көп естідім, яғни осы аптада ол жәйлы бұнда көп естідім, тіпті ол бес уақ намаз оқитынды екен, машалла.
Алайда бұндай адамның намазын Алла ﷻ оның бетіне лақтырып жібереді, тіпті ол мүритпін дер, бірақ шайық оның бетіне түкірер, бақытсыздыққа орай, олар сопылық тәриқатқа келіп, «біз еріп жүрміз» дейді, бірақ сұмдық істерді қылады. Сен өмірің үшін нәсихат алғалы келдің, демек, жақсы адам бол, харам істеме, нәпсіңе ерме, себебі харам саған жетпейді, тіпті бүкіл дүние әйел болып кетсе де, саған жетпейді. Мәуләнә Шайық Назым хазірет айтқандай, кім өз әйелімен жақсы болса, Алла ﷻ оны басқа әйелден қорғайды, ол сыртқа көз салмас, ал сыртқа көз салса, оған бір қарғыс түсіп, ол ешқашан қанағат таппайтын болады. Зина оны кедей етеді, ол зинасын қоймаса, және Алла ﷻдан кешірім сұрап, тәубеге келмесе, ол соңында кедейге айналады, ақшасы қалмайды. Ал оның ақшасы таусылғанда, жаман әйел де оның бетіне қарамайтын болады, еш адалдық қалмайды, олардың адалдығы тек ақша үшін ғана еді. Манағы адам зина істеп, кедейге айналғанда, оның ешкімі қалмайды, тіпті өз әйелі де қалмайды, яғни ол әйелінен де айырылады, бұл дүниеден қиындықпен өмір сүреді, ал ақиретке барғанда тозаққа түседі, Алла ﷻ бізді панасына алғай.
Сол үшін сақ бол! сәлде-тұрбан тағып, жұбба киген біреудің, «болады, бізде Мәуләнәдан, шайықтан, анадан-мынадан бәлен фатуа бар» деген біреулерге сенбеңіз, біз ешқашан харамды қабыл етпейміз, ешқашан! ол отбасын бұзады, балаларды құртады, себебі, балаларыңыз да сол адамға тартады. Мен бұл үшін өте көңілсізбін, мен әрдайым осындай ұқсас мәселелерді естіп қаламын, адамдар осыны айтады, ал жұрт манағы сол бұзық адамдарға сенеді. Олар, «ислам олар үшін осыны қабыл етер» дейді, бұны көбінде мәзхапсыз жүргендер істейді, олар, «біз европаға келдік, онда жәриях бар, мен оның не екенін білмедім, бірақ ол біз үшін халал» дейді. Алайда, ол ешқашан халал емес, олар не харам не халалды білмейді, алайда намазға келгенде, пайғамбарымыз ﷺға салауат айтуға келгенде, олар, «бұл бидаға, бұл харам, бұл шірік» дейді, ал әйелге, әйел емеске де келгенде жамандықтың барлығын істейді де, бұл оларға халал бола кетеді.
Сондықтан, біз оларға қарамауымыз, құлақ салмауымыз керек, аса сақ болуымыз керек, демек, жаман нәрселерге, жаман киноларға, я басқа кезкелген нәрсеге қарамаңыз, ал шайтан болса, осы нәрселерді телефонның әр жеріне салып қойған. Мәселен, кейде сіз телефонды аша қалсаңыз, олар жаман фото-бейнелерді салып қояды, солар алдан шыға келеді, демек, шайтан әр жерде жүр, сондықтан сақ болыңдар, күшті болыңдар, оған қарамаңыздар. Сонда Алла ﷻ сіздерге риза болады, пайғамбарымыз ﷺ сізге риза болады, сізбен қуанады, сонымен бірге сіз отбасыңызды, қоғамды, жамағатты қорғаған боласыз, бәрін қорғаған боласыз, иншалла. Алла ﷻ бізді қорғағай, бұл қазіргі кездегі өте қиын бүлік, расында осы кез сонау Сәйдина Лүт пайғамбардың кезінен де қиын болды, содыммен гомырахтан да қиын болуда, ол кезде екі қала ғана бұзық еді, ал қазір бүкіл дүние бұзылды, тіпті жаман бірдеңені жаман деп айтуда қиын болған заман орнады.
Сол үшін Алла ﷻ бізді қорғағай, біз өзімізді қорғауымыз керек, себебі шайтан бүкіл күшін істетіп, адамзатқа шабул жасауда, ол тек мұсылманға ғана емес, барша адам баласына шабуыл жасауда. Алла ﷻ Сәйдина Әл-Мәхди хазіретті бізді құтқаруға жібергей, расында, біз құйға батып барамыз, мысырлықтар айтқандай ағылшынша сиің-киің (thinking) яғни ойлану емес, (sinking) батып барамыз, мәуләнә күлді. Демек, бүкіл дүние батып, құйға шөгіп барады, кәдімгі қарун ақшасымен жерге батқандай батып барады, қазір адамдарда ақша өте көп, және олардың барлығы сол ақшаларымен бірге сасық су-дәреттің астына батып барады. Олар топырақтың астына емес, ластықтың астына батып барады, біз барлығымыз бірге шөгіп барамыз. Алла ﷻ бізді олардан құтқарғай, я Аллаһ, я Раб.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: سوپىلىق ءتاريقات اتىن جامىلعان كەيبىر ادامداردان ساقتان (2) (2026.01.22 / حيجري 1447-جىل 03-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Waltham Forest Islamic Association (WFIA) ، Walthamstow، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. پايعامبارىمىز، «الدِّين النَّصِيحَة»، «ءاددينۋن ءناسيحاح»، ياعني، «ءدىن دەگەنىمىز ءناسيحات» دەيدى، ءناسيحات دەگەنىمىز كەڭەس، اركىم كەڭەس سۇرايدى. بىرەۋ سىزدەن كەڭەس سۇراعاندا، وعان قاتىستى پايعامبارىمىز، «المستشارَ مؤتمنٌ» ياعني، «كەڭەس بەرۋشى سەنىمدى بولسىن» دەيدى، دەمەك، ءسىز كەڭەس العان ادام سەنىمدى، ادال ادام بولۋى كەرەك. سول ءۇشىن كەڭەس دىندە جاقسى نارسەنى، جاقسى جولدى، جانە ومىرمەن دۇنيە-اقيرەتتەگى بارشا يگىلىكتى كورسەتۋدە اسا ماڭىزدى، ال كەڭەس سۇراعاندا، ادامدار جاقسى نارسەلەر ءۇشىن كەڭەس سۇراسىن، ولار، «مەن ونى قالاي تونايمىن، قالاي ولتىرەمىز، ەلدى قالاي الدايمىز» دەگەن نارسەلەردى سۇراماۋى كەرەك. بۇل كەڭەس-ءناسيحات ەمەس، ولار بۇندايدى كوپ سۇراماس، وزدەرى ىستەي بەرەر، بۇنى شايتاني ادامدار ۇيرەتەدى، بۇنداي ادامدارعا كەڭەس كەرەك ەمەس. كەڭەس-ءناسيحات دەگەنىمىز جامان ىستەرگە توسقاۋىل قويۋ، ءبىزدىڭ ەسىگىمىز سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ ەسىگى، اللانىڭ ەسىگى جاقسى نارسە سۇراعاندارعا ارنالعان. جاقسىلىق جاقسىلىق الىپ كەلەدى، جاماندىق جاماندىق الىپ كەلەدى، جاماندىق ەشقاشان جاقسىلىق اكەلمەيدى.
سونىمەن بىرگە، «مەن سوپىلىق ءتاريقاتتامىن» دەپ جۇرگەن ادامدارعا دا اسا ساق بولۋىمىز كەرەك، سەبەبى سولاي ايتا تۇرا ادام الدايتىندار بار، ال ادام الداۋ، سوپىلىقتا بولماعان نارسەلەردى ايتۋ، ءدىن يسلامدا دا، قازىرگى توڭكەرىلگەن زامانداعى قالىپتى ادامداردىڭ كەزىندە دە قابىل ەتىلمەيدى. ءبىز قازىرگى كەز ءجايلى بىردەڭە دەي المايمىز، ءبىراق قالىپتى كەزدەردە بارشا جاقسى نارسە جاقسىلىقتى الىپ كەلەدى، ال بارشا جامان نارسە جاماندىقتى الىپ كەلەدى. مۇمكىن جامان نارسە ءسىزدى 1-2 مينۋت ءماز قىلار، ءبىراق ودان سوڭ، تۇك جوق بولادى دا، ءسىز سول جامان نارسەنى تاعى ىستەگىڭىز كەلەتىن بولادى. ءسىز، «ءماز ءجۇرمىن» دەپ ويلارسىز، ءبىراق ول ءبىر وتقا ۇقسايدى، ماسەلەن، وتقا ءار جولى اعاش، يا ماي، يا كەزكەلگەن نارسەنى لاقتىرسا، ول كۇيدىرەدى، وت سىزگە قاراي كۇشەيە تۇسەدى، ءسىزدى كۇيدىرمەك بولادى. ءبىراق ءسىز بۇعان قۋانا المايسىز، ءقازىر بۇكىل دۇنيە وسىنداي بولىپ كەتتى، دەمەك، بارشا جامان نارسەلەر باتىس ەلدەرىندە عانا قالىپ قويعان جوق، ولار شىعىس-باتىسقا تۇگەل تاراپ كەتتى. ولار ءار جەرگە تاراپ جاتىر، ءوسىپ جاتىر، نە ءۇشىن؟ سەبەبى اللا ﷻ ادامدارعا ءوز نىعىمەتىنەن وتە كوپ نارسەلەر بەردى، ماسەلەن، اقشا، اسىل، جۇمىس، بايلىق، تىبى بارلىعىن بەردى.
ءقازىر جۇرت، «بۇكىل دۇنيەنى كەدەيلىك ءجايلاۋدا» دەر، ءبىراق بۇل شىن ەمەس، سەبەبى، ماسەلەن، مەن بۇرىن ءبىرىنشى رەت قاجىلىققا بارعاندا سەمىز ەر، سەمىز ايەلدى از ۇشىراتقام، تەك مىسىرمەن يراقتىقتاردىڭ عانا سەمىز ەكەندىگىن كورگەم. ال باسقالارى سۇيەكپەن تەرى عانا سياقتى تىم ارىق، ەشتەڭەسى جوق بولاتىن، ال قازىرشە؟ ماشاللا، قايدا بارساڭ توپ-توپ بولىپ جۇرگەن سەمىزدەر قاپتاعان، ماشاللا، ولار تابىن-تابىن سەمىز سىيىرلار سياقتى توبىمەن جۇرەدى، بۇل قايدان كەلدى؟ سەبەبى ادامداردا زات بايلىعى كوپ، سوندىقتان، ولار جەي بەرەدى، ىشە بەرەدى، ءناپسىسىن وسىرەدى، قۇمارلىعىن سەمىرتەدى. ءتىپتى ءقازىر ءشاريعاتقا ەرىپ جۇرگەندەر وزدەرىنە بۇكىل حارامدى ىستەۋگە مۇمكىندىك بەرەتىن فاتۋالاردى شىعارىپ الدى، ولار، «ءبىز مىنا ءمازحاپ بويىنشا، انا ءمازحاپ بويىنشا فاتۋا بەرەمىز» دەيدى. ولاردىڭ ايتىپ جۇرگەنى قايسى ءمازحاپ ەكەنىن بىلمەدىم، ولار، «20 ايەلگە ۇيلەنسەڭ بولادى، يا مىنا ايەلدى ءجاريا الساڭى بولادى» دەپ سوعادى. مىنە بۇل ءقازىر، ءسۇبىحاناللا، مىنە بۇلار قۇرساقتارىمەن ويلايتىنداردىڭ بىلىعى، سونىسى ءتۇسىپ جاتىر، باسقا ەشتەڭە ەمەس. باقىتسىزدىققا وراي، بۇل ءبىزدىڭ ءقازىر كورىپ-ەستىپ وتىرعان نارسەلەرىمىز، ارينە بۇل، ولاردىڭ جوعارى مۇرنىنان يا باسقا بىردەلەرىنەن كەلگەن فاتۋا بولسا كەرەك، ولار وسىنداي سۇمدىقتىڭ ءبارىن ىستەۋدە، مۇسىلماندار دا سونى ىستەۋدە، بۇل وتە وكىنىشتى، اللا ﷻ سىزدەرگە بارلىعىن بەردى، ال سىزدەر وسىنداي سۇمدىق ىستەپ جۇرسىزدەر.
بۇندا، «يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ»، ياعني، «و يمان كەلتىرگەندەر، وزدەرىڭدى، جانە وتباسىلارىڭدى وتىنى ادامدارمەن تاستاردان بولعان وتتان قورعاڭدار» دەلىنەر، قۇران 66ءىنشى سۇرە 6ءىنشى ايات. ونىڭ ماعىناسى، و ادامدار، و ادام بالاسى، توزاقتان ساقتانىڭدار دەمەكىلىك-ءدۇر، ال توزاق قالا تۇتانادى؟ ول تاس جانە اداممەن تۇتاندىرىلادى، سەبەبى ادامدار توزاققا لاقتىرىلعاندا، تاۋ سياقتى ءۇيىلىپ قالادى، ولار ءۇستى-ۇستىنە ۇيىلگەن تاۋداي بولىپ توگىلىپ جاتادى. ول وسى انگياداعى تاۋ ەمەس، بۇل تاۋ كىشكەنە عوي، ولار گيمالاي تاۋى سياقتى الىپ بولادى، سولاي ءۇيىلىپ جاتادى، سول ءۇشىن ونىڭ وتىنى تاسپەن ادامداردان تۇرادى. نەگە بۇلاي؟ سەبەبى ولار بار سۇمدىقتى ىستەۋدە، ءتىپتى ولار اللا ﷻدىڭ بەرگەنىن حارامعا ىستەتۋدە، ونىمەن جامان نارسەلەردى ىستەۋدە، ال سودان سوڭ نە بولماق؟ ءبىرىنشى بولىپ، ولاردىڭ يمانى كەتەدى، ودان، ولاردان ولاردىڭ يسلامى كەتەدى، ودان سوڭ، ولار كاپىر، يا اتەيست بولىپ كەتەدى، دەمەك ولار قابىل ەتىلمەيتىن ادامدارعا اينالىپ كەتەدى.
سول ءۇشىن ءبىز كىمدەردىڭ ءوسىبىر ادامدار جاعىنان الدانىپ جاتقانىن ناقتى ايتىپ جاتىرمىز، ساق بولىڭىز! ءتاريقات، ءبىزدىڭ سوپىلىق ءتاريقات، اسىرەسە ناقىشباند ءتاريقاتى ءشاريعاتقا وتە ساق، ءشاريعات ءبىز ءۇشىن وتە ماڭىزدى. ءسىز ءوز قالاعانىڭىزشا ىستەۋىڭىزگە، قالاعانىڭىزشا فاتۋا بەرۋىڭىزگە بولمايدى، وتە تەتىك، اسا ساق بولۋىڭىز كەرەك، بۇل ءار ادامنىڭ، جانە ءومىر ءسۇرىپ وتىرعان قوعامىمىزدىڭ يگىلىگى ءۇشىن ەدى. ءبىز بۇل ءجايلى ۇدايى مىسال اڭگىمە كورسەتەمىز، ماسەلەن، ءبىر قوراپتاعى ءبىر الما شىرىسە، ول باسقا المانى دا ءشىرىتىپ، بارلىق المانىڭ شارۋاسى بىتەدى. ادەتتە مەن باۋ-باقشا قورىقتىڭ جۇمىسىنا كوپ بارا المايمىن، ماسەلەن، ءبىز وندا ون ادامدى جۇمىسقا الىپ بارساق، ماشاللا، ولار جاقسى جۇمىس ىستەپ جاتادى. ءبىراق ولاردىڭ ىشىندە بىرەۋى جۇمىس ىستەمەي قويسا، ول باسقالاردىڭ بارلىعىنا اسەر ەتەدى، سول ءۇشىن مەن ولاردى ءبولىپ ىستەتەمىن، ولارعا، «سەن بۇندا تۇر، تەك دەرگادا قىزمەت قىل، وندا ۇيقىڭ كەلسە، ۇيىقتاي بەر، شىققىڭ كەلسە، شىعا بەر، ءبىراق بىزبەن بىرگە كەلمە» دەيمىن. بۇل ماڭىزدى، سەبەبى، وتباسىندا جامان بىرەۋ بولسا، ول سوناۋ باستان ايەلىن الدايدى، بۇنداي ءىستى مەن كوپ ەستىدىم، ياعني وسى اپتادا ول ءجايلى بۇندا كوپ ەستىدىم، ءتىپتى ول بەس ۋاق ناماز وقيتىندى ەكەن، ماشاللا.
الايدا بۇنداي ادامنىڭ نامازىن اللا ﷻ ونىڭ بەتىنە لاقتىرىپ جىبەرەدى، ءتىپتى ول ءمۇريتپىن دەر، ءبىراق شايىق ونىڭ بەتىنە تۇكىرەر، باقىتسىزدىققا وراي، ولار سوپىلىق ءتاريقاتقا كەلىپ، «ءبىز ەرىپ ءجۇرمىز» دەيدى، ءبىراق سۇمدىق ىستەردى قىلادى. سەن ءومىرىڭ ءۇشىن ءناسيحات العالى كەلدىڭ، دەمەك، جاقسى ادام بول، حارام ىستەمە، ناپسىڭە ەرمە، سەبەبى حارام ساعان جەتپەيدى، ءتىپتى بۇكىل دۇنيە ايەل بولىپ كەتسە دە، ساعان جەتپەيدى. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ايتقانداي، كىم ءوز ايەلىمەن جاقسى بولسا، اللا ﷻ ونى باسقا ايەلدەن قورعايدى، ول سىرتقا كوز سالماس، ال سىرتقا كوز سالسا، وعان ءبىر قارعىس ءتۇسىپ، ول ەشقاشان قاناعات تاپپايتىن بولادى. زينا ونى كەدەي ەتەدى، ول زيناسىن قويماسا، جانە اللا ﷻدان كەشىرىم سۇراپ، تاۋبەگە كەلمەسە، ول سوڭىندا كەدەيگە اينالادى، اقشاسى قالمايدى. ال ونىڭ اقشاسى تاۋسىلعاندا، جامان ايەل دە ونىڭ بەتىنە قارامايتىن بولادى، ەش ادالدىق قالمايدى، ولاردىڭ ادالدىعى تەك اقشا ءۇشىن عانا ەدى. ماناعى ادام زينا ىستەپ، كەدەيگە اينالعاندا، ونىڭ ەشكىمى قالمايدى، ءتىپتى ءوز ايەلى دە قالمايدى، ياعني ول ايەلىنەن دە ايىرىلادى، بۇل دۇنيەدەن قيىندىقپەن ءومىر سۇرەدى، ال اقيرەتكە بارعاندا توزاققا تۇسەدى، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي.
سول ءۇشىن ساق بول! سالدە-تۇربان تاعىپ، جۇببا كيگەن بىرەۋدىڭ، «بولادى، بىزدە ءماۋلانادان، شايىقتان، انادان-مىنادان بالەن فاتۋا بار» دەگەن بىرەۋلەرگە سەنبەڭىز، ءبىز ەشقاشان حارامدى قابىل ەتپەيمىز، ەشقاشان! ول وتباسىن بۇزادى، بالالاردى قۇرتادى، سەبەبى، بالالارىڭىز دا سول ادامعا تارتادى. مەن بۇل ءۇشىن وتە كوڭىلسىزبىن، مەن ءاردايىم وسىنداي ۇقساس ماسەلەلەردى ەستىپ قالامىن، ادامدار وسىنى ايتادى، ال جۇرت ماناعى سول بۇزىق ادامدارعا سەنەدى. ولار، «يسلام ولار ءۇشىن وسىنى قابىل ەتەر» دەيدى، بۇنى كوبىندە ءمازحاپسىز جۇرگەندەر ىستەيدى، ولار، «ءبىز ەۆروپاعا كەلدىك، وندا ءجارياح بار، مەن ونىڭ نە ەكەنىن بىلمەدىم، ءبىراق ول ءبىز ءۇشىن حالال» دەيدى. الايدا، ول ەشقاشان حالال ەمەس، ولار نە حارام نە حالالدى بىلمەيدى، الايدا نامازعا كەلگەندە، پايعامبارىمىز ﷺعا سالاۋات ايتۋعا كەلگەندە، ولار، «بۇل بيداعا، بۇل حارام، بۇل شىرىك» دەيدى، ال ايەلگە، ايەل ەمەسكە دە كەلگەندە جاماندىقتىڭ بارلىعىن ىستەيدى دە، بۇل ولارعا حالال بولا كەتەدى.
سوندىقتان، ءبىز ولارعا قاراماۋىمىز، قۇلاق سالماۋىمىز كەرەك، اسا ساق بولۋىمىز كەرەك، دەمەك، جامان نارسەلەرگە، جامان كينولارعا، يا باسقا كەزكەلگەن نارسەگە قاراماڭىز، ال شايتان بولسا، وسى نارسەلەردى تەلەفوننىڭ ءار جەرىنە سالىپ قويعان. ماسەلەن، كەيدە ءسىز تەلەفوندى اشا قالساڭىز، ولار جامان فوتو-بەينەلەردى سالىپ قويادى، سولار الدان شىعا كەلەدى، دەمەك، شايتان ءار جەردە ءجۇر، سوندىقتان ساق بولىڭدار، كۇشتى بولىڭدار، وعان قاراماڭىزدار. سوندا اللا ﷻ سىزدەرگە ريزا بولادى، پايعامبارىمىز ﷺ سىزگە ريزا بولادى، سىزبەن قۋانادى، سونىمەن بىرگە ءسىز وتباسىڭىزدى، قوعامدى، جاماعاتتى قورعاعان بولاسىز، ءبارىن قورعاعان بولاسىز، ينشاللا. اللا ﷻ ءبىزدى قورعاعاي، بۇل قازىرگى كەزدەگى وتە قيىن بۇلىك، راسىندا وسى كەز سوناۋ ءسايدينا ءلۇت پايعامباردىڭ كەزىنەن دە قيىن بولدى، سودىممەن گومىراحتان دا قيىن بولۋدا، ول كەزدە ەكى قالا عانا بۇزىق ەدى، ال ءقازىر بۇكىل دۇنيە بۇزىلدى، ءتىپتى جامان بىردەڭەنى جامان دەپ ايتۋدا قيىن بولعان زامان ورنادى.
سول ءۇشىن اللا ﷻ ءبىزدى قورعاعاي، ءبىز ءوزىمىزدى قورعاۋىمىز كەرەك، سەبەبى شايتان بۇكىل كۇشىن ىستەتىپ، ادامزاتقا شابۋل جاساۋدا، ول تەك مۇسىلمانعا عانا ەمەس، بارشا ادام بالاسىنا شابۋىل جاساۋدا. اللا ﷻ ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەتتى ءبىزدى قۇتقارۋعا جىبەرگەي، راسىندا، ءبىز قۇيعا باتىپ بارامىز، مىسىرلىقتار ايتقانداي اعىلشىنشا ءسيىڭ-كيىڭ (thinking) ياعني ويلانۋ ەمەس، (sinking) باتىپ بارامىز، ءماۋلانا كۇلدى. دەمەك، بۇكىل دۇنيە باتىپ، قۇيعا شوگىپ بارادى، كادىمگى قارۋن اقشاسىمەن جەرگە باتقانداي باتىپ بارادى، ءقازىر ادامداردا اقشا وتە كوپ، جانە ولاردىڭ بارلىعى سول اقشالارىمەن بىرگە ساسىق سۋ-دارەتتىڭ استىنا باتىپ بارادى. ولار توپىراقتىڭ استىنا ەمەس، لاستىقتىڭ استىنا باتىپ بارادى، ءبىز بارلىعىمىز بىرگە شوگىپ بارامىز. اللا ﷻ ءبىزدى ولاردان قۇتقارعاي، يا اللاھ، يا راب.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8678