ШҮКІРЛІК ЕТСЕҢ, ҚҰТЫҢ КІРІП, БЕРЕКЕҢ АРТАДЫ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8668
ШҮКІРЛІК ЕТСЕҢ, ҚҰТЫҢ КІРІП, БЕРЕКЕҢ АРТАДЫ
сабырлы бола білу өте күшті қасиет, ол оңай шаруа емес, алайда шүкірлік ету сабырдан да үстем қасиет болмақ. Сондықтан, Алла сізге мәлім нығымет берсе, шүкір деп әлхамдулилла айтыңыз. Алғысшылдық, шүкірлік етушілік сіздегі бар нығыметтерді онан арман арттыра береді, ал егер шүкірлік етпесеңіз, шүкір демесеңіз, онда сізге бұрын беріліп қойылған нығыметтер сізден біртіндеп жоғалатын болады, немесе алыстап кететін болады. Демек, қолыңыздағыңыз азая береді, немесе олардың берекесі кетеді, құты қашады, олар жақсыға емес, жаманға, харам іске, ысырапқа істетілетін болады. Жәнәби Алла қолымызға берген нығыметтерді қорғағай, бірақ оны қорғап сақтап қалудың шарты пенденің өз қолында, Алла оны құлдарының өз қолына берген. Демек, құл шүкірлік етіп, әлхамдулилла десе, нығыметтері оның қолында қалады, ал шүкірлік етпесе, насакүр болса, олар біртіндеп жоғалатын болады. Алған әрбір дем-тынысыңа дейін шүкір де, яғни, мәселелеріңді санаудан бұрын Алланың нығыметтерін санап көр. Алланың көрнекі және көмес барша нығыметтеріне алғыс айт, алда бар асыңа, басыңдағы үйіңе, отбасыңа, жарыңа, бала-шағаңа, денсаулығыңа, және Алла дейтін пендеден болғаныңа шүкірлік ет. Дінсіз, әтейст, шайтани адам болып кетпегеніңе шүкірлік етіп, Аллаға алғыс айт. Аллаға сене алу үшін де, намаз оқи алу үшін де, Алладан рұхсат керек, егер Алла қаламаса, рұхсат бермесе, Алла дей алмайсыз, иман болмайды, намаз да болмайды. Сондықтан, әтейстті, кәпірді, бейнамаз біреуді көрсең, оны балағаттама, ұрыспа, бірақ өзің мұсылман болғаныңа шүкір ет, намаз оқу нәсіп болғанына шүкір ет, және өзгелерге де осы нығыметтерді тіле, оларды кемсітпе, я мазақ етпе. Алла орындарды оңай ауыстыра алады, сол үшін барыңа, хәл-күйіңе шүкір ет, бастысы иманыңның барына шүкір ет. Мәселен, құстар жүдеп кетсе, сайрап Аллаға көптеп шүкірлік зікірін айтады да, жүдеген қалпынан арылып, жәйнай түседі, өздерін жөндеп алады. Жинақтай келгенде, ұдайы шүкірлік ете білу тіпті де көп илаһи нығыметтерге есік ашады, молшылыққа жол ашады, таршылықтан сақтайды. Демек, шүкірлігі мол жүрек, бейне барша құт-берекені өзіне тартып тұратын қасиетті магнитке ұқсайды.
شۇكىرلىك ەتسەڭ، قۇتىڭ كىرىپ، بەرەكەڭ ارتادى
سابىرلى بولا ءبىلۋ وتە كۇشتى قاسيەت، ول وڭاي شارۋا ەمەس، الايدا شۇكىرلىك ەتۋ سابىردان دا ۇستەم قاسيەت بولماق. سوندىقتان، اللا سىزگە ءمالىم نىعىمەت بەرسە، شۇكىر دەپ ءالحامدۋليللا ايتىڭىز. العىسشىلدىق، شۇكىرلىك ەتۋشىلىك سىزدەگى بار نىعىمەتتەردى ونان ارمان ارتتىرا بەرەدى، ال ەگەر شۇكىرلىك ەتپەسەڭىز، شۇكىر دەمەسەڭىز، وندا سىزگە بۇرىن بەرىلىپ قويىلعان نىعىمەتتەر سىزدەن بىرتىندەپ جوعالاتىن بولادى، نەمەسە الىستاپ كەتەتىن بولادى. دەمەك، قولىڭىزداعىڭىز ازايا بەرەدى، نەمەسە ولاردىڭ بەرەكەسى كەتەدى، قۇتى قاشادى، ولار جاقسىعا ەمەس، جامانعا، حارام ىسكە، ىسىراپقا ىستەتىلەتىن بولادى. ءجانابي اللا قولىمىزعا بەرگەن نىعىمەتتەردى قورعاعاي، ءبىراق ونى قورعاپ ساقتاپ قالۋدىڭ شارتى پەندەنىڭ ءوز قولىندا، اللا ونى قۇلدارىنىڭ ءوز قولىنا بەرگەن. دەمەك، قۇل شۇكىرلىك ەتىپ، ءالحامدۋليللا دەسە، نىعىمەتتەرى ونىڭ قولىندا قالادى، ال شۇكىرلىك ەتپەسە، ناساكۇر بولسا، ولار بىرتىندەپ جوعالاتىن بولادى. العان ءاربىر دەم-تىنىسىڭا دەيىن شۇكىر دە، ياعني، ماسەلەلەرىڭدى ساناۋدان بۇرىن اللانىڭ نىعىمەتتەرىن ساناپ كور. اللانىڭ كورنەكى جانە كومەس بارشا نىعىمەتتەرىنە العىس ايت، الدا بار اسىڭا، باسىڭداعى ۇيىڭە، وتباسىڭا، جارىڭا، بالا-شاعاڭا، دەنساۋلىعىڭا، جانە اللا دەيتىن پەندەدەن بولعانىڭا شۇكىرلىك ەت. ءدىنسىز، اتەيست، شايتاني ادام بولىپ كەتپەگەنىڭە شۇكىرلىك ەتىپ، اللاعا العىس ايت. اللاعا سەنە الۋ ءۇشىن دە، ناماز وقي الۋ ءۇشىن دە، اللادان رۇحسات كەرەك، ەگەر اللا قالاماسا، رۇحسات بەرمەسە، اللا دەي المايسىز، يمان بولمايدى، ناماز دا بولمايدى. سوندىقتان، اتەيستتى، كاپىردى، بەيناماز بىرەۋدى كورسەڭ، ونى بالاعاتتاما، ۇرىسپا، ءبىراق ءوزىڭ مۇسىلمان بولعانىڭا شۇكىر ەت، ناماز وقۋ ءناسىپ بولعانىنا شۇكىر ەت، جانە وزگەلەرگە دە وسى نىعىمەتتەردى تىلە، ولاردى كەمسىتپە، يا مازاق ەتپە. اللا ورىنداردى وڭاي اۋىستىرا الادى، سول ءۇشىن بارىڭا، ءحال-كۇيىڭە شۇكىر ەت، باستىسى يمانىڭنىڭ بارىنا شۇكىر ەت. ماسەلەن، قۇستار جۇدەپ كەتسە، سايراپ اللاعا كوپتەپ شۇكىرلىك زىكىرىن ايتادى دا، جۇدەگەن قالپىنان ارىلىپ، ءجايناي تۇسەدى، وزدەرىن جوندەپ الادى. جيناقتاي كەلگەندە، ۇدايى شۇكىرلىك ەتە ءبىلۋ ءتىپتى دە كوپ يلاھي نىعىمەتتەرگە ەسىك اشادى، مولشىلىققا جول اشادى، تارشىلىقتان ساقتايدى. دەمەك، شۇكىرلىگى مول جۇرەك، بەينە بارشا قۇت-بەرەكەنى وزىنە تارتىپ تۇراتىن قاسيەتتى ماگنيتكە ۇقسايدى.
#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8668