You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: сопылықта болмағандар оп-оңай шайтанның ойыншығына айналады (2026.01.15 / Хижри 1447-жыл 26-Ражаб)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8654
Сұхбат: сопылықта болмағандар оп-оңай шайтанның ойыншығына айналады (2026.01.15 / Хижри 1447-жыл 26-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Bury, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Біз құтпада, «اسْمَعُوا وَعَوْا وَإِذَا وَعِيتم فَانْتَفعُوا» деп айттық, бұл сөзді Сәйдина Омар хазірет айтса керек, демек бірдеңеге құлақ салу және оны түсіне білу маңызды, ал оны түсінген кезіңізде түсінгеніңізді істеңіз, бірақ оның керісін істемеңіз. Мәуләнә Шайық Назым хазірет көп жылдар бойы осы ұқсас нәрсені үйретіп келді, оны әр жерде әркім ютюпта, теледидарда және басқа көп жерлерден естіп жүр, бірақ олардың барлығы оған бірдей құлақ аса бермейді. Мәуләнәның сұхбаты әр жерде бар, бірақ оған барлығы емес, кейбір адамдар құлақ асады, әлхамдулилла, бұл да болады, яғни кейбірі құлақ асып, амал етіп жүр, қалғандары, әлхамдулилла, тіпті түсінбесе де, Мәуләнәның әміріне, пайғамбарымыз ﷺның әміріне еруде, ал Мәуләнә әмірді өзінен шығармайды емеспе. Біз бүгін бұндағы сүйікті адамдарға, Алла ﷻдың сүйікті жандарына кезігудеміз, ал осындай кездесулер, жиндар аса маңызды, бұл кезкелген адам баласы үшін ең маңызды істерден болмақ, ал адам сыртқы бейнеде ғана адам емес, өзі де нағыз адам болуы керек.

Біз бұнда тағы келдік, қайта келгенімізге қуаныштымыз, Алла ﷻ бізге өмір берді, ал біз тағы кездестік, иншалла, кейін осында тағы да көп келетін боламыз, және Сәйдина Мәхди хазірет заманында бізді үлкен жамағат болып кездесуге нәсіп қылғай, ал қазір бұндағы жамағат та үлкен жамағат. Әлхамдулилла, бүгінгі түн берекелі түн, ал біз осы Солтүстік өңірде бірінші рет осындай ерекше түнді өткізіп жатырмыз, біз әр жолы Лондонда, я Кипірде, я Түркияда қасиетті түндерді үлкен етіп өткіземіз, ал бүгін, әлхамдулилла, осында өткізудеміз. Алла Әззә уә-Жәллә берекесін төгіп, бізді илаһи құзіретінде қабыл етілген адамдардан еткей. Ал Алла Әззә уә-Жәллә, әулиелер, және машайықтар адамдарға өз әлін білуді, және өздеріне жақсы болмаған нәрселерді айтпауға кеңес береді. Себебі олар бірдеңе айтады, онан соң бұнысы оларға залал әкеледі, өзгелерге де залал әкеледі. Мәуләнә Шайық Назым хазірет биік жан болса да, ұдайы, «мен әлсіз жанмын, менде үміт жоқ, күш жоқ» деп айтып отыратын, бірақ ол осылай бізді кішпейіл болуға, өз әлімізді білуге үйретуде.

Ол, «өзіңді үлкен көрсететін айнаға қарап, өзіңді үлкен екенмін деп қиялдама, бірақ өзіңді кіші, я қалыпты көрсететін айнаға қара» деп, көп айтатын, демек осындай айнаға қараған кезде, сіз өзіңіздің ұлық емес екендігіңізді білесіз. Алла Әззә уә-Жәллә және пайғамбарымыз ﷺ, «кім Алла үшін кішпейіл болса, Алла оны көтерер, ал кім өзін көтермелесе, Алла оны төмендер» дейді. Ал бұны өз әліңізді білу үшін, оны түсіну үшін айтып отырмыз, сонда Алла Әззә уә-Жәллә сізге көмектесер, ризалықпен қарар, және сіз қуанып, бақытты боласыз, біздің арман міне осы. Бірақ нәпсіңізді семіртіп жібермеңіз, ал Мәуләнә Шайық Назым хазірет оған қатысты ұдайы қызықты мысалдар айтатын. Мәселен, ол, «бірде бір тышқан арақ шелекке түсіп кетіп, мас шығыпты, одан соң ол мысық қайда деп гүжіпті» деген еді, яғни біз өзімізді осы тышқан сияқты ұлық көріп жүрміз. Біз сақ болуымыз керек, шайтанды өзіңізбен ойнатпаңыз, ол сізді алдап, төменге құлататын болады, ал елес-қиялыңыз сізді түсіре береді, түсіре береді. Бұл пайғамбарымыз ﷺның сөзі, менің сөзім емес, демек, кім өзін жоғары санап ұлықтаса, Алла ﷻ оны төмендетеді, пайғамбарымыз ﷺ осылай дейді.

Ал пайғамбарымыз ﷺ айтпаған сөзді ол айтты деп, өтірік айтқандар өздерін жәханнамға дайындай берсін, көптеген адам, «пайғамбар былай айтты, олай айтты» деп жатады, егер ол хадис болса, жағдай басқа болар, бірақ егер сіз, «пайғамбарымыз маған мынаны әмір етті, оны әмір етті» десе, бұл нәрсе сіз үшін өте қауіпті. Ал бүгінгі кешіміз пайғамбарымыз ﷺға арналған ерекше бір түн болып, бұл түні ол Меккеден Құдыс шәрифке сапарлады, бұл біріншісі. Ал екіншісі, ол Құдыста бұраққа мініп, жеті көкті жарып өтті, одан соң ол Алла Әззә уә-Жәлләның илаһи құзіретіне жетті, оның сондай биікке жеткені, пайғамбарымыз ﷺның ұлықтығын көрсету үшін болды. Ол ешкім жетпеген жерге жетті, ол мұхитқа ешкім жете алмас, оның қасында мына әлем бір тамшы да бола алмас, сонда да адамдар, «мен андаймын, мен бұндаймын» деп, қалай айтып жүр екен деші, бұл еш жақсылық емес.

Әлхамдулилла, осы берекелі түнде Алла ﷻ пайғамбарымыз ﷺды құтайытты, ол оған аралықсыз, мекенсіз сөйледі, ал біз бұны тілмен бейнелеп, түсіндіре алмаймыз, олар ақылдан тыс нәрселер, оны Алла Әззә уә-Жәллә тек өзі біледі. Осы түні пайғамбарымыз ﷺ тозақ, жәннәт, және жеті көктегі барлығын көрді, ал көктің әрбір қабатында бірден пайғамбар отыр еді, олар әр жолы пайғамбарымыз ﷺға кездесті. Егер сіз осыларды жәй есеп бойынша есептесеңіз, ол мыңдаған жылдар, тіпті де есепсіз жылдар болуы мүмкін, сондықтан ол таиу-заман, және таиу-макан, яғни бұл сапарда уақытпен кеңестік пайғамбарымыз ﷺның мұғжизасымен өзгеріп кетті. Ал ертеде технология болмағандықтан, ол кездегі адамдарға бұны түсіну өте қиын, әрине солай. Ал қазір адамдар оны аздап түсіне алуы мүмкін, технологиямен тым тез келе жатырмыз, бірақ бұл технологияңыздың оны түсінуі өте қиын, адамдар титтей нәрсе түсінер, олар нано-технология жәйлы айтар, бірақ олардың технологиясы өте артта, ештеңе емес. Алла ﷻ пайғамбарымыз ﷺды осы құтты түнде берекеледі, оны қуанытты, бүкіл жәннәтпен көктерді ол үшін құтты етіп қойды.

Ал пайғамбарлар да пайғамбарымыз ﷺға риза болды, мүминдер осыған сенеді, ал мүминдер дегеніміз пайғамбарымызға еріп, әхлул-бәйіттерді, сахабаларды сүйетіндер, міне осылардың барлығы иманнан. Бұнда иман өте үлкен тірек, ал осы тіректердің біріне сенбеген адам мүмин болмас, ол пайғамбарымызға ерген жоқ. Әхлул сүннә уәл жамаға дегеніміз осыбір сопылық тәриқаттағылар, ал басқалары олай емес, мүмкін кейбір адамдар сопылық тәриқатқа қарсы емес шығар, бірақ шайтанмен оның ерушілері оларды қолындағы ойыншық сияқты ойнататын болады. Демек, бұл адамдар шайтанның қулығымен айласына алдануы әбден мүмкін. Бұнда иман аса маңызды, ал халифа Османлы империясы кеткен соң мұсылмандар имандарынан айырыла бастады, егер иман болмаса, мұсылмандарда еш қуат болмайды, сіз ештеңе істей алмайсыз. Бұрын халифа болды, және әхлул сүннә уәл жамағадан болды, сопылықта болды, сопылыққа ерді, бірақ халифа кеткен соң мұсылмандар шайтанның қолындағы ойыншық болып қалды. не үшін? себебі оларда иман қалмады. Иман болмаса, ештеңе қыла алмайсыз, жұрт сопылықтың пайдасы туралы көп сұрайды. Ал сопылық тәриқат жүрегіңізге иман қуатын береді, иманыңызды қуаттандырады, әлхамдулилла.

Тіпті қазір кейбір мұсылманбыз деп жүргендер, ғұлама көрініп жүргендер пайғамбарымыз ﷺды қабыл етеді, бірақ әл-исра уәл мираж яғни мираж түнін «бір түс» дейді, алайда ол түс емес, нақты болған уақиға, ал кім түс көрмейді, бәрі көреді. Кейбір адамдар маған, «сізге түсімді айтайын» дер, бірақ әдетте оны естіп бітіре алмаймын, олар түсін жарты сағат айтып, сонша созады, бірақ Алла ﷻ құранда осындай «анау-мынау» деп жар салғандардың, тіпті исламнан шығып кететіндігін айтқан. Себебі, бұлар сіздердің салған нәрсеңізді құртып жібермекші болған шайтанның қулығынан басқа ештеңе емес, кейде шайтан салған үйіңіздің біраз жерін бүлдіріп жібереді, бірақ мүминдер пайғамбарымыздың берекесімен оны қайта жөндеп алады. Міне бұл мүминдер үшін бір береке, олар пайғамбарымыздың, әулиелердің берекесімен өздерін жөндеп түзеп алады, себебі олар мүминдерді олардың нәпсілеріне тастап қоймайды, әйтпесе мүминдер дереу ұтылушылардан болар еді, демек Алла Әззә уә-Жәллә және пайғамбарымыз ﷺ мүминдерді қорғайды.

Олар қорғалған, сондықтан әр мұсылман үшін мүмин бола болу өте маңызды, Алла мүминді қайда жүрсе де қорғайды, демек мұсылман үшін ең үлкен қару тәнкі емес, басқарылмалы бомба емес, мүмин болу болмақ, міне осы ең өнімді қару, демек өзіңізді қорғағыңыз келсе, иманыңызды қорғаңыз, иман мұсылман үшін, және бүкіл дүние үшін ең үлкен қару. Егер бүкіл дүние исламға ерсе, Алла әміріне ерсе, олар қорған астында болар еді, иншалла. Егер қазір сіз бір шайтан қару жасасаңыз, басқалар мың шайтан қаруын жасайды, егер екеуін жасасаңыз, олар екімыңды жасар, демек сіз өзіңізді қорғайтын қару жасай алмайсыз, сіз өзіңізді иманмен қорғаңыз. Себебі иман мұсылман үшін, исламға ергендер үшін, Алла әміріне ілескендер үшін ең өнімді қару, міне осындай адамдар Алланың қорғанында болады.

Бұл түнде біз Алла ﷻдың мұсылмандарды панасына алып, қорғауын сұрап дұға етеміз, қазір әр жерде мұсылмандар азапталып жатыр, әрине, себебі олар пайғамбарымыз ﷺның жолына ерген жоқ, одан алыс кетті, осыған көңіл бөлейік. Демек, бәледен құтылғысы келгендер пайғамбарымыз ﷺның құрметі үшін Алла Әззә уә-Жәлләдан қорған сұрауы керек. Осы түнде Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз ﷺға сауға берді, оның бірі, бақара сүресінің соңғы екі аяты болса, енді бірі, бес уақ намаз еді. Ондағы намаз 50 уақ намазбен басталды, бірақ әлхамдулилла, Сәйдина Мұса хазіреттің өз қауымымен тәжірибесі болғандықтан, ол, «оны азайт, әйтпесе адамдар оны істей алмас» дейді. Ол Алла Әззә уә-Жәлләдан сұрап, 45 уаққа түсіреді, Мұса хазірет оның тағы да тым көп екендігін айтар, содан қайта-қайта түсіреді, ол 40, 35, 30, 25, 20, 10 болып, соңында 5 уаққа түседі. Бірақ Алла Әззә уә-Жәллә оған 50 уақ намаздың сауабын берді, ол қиын емес, әлхамдулилла, бұны айтып отырған себебіміз сол, адамдар оны қиын деп жүр. Бірақ 5 уақ намаз оқуға қанша уақыт кетер дейсіз, мүмкін ол бір күннің 50 минутын я бір сағатын алар.

Ал сіз жимға яғни машық залға барғанда қанша сағат кетіресіз? оған кемінде екі сағат, тіпті бес сағат жұмсайтын шығарсыз, демек, намаз оңай. Ол сізді белсенді етеді, бүкіл денеңізді қозғалысқа келтіреді, дәрет алуда, тәсбих тартуда, намаз өтеуде толып жатқан игіліктер бар, ал намаз осы түнде Алла Әззә уә-Жәлләдан берілген сауға еді. Шайтан болса, нағыз алдамшы, ол адамдардың жақсы нәрселерден аулақ қалуы үшін оларды алдауда, ол жаман нәрселерді безендіріп, әдемі етіп көрсетеді, мәселен, синама, кинохана деген сияқты нәрселері көп. Ал қазір кино адамдарының өзі көңілсіз жүр, себебі қазір кинодан да үлкен шайтан пайда болды, олар, «қазір ешкім киноға келмейтін болды» дер, себебі қазіргі адамдарда тіпті де үлкен шайтани құралдар бар, олар олардың үйінде тұр. Ал шайтан осы нәрселер арқылы кинодан да жаман нәрсе істегеніне мәз болуда, Алла ﷻ бізді қорғағай, сәбилерге телефон бермейік, сақ болыңыз. Жұрт балаларын осылай бүлдіріп алады да, «баламыз сөйлемейтін болып қалды, ештеңе істемейтін болды» дер, ал бұнда ол нәрселерден келетін жарық қана емес, басқа бірдеңелер адамдарды зияндауда, бұл анық, демек балаларды басқа нәрселер зияндап жатыр.

Балаларға оны аптасына жарым сағат беруге болар, бірақ таңнан тартып, жарым түнге дейін беруге болмайды, содан олар ұйықтай алмайды, себебі шайтан осы құралдар арқылы оларға келіп, олардың миын күйдіріп жатыр. Біз қазір қара түндей болған нағыз бүлік заман ақырзаманда өмір сүріп жатқандықтан, аса сақ болуыңыз керек, оң жақ, сол жақ, асты, үсті де, әр жер де бүлікке толды. Ал біз үшін ең асылымыз осы балаларымызбен жастарымыз болмақ, Алла ﷻ оларды сақтағай, жамандықтан қорғағай, біз бұны жастарға айтып жатырмыз. Оларды бұл нәрселер баурайды, бірақ оны бір сағат, жарты сағат, он минут істетсе болды, сол жетеді, бірақ күні-түні оған байланып қалмауы керек. Алла Әззә уә-Жәллә бізді өз нәпсімізден және шайтаннан қорғағай, бізді сақтағай, осы түнде дұғамызды қабыл еткей, жақсы орында, жақсы адамдармен бір еткей, жақсы білім бергей. Сіздерді, отыбасыларыңызды, балаларды қорғағай, және Алла Әззә уә-Жәллә Сәйдинә Мәхди әлейхис-саламды жібергей. Қазір бәрі жаман жағдайда, Алла ﷻ қараңғылықты кетіріп, нұрдай жарық еткей, Алла ﷻ олардың қалаған жақсылығын бергей, жақсы нәрселер бергей, иншалла. Және осыбір қасиетті түнде біздің дұғамызды, барлығымыздың дұғамызды қабыл етіп, бұл түнді бәрімізге құтты еткей, бұл түнде дұға жасаңыз, Алла қабыл етеді.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami





سۇحبات: سوپىلىقتا بولماعاندار وپ-وڭاي شايتاننىڭ ويىنشىعىنا اينالادى (2026.01.15 / حيجري 1447-جىل 26-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Bury، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. ءبىز قۇتپادا، «اسْمَعُوا وَعَوْا وَإِذَا وَعِيتم فَانْتَفعُوا» دەپ ايتتىق، بۇل ءسوزدى ءسايدينا ومار حازىرەت ايتسا كەرەك، دەمەك بىردەڭەگە قۇلاق سالۋ جانە ونى تۇسىنە ءبىلۋ ماڭىزدى، ال ونى تۇسىنگەن كەزىڭىزدە تۇسىنگەنىڭىزدى ىستەڭىز، ءبىراق ونىڭ كەرىسىن ىستەمەڭىز. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت كوپ جىلدار بويى وسى ۇقساس نارسەنى ۇيرەتىپ كەلدى، ونى ءار جەردە اركىم يۋتيۋپتا، تەلەديداردا جانە باسقا كوپ جەرلەردەن ەستىپ ءجۇر، ءبىراق ولاردىڭ بارلىعى وعان بىردەي قۇلاق اسا بەرمەيدى. ءماۋلانانىڭ سۇحباتى ءار جەردە بار، ءبىراق وعان بارلىعى ەمەس، كەيبىر ادامدار قۇلاق اسادى، ءالحامدۋليللا، بۇل دا بولادى، ياعني كەيبىرى قۇلاق اسىپ، امال ەتىپ ءجۇر، قالعاندارى، ءالحامدۋليللا، ءتىپتى تۇسىنبەسە دە، ءماۋلانانىڭ امىرىنە، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ امىرىنە ەرۋدە، ال ءماۋلانا ءامىردى وزىنەن شىعارمايدى ەمەسپە. ءبىز بۇگىن بۇنداعى سۇيىكتى ادامدارعا، اللا ﷻدىڭ سۇيىكتى جاندارىنا كەزىگۋدەمىز، ال وسىنداي كەزدەسۋلەر، جيندار اسا ماڭىزدى، بۇل كەزكەلگەن ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ ماڭىزدى ىستەردەن بولماق، ال ادام سىرتقى بەينەدە عانا ادام ەمەس، ءوزى دە ناعىز ادام بولۋى كەرەك.

ءبىز بۇندا تاعى كەلدىك، قايتا كەلگەنىمىزگە قۋانىشتىمىز، اللا ﷻ بىزگە ءومىر بەردى، ال ءبىز تاعى كەزدەستىك، ينشاللا، كەيىن وسىندا تاعى دا كوپ كەلەتىن بولامىز، جانە ءسايدينا ءماحدي حازىرەت زامانىندا ءبىزدى ۇلكەن جاماعات بولىپ كەزدەسۋگە ءناسىپ قىلعاي، ال ءقازىر بۇنداعى جاماعات تا ۇلكەن جاماعات. ءالحامدۋليللا، بۇگىنگى ءتۇن بەرەكەلى ءتۇن، ال ءبىز وسى سولتۇستىك وڭىردە ءبىرىنشى رەت وسىنداي ەرەكشە ءتۇندى وتكىزىپ جاتىرمىز، ءبىز ءار جولى لوندوندا، يا كيپىردە، يا تۇركيادا قاسيەتتى تۇندەردى ۇلكەن ەتىپ وتكىزەمىز، ال بۇگىن، ءالحامدۋليللا، وسىندا وتكىزۋدەمىز. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بەرەكەسىن توگىپ، ءبىزدى يلاھي قۇزىرەتىندە قابىل ەتىلگەن ادامداردان ەتكەي. ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، اۋليەلەر، جانە ماشايىقتار ادامدارعا ءوز ءالىن ءبىلۋدى، جانە وزدەرىنە جاقسى بولماعان نارسەلەردى ايتپاۋعا كەڭەس بەرەدى. سەبەبى ولار بىردەڭە ايتادى، ونان سوڭ بۇنىسى ولارعا زالال اكەلەدى، وزگەلەرگە دە زالال اكەلەدى. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت بيىك جان بولسا دا، ۇدايى، «مەن ءالسىز جانمىن، مەندە ءۇمىت جوق، كۇش جوق» دەپ ايتىپ وتىراتىن، ءبىراق ول وسىلاي ءبىزدى كىشپەيىل بولۋعا، ءوز ءالىمىزدى بىلۋگە ۇيرەتۋدە.

ول، «ءوزىڭدى ۇلكەن كورسەتەتىن ايناعا قاراپ، ءوزىڭدى ۇلكەن ەكەنمىن دەپ قيالداما، ءبىراق ءوزىڭدى كىشى، يا قالىپتى كورسەتەتىن ايناعا قارا» دەپ، كوپ ايتاتىن، دەمەك وسىنداي ايناعا قاراعان كەزدە، ءسىز ءوزىڭىزدىڭ ۇلىق ەمەس ەكەندىگىڭىزدى بىلەسىز. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جانە پايعامبارىمىز ﷺ، «كىم اللا ءۇشىن كىشپەيىل بولسا، اللا ونى كوتەرەر، ال كىم ءوزىن كوتەرمەلەسە، اللا ونى تومەندەر» دەيدى. ال بۇنى ءوز ءالىڭىزدى ءبىلۋ ءۇشىن، ونى ءتۇسىنۋ ءۇشىن ايتىپ وتىرمىز، سوندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سىزگە كومەكتەسەر، ريزالىقپەن قارار، جانە ءسىز قۋانىپ، باقىتتى بولاسىز، ءبىزدىڭ ارمان مىنە وسى. ءبىراق ءناپسىڭىزدى سەمىرتىپ جىبەرمەڭىز، ال ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت وعان قاتىستى ۇدايى قىزىقتى مىسالدار ايتاتىن. ماسەلەن، ول، «بىردە ءبىر تىشقان اراق شەلەككە ءتۇسىپ كەتىپ، ماس شىعىپتى، ودان سوڭ ول مىسىق قايدا دەپ گۇجىپتى» دەگەن ەدى، ياعني ءبىز ءوزىمىزدى وسى تىشقان سياقتى ۇلىق كورىپ ءجۇرمىز. ءبىز ساق بولۋىمىز كەرەك، شايتاندى وزىڭىزبەن ويناتپاڭىز، ول ءسىزدى الداپ، تومەنگە قۇلاتاتىن بولادى، ال ەلەس-قيالىڭىز ءسىزدى تۇسىرە بەرەدى، تۇسىرە بەرەدى. بۇل پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءسوزى، مەنىڭ ءسوزىم ەمەس، دەمەك، كىم ءوزىن جوعارى ساناپ ۇلىقتاسا، اللا ﷻ ونى تومەندەتەدى، پايعامبارىمىز ﷺ وسىلاي دەيدى.

ال پايعامبارىمىز ﷺ ايتپاعان ءسوزدى ول ايتتى دەپ، وتىرىك ايتقاندار وزدەرىن ءجاحاننامعا دايىنداي بەرسىن، كوپتەگەن ادام، «پايعامبار بىلاي ايتتى، ولاي ايتتى» دەپ جاتادى، ەگەر ول حاديس بولسا، جاعداي باسقا بولار، ءبىراق ەگەر ءسىز، «پايعامبارىمىز ماعان مىنانى ءامىر ەتتى، ونى ءامىر ەتتى» دەسە، بۇل نارسە ءسىز ءۇشىن وتە ءقاۋىپتى. ال بۇگىنگى كەشىمىز پايعامبارىمىز ﷺعا ارنالعان ەرەكشە ءبىر ءتۇن بولىپ، بۇل ءتۇنى ول مەككەدەن قۇدىس شاريفكە ساپارلادى، بۇل ءبىرىنشىسى. ال ەكىنشىسى، ول قۇدىستا بۇراققا ءمىنىپ، جەتى كوكتى جارىپ ءوتتى، ودان سوڭ ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يلاھي قۇزىرەتىنە جەتتى، ونىڭ سونداي بيىككە جەتكەنى، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ۇلىقتىعىن كورسەتۋ ءۇشىن بولدى. ول ەشكىم جەتپەگەن جەرگە جەتتى، ول مۇحيتقا ەشكىم جەتە الماس، ونىڭ قاسىندا مىنا الەم ءبىر تامشى دا بولا الماس، سوندا دا ادامدار، «مەن اندايمىن، مەن بۇندايمىن» دەپ، قالاي ايتىپ ءجۇر ەكەن دەشى، بۇل ەش جاقسىلىق ەمەس.

ءالحامدۋليللا، وسى بەرەكەلى تۇندە اللا ﷻ پايعامبارىمىز ﷺدى قۇتايىتتى، ول وعان ارالىقسىز، مەكەنسىز سويلەدى، ال ءبىز بۇنى تىلمەن بەينەلەپ، تۇسىندىرە المايمىز، ولار اقىلدان تىس نارسەلەر، ونى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا تەك ءوزى بىلەدى. وسى ءتۇنى پايعامبارىمىز ﷺ توزاق، ءجاننات، جانە جەتى كوكتەگى بارلىعىن كوردى، ال كوكتىڭ ءاربىر قاباتىندا بىردەن پايعامبار وتىر ەدى، ولار ءار جولى پايعامبارىمىز ﷺعا كەزدەستى. ەگەر ءسىز وسىلاردى ءجاي ەسەپ بويىنشا ەسەپتەسەڭىز، ول مىڭداعان جىلدار، ءتىپتى دە ەسەپسىز جىلدار بولۋى مۇمكىن، سوندىقتان ول تايۋ-زامان، جانە تايۋ-ماكان، ياعني بۇل ساپاردا ۋاقىتپەن كەڭەستىك پايعامبارىمىز ﷺنىڭ مۇعجيزاسىمەن وزگەرىپ كەتتى. ال ەرتەدە تەحنولوگيا بولماعاندىقتان، ول كەزدەگى ادامدارعا بۇنى ءتۇسىنۋ وتە قيىن، ارينە سولاي. ال ءقازىر ادامدار ونى ازداپ تۇسىنە الۋى مۇمكىن، تەحنولوگيامەن تىم تەز كەلە جاتىرمىز، ءبىراق بۇل تەحنولوگياڭىزدىڭ ونى ءتۇسىنۋى وتە قيىن، ادامدار تيتتەي نارسە تۇسىنەر، ولار نانو-تەحنولوگيا ءجايلى ايتار، ءبىراق ولاردىڭ تەحنولوگياسى وتە ارتتا، ەشتەڭە ەمەس. اللا ﷻ پايعامبارىمىز ﷺدى وسى قۇتتى تۇندە بەرەكەلەدى، ونى قۋانىتتى، بۇكىل جانناتپەن كوكتەردى ول ءۇشىن قۇتتى ەتىپ قويدى.

ال پايعامبارلار دا پايعامبارىمىز ﷺعا ريزا بولدى، مۇميندەر وسىعان سەنەدى، ال مۇميندەر دەگەنىمىز پايعامبارىمىزعا ەرىپ، ءاحلۋل-بايىتتەردى، ساحابالاردى سۇيەتىندەر، مىنە وسىلاردىڭ بارلىعى يماننان. بۇندا يمان وتە ۇلكەن تىرەك، ال وسى تىرەكتەردىڭ بىرىنە سەنبەگەن ادام ءمۇمين بولماس، ول پايعامبارىمىزعا ەرگەن جوق. ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعا دەگەنىمىز ءوسىبىر سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار، ال باسقالارى ولاي ەمەس، مۇمكىن كەيبىر ادامدار سوپىلىق ءتاريقاتقا قارسى ەمەس شىعار، ءبىراق شايتانمەن ونىڭ ەرۋشىلەرى ولاردى قولىنداعى ويىنشىق سياقتى ويناتاتىن بولادى. دەمەك، بۇل ادامدار شايتاننىڭ قۋلىعىمەن ايلاسىنا الدانۋى ابدەن مۇمكىن. بۇندا يمان اسا ماڭىزدى، ال حاليفا وسمانلى يمپەرياسى كەتكەن سوڭ مۇسىلماندار يماندارىنان ايىرىلا باستادى، ەگەر يمان بولماسا، مۇسىلمانداردا ەش قۋات بولمايدى، ءسىز ەشتەڭە ىستەي المايسىز. بۇرىن حاليفا بولدى، جانە ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعادان بولدى، سوپىلىقتا بولدى، سوپىلىققا ەردى، ءبىراق حاليفا كەتكەن سوڭ مۇسىلماندار شايتاننىڭ قولىنداعى ويىنشىق بولىپ قالدى. نە ءۇشىن؟ سەبەبى ولاردا يمان قالمادى. يمان بولماسا، ەشتەڭە قىلا المايسىز، جۇرت سوپىلىقتىڭ پايداسى تۋرالى كوپ سۇرايدى. ال سوپىلىق ءتاريقات جۇرەگىڭىزگە يمان قۋاتىن بەرەدى، يمانىڭىزدى قۋاتتاندىرادى، ءالحامدۋليللا.

ءتىپتى ءقازىر كەيبىر مۇسىلمانبىز دەپ جۇرگەندەر، عۇلاما كورىنىپ جۇرگەندەر پايعامبارىمىز ﷺدى قابىل ەتەدى، ءبىراق ءال-يسرا ءۋال ميراج ياعني ميراج ءتۇنىن «ءبىر ءتۇس» دەيدى، الايدا ول ءتۇس ەمەس، ناقتى بولعان ۋاقيعا، ال كىم ءتۇس كورمەيدى، ءبارى كورەدى. كەيبىر ادامدار ماعان، «سىزگە ءتۇسىمدى ايتايىن» دەر، ءبىراق ادەتتە ونى ەستىپ بىتىرە المايمىن، ولار ءتۇسىن جارتى ساعات ايتىپ، سونشا سوزادى، ءبىراق اللا ﷻ قۇراندا وسىنداي «اناۋ-مىناۋ» دەپ جار سالعانداردىڭ، ءتىپتى يسلامنان شىعىپ كەتەتىندىگىن ايتقان. سەبەبى، بۇلار سىزدەردىڭ سالعان نارسەڭىزدى قۇرتىپ جىبەرمەكشى بولعان شايتاننىڭ قۋلىعىنان باسقا ەشتەڭە ەمەس، كەيدە شايتان سالعان ءۇيىڭىزدىڭ ءبىراز جەرىن ءبۇلدىرىپ جىبەرەدى، ءبىراق مۇميندەر پايعامبارىمىزدىڭ بەرەكەسىمەن ونى قايتا جوندەپ الادى. مىنە بۇل مۇميندەر ءۇشىن ءبىر بەرەكە، ولار پايعامبارىمىزدىڭ، اۋليەلەردىڭ بەرەكەسىمەن وزدەرىن جوندەپ تۇزەپ الادى، سەبەبى ولار مۇميندەردى ولاردىڭ ناپسىلەرىنە تاستاپ قويمايدى، ايتپەسە مۇميندەر دەرەۋ ۇتىلۋشىلاردان بولار ەدى، دەمەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جانە پايعامبارىمىز ﷺ مۇميندەردى قورعايدى.

ولار قورعالعان، سوندىقتان ءار مۇسىلمان ءۇشىن ءمۇمين بولا بولۋ وتە ماڭىزدى، اللا ءمۇميندى قايدا جۇرسە دە قورعايدى، دەمەك مۇسىلمان ءۇشىن ەڭ ۇلكەن قارۋ تانكى ەمەس، باسقارىلمالى بومبا ەمەس، ءمۇمين بولۋ بولماق، مىنە وسى ەڭ ءونىمدى قارۋ، دەمەك ءوزىڭىزدى قورعاعىڭىز كەلسە، يمانىڭىزدى قورعاڭىز، يمان مۇسىلمان ءۇشىن، جانە بۇكىل دۇنيە ءۇشىن ەڭ ۇلكەن قارۋ. ەگەر بۇكىل دۇنيە يسلامعا ەرسە، اللا امىرىنە ەرسە، ولار قورعان استىندا بولار ەدى، ينشاللا. ەگەر ءقازىر ءسىز ءبىر شايتان قارۋ جاساساڭىز، باسقالار مىڭ شايتان قارۋىن جاسايدى، ەگەر ەكەۋىن جاساساڭىز، ولار ەكىمىڭدى جاسار، دەمەك ءسىز ءوزىڭىزدى قورعايتىن قارۋ جاساي المايسىز، ءسىز ءوزىڭىزدى يمانمەن قورعاڭىز. سەبەبى يمان مۇسىلمان ءۇشىن، يسلامعا ەرگەندەر ءۇشىن، اللا امىرىنە ىلەسكەندەر ءۇشىن ەڭ ءونىمدى قارۋ، مىنە وسىنداي ادامدار اللانىڭ قورعانىندا بولادى.

بۇل تۇندە ءبىز اللا ﷻدىڭ مۇسىلمانداردى پاناسىنا الىپ، قورعاۋىن سۇراپ دۇعا ەتەمىز، ءقازىر ءار جەردە مۇسىلماندار ازاپتالىپ جاتىر، ارينە، سەبەبى ولار پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىنا ەرگەن جوق، ودان الىس كەتتى، وسىعان كوڭىل بولەيىك. دەمەك، بالەدەن قۇتىلعىسى كەلگەندەر پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان قورعان سۇراۋى كەرەك. وسى تۇندە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا پايعامبارىمىز ﷺعا ساۋعا بەردى، ونىڭ ءبىرى، باقارا سۇرەسىنىڭ سوڭعى ەكى اياتى بولسا، ەندى ءبىرى، بەس ۋاق ناماز ەدى. ونداعى ناماز 50 ۋاق نامازبەن باستالدى، ءبىراق ءالحامدۋليللا، ءسايدينا مۇسا حازىرەتتىڭ ءوز قاۋىمىمەن تاجىريبەسى بولعاندىقتان، ول، «ونى ازايت، ايتپەسە ادامدار ونى ىستەي الماس» دەيدى. ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان سۇراپ، 45 ۋاققا تۇسىرەدى، مۇسا حازىرەت ونىڭ تاعى دا تىم كوپ ەكەندىگىن ايتار، سودان قايتا-قايتا تۇسىرەدى، ول 40، 35، 30، 25، 20، 10 بولىپ، سوڭىندا 5 ۋاققا تۇسەدى. ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وعان 50 ۋاق نامازدىڭ ساۋابىن بەردى، ول قيىن ەمەس، ءالحامدۋليللا، بۇنى ايتىپ وتىرعان سەبەبىمىز سول، ادامدار ونى قيىن دەپ ءجۇر. ءبىراق 5 ۋاق ناماز وقۋعا قانشا ۋاقىت كەتەر دەيسىز، مۇمكىن ول ءبىر كۇننىڭ 50 مينۋتىن يا ءبىر ساعاتىن الار.

ال ءسىز جيمعا ياعني ماشىق زالعا بارعاندا قانشا ساعات كەتىرەسىز؟ وعان كەمىندە ەكى ساعات، ءتىپتى بەس ساعات جۇمسايتىن شىعارسىز، دەمەك، ناماز وڭاي. ول ءسىزدى بەلسەندى ەتەدى، بۇكىل دەنەڭىزدى قوزعالىسقا كەلتىرەدى، دارەت الۋدا، ءتاسبيح تارتۋدا، ناماز وتەۋدە تولىپ جاتقان يگىلىكتەر بار، ال ناماز وسى تۇندە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بەرىلگەن ساۋعا ەدى. شايتان بولسا، ناعىز الدامشى، ول ادامداردىڭ جاقسى نارسەلەردەن اۋلاق قالۋى ءۇشىن ولاردى الداۋدا، ول جامان نارسەلەردى بەزەندىرىپ، ادەمى ەتىپ كورسەتەدى، ماسەلەن، سيناما، كينوحانا دەگەن سياقتى نارسەلەرى كوپ. ال ءقازىر كينو ادامدارىنىڭ ءوزى كوڭىلسىز ءجۇر، سەبەبى ءقازىر كينودان دا ۇلكەن شايتان پايدا بولدى، ولار، «ءقازىر ەشكىم كينوعا كەلمەيتىن بولدى» دەر، سەبەبى قازىرگى ادامداردا ءتىپتى دە ۇلكەن شايتاني قۇرالدار بار، ولار ولاردىڭ ۇيىندە تۇر. ال شايتان وسى نارسەلەر ارقىلى كينودان دا جامان نارسە ىستەگەنىنە ءماز بولۋدا، اللا ﷻ ءبىزدى قورعاعاي، سابيلەرگە تەلەفون بەرمەيىك، ساق بولىڭىز. جۇرت بالالارىن وسىلاي ءبۇلدىرىپ الادى دا، «بالامىز سويلەمەيتىن بولىپ قالدى، ەشتەڭە ىستەمەيتىن بولدى» دەر، ال بۇندا ول نارسەلەردەن كەلەتىن جارىق قانا ەمەس، باسقا بىردەڭەلەر ادامداردى زيانداۋدا، بۇل انىق، دەمەك بالالاردى باسقا نارسەلەر زيانداپ جاتىر.

بالالارعا ونى اپتاسىنا جارىم ساعات بەرۋگە بولار، ءبىراق تاڭنان تارتىپ، جارىم تۇنگە دەيىن بەرۋگە بولمايدى، سودان ولار ۇيىقتاي المايدى، سەبەبى شايتان وسى قۇرالدار ارقىلى ولارعا كەلىپ، ولاردىڭ ميىن كۇيدىرىپ جاتىر. ءبىز ءقازىر قارا تۇندەي بولعان ناعىز بۇلىك زامان اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتقاندىقتان، اسا ساق بولۋىڭىز كەرەك، وڭ جاق، سول جاق، استى، ءۇستى دە، ءار جەر دە بۇلىككە تولدى. ال ءبىز ءۇشىن ەڭ اسىلىمىز وسى بالالارىمىزبەن جاستارىمىز بولماق، اللا ﷻ ولاردى ساقتاعاي، جاماندىقتان قورعاعاي، ءبىز بۇنى جاستارعا ايتىپ جاتىرمىز. ولاردى بۇل نارسەلەر باۋرايدى، ءبىراق ونى ءبىر ساعات، جارتى ساعات، ون مينۋت ىستەتسە بولدى، سول جەتەدى، ءبىراق كۇنى-ءتۇنى وعان بايلانىپ قالماۋى كەرەك. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءبىزدى ءوز ناپسىمىزدەن جانە شايتاننان قورعاعاي، ءبىزدى ساقتاعاي، وسى تۇندە دۇعامىزدى قابىل ەتكەي، جاقسى ورىندا، جاقسى ادامدارمەن ءبىر ەتكەي، جاقسى ءبىلىم بەرگەي. سىزدەردى، وتىباسىلارىڭىزدى، بالالاردى قورعاعاي، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءسايدينا ءماحدي الەيحيس-سالامدى جىبەرگەي. ءقازىر ءبارى جامان جاعدايدا، اللا ﷻ قاراڭعىلىقتى كەتىرىپ، نۇرداي جارىق ەتكەي، اللا ﷻ ولاردىڭ قالاعان جاقسىلىعىن بەرگەي، جاقسى نارسەلەر بەرگەي، ينشاللا. جانە ءوسىبىر قاسيەتتى تۇندە ءبىزدىڭ دۇعامىزدى، بارلىعىمىزدىڭ دۇعامىزدى قابىل ەتىپ، بۇل ءتۇندى بارىمىزگە قۇتتى ەتكەي، بۇل تۇندە دۇعا جاساڭىز، اللا قابىل ەتەدى.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8654