ДҮНИЕДЕ 500 ЖАҚСЫ ІС, ЖӘНЕ 800 ЖАМАН ІС БАР

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8648
ДҮНИЕДЕ 500 ЖАҚСЫ ІС, ЖӘНЕ 800 ЖАМАН ІС БАР
бұл дүниеде Алла қабыл ететін 500 илаһи жақсы іс бар, кім осыларды істесе, Алла алдында қабыл етілген адам болып, бұл адам осы дүниеде де, ақиретте де тыныш, және жәйлы өмір сүреді, оның жүрегі иманмен нұрланады. Сонымен бірге бұнда Алла харам еткен 800 жаман іс бар, ал кім осыларды істесе, шайтан үшін қызмет қылған лас адам болып, ол адам Алла алдында қабыл етілмейді. Кім шайтан үшін құрақ ұшса, оның жүрегі ешқашан тыныштық таппайды, мазасы кетеді. Ұдайы деперетсияда жүреді, көңілі алаң-елеңмен өтеді, лас істерді істейді, олар тіпті мазасыздығын уақытша ұмыту үшін темекі тартып, арақ ішеді, олар екі дүниеде де қуана алмайды. Сондықтан, о адамдар, ояныңдар, не істеп жүрсіңдер, ниеттерің қандай, соны тексеріңдер, себебі әр адам ниеті бойынша сыйланады, немесе жазаланады. Исламда барлығы бар, ол сендерге істеуге тиісті 500 илаһи болған жақсы істі үйретеді, және шайтанға тән 800 жаман істің тізімін де береді. Бұл жаман істі істемеңдер, оны істегендер шайтанмен бірге болады, Алла оларды жек көреді, оларға қарамайды. Алла қасиетті пайғамбарымыздың құрметі үшін барлығымызды кешіргей, және абыройлы еткей, әмин.
- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ
دۇنيەدە 500 جاقسى ءىس، جانە 800 جامان ءىس بار
بۇل دۇنيەدە اللا قابىل ەتەتىن 500 يلاھي جاقسى ءىس بار، كىم وسىلاردى ىستەسە، اللا الدىندا قابىل ەتىلگەن ادام بولىپ، بۇل ادام وسى دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە تىنىش، جانە ءجايلى ءومىر سۇرەدى، ونىڭ جۇرەگى يمانمەن نۇرلانادى. سونىمەن بىرگە بۇندا اللا حارام ەتكەن 800 جامان ءىس بار، ال كىم وسىلاردى ىستەسە، شايتان ءۇشىن قىزمەت قىلعان لاس ادام بولىپ، ول ادام اللا الدىندا قابىل ەتىلمەيدى. كىم شايتان ءۇشىن قۇراق ۇشسا، ونىڭ جۇرەگى ەشقاشان تىنىشتىق تاپپايدى، مازاسى كەتەدى. ۇدايى دەپەرەتسيادا جۇرەدى، كوڭىلى الاڭ-ەلەڭمەن وتەدى، لاس ىستەردى ىستەيدى، ولار ءتىپتى مازاسىزدىعىن ۋاقىتشا ۇمىتۋ ءۇشىن تەمەكى تارتىپ، اراق ىشەدى، ولار ەكى دۇنيەدە دە قۋانا المايدى. سوندىقتان، و ادامدار، ويانىڭدار، نە ىستەپ جۇرسىڭدەر، نيەتتەرىڭ قانداي، سونى تەكسەرىڭدەر، سەبەبى ءار ادام نيەتى بويىنشا سىيلانادى، نەمەسە جازالانادى. يسلامدا بارلىعى بار، ول سەندەرگە ىستەۋگە ءتيىستى 500 يلاھي بولعان جاقسى ءىستى ۇيرەتەدى، جانە شايتانعا ءتان 800 جامان ءىستىڭ ءتىزىمىن دە بەرەدى. بۇل جامان ءىستى ىستەمەڭدەر، ونى ىستەگەندەر شايتانمەن بىرگە بولادى، اللا ولاردى جەك كورەدى، ولارعا قارامايدى. اللا قاسيەتتى پايعامبارىمىزدىڭ قۇرمەتى ءۇشىن بارلىعىمىزدى كەشىرگەي، جانە ابىرويلى ەتكەي، ءامين.
- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە
#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8648