You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ТАМАҚ ҚҰМАРЛЫҚТАН САҚТАН, ОЛ ДА АРАҚ ҚҰМАРЛЫҚҚА ҰҚСАЙДЫ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8562
ТАМАҚ ҚҰМАРЛЫҚТАН САҚТАН, ОЛ ДА АРАҚ ҚҰМАРЛЫҚҚА ҰҚСАЙДЫ

адамдар арақ құмарлық, шылым құмарлық, зина құмарлық деген сияқты нәрселерді біледі, алайда оларға ұқсас құмарлықтың бірі болған тамақ құмарлық жәйлы көп біле бермейді. Сонымен бірге олар өздері қалай осы тамақ құмарлықтың құлы болып кеткенін де білмейді. Демек, тамақ құмарлық та арақ-шылым құмарлық сияқты нәпсінің бір кеселді құмарлығы. Тамақ құмарлыққа салынған адам көп тамақ жейді, қайта-қайта тамақ жегісі келіп тұрады. Ол семіріп, салмақ сала бастайды, қимылы баяулап, деперетсияға оңай түседі, миы шабандайды. Ал исламда, 'миым істемесін десең, тамақты көп же' деген мысқыл бар. Ал адам семірген соң оған қант диябет, жүрек ауру, қан қысым, рак, көңілсіздік, деперетсия сияқты толып жатқан тәндік және рухани аурулар бірдей жабысады. Тамақ құмарлық нәпсіні меңгере білмей, тойса да жей беруден келеді. Ол бейне апиын құмарлыққа ұқсайтын болып, адам тойып тұрса да, бірдеңе жегісі келіп тұрады, әсіресе тәтті, майлы нәрселерге құмарлығы қозады. Ал бірдеңе жемесе, өзегі өзеуреп, талып, басы айналатындай болады. Бірақ бұлар шын аштық сигналдары емес, тек тамақ құмарлық белгілері еді. Мәселен, шылымға үйренген адам, жарты күн шылым шекпесе, басы айналып, мең-зең болады, өліп бара жатқандай күйге түседі. Тамақ құмарлық та дәл сондай бір кесел. Адам тамақты көп жей берсе, оның денесі өзгеріп, көп тамақ жемесе жәйсіз болатын орта жасап алады. Сонымен ол ұдайы тамақ жейтін болады, әсіресе ұн, күріш, тәтті тағамдар сондай ортаны оңай жасайды. Себебі олар ашқазанға түскен соң, гликозаға яғни тәттіге оңай айналады, ал тәтті тамақ құмарлықты пайда етеді. Және майға айналып, адамды семіртеді. Себебі тәтті рұхсат етілген апинға ұқсайтын болып, оған құмар болған адам, тәттісі бар тағамды жегісі келіп тұрады. Ол адамға өтірік құрсақ аштыру сегіналын жіберіп, тамақты көп жеуге итермелейді, тамақ құмар етеді. Исламда аштық өтірік аштық, және шын аштық деп екіге бөлінеді. Ол жәйлы әйгілі әулие ғұлама Имам Ғазали хазірет былай дейді. Егер сіз ашыққанда дәмі кетіп суып қалған тамақты, я жерде жатқан қоқым нанды, я ештеңе қосылмаған құр ақ нан, ақ күрішті де жегіңіз келіп тұрса, бұл шын аштық саналады. Міне осылай ашыққанда тамақ жесе, ол денсаулықпен жансаулыққа бірдей пайдалы болмақ. Ал ашыққанда осы айтылғанды жегіңіз келмей, оған бал, май, я басқа бірдеңе қосып жегіңіз келсе, ол өтірік аштық саналады. Ал бұндайда тамақ жемеңіз, себебі ол нәпсі құмарлығынан келген аштық еді. Егер оған ерсеңіз, біртіндеп тамақ құмарлыққа беріліп, тамақты көп жейтін боласыз, одан салмақ салып семіресіз, соңында сан түрлі ауруларға ұшырайсыз. Демек нәпсіңіздің ашкөздігіне еріп, тәннің қажетінен тыс артық жеу адамды ауру етеді. Яғни нәпсіңіз ашыққанда емес, тәніңіз ашыққанда тамақ жеңіз. Исламда, 'тақуа бір уақ, жәй адам екі уақ, ашкөз үш уақ тамақ жер' делінген. Исламда тағы, 'адам үшін бір күнге жарты килограм тамақ жетеді, ол сені алып жүреді, ал одан артық жесең, сен тамақты алып жүресің, ол саған жүк болар' делінген.

تاماق قۇمارلىقتان ساقتان، ول دا اراق قۇمارلىققا ۇقسايدى

ادامدار اراق قۇمارلىق، شىلىم قۇمارلىق، زينا قۇمارلىق دەگەن سياقتى نارسەلەردى بىلەدى، الايدا ولارعا ۇقساس قۇمارلىقتىڭ ءبىرى بولعان تاماق قۇمارلىق ءجايلى كوپ بىلە بەرمەيدى. سونىمەن بىرگە ولار وزدەرى قالاي وسى تاماق قۇمارلىقتىڭ قۇلى بولىپ كەتكەنىن دە بىلمەيدى. دەمەك، تاماق قۇمارلىق تا اراق-شىلىم قۇمارلىق سياقتى ءناپسىنىڭ ءبىر كەسەلدى قۇمارلىعى. تاماق قۇمارلىققا سالىنعان ادام كوپ تاماق جەيدى، قايتا-قايتا تاماق جەگىسى كەلىپ تۇرادى. ول سەمىرىپ، سالماق سالا باستايدى، قيمىلى باياۋلاپ، دەپەرەتسياعا وڭاي تۇسەدى، ميى شاباندايدى. ال يسلامدا، 'ميىم ىستەمەسىن دەسەڭ، تاماقتى كوپ جە' دەگەن مىسقىل بار. ال ادام سەمىرگەن سوڭ وعان قانت ديابەت، جۇرەك اۋرۋ، قان قىسىم، راك، كوڭىلسىزدىك، دەپەرەتسيا سياقتى تولىپ جاتقان تاندىك جانە رۋحاني اۋرۋلار بىردەي جابىسادى. تاماق قۇمارلىق ءناپسىنى مەڭگەرە بىلمەي، تويسا دا جەي بەرۋدەن كەلەدى. ول بەينە اپيىن قۇمارلىققا ۇقسايتىن بولىپ، ادام تويىپ تۇرسا دا، بىردەڭە جەگىسى كەلىپ تۇرادى، اسىرەسە ءتاتتى، مايلى نارسەلەرگە قۇمارلىعى قوزادى. ال بىردەڭە جەمەسە، وزەگى وزەۋرەپ، تالىپ، باسى اينالاتىنداي بولادى. ءبىراق بۇلار شىن اشتىق سيگنالدارى ەمەس، تەك تاماق قۇمارلىق بەلگىلەرى ەدى. ماسەلەن، شىلىمعا ۇيرەنگەن ادام، جارتى كۇن شىلىم شەكپەسە، باسى اينالىپ، مەڭ-زەڭ بولادى، ءولىپ بارا جاتقانداي كۇيگە تۇسەدى. تاماق قۇمارلىق تا ءدال سونداي ءبىر كەسەل. ادام تاماقتى كوپ جەي بەرسە، ونىڭ دەنەسى وزگەرىپ، كوپ تاماق جەمەسە ءجايسىز بولاتىن ورتا جاساپ الادى. سونىمەن ول ۇدايى تاماق جەيتىن بولادى، اسىرەسە ۇن، كۇرىش، ءتاتتى تاعامدار سونداي ورتانى وڭاي جاسايدى. سەبەبى ولار اشقازانعا تۇسكەن سوڭ، گليكوزاعا ياعني تاتتىگە وڭاي اينالادى، ال ءتاتتى تاماق قۇمارلىقتى پايدا ەتەدى. جانە مايعا اينالىپ، ادامدى سەمىرتەدى. سەبەبى ءتاتتى رۇحسات ەتىلگەن اپينعا ۇقسايتىن بولىپ، وعان قۇمار بولعان ادام، ءتاتتىسى بار تاعامدى جەگىسى كەلىپ تۇرادى. ول ادامعا وتىرىك قۇرساق اشتىرۋ سەگىنالىن جىبەرىپ، تاماقتى كوپ جەۋگە يتەرمەلەيدى، تاماق قۇمار ەتەدى. يسلامدا اشتىق وتىرىك اشتىق، جانە شىن اشتىق دەپ ەكىگە بولىنەدى. ول ءجايلى ايگىلى اۋليە عۇلاما يمام عازالي حازىرەت بىلاي دەيدى. ەگەر ءسىز اشىققاندا ءدامى كەتىپ سۋىپ قالعان تاماقتى، يا جەردە جاتقان قوقىم ناندى، يا ەشتەڭە قوسىلماعان قۇر اق نان، اق كۇرىشتى دە جەگىڭىز كەلىپ تۇرسا، بۇل شىن اشتىق سانالادى. مىنە وسىلاي اشىققاندا تاماق جەسە، ول دەنساۋلىقپەن جانساۋلىققا بىردەي پايدالى بولماق. ال اشىققاندا وسى ايتىلعاندى جەگىڭىز كەلمەي، وعان بال، ماي، يا باسقا بىردەڭە قوسىپ جەگىڭىز كەلسە، ول وتىرىك اشتىق سانالادى. ال بۇندايدا تاماق جەمەڭىز، سەبەبى ول ءناپسى قۇمارلىعىنان كەلگەن اشتىق ەدى. ەگەر وعان ەرسەڭىز، بىرتىندەپ تاماق قۇمارلىققا بەرىلىپ، تاماقتى كوپ جەيتىن بولاسىز، ودان سالماق سالىپ سەمىرەسىز، سوڭىندا سان ءتۇرلى اۋرۋلارعا ۇشىرايسىز. دەمەك ءناپسىڭىزدىڭ اشكوزدىگىنە ەرىپ، ءتاننىڭ قاجەتىنەن تىس ارتىق جەۋ ادامدى اۋرۋ ەتەدى. ياعني ءناپسىڭىز اشىققاندا ەمەس، ءتانىڭىز اشىققاندا تاماق جەڭىز. يسلامدا، 'تاقۋا ءبىر ۋاق، ءجاي ادام ەكى ۋاق، اشكوز ءۇش ۋاق تاماق جەر' دەلىنگەن. يسلامدا تاعى، 'ادام ءۇشىن ءبىر كۇنگە جارتى كيلوگرام تاماق جەتەدى، ول سەنى الىپ جۇرەدى، ال ودان ارتىق جەسەڭ، سەن تاماقتى الىپ جۇرەسىڭ، ول ساعان جۇك بولار' دەلىنگەن.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8562