You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: егер әулие шайқы пірге ере алсаң, онда қуана бер (2025.10.22 / Хижри 1447-жыл 01-Жұмадал Әл-Ауал)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8558
Сұхбат: егер әулие шайқы пірге ере алсаң, онда қуана бер (2025.10.22 / Хижри 1447-жыл 01-Жұмадал Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Argentina, Patagonia, Dergah Mallin Ahogado дергасында айтылған сұхбат) Әлхамдулилла, бұл жиналыс өте қымбат, өте бағалы, себебі пайғамбарымыз ﷺ Алла Әззә уә-Жәлләның періштелерге әмір беріп, Алла ﷻ махаббаты үшін болған осындай жиналыстарға, кеңес алатын осындай жиындарға қанаттарын төсететіндігін айтады, иншалла. Адам баласы үшін ең маңызды нәрселер міне осылар, ең қымбатты нәрсе де міне осылар, демек, иншалла, жақсы кеңес беріп, пайғамбарымыз ﷺның жолын көрсететін жақсы адамдарды табу ең абзал іс болмақ. Алайда қазіргі мына дүниеде бұның қадірін білетіндер өте аз, тым сирек кездеседі, себебі олардың көбі мәтериялдық нәрселердің артына түсіп кеткен. Бұл материялдық нәрселер дегеніміз олардың қалауына құлақ салып, олардың нәпсілерін қуандыруы еді, және бұл нәрселер әр адам үшін ең маңызды болып кетті. Ал өте аз санды адамдар ғана Алла ﷻ үшін жиналыс өткізеді, сондықтан Алла Әззә уә-Жәллә Алла ﷻ үшін жиналған жиындарды мадақтаған, және оларға сондай өте бағалы нәрселерді берді.

Ертеде жақсырақ еді, әрине, осы кездегіден жақсы болған, ал осы заманда адамдарға ештеңе ойлатпайтын немесе руханият жәйлы еш ойлатпай қоятын нәрселер өте көп болып кетті, олардың қолында телефон, компютер сияқты толып жатқан әр түрлі машиналар бар. Бұнда телдидар бар, интернет бар, телефон бар, ал олар болса, адамдарды нәпсілерінің артынан құрақ ұша жүгіртіп қойды. Демек, оларға, «қайткенде нәпсімізді онан арман қанағаттандырамыз» дегізіп қойды, сонымен олар нәпсілерінің қызығының артынан шауып жүр. Осы кездегі адамдар үшін аса көңіл бөлетін маңызды іс міне осы, ал ерте кезде бұндай материялдық нәрселер аз болатын. Сондықтан олардың көбі құлшылықтарымен болатын немесе басқа жақсы істердің артында жүретін еді, бірақ сонда да сол замандарда, олар кейде немесе кейбір орайлы кезде, олар да пайда, материялдық пайда іздеп кететін жағдайлар болған, себебі Алла ﷻ адам баласын ұқсас етіп жаратқан.

Бұрын мәлім үлкен әрі ғұлама, әрі үлкен әулие өткен еді, ол жұртқа сұхбат айтып, кеңес беретұғын, ал оның сөздерін кейбір адамдар түсінсе, кейбір адамдар түсінбейтін. Әсіресе Индияда біздің нақышбанд сопылық тәриқаттың, және өзге сопылық тәриқаттың болсын, көптеген үлкен әулиелері болды, әсіресе шисти сопылық тәриқатының көптеген әулиелері өтті. Әлхамдулилла, бұл киелі адамдар Индияға ислам таратып, милиондаған жұрт соғыссыз исламға келді, Жаңа Делиде Шайық Низамуди есімді үлкен әулие бар болып, ол әйгілі еді, оның жүз-мың мүриті болды, ол өте мәшхұр және өте жомарт еді. Ал бірде бір кедей кісі оның жомарттығын естіп, одан бірдеңе алғалы келеді, Әулие Шайық Низамуди хазірет расында тым жомарт еді. Ал манағы кедей кісі оған келіп, садақа ретінде бірдеңе сұрағанда, хазірет оған нәрсе бермек болып, ана-мына жерді қарайды, бірақ ештеңе таба алмайды. Себебі әулиеде ештеңе болмайды, ал оларда бірдеңе болса, лезде таратып жібереді, ештеңе сақтамайды, сол үшін оған бір нәрсе тауып беру қиын болды.

Кейде олар расында ештеңе таба алмайды, ал хазірет өзінің көне аяқ кимін ғана табады, ал енді ол онымен не етпекші? себебі ол өзінен бірдеңе сұрап келген адамды құры бос қол қайтарғысы келмейтін. Ол оған, «мынаны алыңыз, бұл менің көне аяқ кимім, кешіріңіз» дейді. Ал кедей кісі болса, оны алып кетеді, бірақ онымен не істер? кедей кісі үмітсізденді, бұл аяққа қуанған жоқ, ол оны алып, сол түнде сол жердегі немесе біраз алыс жердегі бір жатаққа ұйықтау үшін кіреді. Сол кезде ол арада, Әулие Шайық Низамуди хазіреттің бір мүриті бар екен, ол ғұлама, әрі үлкен саудагер еді, ол басқа жақтан сол кезде осы араға сауда ісімен келіпті. Ол Делиге ағаш саудасымен ағаш тасып әкелген еді, ал Делиге кіруден бұрын ол осы арада бір түн тұруы қажетті болатұғын, бір қызығы, сол түні бұл саудагер кісі манағы кедей кісімен бір жатаққанаға түнеп қалады.

Сонымен ол манағы жатаққа кірісімен, «ох, мен өз шайығымның әтірінің исін сезіп тұрмын» деп, иістің қайдан келгенін іздей бастайды. Ол осылай іздей келе, иіс шығып жатқан бөлмеге келеді, есікті қағады, ал манағы кедей кісі есікті ашады, бұл шайықтың аты Әмір Құсырау еді. Сонымен олар өзара, «саламуәлейкум» деп сәлемдескен соң, кедей кісіге, «бұл иіс қайдан келіп жатыр, мен бұл арадан шайығымның әтірінің исін сезіп жатырмын» дейді, жарлы кісі, «иә, мен оған барғам, бірақ ол маған өзінің мына көне аяқ кимінен басқа ештеңе бере алмады», дейді. Ал Әмір Құсырау шайық, «мен саған жанымдағы бар алтынымды берейін, оның көне аяғын маған бер» дейді, ал кедей кісі, «сіз қалжыңдап тұрған жоқсызба» дейді, ол, «жоқ, қалжың емес, көп болса, тағы саған беремін» дейді. Кедей кісі тағы, «сіз не үшін бұл аяқ киім үшін оның барлығын бересіз» деп сұрайды, сонда ол оған, «егер сіз осы аяқ киімнің құнын білсеңіз, сіз оларды маған менің бағамнан екі есе бағаға да бермес едіңіз» дейді.

Міне бұл құнды білетін адамдармен құнды білмейтін адамдардың ұқсамастығы еді, сондықтан біз, иншалла, Алла ﷻдың бізге көрсеткендерімен, және бізді әулие машайықтардың жолына, пайғамбарымыз ﷺның жолына салғандығына қатты риза болуымыз керек, оған қуануымыз керек. Оның құнын білуіміз керек, оған ешбір баға жетпейді, ешбір құн жетпейді, себебі ол тым қысқа уақыт үшін емес, ол мәңгілік-дүр, иншалла. Иншалла, Алла ﷻ бізді бірдеңенің қадір-қымбатымен құнын білетін адамдардан еткей, иншалла, Алла ﷻ сіздерді берекелегей.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: ەگەر اۋليە شايقى پىرگە ەرە الساڭ، وندا قۋانا بەر (2025.10.22 / حيجري 1447-جىل 01-جۇمادال ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Argentina، Patagonia، Dergah Mallin Ahogado دەرگاسىندا ايتىلعان سۇحبات) ءالحامدۋليللا، بۇل جينالىس وتە قىمبات، وتە باعالى، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ پەرىشتەلەرگە ءامىر بەرىپ، اللا ﷻ ماحابباتى ءۇشىن بولعان وسىنداي جينالىستارعا، كەڭەس الاتىن وسىنداي جيىندارعا قاناتتارىن توسەتەتىندىگىن ايتادى، ينشاللا. ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ ماڭىزدى نارسەلەر مىنە وسىلار، ەڭ قىمباتتى نارسە دە مىنە وسىلار، دەمەك، ينشاللا، جاقسى كەڭەس بەرىپ، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىن كورسەتەتىن جاقسى ادامداردى تابۋ ەڭ ابزال ءىس بولماق. الايدا قازىرگى مىنا دۇنيەدە بۇنىڭ ءقادىرىن بىلەتىندەر وتە از، تىم سيرەك كەزدەسەدى، سەبەبى ولاردىڭ كوبى ماتەريالدىق نارسەلەردىڭ ارتىنا ءتۇسىپ كەتكەن. بۇل ماتەريالدىق نارسەلەر دەگەنىمىز ولاردىڭ قالاۋىنا قۇلاق سالىپ، ولاردىڭ ناپسىلەرىن قۋاندىرۋى ەدى، جانە بۇل نارسەلەر ءار ادام ءۇشىن ەڭ ماڭىزدى بولىپ كەتتى. ال وتە از ساندى ادامدار عانا اللا ﷻ ءۇشىن جينالىس وتكىزەدى، سوندىقتان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا اللا ﷻ ءۇشىن جينالعان جيىنداردى ماداقتاعان، جانە ولارعا سونداي وتە باعالى نارسەلەردى بەردى.

ەرتەدە جاقسىراق ەدى، ارينە، وسى كەزدەگىدەن جاقسى بولعان، ال وسى زاماندا ادامدارعا ەشتەڭە ويلاتپايتىن نەمەسە رۋحانيات ءجايلى ەش ويلاتپاي قوياتىن نارسەلەر وتە كوپ بولىپ كەتتى، ولاردىڭ قولىندا تەلەفون، كومپيۋتەر سياقتى تولىپ جاتقان ءار ءتۇرلى ماشينالار بار. بۇندا تەلديدار بار، ينتەرنەت بار، تەلەفون بار، ال ولار بولسا، ادامداردى ناپسىلەرىنىڭ ارتىنان قۇراق ۇشا جۇگىرتىپ قويدى. دەمەك، ولارعا، «قايتكەندە ءناپسىمىزدى ونان ارمان قاناعاتتاندىرامىز» دەگىزىپ قويدى، سونىمەن ولار ناپسىلەرىنىڭ قىزىعىنىڭ ارتىنان شاۋىپ ءجۇر. وسى كەزدەگى ادامدار ءۇشىن اسا كوڭىل بولەتىن ماڭىزدى ءىس مىنە وسى، ال ەرتە كەزدە بۇنداي ماتەريالدىق نارسەلەر از بولاتىن. سوندىقتان ولاردىڭ كوبى قۇلشىلىقتارىمەن بولاتىن نەمەسە باسقا جاقسى ىستەردىڭ ارتىندا جۇرەتىن ەدى، ءبىراق سوندا دا سول زامانداردا، ولار كەيدە نەمەسە كەيبىر ورايلى كەزدە، ولار دا پايدا، ماتەريالدىق پايدا ىزدەپ كەتەتىن جاعدايلار بولعان، سەبەبى اللا ﷻ ادام بالاسىن ۇقساس ەتىپ جاراتقان.

بۇرىن ءمالىم ۇلكەن ءارى عۇلاما، ءارى ۇلكەن اۋليە وتكەن ەدى، ول جۇرتقا سۇحبات ايتىپ، كەڭەس بەرەتۇعىن، ال ونىڭ سوزدەرىن كەيبىر ادامدار تۇسىنسە، كەيبىر ادامدار تۇسىنبەيتىن. اسىرەسە ينديادا ءبىزدىڭ ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ، جانە وزگە سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ بولسىن، كوپتەگەن ۇلكەن اۋليەلەرى بولدى، اسىرەسە شيستي سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ كوپتەگەن اۋليەلەرى ءوتتى. ءالحامدۋليللا، بۇل كيەلى ادامدار يندياعا يسلام تاراتىپ، ميليونداعان جۇرت سوعىسسىز يسلامعا كەلدى، جاڭا دەليدە شايىق نيزامۋدي ەسىمدى ۇلكەن اۋليە بار بولىپ، ول ايگىلى ەدى، ونىڭ ءجۇز-مىڭ ءمۇريتى بولدى، ول وتە ءماشحۇر جانە وتە جومارت ەدى. ال بىردە ءبىر كەدەي كىسى ونىڭ جومارتتىعىن ەستىپ، ودان بىردەڭە العالى كەلەدى، اۋليە شايىق نيزامۋدي حازىرەت راسىندا تىم جومارت ەدى. ال ماناعى كەدەي كىسى وعان كەلىپ، ساداقا رەتىندە بىردەڭە سۇراعاندا، حازىرەت وعان نارسە بەرمەك بولىپ، انا-مىنا جەردى قارايدى، ءبىراق ەشتەڭە تابا المايدى. سەبەبى اۋليەدە ەشتەڭە بولمايدى، ال ولاردا بىردەڭە بولسا، لەزدە تاراتىپ جىبەرەدى، ەشتەڭە ساقتامايدى، سول ءۇشىن وعان ءبىر نارسە تاۋىپ بەرۋ قيىن بولدى.

كەيدە ولار راسىندا ەشتەڭە تابا المايدى، ال حازىرەت ءوزىنىڭ كونە اياق كيمىن عانا تابادى، ال ەندى ول ونىمەن نە ەتپەكشى؟ سەبەبى ول وزىنەن بىردەڭە سۇراپ كەلگەن ادامدى قۇرى بوس قول قايتارعىسى كەلمەيتىن. ول وعان، «مىنانى الىڭىز، بۇل مەنىڭ كونە اياق كيمىم، كەشىرىڭىز» دەيدى. ال كەدەي كىسى بولسا، ونى الىپ كەتەدى، ءبىراق ونىمەن نە ىستەر؟ كەدەي كىسى ۇمىتسىزدەندى، بۇل اياققا قۋانعان جوق، ول ونى الىپ، سول تۇندە سول جەردەگى نەمەسە ءبىراز الىس جەردەگى ءبىر جاتاققا ۇيىقتاۋ ءۇشىن كىرەدى. سول كەزدە ول ارادا، اۋليە شايىق نيزامۋدي حازىرەتتىڭ ءبىر ءمۇريتى بار ەكەن، ول عۇلاما، ءارى ۇلكەن ساۋداگەر ەدى، ول باسقا جاقتان سول كەزدە وسى اراعا ساۋدا ىسىمەن كەلىپتى. ول دەليگە اعاش ساۋداسىمەن اعاش تاسىپ اكەلگەن ەدى، ال دەليگە كىرۋدەن بۇرىن ول وسى ارادا ءبىر ءتۇن تۇرۋى قاجەتتى بولاتۇعىن، ءبىر قىزىعى، سول ءتۇنى بۇل ساۋداگەر كىسى ماناعى كەدەي كىسىمەن ءبىر جاتاققاناعا تۇنەپ قالادى.

سونىمەن ول ماناعى جاتاققا كىرىسىمەن، «وح، مەن ءوز شايىعىمنىڭ ءاتىرىنىڭ ءيسىن سەزىپ تۇرمىن» دەپ، ءيىستىڭ قايدان كەلگەنىن ىزدەي باستايدى. ول وسىلاي ىزدەي كەلە، ءيىس شىعىپ جاتقان بولمەگە كەلەدى، ەسىكتى قاعادى، ال ماناعى كەدەي كىسى ەسىكتى اشادى، بۇل شايىقتىڭ اتى ءامىر قۇسىراۋ ەدى. سونىمەن ولار ءوزارا، «سالامۋالەيكۋم» دەپ سالەمدەسكەن سوڭ، كەدەي كىسىگە، «بۇل ءيىس قايدان كەلىپ جاتىر، مەن بۇل ارادان شايىعىمنىڭ ءاتىرىنىڭ ءيسىن سەزىپ جاتىرمىن» دەيدى، جارلى كىسى، «ءيا، مەن وعان بارعام، ءبىراق ول ماعان ءوزىنىڭ مىنا كونە اياق كيمىنەن باسقا ەشتەڭە بەرە المادى»، دەيدى. ال ءامىر قۇسىراۋ شايىق، «مەن ساعان جانىمداعى بار التىنىمدى بەرەيىن، ونىڭ كونە اياعىن ماعان بەر» دەيدى، ال كەدەي كىسى، «ءسىز قالجىڭداپ تۇرعان جوقسىزبا» دەيدى، ول، «جوق، قالجىڭ ەمەس، كوپ بولسا، تاعى ساعان بەرەمىن» دەيدى. كەدەي كىسى تاعى، «ءسىز نە ءۇشىن بۇل اياق كيىم ءۇشىن ونىڭ بارلىعىن بەرەسىز» دەپ سۇرايدى، سوندا ول وعان، «ەگەر ءسىز وسى اياق كيىمنىڭ قۇنىن بىلسەڭىز، ءسىز ولاردى ماعان مەنىڭ باعامنان ەكى ەسە باعاعا دا بەرمەس ەدىڭىز» دەيدى.

مىنە بۇل قۇندى بىلەتىن ادامدارمەن قۇندى بىلمەيتىن ادامداردىڭ ۇقساماستىعى ەدى، سوندىقتان ءبىز، ينشاللا، اللا ﷻدىڭ بىزگە كورسەتكەندەرىمەن، جانە ءبىزدى اۋليە ماشايىقتاردىڭ جولىنا، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىنا سالعاندىعىنا قاتتى ريزا بولۋىمىز كەرەك، وعان قۋانۋىمىز كەرەك. ونىڭ قۇنىن ءبىلۋىمىز كەرەك، وعان ەشبىر باعا جەتپەيدى، ەشبىر قۇن جەتپەيدى، سەبەبى ول تىم قىسقا ۋاقىت ءۇشىن ەمەس، ول ماڭگىلىك-ءدۇر، ينشاللا. ينشاللا، اللا ﷻ ءبىزدى بىردەڭەنىڭ ءقادىر-قىمباتىمەن قۇنىن بىلەتىن ادامداردان ەتكەي، ينشاللا، اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8558