You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

'ӘУЛИЕГЕ ҚҰЛАҚ САЛМА' ДЕГЕН ШАЙТАНИ ҒҰЛАМА КӨБЕЙДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8533
'ӘУЛИЕГЕ ҚҰЛАҚ САЛМА' ДЕГЕН ШАЙТАНИ ҒҰЛАМА КӨБЕЙДІ

ақырзаманда мәлім дін ғұламалары шығады, және олар, 'әулиеге құлақ салмаңдар, ешкімді тыңдамаңдар' деп адамдарды тура жолдан алжастыратын болады. Ал әулиеге құлақ салмау, әулиені тыңдамау дегеніміз пайғамбарымызға құлақ салмау деген сөз. Пайғамбарымызға ең жақсы құлақ асушылар міне осы әулиелер еді. Ақырзаманда мұсылмандарды адастыратындар, 'біз мұсылманбыз, біз ғұламамыз' дейтін құран-хадиісті жақсы білетін, бірақ оларды түсінбейтін адамдардан шығады. Олардың оқыған құран-хадиістері тілдерінің ұшында ғана болады, кеңірдегінен ары аспайды, жүректеріне бармайды. Олар осындай сыртқы бейнелерімен, және сайраған бүлдіргі сөздерімен ел-жұртты алдап кетеді. Олар - шайтанның мұсылмандар арасындағы агенттіктері. Олар мұсылмандарды әулиелерден аулақ болуға үгіттейді, және жұртты исламның жүрегі болған сопылық тәриқатты қабыл етпеуге шақырады. Олардың тілі шайтанның тіліндей қитұрқы болғаны соншалық, оларды біраз тыңдаған адамдардың иман-сеніміне селкеу түсе бастайды, ал тыңдай берсе, имандарынан айырылады. Олар аңқау мұсылмандардың ақылын осылай оңай алжастырып жатыр. Қазір олар мұсылмандардың сенімін бұзу мақсатына дерлік жетіп болды. Олардың бұл шайтани бүлігі Мәхди хазірет келгенге дейін жалғаса береді.

- НАҚЫШБАНД СОПЫЛЫҚ ТӘРИҚАТЫНЫҢ 41ІНШІ ӘУЛИЕ ПІРІ МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ МЕХМЕТ ХАЗІРЕТ

'اۋليەگە قۇلاق سالما' دەگەن شايتاني عۇلاما كوبەيدى

اقىرزاماندا ءمالىم ءدىن عۇلامالارى شىعادى، جانە ولار، 'اۋليەگە قۇلاق سالماڭدار، ەشكىمدى تىڭداماڭدار' دەپ ادامداردى تۋرا جولدان الجاستىراتىن بولادى. ال اۋليەگە قۇلاق سالماۋ، اۋليەنى تىڭداماۋ دەگەنىمىز پايعامبارىمىزعا قۇلاق سالماۋ دەگەن ءسوز. پايعامبارىمىزعا ەڭ جاقسى قۇلاق اسۋشىلار مىنە وسى اۋليەلەر ەدى. اقىرزاماندا مۇسىلمانداردى اداستىراتىندار، 'ءبىز مۇسىلمانبىز، ءبىز عۇلامامىز' دەيتىن قۇران-ءحاديىستى جاقسى بىلەتىن، ءبىراق ولاردى تۇسىنبەيتىن ادامداردان شىعادى. ولاردىڭ وقىعان قۇران-حاديىستەرى تىلدەرىنىڭ ۇشىندا عانا بولادى، كەڭىردەگىنەن ارى اسپايدى، جۇرەكتەرىنە بارمايدى. ولار وسىنداي سىرتقى بەينەلەرىمەن، جانە سايراعان بۇلدىرگى سوزدەرىمەن ەل-جۇرتتى الداپ كەتەدى. ولار - شايتاننىڭ مۇسىلماندار اراسىنداعى اگەنتتىكتەرى. ولار مۇسىلمانداردى اۋليەلەردەن اۋلاق بولۋعا ۇگىتتەيدى، جانە جۇرتتى يسلامنىڭ جۇرەگى بولعان سوپىلىق ءتاريقاتتى قابىل ەتپەۋگە شاقىرادى. ولاردىڭ ءتىلى شايتاننىڭ تىلىندەي قيتۇرقى بولعانى سونشالىق، ولاردى ءبىراز تىڭداعان ادامداردىڭ يمان-سەنىمىنە سەلكەۋ تۇسە باستايدى، ال تىڭداي بەرسە، يماندارىنان ايىرىلادى. ولار اڭقاۋ مۇسىلمانداردىڭ اقىلىن وسىلاي وڭاي الجاستىرىپ جاتىر. ءقازىر ولار مۇسىلمانداردىڭ سەنىمىن بۇزۋ ماقساتىنا دەرلىك جەتىپ بولدى. ولاردىڭ بۇل شايتاني بۇلىگى ءماحدي حازىرەت كەلگەنگە دەيىن جالعاسا بەرەدى.

- ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىرى ءماۋلانا شايىق مەحمەت حازىرەت

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8533