You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ӘЙЕЛДЕР МЫНАНЫ ІСТЕСЕ, ОЛАРДЫҢ ЖӘННАТҚА КІРУІ ОҢАЙ БОЛАДЫ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8531
ӘЙЕЛДЕР МЫНАНЫ ІСТЕСЕ, ОЛАРДЫҢ ЖӘННАТҚА КІРУІ ОҢАЙ БОЛАДЫ

нақышбанд сопылық тәриқатының 39інші әулие пірі, әйгілі әулие, әулиелер сұлтаны мәуләнә шайық Абдуллаһ Әл-Файыз ӘД-Дағыстани хазірет түс көріп, түсінде пайғамбарымыз оған әйелдер жәйлы былай әмір етеді. Ол былай дейді, 'түсімде пайғамбарымыз маған, әйел кісі күйеуін бейне қызыр пайғамбардың жиынында, бүкіл пайғамбар және әулиелермен бірге отырғандай құрметтесін, әйелдер күйеуін бәрінен жоғары мәміледе сыйласын' деп айтты. Ал әйел кісі ерін құрметтемеген сайын, ол мейлі қанша қызмет қылсын, қанша намаз өтесін, оның бұларынан еш пайда жоқ, демек ерін құрметтеу әйелдер үшін өте маңызды іс болмақ. Міне әйгілі әулиеге пайғамбарымыз осылай деген екен. Ақиқатында әйелдердің қияметтен өтуімен жәннатқа кіруі оңай. Бұнда олар күйеуінің ризалығына жетсе болғаны, оларға қияметте барлығы жеңіл болады. Қияметте әйелдерді сұраққа алғанда ең әуелі оның күйеуін әкеліп, одан, 'сен осы әйеліңе ризасыңба' деп сұрайды. Сол кезде күйеуі, 'иә, мен ризамын' десе, бұл әйелге қалған сұрақтар оңай болады, ол жәннатқа жеңіл кіріп кетеді. Демек әйел үшін мына дүниеде күйеуін сыйлап өту аса маңызды шаруа. Алла әйелдің қияметтегі бар жеңілдігімен жәннатты оның күйеуінің ризалығына байлап қойған. Әйелі ерінің жұмаға баруын, мешітте жамағатпен намаз оқуын қолайлы етіп қойса, ерінің тапқан сауабы әйеліне де жазылатын болады. Ал әйелдің мешітке барып намаз оқуы еш қажетсіз, ол ұнатылмаған іске жатады. Әйел кісі үйінде намаз оқыса 25 есе сауап беріледі, ал мешітке барып оқыса, бір сауап қана беріледі. Сонымен бірге, әйел адам мешітке бара жатқанда ерлердің назарын өзіне бұрса, я әтір иісі өзге ерлердің мұрнына барса, оған сауап былай тұрсын, күнә жазылады. Әйелдің көше аралаудан жинап келген күнәлары еріне де жазылады. Сондықтан әйел үшін үйде болу, үйде намаз оқу ең абзал, ең сауапты іс болмақ. Бірақ ер адам мешітке барып, жамағатпен намаз оқыса, оған үйдегіден 27 есе көп сауап жазылады. Кезкелген адам себепсіз көшеге шықса оның ізіне шайтанмен бәле-қала түсетін болады. Бірақ олар мәлім дұрыс себеппен сыртқа я көшеге шықса, олар Алланың қорғанында болады, иншалла.

ايەلدەر مىنانى ىستەسە، ولاردىڭ ءجانناتقا كىرۋى وڭاي بولادى

ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ 39ءىنشى اۋليە ءپىرى، ايگىلى اۋليە، اۋليەلەر سۇلتانى ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-فايىز ءاد-داعىستاني حازىرەت ءتۇس كورىپ، تۇسىندە پايعامبارىمىز وعان ايەلدەر ءجايلى بىلاي ءامىر ەتەدى. ول بىلاي دەيدى، 'تۇسىمدە پايعامبارىمىز ماعان، ايەل كىسى كۇيەۋىن بەينە قىزىر پايعامباردىڭ جيىنىندا، بۇكىل پايعامبار جانە اۋليەلەرمەن بىرگە وتىرعانداي قۇرمەتتەسىن، ايەلدەر كۇيەۋىن بارىنەن جوعارى مامىلەدە سىيلاسىن' دەپ ايتتى. ال ايەل كىسى ەرىن قۇرمەتتەمەگەن سايىن، ول مەيلى قانشا قىزمەت قىلسىن، قانشا ناماز وتەسىن، ونىڭ بۇلارىنان ەش پايدا جوق، دەمەك ەرىن قۇرمەتتەۋ ايەلدەر ءۇشىن وتە ماڭىزدى ءىس بولماق. مىنە ايگىلى اۋليەگە پايعامبارىمىز وسىلاي دەگەن ەكەن. اقيقاتىندا ايەلدەردىڭ قيامەتتەن وتۋىمەن ءجانناتقا كىرۋى وڭاي. بۇندا ولار كۇيەۋىنىڭ ريزالىعىنا جەتسە بولعانى، ولارعا قيامەتتە بارلىعى جەڭىل بولادى. قيامەتتە ايەلدەردى سۇراققا العاندا ەڭ اۋەلى ونىڭ كۇيەۋىن اكەلىپ، ودان، 'سەن وسى ايەلىڭە ريزاسىڭبا' دەپ سۇرايدى. سول كەزدە كۇيەۋى، 'ءيا، مەن ريزامىن' دەسە، بۇل ايەلگە قالعان سۇراقتار وڭاي بولادى، ول ءجانناتقا جەڭىل كىرىپ كەتەدى. دەمەك ايەل ءۇشىن مىنا دۇنيەدە كۇيەۋىن سىيلاپ ءوتۋ اسا ماڭىزدى شارۋا. اللا ايەلدىڭ قيامەتتەگى بار جەڭىلدىگىمەن ءجانناتتى ونىڭ كۇيەۋىنىڭ ريزالىعىنا بايلاپ قويعان. ايەلى ەرىنىڭ جۇماعا بارۋىن، مەشىتتە جاماعاتپەن ناماز وقۋىن قولايلى ەتىپ قويسا، ەرىنىڭ تاپقان ساۋابى ايەلىنە دە جازىلاتىن بولادى. ال ايەلدىڭ مەشىتكە بارىپ ناماز وقۋى ەش قاجەتسىز، ول ۇناتىلماعان ىسكە جاتادى. ايەل كىسى ۇيىندە ناماز وقىسا 25 ەسە ساۋاپ بەرىلەدى، ال مەشىتكە بارىپ وقىسا، ءبىر ساۋاپ قانا بەرىلەدى. سونىمەن بىرگە، ايەل ادام مەشىتكە بارا جاتقاندا ەرلەردىڭ نازارىن وزىنە بۇرسا، يا ءاتىر ءيىسى وزگە ەرلەردىڭ مۇرنىنا بارسا، وعان ساۋاپ بىلاي تۇرسىن، كۇنا جازىلادى. ايەلدىڭ كوشە ارالاۋدان جيناپ كەلگەن كۇنالارى ەرىنە دە جازىلادى. سوندىقتان ايەل ءۇشىن ۇيدە بولۋ، ۇيدە ناماز وقۋ ەڭ ابزال، ەڭ ساۋاپتى ءىس بولماق. ءبىراق ەر ادام مەشىتكە بارىپ، جاماعاتپەن ناماز وقىسا، وعان ۇيدەگىدەن 27 ەسە كوپ ساۋاپ جازىلادى. كەزكەلگەن ادام سەبەپسىز كوشەگە شىقسا ونىڭ ىزىنە شايتانمەن بالە-قالا تۇسەتىن بولادى. ءبىراق ولار ءمالىم دۇرىس سەبەپپەن سىرتقا يا كوشەگە شىقسا، ولار اللانىڭ قورعانىندا بولادى، ينشاللا.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8531