You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ӘУЛИЕЛЕРДІҢ ҚАБЫР-МАҚАМДАРЫН КӨПТЕП ЗИЯРАТ ЕТІП, БЕРЕКЕГЕ БӨЛЕНІҢІЗ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8525
ӘУЛИЕЛЕРДІҢ ҚАБЫР-МАҚАМДАРЫН КӨПТЕП ЗИЯРАТ ЕТІП, БЕРЕКЕГЕ БӨЛЕНІҢІЗ

Көзі туада соқыр бір кісі пайғамбарымызға келіп, көзінің жазылуына дұға етуін сұрайды, ал пайғамбарымыз оған, 'ол Алладан, сабыр ет, осылай жүре бер, саған осы қайырлы' дейді. Бірақ ол адам дүниені көргісі келетінін айтып, бой бермейді. Пайғамбарымыз, 'мәлім мешітке барып, көзіне шипа тілеу ниетімен екі ракат намаз оқы, ал намаздан соң, я расулАллаһ, Раббыңыздан менің көзімнің жазылуын сұраңызшы, мен үшін шипа сұраңызшы деп, дұға ет' дейді. Соқыр кісі оның айтқанындай істейді, намаздан соң, 'я расулАллаһ, Раббыңыздан менің көзімнің жазылуын сұраңызшы' деп дұға етеді. Нәтижесінде, мешіттен шығысымен оның көзі жазылып кетеді. Бұл іс пайғамбарымыздың хадисінде келген. Қараңыз, бұнда пайғамбарымыз оған, 'я Алла, көзімді жазып жіберіңіз деп айт' деп дұға үйретпеді. Бірақ, 'я расулАллаһ, Алладан мен үшін шипа сұраңызшы' деп дұға үйретті. Егер ол адам, 'я Алла, көзімнің соқырлығын жазып жіберіңіз' деп, араға пайғамбарымызды қоспай төте дұға етсе, оның көзі жазылмас еді. Әрине біз Аллаға төте дұға етсек болады, бірақ оның қабыл болу мүмкіндігі өте төмен, себебі біз пайғамбар немесе әулие емеспіз. Сондықтан біз араға пайғамбарымызбен әулиелерді уәсила етіп, салауат қосып дұға етеміз, ол тез қабыл болады. Ал әулиелердің қабыр-мақамдарын зиярат еткенде де осы сияқты дұға жасалады. Қабырда әулиеден тілемейсіз, бірақ әулиенің өзіміз үшін дұға жасауын сұраймыз. Сол жерде салауат және 'осы әулиенің құрметі үшін' деген сөзді қосып, дұға жасаймыз. Сонда әулие сіз үшін Аллаға дұға етеді, ал әулиенің сіз үшін жасаған дұғасы сіздің дұғаңыздан әлдеқайда артық. Әулие өз қабырында елдің жасаған жақсы дұғасына 'әмин' дейді. Зияратқа келгендерге, құран бағыштағандарға риза болып, олар үшін Аллаға дұға етеді, береке тілейді, хидаят сұрайды. Олардың қабыр-мақамдарын зиярат етуде осындай игіліктер бар. Әулиелердің мақамдарын жақсы ниетпен зиярат етсеңіз, олар сізді құр қол қайтармайды, берекесінен үлес береді. Әулие қабырына барсаңыз, ол сізді көреді, ниетіңді де, жүрегіңде не қиындық барын да біледі. Олар қабырында сол күйінде жатыр, әулиенің денесі шірімейді, хош исті болып жатады. Әулие қабырын зиярат етудің өз әдебі бар. Барған соң сәлем бересіз, онан соң әулие әруағына құран бағыштайсыз. Әдетте 1 фатиха, 3 ықлас, фалақ, нас сүресін, 3 салауат оқыса болады. Мүмкіндік болса, ясин сүресін оқыңыз. Онан салауат қосып, пайғамбарымызды және сонда жатқан әулиені уәсила етіп, Аллаға жақсы дұға жасайсыз. Әулиелердің қабыр-мақамдары қағба сияқты дұға-тілек оңай қабыл болатын, рухани шипамен береке бар қасиетті жерлер. Олар қағбадан, пайғамбарымыздың қабырынан, әл-ақсадан соңғы қасиетті жерлер, Алла назары көп түсіп тұратын жерлер. Сондықтан ертеде көптеген мешіттер әулиелердің қабыр басына салынған. Мәселен мәдинадағы пайғамбардың қабыры нәбауи мешітіне айналған. Ал қағбаның бір қабырғасында исмайыл пайғамбардың қабыры жатыр, ол сонда жерленген.

اۋليەلەردىڭ قابىر-ماقامدارىن كوپتەپ زيارات ەتىپ، بەرەكەگە بولەنىڭىز

كوزى تۋادا سوقىر ءبىر كىسى پايعامبارىمىزعا كەلىپ، كوزىنىڭ جازىلۋىنا دۇعا ەتۋىن سۇرايدى، ال پايعامبارىمىز وعان، 'ول اللادان، سابىر ەت، وسىلاي جۇرە بەر، ساعان وسى قايىرلى' دەيدى. ءبىراق ول ادام دۇنيەنى كورگىسى كەلەتىنىن ايتىپ، بوي بەرمەيدى. پايعامبارىمىز، 'ءمالىم مەشىتكە بارىپ، كوزىنە شيپا تىلەۋ نيەتىمەن ەكى راكات ناماز وقى، ال نامازدان سوڭ، يا راسۋلاللاھ، راببىڭىزدان مەنىڭ كوزىمنىڭ جازىلۋىن سۇراڭىزشى، مەن ءۇشىن شيپا سۇراڭىزشى دەپ، دۇعا ەت' دەيدى. سوقىر كىسى ونىڭ ايتقانىنداي ىستەيدى، نامازدان سوڭ، 'يا راسۋلاللاھ، راببىڭىزدان مەنىڭ كوزىمنىڭ جازىلۋىن سۇراڭىزشى' دەپ دۇعا ەتەدى. ناتيجەسىندە، مەشىتتەن شىعىسىمەن ونىڭ كوزى جازىلىپ كەتەدى. بۇل ءىس پايعامبارىمىزدىڭ حاديسىندە كەلگەن. قاراڭىز، بۇندا پايعامبارىمىز وعان، 'يا اللا، كوزىمدى جازىپ جىبەرىڭىز دەپ ايت' دەپ دۇعا ۇيرەتپەدى. ءبىراق، 'يا راسۋلاللاھ، اللادان مەن ءۇشىن شيپا سۇراڭىزشى' دەپ دۇعا ۇيرەتتى. ەگەر ول ادام، 'يا اللا، كوزىمنىڭ سوقىرلىعىن جازىپ جىبەرىڭىز' دەپ، اراعا پايعامبارىمىزدى قوسپاي توتە دۇعا ەتسە، ونىڭ كوزى جازىلماس ەدى. ارينە ءبىز اللاعا توتە دۇعا ەتسەك بولادى، ءبىراق ونىڭ قابىل بولۋ مۇمكىندىگى وتە تومەن، سەبەبى ءبىز پايعامبار نەمەسە اۋليە ەمەسپىز. سوندىقتان ءبىز اراعا پايعامبارىمىزبەن اۋليەلەردى ءۋاسيلا ەتىپ، سالاۋات قوسىپ دۇعا ەتەمىز، ول تەز قابىل بولادى. ال اۋليەلەردىڭ قابىر-ماقامدارىن زيارات ەتكەندە دە وسى سياقتى دۇعا جاسالادى. قابىردا اۋليەدەن تىلەمەيسىز، ءبىراق اۋليەنىڭ ءوزىمىز ءۇشىن دۇعا جاساۋىن سۇرايمىز. سول جەردە سالاۋات جانە 'وسى اۋليەنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن' دەگەن ءسوزدى قوسىپ، دۇعا جاسايمىز. سوندا اۋليە ءسىز ءۇشىن اللاعا دۇعا ەتەدى، ال اۋليەنىڭ ءسىز ءۇشىن جاساعان دۇعاسى ءسىزدىڭ دۇعاڭىزدان الدەقايدا ارتىق. اۋليە ءوز قابىرىندا ەلدىڭ جاساعان جاقسى دۇعاسىنا 'ءامين' دەيدى. زياراتقا كەلگەندەرگە، قۇران باعىشتاعاندارعا ريزا بولىپ، ولار ءۇشىن اللاعا دۇعا ەتەدى، بەرەكە تىلەيدى، حيدايات سۇرايدى. ولاردىڭ قابىر-ماقامدارىن زيارات ەتۋدە وسىنداي يگىلىكتەر بار. اۋليەلەردىڭ ماقامدارىن جاقسى نيەتپەن زيارات ەتسەڭىز، ولار ءسىزدى قۇر قول قايتارمايدى، بەرەكەسىنەن ۇلەس بەرەدى. اۋليە قابىرىنا بارساڭىز، ول ءسىزدى كورەدى، نيەتىڭدى دە، جۇرەگىڭدە نە قيىندىق بارىن دا بىلەدى. ولار قابىرىندا سول كۇيىندە جاتىر، اۋليەنىڭ دەنەسى شىرىمەيدى، حوش ءيستى بولىپ جاتادى. اۋليە قابىرىن زيارات ەتۋدىڭ ءوز ادەبى بار. بارعان سوڭ سالەم بەرەسىز، ونان سوڭ اۋليە ءارۋاعىنا قۇران باعىشتايسىز. ادەتتە 1 فاتيحا، 3 ىقلاس، فالاق، ناس سۇرەسىن، 3 سالاۋات وقىسا بولادى. مۇمكىندىك بولسا، ياسين سۇرەسىن وقىڭىز. ونان سالاۋات قوسىپ، پايعامبارىمىزدى جانە سوندا جاتقان اۋليەنى ءۋاسيلا ەتىپ، اللاعا جاقسى دۇعا جاسايسىز. اۋليەلەردىڭ قابىر-ماقامدارى قاعبا سياقتى دۇعا-تىلەك وڭاي قابىل بولاتىن، رۋحاني شيپامەن بەرەكە بار قاسيەتتى جەرلەر. ولار قاعبادان، پايعامبارىمىزدىڭ قابىرىنان، ءال-اقسادان سوڭعى قاسيەتتى جەرلەر، اللا نازارى كوپ ءتۇسىپ تۇراتىن جەرلەر. سوندىقتان ەرتەدە كوپتەگەن مەشىتتەر اۋليەلەردىڭ قابىر باسىنا سالىنعان. ماسەلەن ءماديناداعى پايعامباردىڭ قابىرى ءناباۋي مەشىتىنە اينالعان. ال قاعبانىڭ ءبىر قابىرعاسىندا يسمايىل پايعامباردىڭ قابىرى جاتىر، ول سوندا جەرلەنگەن.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8525