You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ШЫҒЫС ДАНАЛЫҒЫ: БАҚЫТ БАЙДА ДА, КЕДЕЙДЕ ДЕ ЕМЕС, ҚАНАҒАТШЫЛДА



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8521
ШЫҒЫС ДАНАЛЫҒЫ: БАҚЫТ БАЙДА ДА, КЕДЕЙДЕ ДЕ ЕМЕС, ҚАНАҒАТШЫЛДА

мейлі асқан бай бол, мейлі асқан өнерлі бол, мейлі жәй біреу бол, бәрібір ақырында ақ кебінге оранып, суық жер астына кіресің. Мейлі кім болсаң, сол бол, соңында бәрің ұқсас боласың. Бай қанша ақшалы болса да, ақшасымен денсаулық сатып ала алмайды, өнерлі қанша өнерлі болса да, өнерімен періштені алдай алмайды. Ал бақыт деген нәрсе байға да тән емес, кедейге де тән емес, ол қанағатшылға тән. Шүкірлік етуші адам - бақытты адам, оның көңілі де тыныш өтеді. Шындығында бай дегеніміз ақшасымен дүниесі көп адам емес, бірақ қолындағы барына риза адам. Бұл өмірде дініңді дұрыс бақ, ал дінді дұрыс бақпаған адамның қоя алмайтын екі кеселді нәрсесі болады, оның бірі ақша болса, енді бірі сезім. Біреулер ақша үшін таң сәріден параға кіріссе, біреулер ақша үшін құл болады, бәрін істейді. Тағы біреулер сезім үшін жүрегін жарса, және біреулері сезім үшін өмірде сарғайып өтеді. Ал ақырына барғанда ақшасы да қалады, сезімі де сөнеді, оларды ешкім көріне бірге әкете алмайды. Ақшаң өміріңе жеткілікті болса, соған шүкірлік ет, көп болса, тіпті де шүкірлік ет. Ал сезімің шын махаббат болса болғаны, соған бәрекелді болсын, жылыт-жылыт еткен алып ұшпа елес сезімге еріп, өзіңді де, өзгені де зияндама, жарыңа адал бол. Шын оянғанда нәпсілік сезіміңнің өзіңді қалай алдағанын біліп, ол үшін қатты өкінетін боласың. Бұндағы маңыздысы адамның қанағат деген асыл ұғымды түсіне білуі болмақ. Өзіңе тән емес нәрсеге таласпа, оны қума, ол өзге біреуге тән, қолың жетпеген нәрсені қоя сал, бұл да бір даналық. Риздығың жәйлы алаңдама, ол алдын ала бөлініп қойылған, өз үлесіңе риза бол, оны салыстырма, салысыру шүкірсіздікке бастайды. Ал жарамайтын іске бола көңілсіз болма, татымайтын адамға бола қинала берме. Қазіргі көз алдағы уақытыңмен қолыңда барды аяла, оларды қадірлей біл, сонда бақытты сезінерсің. Біреулер ашкөздікке салынып жүріп, бақытты жоғалтып алады, біреулер қатты істеймін деп жүріп, денсаулығын жоғалтып алады, тағы біреулер күмәнқорлыққа салынып жүріп, сенімін жоғалтып алады. Міне осы ғақылдарға көп көңіл бөлсең, өмірің қарапайым, жеңіл және жәйлы өтер.

- ШЫҒЫС ДАНАЛЫҒЫ

شىعىس دانالىعى: باقىت بايدا دا، كەدەيدە دە ەمەس، قاناعاتشىلدا

مەيلى اسقان باي بول، مەيلى اسقان ونەرلى بول، مەيلى ءجاي بىرەۋ بول، ءبارىبىر اقىرىندا اق كەبىنگە ورانىپ، سۋىق جەر استىنا كىرەسىڭ. مەيلى كىم بولساڭ، سول بول، سوڭىندا ءبارىڭ ۇقساس بولاسىڭ. باي قانشا اقشالى بولسا دا، اقشاسىمەن دەنساۋلىق ساتىپ الا المايدى، ونەرلى قانشا ونەرلى بولسا دا، ونەرىمەن پەرىشتەنى الداي المايدى. ال باقىت دەگەن نارسە بايعا دا ءتان ەمەس، كەدەيگە دە ءتان ەمەس، ول قاناعاتشىلعا ءتان. شۇكىرلىك ەتۋشى ادام - باقىتتى ادام، ونىڭ كوڭىلى دە تىنىش وتەدى. شىندىعىندا باي دەگەنىمىز اقشاسىمەن دۇنيەسى كوپ ادام ەمەس، ءبىراق قولىنداعى بارىنا ريزا ادام. بۇل ومىردە ءدىنىڭدى دۇرىس باق، ال ءدىندى دۇرىس باقپاعان ادامنىڭ قويا المايتىن ەكى كەسەلدى نارسەسى بولادى، ونىڭ ءبىرى اقشا بولسا، ەندى ءبىرى سەزىم. بىرەۋلەر اقشا ءۇشىن تاڭ سارىدەن پاراعا كىرىسسە، بىرەۋلەر اقشا ءۇشىن قۇل بولادى، ءبارىن ىستەيدى. تاعى بىرەۋلەر سەزىم ءۇشىن جۇرەگىن جارسا، جانە بىرەۋلەرى سەزىم ءۇشىن ومىردە سارعايىپ وتەدى. ال اقىرىنا بارعاندا اقشاسى دا قالادى، سەزىمى دە سونەدى، ولاردى ەشكىم كورىنە بىرگە اكەتە المايدى. اقشاڭ ومىرىڭە جەتكىلىكتى بولسا، سوعان شۇكىرلىك ەت، كوپ بولسا، ءتىپتى دە شۇكىرلىك ەت. ال سەزىمىڭ شىن ماحاببات بولسا بولعانى، سوعان بارەكەلدى بولسىن، جىلىت-جىلىت ەتكەن الىپ ۇشپا ەلەس سەزىمگە ەرىپ، ءوزىڭدى دە، وزگەنى دە زيانداما، جارىڭا ادال بول. شىن ويانعاندا ناپسىلىك سەزىمىڭنىڭ ءوزىڭدى قالاي الداعانىن ءبىلىپ، ول ءۇشىن قاتتى وكىنەتىن بولاسىڭ. بۇنداعى ماڭىزدىسى ادامنىڭ قاناعات دەگەن اسىل ۇعىمدى تۇسىنە ءبىلۋى بولماق. وزىڭە ءتان ەمەس نارسەگە تالاسپا، ونى قۋما، ول وزگە بىرەۋگە ءتان، قولىڭ جەتپەگەن نارسەنى قويا سال، بۇل دا ءبىر دانالىق. ريزدىعىڭ ءجايلى الاڭداما، ول الدىن الا ءبولىنىپ قويىلعان، ءوز ۇلەسىڭە ريزا بول، ونى سالىستىرما، سالىسىرۋ شۇكىرسىزدىككە باستايدى. ال جارامايتىن ىسكە بولا كوڭىلسىز بولما، تاتىمايتىن ادامعا بولا قينالا بەرمە. قازىرگى كوز الداعى ۋاقىتىڭمەن قولىڭدا باردى ايالا، ولاردى قادىرلەي ءبىل، سوندا باقىتتى سەزىنەرسىڭ. بىرەۋلەر اشكوزدىككە سالىنىپ ءجۇرىپ، باقىتتى جوعالتىپ الادى، بىرەۋلەر قاتتى ىستەيمىن دەپ ءجۇرىپ، دەنساۋلىعىن جوعالتىپ الادى، تاعى بىرەۋلەر كۇمانقورلىققا سالىنىپ ءجۇرىپ، سەنىمىن جوعالتىپ الادى. مىنە وسى عاقىلدارعا كوپ كوڭىل بولسەڭ، ءومىرىڭ قاراپايىم، جەڭىل جانە ءجايلى وتەر.

- شىعىس دانالىعى

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8521