ПІРІҢ ЯҒНИ ҰСТАЗЫҢ БОЛСЫН, АЛ ПІРІ ЖОҚТЫҢ ПІРІ ШАЙТАН

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8503
ПІРІҢ ЯҒНИ ҰСТАЗЫҢ БОЛСЫН, АЛ ПІРІ ЖОҚТЫҢ ПІРІ ШАЙТАН
құмды шөлде жолыққан жасылдықтың 99ы елес, біреуі ғана шын болуы мүмкін, бірақ үміт үзбеңіз, себебі Алла, 'үміт үзбе, үмітсіз болма' дейді. Ал сізде жан-жаққа шапқылап, бірден 40 пірге баят беретін 40 қол жоқ. Демек руханият жолында жүрегіңіз қанағат тапқан әулие пір шайығыңызға жолыққан соң, онымен бірге болыңыз. Егер сіз расында пір шайық іздемей, нәпсі қызығы үшін жүрген жәй біреу болсаңыз, онда дүниені батыстан шығысқа дейін аралаңыз, оған-бұған қараңыз, ештеңеге жете алмайсыз. Сіз не іздеп жүрсіз, жүрегіңіз нені қалайды? Ең әуелі осыны біліңіз, егер бұны білмесеңіз, босқа сенделіп жүрген біреу боласыз. Мәселен, базарға барған адам базардан не алу керектігін білуі керек, әйтпесе ол оны-бұны бір түртіп, ештеңе алмай кетеді. Немесе бүкіл базарды төбесіне салып, үйіне алып кеткісі келеді. Сондықтан, мақсат етіп іздеген піріңізге жолыққан кезде онымен бірге болып, руханиятыңызды ары қарай өрлетіңіз. Бұнда пірдің есімі маңызды емес, жасы да маңызды емес, маңыздысы одан нәпсіңіздің қалауын емес, бірақ жүрегіңіздің қалауын таба алу болмақ. Ал адамның сыртқы бейнесіне алданбаңыз, яғни біреудің киген әдемі киміне, ұзын сақалына, табақтай сәлде-тұрбанына алданбаңыз. Себебі, қырықтың бірі қызыр шығар, бірақ сәлде орағанның бәрі бірдей әулие бола бермейді. жүрегіңіз шынайы пір қалап, руханиятқа шөлдесе, хикімет аңсаса, оны сұрасаңыз, әрине Алла әулие пірге кездестіретін болады. Ал таба алмасаңыз, ықласыңыздың әлі жетпегені болмақ. Рухани шөлді қандыратын әулие пірлер аз кездеседі, бірақ шын іздеген адам оларды таба алады. Адам тірі болады екен, жәй отырмауы керек, ол мәлім бағытқа жүру керек. Ол да кәдімгі құмды шөлде сапар шегуге ұқсайды. Сол шөлде сіз жасылдық екен деп, 99 жерге барарсыз, бірақ олардың барлығы шын жасылдық болмай, елес болып шығады. Алайда сол кезде сіз, 'мен 99 жасылдықты көрдім, бәрі елес екен, анау соңғысына, 100інші жасылдыққа бармаймын' демеңіз. Оған да барыңыз, шын жасылдық сол болуы әбден мүмкін, хикімет сонда болуы мүмкін. Демек еш үміт үзбеңіз, себебі адам үміт үзген кезде, өмірдің мәнісі қалмайды, ал Алла, 'үміт үзбе' дейді. Әйгілі әулие Бистами хазірет те, 'мен шын пірімді табудан бұрын 99 пірдің қолынан өттім' дейді. Ол тағы, 'пірі жоқтың пірі шайтан' дейді. Демек адам үшін пір тұту, өмірлік ұстаз тұту аса маңызды тақырып, себебі пірі жоқ адам нәпсісімен шайтанның жетегінде кететін болады. Әрине, осы нәпсімен шайтан бұл адамды тек қана жамандыққа, дінсіздікке, адасуға, надандыққа, қараңғылыққа, толып жатқан ластыққа бастап апаратын болады. Оны оңдырмайды.
- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ
ءپىرىڭ ياعني ۇستازىڭ بولسىن، ال ءپىرى جوقتىڭ ءپىرى شايتان
قۇمدى شولدە جولىققان جاسىلدىقتىڭ 99ى ەلەس، بىرەۋى عانا شىن بولۋى مۇمكىن، ءبىراق ءۇمىت ۇزبەڭىز، سەبەبى اللا، 'ءۇمىت ۇزبە، ءۇمىتسىز بولما' دەيدى. ال سىزدە جان-جاققا شاپقىلاپ، بىردەن 40 پىرگە بايات بەرەتىن 40 قول جوق. دەمەك رۋحانيات جولىندا جۇرەگىڭىز قاناعات تاپقان اۋليە ءپىر شايىعىڭىزعا جولىققان سوڭ، ونىمەن بىرگە بولىڭىز. ەگەر ءسىز راسىندا ءپىر شايىق ىزدەمەي، ءناپسى قىزىعى ءۇشىن جۇرگەن ءجاي بىرەۋ بولساڭىز، وندا دۇنيەنى باتىستان شىعىسقا دەيىن ارالاڭىز، وعان-بۇعان قاراڭىز، ەشتەڭەگە جەتە المايسىز. ءسىز نە ىزدەپ ءجۇرسىز، جۇرەگىڭىز نەنى قالايدى؟ ەڭ اۋەلى وسىنى ءبىلىڭىز، ەگەر بۇنى بىلمەسەڭىز، بوسقا سەندەلىپ جۇرگەن بىرەۋ بولاسىز. ماسەلەن، بازارعا بارعان ادام بازاردان نە الۋ كەرەكتىگىن ءبىلۋى كەرەك، ايتپەسە ول ونى-بۇنى ءبىر ءتۇرتىپ، ەشتەڭە الماي كەتەدى. نەمەسە بۇكىل بازاردى توبەسىنە سالىپ، ۇيىنە الىپ كەتكىسى كەلەدى. سوندىقتان، ماقسات ەتىپ ىزدەگەن پىرىڭىزگە جولىققان كەزدە ونىمەن بىرگە بولىپ، رۋحانياتىڭىزدى ارى قاراي ورلەتىڭىز. بۇندا ءپىردىڭ ەسىمى ماڭىزدى ەمەس، جاسى دا ماڭىزدى ەمەس، ماڭىزدىسى ودان ءناپسىڭىزدىڭ قالاۋىن ەمەس، ءبىراق جۇرەگىڭىزدىڭ قالاۋىن تابا الۋ بولماق. ال ادامنىڭ سىرتقى بەينەسىنە الدانباڭىز، ياعني بىرەۋدىڭ كيگەن ادەمى كيمىنە، ۇزىن ساقالىنا، تاباقتاي سالدە-تۇربانىنا الدانباڭىز. سەبەبى، قىرىقتىڭ ءبىرى قىزىر شىعار، ءبىراق سالدە وراعاننىڭ ءبارى بىردەي اۋليە بولا بەرمەيدى. جۇرەگىڭىز شىنايى ءپىر قالاپ، رۋحانياتقا شولدەسە، حيكىمەت اڭساسا، ونى سۇراساڭىز، ارينە اللا اۋليە پىرگە كەزدەستىرەتىن بولادى. ال تابا الماساڭىز، ىقلاسىڭىزدىڭ ءالى جەتپەگەنى بولماق. رۋحاني ءشولدى قاندىراتىن اۋليە پىرلەر از كەزدەسەدى، ءبىراق شىن ىزدەگەن ادام ولاردى تابا الادى. ادام ءتىرى بولادى ەكەن، ءجاي وتىرماۋى كەرەك، ول ءمالىم باعىتقا ءجۇرۋ كەرەك. ول دا كادىمگى قۇمدى شولدە ساپار شەگۋگە ۇقسايدى. سول شولدە ءسىز جاسىلدىق ەكەن دەپ، 99 جەرگە بارارسىز، ءبىراق ولاردىڭ بارلىعى شىن جاسىلدىق بولماي، ەلەس بولىپ شىعادى. الايدا سول كەزدە ءسىز، 'مەن 99 جاسىلدىقتى كوردىم، ءبارى ەلەس ەكەن، اناۋ سوڭعىسىنا، 100ءىنشى جاسىلدىققا بارمايمىن' دەمەڭىز. وعان دا بارىڭىز، شىن جاسىلدىق سول بولۋى ابدەن مۇمكىن، حيكىمەت سوندا بولۋى مۇمكىن. دەمەك ەش ءۇمىت ۇزبەڭىز، سەبەبى ادام ءۇمىت ۇزگەن كەزدە، ءومىردىڭ ءمانىسى قالمايدى، ال اللا، 'ءۇمىت ۇزبە' دەيدى. ايگىلى اۋليە بيستامي حازىرەت تە، 'مەن شىن ءپىرىمدى تابۋدان بۇرىن 99 ءپىردىڭ قولىنان ءوتتىم' دەيدى. ول تاعى، 'ءپىرى جوقتىڭ ءپىرى شايتان' دەيدى. دەمەك ادام ءۇشىن ءپىر تۇتۋ، ومىرلىك ۇستاز تۇتۋ اسا ماڭىزدى تاقىرىپ، سەبەبى ءپىرى جوق ادام ناپسىسىمەن شايتاننىڭ جەتەگىندە كەتەتىن بولادى. ارينە، وسى ناپسىمەن شايتان بۇل ادامدى تەك قانا جاماندىققا، دىنسىزدىككە، اداسۋعا، ناداندىققا، قاراڭعىلىققا، تولىپ جاتقان لاستىققا باستاپ اپاراتىن بولادى. ونى وڭدىرمايدى.
- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8503