You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ӘР АДАМ АЛЛАНЫҢ ЖЕРДЕГІ ХАЛИФАСЫ, ЖӘНЕ ЖҮРЕКТІҢ ДЕ ЖҮРЕГІ БОЛАДЫ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8381
ӘР АДАМ АЛЛАНЫҢ ЖЕРДЕГІ ХАЛИФАСЫ, ЖӘНЕ ЖҮРЕКТІҢ ДЕ ЖҮРЕГІ БОЛАДЫ

бірде пайғамбарымыз сахабаларымен бірге отырғанда, бір топ адам олардың қасынан қайтыс болған мүшіріктің денесін алып өтеді. Ал пайғамбарымыз орнынан тұрып, құрмет білдіреді. Сол кезде, мәлім сахаба пайғамбарымызға, 'бұл өлген кісі кәпір ғой, неге тұрып құрмет көрсетесіз' дейді. Бірақ бұл сахабаның ісі әдепсіздік еді, алайда пайғамбарымыз өте дана, ол әр адамның білім-түсінік деңгейіне қарай мәміле жасайтын. Пайғамбарымыз оның кәпір екенін білмей қалдыма? Ол оны білмесе, қалай пайғамбар болмақ? Ол сахабаларын төзімділікпен, даналық арқылы тәрбиелеп, оларды кемел адамдарға айналдырды. Манағы қайтыс болған кәпір өте бұзық болып, ұдайы мұсылмандарға зұлымдық істейтін, оларды өлтіретін еді. Алайда исламдық білім бойынша, 'адам қанша бұзық болсын, бірақ оның ішінде әлі ашылмаған өте әдемі илаһи ақиқаты бар, жүрегінің жүрегі бар' делінген. Жәй адамдар адамдағы бұл илаһи қасиетті көрмей, тек сыртқы жаман қасиетті көреді. Егер біз осы ақиқатты түсінсек, дұшпанымызды да жек көрмейтін боламыз, әр адамға махаббатпен қараймыз. Бұндай түсінігі бар адамның Алла алдындағы дәрежесі өте жоғары. Ол адам - илаһи сырмен пайғамбарымыздан келетін биік ілімдерді қабылдауға қауқары жететін адам. Пайғамбарымыз бұл сахабасының сол кездегі әлсіз түсінігіне қарай, оған, 'ең болмағанда оның қасында оның қате-дұрысын жазатын екі періштемен, оның жанын апара жатқан Әзірейіл періште бар емеспе, мен соларды құрметтеп, орнымнан тұрдым' дейді. Ал манағы сахаба қатты ұялып, дереу тәубе етеді. Міне осылай пайғамбарымыз кезкелген әр адам баласына қалай құрмет көрсету керектігін үйретті. Мәселен, бірде әйгілі әулие сопы мәуләнә руми хазіреттің алдынан шыққан христиан побы, оған басын ие сәлем береді. Ал Мәуләнә Руми хазірет болса, басын белінен төмен асыра, онан арман қатты иіліп сәлем береді. Жұрт мәуләнәдан, 'кәпірге неге сонша иіліп сәлем бердіңіз, әдетте басты Аллаға ғана қатты иіп, құрмет етеміз емеспе' дейді. Ал Мәуләнә Руми әулие олардың түсінігі жететін сөзбен, оларға, 'ол мұсылман болмаса да, кішпейілділік көрсетіп, бізге басын иді, ал біз мұсылман болғандықтан, біз одан да кішпейіл болуымыз керек емеспе, сол үшін басымды одан да төмен иіп, сәлем бердім' деп, жауап береді. Ал шындығында мәуләнә руми хазірет әр адамның илаһи ақиқатын, жүрегінің жүрегін көре білгендіктен осылай сәлем берген еді. Ол, егер Алла қаласа, өзін христиан побы етіп, ал христиан побын өзінің орнына лезде ауыстыра салатындығын білетін. Бұл Аллаға өте оңай, Алла жүректерді бұрып, лезде өзгерте береді. Әр адам мына дүниеге халифа ретінде жіберілген, ал пайғамбарлармен әулиелер әр адамдағы осы сырды көре алады. Алайда көптеген адамдар нәпсісіне ергендіктен, олардың бұл илаһи сыры ашылмай, жабық күйде көмескіде қалып қояды.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

ءار ادام اللانىڭ جەردەگى حاليفاسى، جانە جۇرەكتىڭ دە جۇرەگى بولادى

بىردە پايعامبارىمىز ساحابالارىمەن بىرگە وتىرعاندا، ءبىر توپ ادام ولاردىڭ قاسىنان قايتىس بولعان مۇشىرىكتىڭ دەنەسىن الىپ وتەدى. ال پايعامبارىمىز ورنىنان تۇرىپ، قۇرمەت بىلدىرەدى. سول كەزدە، ءمالىم ساحابا پايعامبارىمىزعا، 'بۇل ولگەن كىسى كاپىر عوي، نەگە تۇرىپ قۇرمەت كورسەتەسىز' دەيدى. ءبىراق بۇل ساحابانىڭ ءىسى ادەپسىزدىك ەدى، الايدا پايعامبارىمىز وتە دانا، ول ءار ادامنىڭ ءبىلىم-تۇسىنىك دەڭگەيىنە قاراي مامىلە جاسايتىن. پايعامبارىمىز ونىڭ كاپىر ەكەنىن بىلمەي قالدىما؟ ول ونى بىلمەسە، قالاي پايعامبار بولماق؟ ول ساحابالارىن توزىمدىلىكپەن، دانالىق ارقىلى تاربيەلەپ، ولاردى كەمەل ادامدارعا اينالدىردى. ماناعى قايتىس بولعان كاپىر وتە بۇزىق بولىپ، ۇدايى مۇسىلماندارعا زۇلىمدىق ىستەيتىن، ولاردى ولتىرەتىن ەدى. الايدا يسلامدىق ءبىلىم بويىنشا، 'ادام قانشا بۇزىق بولسىن، ءبىراق ونىڭ ىشىندە ءالى اشىلماعان وتە ادەمى يلاھي اقيقاتى بار، جۇرەگىنىڭ جۇرەگى بار' دەلىنگەن. ءجاي ادامدار ادامداعى بۇل يلاھي قاسيەتتى كورمەي، تەك سىرتقى جامان قاسيەتتى كورەدى. ەگەر ءبىز وسى اقيقاتتى تۇسىنسەك، دۇشپانىمىزدى دا جەك كورمەيتىن بولامىز، ءار ادامعا ماحابباتپەن قارايمىز. بۇنداي تۇسىنىگى بار ادامنىڭ اللا الدىنداعى دارەجەسى وتە جوعارى. ول ادام - يلاھي سىرمەن پايعامبارىمىزدان كەلەتىن بيىك ىلىمدەردى قابىلداۋعا قاۋقارى جەتەتىن ادام. پايعامبارىمىز بۇل ساحاباسىنىڭ سول كەزدەگى ءالسىز تۇسىنىگىنە قاراي، وعان، 'ەڭ بولماعاندا ونىڭ قاسىندا ونىڭ قاتە-دۇرىسىن جازاتىن ەكى پەرىشتەمەن، ونىڭ جانىن اپارا جاتقان ازىرەيىل پەرىشتە بار ەمەسپە، مەن سولاردى قۇرمەتتەپ، ورنىمنان تۇردىم' دەيدى. ال ماناعى ساحابا قاتتى ۇيالىپ، دەرەۋ تاۋبە ەتەدى. مىنە وسىلاي پايعامبارىمىز كەزكەلگەن ءار ادام بالاسىنا قالاي قۇرمەت كورسەتۋ كەرەكتىگىن ۇيرەتتى. ماسەلەن، بىردە ايگىلى اۋليە سوپى ءماۋلانا رۋمي حازىرەتتىڭ الدىنان شىققان حريستيان پوبى، وعان باسىن يە سالەم بەرەدى. ال ءماۋلانا رۋمي حازىرەت بولسا، باسىن بەلىنەن تومەن اسىرا، ونان ارمان قاتتى ءيىلىپ سالەم بەرەدى. جۇرت ءماۋلانادان، 'كاپىرگە نەگە سونشا ءيىلىپ سالەم بەردىڭىز، ادەتتە باستى اللاعا عانا قاتتى ءيىپ، قۇرمەت ەتەمىز ەمەسپە' دەيدى. ال ءماۋلانا رۋمي اۋليە ولاردىڭ تۇسىنىگى جەتەتىن سوزبەن، ولارعا، 'ول مۇسىلمان بولماسا دا، كىشپەيىلدىلىك كورسەتىپ، بىزگە باسىن ءيدى، ال ءبىز مۇسىلمان بولعاندىقتان، ءبىز ودان دا كىشپەيىل بولۋىمىز كەرەك ەمەسپە، سول ءۇشىن باسىمدى ودان دا تومەن ءيىپ، سالەم بەردىم' دەپ، جاۋاپ بەرەدى. ال شىندىعىندا ءماۋلانا رۋمي حازىرەت ءار ادامنىڭ يلاھي اقيقاتىن، جۇرەگىنىڭ جۇرەگىن كورە بىلگەندىكتەن وسىلاي سالەم بەرگەن ەدى. ول، ەگەر اللا قالاسا، ءوزىن حريستيان پوبى ەتىپ، ال حريستيان پوبىن ءوزىنىڭ ورنىنا لەزدە اۋىستىرا سالاتىندىعىن بىلەتىن. بۇل اللاعا وتە وڭاي، اللا جۇرەكتەردى بۇرىپ، لەزدە وزگەرتە بەرەدى. ءار ادام مىنا دۇنيەگە حاليفا رەتىندە جىبەرىلگەن، ال پايعامبارلارمەن اۋليەلەر ءار ادامداعى وسى سىردى كورە الادى. الايدا كوپتەگەن ادامدار ناپسىسىنە ەرگەندىكتەن، ولاردىڭ بۇل يلاھي سىرى اشىلماي، جابىق كۇيدە كومەسكىدە قالىپ قويادى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8381