You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

НАМАЗ - КӘПІРМЕН МҰСЫЛМАНДЫ ПАРЫҚТАП ТҰРАТЫН ҮЛКЕН БЕЛГІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8346
НАМАЗ - КӘПІРМЕН МҰСЫЛМАНДЫ ПАРЫҚТАП ТҰРАТЫН ҮЛКЕН БЕЛГІ

пайғамбарымыз мұсылманмен кәпірдің сырт бейнедегі парқы намаз екендігін айтады. Демек намаз оқымаған адам сырт көзге кәпір сияқты көрінеді, яғни намаз кәпірмен мұсылманды парықтап тұратын үлкен белгі. Себебі намаз оқымайтын мұсылманның күнделікті тірлігі кәпірдің күнделікті тірлігімен ұқсас болады. Мәселен, кәпір тамақ ішеді, жейді, жұмыс істейді, балалы болады, баласын бағады, дем алады, ұйықтайды. Ал намаз оқымайтын мұсылман да ұқсас осы істерді істейді, қарап тұрсаң, олардың еш парқы жоқ, олар өмірін ұқсас күйбің тірлікпен өткізуде. Ал бұндай өмір кәпір түгілі, тілі жоқ мал екеш малда да бар. Яғни хайуандар да осындай ұқсас харекетпен әбігер болады. Олар да ішіп жейді, жан бағады, төлін асырайды, соңында өледі. Тіпті мал-хайуандар адамдардан артық келеді, себебі олар өздеріне тән жолдармен Аллаға құлшылық етеді, зікір айтады. Бірақ кәпірлермен намаз оқымайтын мұсылмандар Алла талап еткен парыз құлшылықты өтемейді, зікір айтпайды. Демек бұл тұрғыдан айтқанда, олар хайуан екеш хайуанға да, жете алмай қалған. Сондықтан пайғамбарымыз, 'мұсылманмен кәпірдің парқы - намаз' деп, айтып кеткен. Демек намаз оқымайтын мұсылманды ел-жұрт, 'кәпір қытай, кәпір кәріс, кәпір ағылшын' деп қалуы мүмкін. Намаз оңай құлшылық, ол терлеп тепшіп, ауызды күйдіріп, ыстық тамақ ішуден оңай шаруа. Намаз, арып талып, 5-10 шақырымға жүгіруден, спорт жаттығу істеуден әлдеқайда оңай. Ол компьютерлік программа жазудан да әлдеқайда оңай. Бірақ адамдар шайтанмен нәпсісіне алданып, намазды ауыр бірдеңе көріп қалған. Адамдардың нәпсісі сондай қыңыр, олар намаздан 100 есе қиын істі істеуге риза, бірақ намазды өтеуге риза емес. Намаз жеңіл нәрсе, ол өзін оқушыға өмірді де жеңіл етеді, себебі намаз Алламен байланыстың ең бірінші қадамы, Алламен жалғанудың ең негіздік сатысы. Демек түзелем, берекем кірсін, дұғам қабыл болсын десеңіз, онда намаз бастаңыз. Сопылық тәриқат руханияты да намазбен басталады, намазссыз сопылық тәриқаттан пайда ала алмайсыз. Әулиелер де намаз оқымайтын адам үшін дұға жасауға Алладан ұялады, себебі намаз оқымау Алламен пайғамбарымызды құрметтемеудің белгісі. Намаз бастағанда әуелі бір уақ таң намаз оқып жүріңіз, біраз уақыттан соң құптанды қосыңыз, осылай екі уақ оқыңыз. Етіңіз үйренген соң, қалған үш уақ намазды қосыңыз, шайтанмен нәпсіңізді осылай біртіндеп жеңесіз. Нәпсіңізді намазға осылай үйретіп аласыз, сосын намаз жеңілдеп, бейне 2-3 уақ ішетін асыңыз сияқты оңай іске айналып кетеді. Ал кейін екі ракат тәхажұт намаз қосыңыз, уақыт өте келе оның ракат санын арттырыңыз. Және басқа да нәфил құлшылықтарды қосыңыз, тіпті сүннет нәфил Ораза қосыңыз. Намаз зор нығымет-дүр, егер бес уақ намаз оқып жүрген жан болсаңыз, онда Алланың осы нығыметіне, осыбір рұхсатына сансыз шүкір айтыңыз.

ناماز - كاپىرمەن مۇسىلماندى پارىقتاپ تۇراتىن ۇلكەن بەلگى

پايعامبارىمىز مۇسىلمانمەن كاپىردىڭ سىرت بەينەدەگى پارقى ناماز ەكەندىگىن ايتادى. دەمەك ناماز وقىماعان ادام سىرت كوزگە كاپىر سياقتى كورىنەدى، ياعني ناماز كاپىرمەن مۇسىلماندى پارىقتاپ تۇراتىن ۇلكەن بەلگى. سەبەبى ناماز وقىمايتىن مۇسىلماننىڭ كۇندەلىكتى تىرلىگى كاپىردىڭ كۇندەلىكتى تىرلىگىمەن ۇقساس بولادى. ماسەلەن، كاپىر تاماق ىشەدى، جەيدى، جۇمىس ىستەيدى، بالالى بولادى، بالاسىن باعادى، دەم الادى، ۇيىقتايدى. ال ناماز وقىمايتىن مۇسىلمان دا ۇقساس وسى ىستەردى ىستەيدى، قاراپ تۇرساڭ، ولاردىڭ ەش پارقى جوق، ولار ءومىرىن ۇقساس كۇيبىڭ تىرلىكپەن وتكىزۋدە. ال بۇنداي ءومىر كاپىر تۇگىلى، ءتىلى جوق مال ەكەش مالدا دا بار. ياعني حايۋاندار دا وسىنداي ۇقساس حارەكەتپەن ابىگەر بولادى. ولار دا ءىشىپ جەيدى، جان باعادى، ءتولىن اسىرايدى، سوڭىندا ولەدى. ءتىپتى مال-حايۋاندار ادامداردان ارتىق كەلەدى، سەبەبى ولار وزدەرىنە ءتان جولدارمەن اللاعا قۇلشىلىق ەتەدى، زىكىر ايتادى. ءبىراق كاپىرلەرمەن ناماز وقىمايتىن مۇسىلماندار اللا تالاپ ەتكەن پارىز قۇلشىلىقتى وتەمەيدى، زىكىر ايتپايدى. دەمەك بۇل تۇرعىدان ايتقاندا، ولار حايۋان ەكەش حايۋانعا دا، جەتە الماي قالعان. سوندىقتان پايعامبارىمىز، 'مۇسىلمانمەن كاپىردىڭ پارقى - ناماز' دەپ، ايتىپ كەتكەن. دەمەك ناماز وقىمايتىن مۇسىلماندى ەل-جۇرت، 'كاپىر قىتاي، كاپىر كارىس، كاپىر اعىلشىن' دەپ قالۋى مۇمكىن. ناماز وڭاي قۇلشىلىق، ول تەرلەپ تەپشىپ، اۋىزدى كۇيدىرىپ، ىستىق تاماق ىشۋدەن وڭاي شارۋا. ناماز، ارىپ تالىپ، 5-10 شاقىرىمعا جۇگىرۋدەن، سپورت جاتتىعۋ ىستەۋدەن الدەقايدا وڭاي. ول كومپيۋتەرلىك پروگرامما جازۋدان دا الدەقايدا وڭاي. ءبىراق ادامدار شايتانمەن ناپسىسىنە الدانىپ، نامازدى اۋىر بىردەڭە كورىپ قالعان. ادامداردىڭ ءناپسىسى سونداي قىڭىر، ولار نامازدان 100 ەسە قيىن ءىستى ىستەۋگە ريزا، ءبىراق نامازدى وتەۋگە ريزا ەمەس. ناماز جەڭىل نارسە، ول ءوزىن وقۋشىعا ءومىردى دە جەڭىل ەتەدى، سەبەبى ناماز اللامەن بايلانىستىڭ ەڭ ءبىرىنشى قادامى، اللامەن جالعانۋدىڭ ەڭ نەگىزدىك ساتىسى. دەمەك تۇزەلەم، بەرەكەم كىرسىن، دۇعام قابىل بولسىن دەسەڭىز، وندا ناماز باستاڭىز. سوپىلىق ءتاريقات رۋحانياتى دا نامازبەن باستالادى، نامازسسىز سوپىلىق ءتاريقاتتان پايدا الا المايسىز. اۋليەلەر دە ناماز وقىمايتىن ادام ءۇشىن دۇعا جاساۋعا اللادان ۇيالادى، سەبەبى ناماز وقىماۋ اللامەن پايعامبارىمىزدى قۇرمەتتەمەۋدىڭ بەلگىسى. ناماز باستاعاندا اۋەلى ءبىر ۋاق تاڭ ناماز وقىپ ءجۇرىڭىز، ءبىراز ۋاقىتتان سوڭ قۇپتاندى قوسىڭىز، وسىلاي ەكى ۋاق وقىڭىز. ەتىڭىز ۇيرەنگەن سوڭ، قالعان ءۇش ۋاق نامازدى قوسىڭىز، شايتانمەن ءناپسىڭىزدى وسىلاي بىرتىندەپ جەڭەسىز. ءناپسىڭىزدى نامازعا وسىلاي ۇيرەتىپ الاسىز، سوسىن ناماز جەڭىلدەپ، بەينە 2-3 ۋاق ىشەتىن اسىڭىز سياقتى وڭاي ىسكە اينالىپ كەتەدى. ال كەيىن ەكى راكات ءتاحاجۇت ناماز قوسىڭىز، ۋاقىت وتە كەلە ونىڭ راكات سانىن ارتتىرىڭىز. جانە باسقا دا ءنافيل قۇلشىلىقتاردى قوسىڭىز، ءتىپتى سۇننەت ءنافيل ورازا قوسىڭىز. ناماز زور نىعىمەت-ءدۇر، ەگەر بەس ۋاق ناماز وقىپ جۇرگەن جان بولساڭىز، وندا اللانىڭ وسى نىعىمەتىنە، ءوسىبىر رۇحساتىنا سانسىز شۇكىر ايتىڭىز.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8346