You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

АЛЛАМЕН БІРГЕ БОЛУ ДЕГЕН НЕ? ОНЫ ДҰРЫС ТҮСІНІП ЖҮРСІЗБЕ?



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8344
АЛЛАМЕН БІРГЕ БОЛУ ДЕГЕН НЕ? ОНЫ ДҰРЫС ТҮСІНІП ЖҮРСІЗБЕ?

Алламен бірге болыңыз, және Алланы ұдайы еске алып жүріңіз, сонда қиындық келсе, қаша жөнелмейсіз, есіңіз шықпайды, үмітсіздікке түспейсіз. Қиындыққа қарсы төтеп бере аласыз, Алла сізге күтпеген жерден жәрдем жіберіп, қажет болған нәрсеңіз сізге өзі келеді. Алайда көптеген адамдар Алламен бірге болу деген сөзді дұрыс түсінбейді. Олар оны намаз өтеу, құран оқу, ораза ұстау деп, тым жалаң ойлайды. Өздеріне сеніп, нәпсі, шайтан және дүниемен бірге қалады, нәпсі тәрбиесін көрмейді. Ал олардың нәпсісі шайтан және дүниемен бірігіп, олардың құлшылықтарын күйдіріп жоқ қылады. Олардың көңілдері тыныштық таппайды, наданға айналады, жүректері тазаланбайды, руханияты өспейді. Міне бұл олардың Алламен бірге болуды түсінбей, оны өз ойлары бойынша қате түсінуден келіп шыққан мәселе. Ал Алламен бірге болу дегеніміз Алламен пайғамбарымызға жақын кәміл адаммен яғни Алла досы әулиемен бірге болу деген сөз. Себебі тірі әулиелер пайғамбарымыздың жердегі тірі мұрагерлері және Алланың адамдар арасындағы тірі халифасы, жарық нұры және рахым мейірімі. Олар әр сәт сайын Алламен және пайғамбарымызбен бірге, олар нәпсі, хауа, дүние және шайтанды жеңіп алған киелі адамдар. Алла назары сәт сайын оларға түсіп тұрады, олар пайғамбарымыздың нұрын алып жүрушілер. Сондықтан, кім оларға ықласпен ерсе, олармен бірге болса, нәпсі, шайтан және дүниеге оңай алданбайды. Нәпсімен шайтан әулиеден қатты қорқады, сондықтан олар әулиеге еруге қарсы болады, сізді өздерімен қалдырғысы келеді. Ал әулиемен бірге болсаңыз, сіздегі нәпсі, хауа, дүние және шайтан сіздің құлшылығыңызды оңай күйдіре алмайды, иманыңызды оңай ұрлай алмайды. Демек әулиеден осының жолын үйренесіз. Алла досы әулиенің қасында құтылыс, қорған, береке бар, ислам да, иман да, пайғамбарымыз жолы да сонда. Сахабалар пайғамбарымызға қалай ерсе, сіз де әулиеге солай еріңіз, әулиеге еру пайғамбарымызға еру болмақ. Әулиелер Алламен пайғамбарымызға ең жақын адамдар, ал оларға дұрыс ниетпен жақын болсаңыз, сіз де Алламен пайғамбарымызға жақын боласыз, руханият өсіп, көңіл тыныштығын табасыз. Бірақ, 'мен Алламен өзім-ақ біргемін' деп, кәміл пірсіз қалсаңыз, Алламен емес, нәпсі, дүние және шайтанмен бірге қалатын боласыз. Ал олар сізді оңдырмайды, сізді футболша теуіп, быт-шытыңызды шығарады, руханият болмайды, көңіл тыныштығын таппайсыз. Есіңізде болсын, пірі жоқ адам ең ақырында, кемінде ең соңғы тыныс сәтінде шайтанмен бірге қалады. Пайғамбарымыз, 'Аллаға жетудің ең оңай жолы Аллаға жақынмен бірге болу' дейді. Ал Алла да әулие жүрегіне қарап, әулие жүрегінде жүрген адамдарға берекесімен қорғанын жібереді. Бұндағы маңыздысы сол, піріңіз нағыз әулие, кәміл мүршит пір болса болғаны.

اللامەن بىرگە بولۋ دەگەن نە؟ ونى دۇرىس ءتۇسىنىپ جۇرسىزبە؟

اللامەن بىرگە بولىڭىز، جانە اللانى ۇدايى ەسكە الىپ ءجۇرىڭىز، سوندا قيىندىق كەلسە، قاشا جونەلمەيسىز، ەسىڭىز شىقپايدى، ۇمىتسىزدىككە تۇسپەيسىز. قيىندىققا قارسى توتەپ بەرە الاسىز، اللا سىزگە كۇتپەگەن جەردەن جاردەم جىبەرىپ، قاجەت بولعان نارسەڭىز سىزگە ءوزى كەلەدى. الايدا كوپتەگەن ادامدار اللامەن بىرگە بولۋ دەگەن ءسوزدى دۇرىس تۇسىنبەيدى. ولار ونى ناماز وتەۋ، قۇران وقۋ، ورازا ۇستاۋ دەپ، تىم جالاڭ ويلايدى. وزدەرىنە سەنىپ، ءناپسى، شايتان جانە دۇنيەمەن بىرگە قالادى، ءناپسى تاربيەسىن كورمەيدى. ال ولاردىڭ ءناپسىسى شايتان جانە دۇنيەمەن بىرىگىپ، ولاردىڭ قۇلشىلىقتارىن كۇيدىرىپ جوق قىلادى. ولاردىڭ كوڭىلدەرى تىنىشتىق تاپپايدى، نادانعا اينالادى، جۇرەكتەرى تازالانبايدى، رۋحانياتى وسپەيدى. مىنە بۇل ولاردىڭ اللامەن بىرگە بولۋدى تۇسىنبەي، ونى ءوز ويلارى بويىنشا قاتە تۇسىنۋدەن كەلىپ شىققان ماسەلە. ال اللامەن بىرگە بولۋ دەگەنىمىز اللامەن پايعامبارىمىزعا جاقىن كامىل اداممەن ياعني اللا دوسى اۋليەمەن بىرگە بولۋ دەگەن ءسوز. سەبەبى ءتىرى اۋليەلەر پايعامبارىمىزدىڭ جەردەگى ءتىرى مۇراگەرلەرى جانە اللانىڭ ادامدار اراسىنداعى ءتىرى حاليفاسى، جارىق نۇرى جانە راحىم مەيىرىمى. ولار ءار ءسات سايىن اللامەن جانە پايعامبارىمىزبەن بىرگە، ولار ءناپسى، حاۋا، دۇنيە جانە شايتاندى جەڭىپ العان كيەلى ادامدار. اللا نازارى ءسات سايىن ولارعا ءتۇسىپ تۇرادى، ولار پايعامبارىمىزدىڭ نۇرىن الىپ جۇرۋشىلەر. سوندىقتان، كىم ولارعا ىقلاسپەن ەرسە، ولارمەن بىرگە بولسا، ءناپسى، شايتان جانە دۇنيەگە وڭاي الدانبايدى. ناپسىمەن شايتان اۋليەدەن قاتتى قورقادى، سوندىقتان ولار اۋليەگە ەرۋگە قارسى بولادى، ءسىزدى وزدەرىمەن قالدىرعىسى كەلەدى. ال اۋليەمەن بىرگە بولساڭىز، سىزدەگى ءناپسى، حاۋا، دۇنيە جانە شايتان ءسىزدىڭ قۇلشىلىعىڭىزدى وڭاي كۇيدىرە المايدى، يمانىڭىزدى وڭاي ۇرلاي المايدى. دەمەك اۋليەدەن وسىنىڭ جولىن ۇيرەنەسىز. اللا دوسى اۋليەنىڭ قاسىندا قۇتىلىس، قورعان، بەرەكە بار، يسلام دا، يمان دا، پايعامبارىمىز جولى دا سوندا. ساحابالار پايعامبارىمىزعا قالاي ەرسە، ءسىز دە اۋليەگە سولاي ەرىڭىز، اۋليەگە ەرۋ پايعامبارىمىزعا ەرۋ بولماق. اۋليەلەر اللامەن پايعامبارىمىزعا ەڭ جاقىن ادامدار، ال ولارعا دۇرىس نيەتپەن جاقىن بولساڭىز، ءسىز دە اللامەن پايعامبارىمىزعا جاقىن بولاسىز، رۋحانيات ءوسىپ، كوڭىل تىنىشتىعىن تاباسىز. ءبىراق، 'مەن اللامەن ءوزىم-اق بىرگەمىن' دەپ، كامىل ءپىرسىز قالساڭىز، اللامەن ەمەس، ءناپسى، دۇنيە جانە شايتانمەن بىرگە قالاتىن بولاسىز. ال ولار ءسىزدى وڭدىرمايدى، ءسىزدى فۋتبولشا تەۋىپ، بىت-شىتىڭىزدى شىعارادى، رۋحانيات بولمايدى، كوڭىل تىنىشتىعىن تاپپايسىز. ەسىڭىزدە بولسىن، ءپىرى جوق ادام ەڭ اقىرىندا، كەمىندە ەڭ سوڭعى تىنىس ساتىندە شايتانمەن بىرگە قالادى. پايعامبارىمىز، 'اللاعا جەتۋدىڭ ەڭ وڭاي جولى اللاعا جاقىنمەن بىرگە بولۋ' دەيدى. ال اللا دا اۋليە جۇرەگىنە قاراپ، اۋليە جۇرەگىندە جۇرگەن ادامدارعا بەرەكەسىمەن قورعانىن جىبەرەدى. بۇنداعى ماڭىزدىسى سول، ءپىرىڭىز ناعىز اۋليە، كامىل ءمۇرشيت ءپىر بولسا بولعانى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8344