You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

АТА-АНАМЕН АТА-БАБА ӘРУАҒЫН ҚУАНТУ ЖОЛДАРЫ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8342
АТА-АНАМЕН АТА-БАБА ӘРУАҒЫН ҚУАНТУ ЖОЛДАРЫ

ертеде жол торып, елді қан қақсатқан бір қарақшы мәлім қарақшылықта жазым болып өлді, және оның жүкті әйелі жесір қалды. Ал бірде ол жерленген мұсылмандар қабырынан бір әулие өтіп бара жатып, оның аса ауыр қабыр азабымен азаптанып жатқанын көрді. Оған қоса, оның қабырының қасында жатқандар да оның қабыр азабының әсеріне ұшрап, мазасы кетті. Әулие жәй қарап өтіп кетті, көп жылдан соң осы әулие сол қабырдан тағы өтті, бірақ бұл жолы ол оның қабыр азабының жоғалғанын көрді. Ол бұған таңданып, себебін білмек болып, Алла рұхсатында істің сырына кереметімен қарады. Сүйтсе, оның жесір қалған жүкті әйелінен туылған ұл бала 5 жасқа келіп, медіресеге тапсырылыпты, сол баласы бисмилла деп, алғаш фатиха сүресін оқығанда, оның құрметі үшін оның қабырдағы әкесінен қабыр азабы алынған екен. Сондықтан, исламда қайырлы ұрпақ аса маңызды, қайырлы ұрпақтың берекесі әке-шешесіне қабырда да, қияметте де тиеді. Мәселен, ұрпақтары ата-анасына, ата-бабаларына құран бағыштаса, олардың атынан садақа шығарса, сауабы оларға тисін деп құрбандық шалса, елді тамақтандырса, оның барлығын періштелер қабырдағы ата-анасына алып барып, оларға көрсетеді. Және, 'бәлен балаң осы сауғаны сіздерге жіберді' деп айтады. Олардың әруағы аунап, шаттанып қалады, абыройы өсіп, мерейі тасиды, қабыры кеңиді, қабыр азабы болса, азабы кетеді. Қазақтағы 7 шелпек пісіріп, елді тамақтандыру, сауабын мархұмдарға арнау, жылдығын беру, нәзірін беру, қырқын беру, ас беру сияқты дәстүрлер исламдағы осы хикіметке амал етуден келген нәрселер, демек олар исламнан қалған игі жосындар. Ал ислам діні адам атадан бері келе жатыр. Мәселен, бұл жосындарда аш-жалаңаштарға тамақ жегізіліп, садақа беріледі, әруақтарға құран аударылады, пайғамбарымызға салауат айтылады, дұға оқылады, Алладан кешірім және рахым сұралады, олардың ризалығы алынады. Міне осыдан түскен сауаптар мархұмдарға бағышталып, әке-шеше, ата-баба әруағына жіберіледі. Ал осы сауғаларды періштелер Алла рұхсатымен әруақтарға көрсетеді және ұсынады. Ал уахаби-салафи шайтандар адамдарды осы игіліктен құр қалдыру үшін манағы салт-жосындарды 'шірік' дейді, бірақ керісінше, олар өте жақсы ислами амалдар еді. 'Өлгендердің әруағы бізді білмейді' деп, ойлап қалмаңыз. Жоқ, олардың ұрпақтары не істеп жатқаны оларға әркүні көрсетіліп тұрады, олар біледі, бірақ бізге ештеңе дей алмайды. Ескеріңіз, сіздің бүкіл намаз және басқа құлшылықтарыңыздың сауабының бір көшірмесі қияметте ата-анаңызға да ұсынылып, олар зор нығыметке, жеңілдікке жетеді. Олар осылай қайырлы ұрпағының игілігін көреді, сондықтан, ата-анаңызға қайырлы ұрпақ болғыңыз келсе, ең кемінде 5 уақ намаз оқып жүріңіз. Игі ұрпақ болыңыз, мүмин болыңыз, Алла жолында болыңыз, міне осылар сіздің оларға жасаған ең үлкен қайырлы істеріңіз болмақ.

اتا-انامەن اتا-بابا ءارۋاعىن قۋانتۋ جولدارى

ەرتەدە جول تورىپ، ەلدى قان قاقساتقان ءبىر قاراقشى ءمالىم قاراقشىلىقتا جازىم بولىپ ءولدى، جانە ونىڭ جۇكتى ايەلى جەسىر قالدى. ال بىردە ول جەرلەنگەن مۇسىلماندار قابىرىنان ءبىر اۋليە ءوتىپ بارا جاتىپ، ونىڭ اسا اۋىر قابىر ازابىمەن ازاپتانىپ جاتقانىن كوردى. وعان قوسا، ونىڭ قابىرىنىڭ قاسىندا جاتقاندار دا ونىڭ قابىر ازابىنىڭ اسەرىنە ۇشراپ، مازاسى كەتتى. اۋليە ءجاي قاراپ ءوتىپ كەتتى، كوپ جىلدان سوڭ وسى اۋليە سول قابىردان تاعى ءوتتى، ءبىراق بۇل جولى ول ونىڭ قابىر ازابىنىڭ جوعالعانىن كوردى. ول بۇعان تاڭدانىپ، سەبەبىن بىلمەك بولىپ، اللا رۇحساتىندا ءىستىڭ سىرىنا كەرەمەتىمەن قارادى. سۇيتسە، ونىڭ جەسىر قالعان جۇكتى ايەلىنەن تۋىلعان ۇل بالا 5 جاسقا كەلىپ، مەدىرەسەگە تاپسىرىلىپتى، سول بالاسى بيسميللا دەپ، العاش فاتيحا سۇرەسىن وقىعاندا، ونىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ونىڭ قابىرداعى اكەسىنەن قابىر ازابى الىنعان ەكەن. سوندىقتان، يسلامدا قايىرلى ۇرپاق اسا ماڭىزدى، قايىرلى ۇرپاقتىڭ بەرەكەسى اكە-شەشەسىنە قابىردا دا، قيامەتتە دە تيەدى. ماسەلەن، ۇرپاقتارى اتا-اناسىنا، اتا-بابالارىنا قۇران باعىشتاسا، ولاردىڭ اتىنان ساداقا شىعارسا، ساۋابى ولارعا ءتيسىن دەپ قۇرباندىق شالسا، ەلدى تاماقتاندىرسا، ونىڭ بارلىعىن پەرىشتەلەر قابىرداعى اتا-اناسىنا الىپ بارىپ، ولارعا كورسەتەدى. جانە، 'بالەن بالاڭ وسى ساۋعانى سىزدەرگە جىبەردى' دەپ ايتادى. ولاردىڭ ءارۋاعى اۋناپ، شاتتانىپ قالادى، ابىرويى ءوسىپ، مەرەيى تاسيدى، قابىرى كەڭيدى، قابىر ازابى بولسا، ازابى كەتەدى. قازاقتاعى 7 شەلپەك ءپىسىرىپ، ەلدى تاماقتاندىرۋ، ساۋابىن مارحۇمدارعا ارناۋ، جىلدىعىن بەرۋ، ءنازىرىن بەرۋ، قىرقىن بەرۋ، اس بەرۋ سياقتى داستۇرلەر يسلامداعى وسى حيكىمەتكە امال ەتۋدەن كەلگەن نارسەلەر، دەمەك ولار يسلامنان قالعان يگى جوسىندار. ال يسلام ءدىنى ادام اتادان بەرى كەلە جاتىر. ماسەلەن، بۇل جوسىنداردا اش-جالاڭاشتارعا تاماق جەگىزىلىپ، ساداقا بەرىلەدى، ءارۋاقتارعا قۇران اۋدارىلادى، پايعامبارىمىزعا سالاۋات ايتىلادى، دۇعا وقىلادى، اللادان كەشىرىم جانە راحىم سۇرالادى، ولاردىڭ ريزالىعى الىنادى. مىنە وسىدان تۇسكەن ساۋاپتار مارحۇمدارعا باعىشتالىپ، اكە-شەشە، اتا-بابا ءارۋاعىنا جىبەرىلەدى. ال وسى ساۋعالاردى پەرىشتەلەر اللا رۇحساتىمەن ءارۋاقتارعا كورسەتەدى جانە ۇسىنادى. ال ۋاحابي-سالافي شايتاندار ادامداردى وسى يگىلىكتەن قۇر قالدىرۋ ءۇشىن ماناعى سالت-جوسىنداردى 'شىرىك' دەيدى، ءبىراق كەرىسىنشە، ولار وتە جاقسى يسلامي امالدار ەدى. 'ولگەندەردىڭ ءارۋاعى ءبىزدى بىلمەيدى' دەپ، ويلاپ قالماڭىز. جوق، ولاردىڭ ۇرپاقتارى نە ىستەپ جاتقانى ولارعا اركۇنى كورسەتىلىپ تۇرادى، ولار بىلەدى، ءبىراق بىزگە ەشتەڭە دەي المايدى. ەسكەرىڭىز، ءسىزدىڭ بۇكىل ناماز جانە باسقا قۇلشىلىقتارىڭىزدىڭ ساۋابىنىڭ ءبىر كوشىرمەسى قيامەتتە اتا-اناڭىزعا دا ۇسىنىلىپ، ولار زور نىعىمەتكە، جەڭىلدىككە جەتەدى. ولار وسىلاي قايىرلى ۇرپاعىنىڭ يگىلىگىن كورەدى، سوندىقتان، اتا-اناڭىزعا قايىرلى ۇرپاق بولعىڭىز كەلسە، ەڭ كەمىندە 5 ۋاق ناماز وقىپ ءجۇرىڭىز. يگى ۇرپاق بولىڭىز، ءمۇمين بولىڭىز، اللا جولىندا بولىڭىز، مىنە وسىلار ءسىزدىڭ ولارعا جاساعان ەڭ ۇلكەن قايىرلى ىستەرىڭىز بولماق.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami


Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8342