You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

САЛАУАТ АЙТСАҢЫЗ, КЕМІНДЕ МЫНА 10 ҮЛКЕН ПАЙДАҒА ЖЕТЕСІЗ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8337
САЛАУАТ АЙТСАҢЫЗ, КЕМІНДЕ МЫНА 10 ҮЛКЕН ПАЙДАҒА ЖЕТЕСІЗ

мұнафиық дегеніміз Алланы сүйем, Алланы құрметтеймін дей тұра, пайғамбарымызды сүймейтін және оны құрметтемейтін, салауатты ұнатпайтын, әулиелермен әхлул бәйттерді ұнатпайтын адам, нағыз мұнафиықтың белгісі міне осы. Олар салауатты ұнатпайды, шайтан да, 'салауат айтпа, немесе оны аз айт' дейді, себебі салауатты көп айтқан адам шайтанға бойбермейді, арыстанға айналады. Кейбір адамдар, салауат айтсақ, пайғамбарымызға пайдалы деп ойлайды, жоқ, мүлдем олай емес, керісінше, ол салауат айтушының өзіне пайдалы. Пайғамбарымызға салауатыңыздың еш керегі жоқ, Алла пайғамбарымызға өзі салауат айтады. Пайғамбарымыздың бізге жаны ашығандықтан, 'маған салауат айтыңдар' дейді. Демек салауат бар болғаны сіздің жеке игілігіңізге арналған. Салауаттың пайдасы ұшан теңіз, салауат айтумен мәселе жоғалады, ауру адам шипа табады, емделіп жазылады. Кім пайғамбарымызбен оның көлеңкесі болған әулиелерді құрметтесе, оған осы дүниенің өзінде-ақ Алладан жәрдем келеді, ол қуанышқа тоғысады, көңілі тыныш болады. Салауат айту да зор құлшылық, сондықтан Алла, 'пайғамбарға салауат айт' деп, әмір етеді. Салаут айтушы рухани ем табады, иманы күшейеді, жан тыныштығына жетеді. Салауат айтқандар кемінде мына он пайдаға кенеледі. - олар сұрағанына жетеді. - олар қайтыс боларда әулие келіп, оладың иманды хәлде өлуіне жәрдем береді, және олар лә илаһа илаллаһ үстінде өледі. - олар пайғамбарымызды көреді. - олар үлкен қуаныш ішінде өмір сүреді. - олардың балаларына құт-береке дариды. - олардың риздық табу жолы оңайласады. - олар бұл дүниенің кесірімен қиындығынан қорғалады. - олар пайғамбарымызға жақын жүреді. - Алла оларға ең зор түрдегі көңіл бөлумен қарайды. - оларға Алла да, пайғамбарымыз да риза болады. Демек есің ауса да, басың айналса да, жүрегің қысылса да, өмірің қиындасса да салауат айт, Алла жәрдемдесетін болады. Сондықтан, ең қысқа да нұсқа мына салауатты жаттап алып, өлеңдетіп жүріңіз. Аллахумма сәли әлә мұхаммадин уа әлә әли мұхаммадин уа сәлим. Оны қанша көп айтқан сайын, сонша жақсы, сан шегі жоқ, бірақ оны әркүні кемінде жүз рет айтып жүріңіз.

سالاۋات ايتساڭىز، كەمىندە مىنا 10 ۇلكەن پايداعا جەتەسىز

مۇنافيىق دەگەنىمىز اللانى سۇيەم، اللانى قۇرمەتتەيمىن دەي تۇرا، پايعامبارىمىزدى سۇيمەيتىن جانە ونى قۇرمەتتەمەيتىن، سالاۋاتتى ۇناتپايتىن، اۋليەلەرمەن ءاحلۋل بايتتەردى ۇناتپايتىن ادام، ناعىز مۇنافيىقتىڭ بەلگىسى مىنە وسى. ولار سالاۋاتتى ۇناتپايدى، شايتان دا، 'سالاۋات ايتپا، نەمەسە ونى از ايت' دەيدى، سەبەبى سالاۋاتتى كوپ ايتقان ادام شايتانعا بويبەرمەيدى، ارىستانعا اينالادى. كەيبىر ادامدار، سالاۋات ايتساق، پايعامبارىمىزعا پايدالى دەپ ويلايدى، جوق، مۇلدەم ولاي ەمەس، كەرىسىنشە، ول سالاۋات ايتۋشىنىڭ وزىنە پايدالى. پايعامبارىمىزعا سالاۋاتىڭىزدىڭ ەش كەرەگى جوق، اللا پايعامبارىمىزعا ءوزى سالاۋات ايتادى. پايعامبارىمىزدىڭ بىزگە جانى اشىعاندىقتان، 'ماعان سالاۋات ايتىڭدار' دەيدى. دەمەك سالاۋات بار بولعانى ءسىزدىڭ جەكە يگىلىگىڭىزگە ارنالعان. سالاۋاتتىڭ پايداسى ۇشان تەڭىز، سالاۋات ايتۋمەن ماسەلە جوعالادى، اۋرۋ ادام شيپا تابادى، ەمدەلىپ جازىلادى. كىم پايعامبارىمىزبەن ونىڭ كولەڭكەسى بولعان اۋليەلەردى قۇرمەتتەسە، وعان وسى دۇنيەنىڭ وزىندە-اق اللادان جاردەم كەلەدى، ول قۋانىشقا توعىسادى، كوڭىلى تىنىش بولادى. سالاۋات ايتۋ دا زور قۇلشىلىق، سوندىقتان اللا، 'پايعامبارعا سالاۋات ايت' دەپ، ءامىر ەتەدى. سالاۋت ايتۋشى رۋحاني ەم تابادى، يمانى كۇشەيەدى، جان تىنىشتىعىنا جەتەدى. سالاۋات ايتقاندار كەمىندە مىنا ون پايداعا كەنەلەدى. - ولار سۇراعانىنا جەتەدى. - ولار قايتىس بولاردا اۋليە كەلىپ، ولادىڭ يماندى حالدە ولۋىنە جاردەم بەرەدى، جانە ولار ءلا يلاھا يلاللاھ ۇستىندە ولەدى. - ولار پايعامبارىمىزدى كورەدى. - ولار ۇلكەن قۋانىش ىشىندە ءومىر سۇرەدى. - ولاردىڭ بالالارىنا قۇت-بەرەكە داريدى. - ولاردىڭ ريزدىق تابۋ جولى وڭايلاسادى. - ولار بۇل دۇنيەنىڭ كەسىرىمەن قيىندىعىنان قورعالادى. - ولار پايعامبارىمىزعا جاقىن جۇرەدى. - اللا ولارعا ەڭ زور تۇردەگى كوڭىل بولۋمەن قارايدى. - ولارعا اللا دا، پايعامبارىمىز دا ريزا بولادى. دەمەك ەسىڭ اۋسا دا، باسىڭ اينالسا دا، جۇرەگىڭ قىسىلسا دا، ءومىرىڭ قيىنداسسا دا سالاۋات ايت، اللا جاردەمدەسەتىن بولادى. سوندىقتان، ەڭ قىسقا دا نۇسقا مىنا سالاۋاتتى جاتتاپ الىپ، ولەڭدەتىپ ءجۇرىڭىز. اللاحۋمما ءسالي ءالا مۇحاممادين ۋا ءالا ءالي مۇحاممادين ۋا ءساليم. ونى قانشا كوپ ايتقان سايىن، سونشا جاقسى، سان شەگى جوق، ءبىراق ونى اركۇنى كەمىندە ءجۇز رەت ايتىپ ءجۇرىڭىز.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8337