You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: ислам жаңа жылы қасиетпен, жақсылықпен басталады (2025.06.26 / Хижри 1447-жыл 01-Мұхаррам)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8283
Сұхбат: ислам жаңа жылы қасиетпен, жақсылықпен басталады (2025.06.26 / Хижри 1447-жыл 01-Мұхаррам)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Türkiye, Cyprus, Lefke Dergah-да айтылған сұхбат) Бүгін бір берекелі күн, жаңа жылымыздың бірінші күні, ол хижри календары бойынша 1447 інші жыл, демек пайғамбарымыз ﷺ нан бері соншама жылдар өтті, бұның құнын иманы барлар біледі, ал иманы жоқтар өз ойлары бойынша өздерінің жаңа жылын қарсы алады, және барша пайдасыз іс атаулыны істейді. Кейбірі аздау, кейбірі көптеу, кейбірі тым артық кетеді, ал екінші күні болғанда, ештеңесі жоқ отырады, шындығында олар нені құттықтап, неге мәз болып жүргенін өздері де білмейді. Олар, «біз қатты қуанған едік, енді не болды?» деп, артына қарағанда, барлығы ұқсас, өзгерген ештеңе жоқ екендігін көретін болады, ал өзгерген сол адам баласы, яғни ол бір жас қартайды. Бірақ хижри жыл санауы, шүкір-Алла, онда бір жылдың құлшылығын істеп болып, жаңа жылда тағы да жаңа міндет аласыз, және уақыттың өтуімен, ол да біртіндеп Алла Әззә Уә-Жәлләға құлшылық етумен, шүкірлікпен, сүбіханмен, дұға жасаумен өтіп кетеді, ал Алла ﷻ оны істеушіге сый-сауаптарын беретін болады, олар осылай ұтады, ұттырып қоймайды.

Сондықтан, біздің жылымыз жақсылықпен басталады, жамандықпен басталмайды, сіз бұл жылға өзіңізге, отбасыңызға, балаларыңызға, туған жеріңізге, мемлекетіңізге дұға жасап кіресіз, жақсылық сұрап, шын жақсылықты тілеп кіресіз, мүминдердің иманының артуын сұрап, адамдардың жақсы болуы үшін оларға хидаят сұрап кіресіз. Сіз бұл жаңа жылға өзге адамдардың да осыбір әдемі күндердің, әдемі уақыттардың дәмін татуы үшін дұға жасап кіресіз. Бұл оларға нәсіп болғай, біз ешкімге кесір тілемейміз, біз зұлымдықтың тоқтауын қалаймыз, Алла ﷻ зұлымға ұшырағандарға сауап бергей, Алла ﷻ дың сауабы сауабы шексіз, онда шегара жоқ. Зұлымдыққа ұшыраушының сабырлылығы жәйлы, «إِنَّمَا يُوَفَّى ٱلصَّـٰبِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابٍ» (расында, сабыр еткендердің сауабы есепсіз түрде беріледі) (құран 39:10) делінген, демек оларға сауап еш сұраусыз беріледі, оларға тек он есе, жүз есе, мың есе емес, бірақ есепсіз түрде беріледі, онда сан болмайды, Алла ﷻ оларға қазынасынан береді.

Сол үшін мұхарам айының бірінші күні берекелі күн, Алла ﷻ бұл берекелі жылды иманымыз үшін қайырлы еткей, ал оның барлығы иманы бар кісі үшін қайырлы, бұндағы өзгеріс сол, тағы бір жыл өтіп кетті. Өткен жылдың соңғы құлшылығы қажылық еді, шүкір-Алла, ол біздің соңғы құлшылығымыз, қажылығымыз болды, ол оны өтеуге мүмкіндігі барларға арналған, соңғы міндет - қажылық, қажылықты әлі өтемегендерге қажылық міндет болмақ, ал барғандардың қажылығын Алла ﷻ қабыл еткей. Оған бара алмаған көптеген адамдар бар, онда Мекке шетіне дейін барса да, оған кіре алмайтын көптеген адамдар болды. Олар онда ниеттерімен, ақиқи шынайы ниеттерімен барды, Алла ﷻ олардың қажылығын сөзсіз қабыл ететін болады, себебі осындай ұқсас жағдай пайғамбарымыз ﷺ ға да туылған, демек ол онда қажылыққа барғанда, шектеуге ұшырады, онан соң ол онда ихрамнан шығып, құрбандық шалды.

Осындай жағдайға ұшырағандар биыл қажылыққа барғандардан көп болды, олар қажылық шегарасына кірді, қағбаны зиярат етті, бірақ арафатқа бара алмады, бірақ Алла ﷻ сөзсіз оларға сый-сауаптарын беретін болады. «إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّات» (яғни амалдар ниеттерге байланысты) делінер, амал ниетке қарайды, олар барлығы бірдей ниет етіп барды, «кіретін жолды қалай табамыз?» деді, бірақ бұл оларға тағдыр түсінігінде берілді, иншалла. Алла ﷻ оны қабыл еткей, қажылық әр жылдың соңғы құлшылығы, одан соң біз оны қайта бастаймыз, жаңасы басталады, ал қасиетті айлардың бірі болған мұхарам айында берекелі күндер бар, бұрынғы заманда осы айда ораза ұсталынатын, ал кейін Алла Әззә Уә-Жәллә оны рамазан айына өзгертті. Сонымен рамазан парыз болды, мұхарам парыз емес, бірақ онда ораза ұстаса болады, қазір мұхарамның бірінші күнінен 10 інші күніне дейін ораза ұстауда зор игілік бар, бірақ бұндағы күндердің ең маңыздысы ашура күнімен басталар, демек күндердің ең сауаптысы, фазилеттісі ашура күні болмақ.

Ашура күні мұхарам айының 10 інші күні болады, ол күні ораза ұстау бар, және істелінуге тиісті басқа міндеттер де бар, кім оны істесе, сауап табады, айтып өткеніміздей, сіз өзіңізге сай келгені бойынша ораза ұстайсыз. Демек сіз мұхарамның 9-10 інші күні немесе 10-11 інші күні ораза ұстасаңыз болады, немесе 9, 10, 11 інші күндерді қосып үш күн ораза ұстаңыз, немесе осы бірінші күнінен бастап 10 інші күніне дейін ораза ұстаңыз. Әркім қалағанын істеуіне болады, бұлар мүминдермен мұсылмандарға Алла Әззә Уә-Жәлләдан берілген бір сауға, онан соң, әрине, пайғамбарымыз ﷺ туылған берекелі ай, рабиул-ауал айы кіреді, ол да аса берекелі, аса ұлық күн, ол күні Алла Әззә Уә-Жәллә пайғамбарымыз ﷺ ды жіберді. Кейбір надан адамдар, «оны бидаға» дейді, бірақ пайғамбарымыз ﷺ әр дүйсенбі күні ораза ұстаған. Сонда адамдар одан не үшін дүйсенбі күні ораза ұстағанын сұрағанда, ол, «мен осы күні туылғам, сол үшін ораза ұстаймын» дейді, демек пайғамбарымыз ﷺ өзінің туылған күнін әр дүйсенбі күні құттықтаған, себебі оның туылған күні дүйсенбі еді, ал біз оны жылына бір рет қана құттықтасақ та, ол біреулерге тым көп болып кетеді екен!

Онан соң, айтып өткеніміздей, режеп, шағбан, рамазан, ораза айт, құрбан айт, қадір түні қатарлылар бар, олардың барлығы бір жылдың ішінде өтіп кетті, біреуінен тағы біреуіне кетуде, сондықтан бұл жылымыз босқа кетпеді, демек бұл өмір мұсылман үшін босқа кетпейді, уақыт босқа кетпейді, олардың барлығы толып тұр. Мына әлемде бос тұрған ештеңе жоқ, ендеше ислам қалай бос болмақ? ол мүлдем бос емес, ал бос дегеніміз, өмірі бос дегеніміз иманы жоқ адам, бос нәрсе деген осындай адам. Мейлі ол бірдеңені соншама ойлай берсін, ол бәрібір бос біреу болмақ, және ол бос адамдардың артынан жүгіреді, онда ештеңе жоқ. Толы адам дегеніміз, иншалла, мүминдер болмақ, олардың әрбір минуты қадірлі, әрбір минуты Алла ﷻ дың игіліктерімен сауаптарына толы, иншалла, Алла ﷻ осыбір күндерді берекелі еткей, иншалла. Алла ﷻ сахибул заман Мұхаммад әл-Мәхди хазіретті биыл жібергей, иншалла, біздің күтіп жүргеніміз осы еді, ол күннен күнге жақындап келеді, иншалла, ол биыл болғай, иншалла, үмітіміз міне осы, иншалла.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami




سۇحبات: يسلام جاڭا جىلى قاسيەتپەن، جاقسىلىقپەن باستالادى (2025.06.26 / حيجري 1447-جىل 01-مۇحاررام)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Türkiye، Cyprus، Lefke Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بۇگىن ءبىر بەرەكەلى كۇن، جاڭا جىلىمىزدىڭ ءبىرىنشى كۇنى، ول حيجري كالەندارى بويىنشا 1447 ءىنشى جىل، دەمەك پايعامبارىمىز ﷺ نان بەرى سونشاما جىلدار ءوتتى، بۇنىڭ قۇنىن يمانى بارلار بىلەدى، ال يمانى جوقتار ءوز ويلارى بويىنشا وزدەرىنىڭ جاڭا جىلىن قارسى الادى، جانە بارشا پايداسىز ءىس اتاۋلىنى ىستەيدى. كەيبىرى ازداۋ، كەيبىرى كوپتەۋ، كەيبىرى تىم ارتىق كەتەدى، ال ەكىنشى كۇنى بولعاندا، ەشتەڭەسى جوق وتىرادى، شىندىعىندا ولار نەنى قۇتتىقتاپ، نەگە ءماز بولىپ جۇرگەنىن وزدەرى دە بىلمەيدى. ولار، «ءبىز قاتتى قۋانعان ەدىك، ەندى نە بولدى؟» دەپ، ارتىنا قاراعاندا، بارلىعى ۇقساس، وزگەرگەن ەشتەڭە جوق ەكەندىگىن كورەتىن بولادى، ال وزگەرگەن سول ادام بالاسى، ياعني ول ءبىر جاس قارتايدى. ءبىراق حيجري جىل ساناۋى، شۇكىر-اللا، وندا ءبىر جىلدىڭ قۇلشىلىعىن ىستەپ بولىپ، جاڭا جىلدا تاعى دا جاڭا مىندەت الاسىز، جانە ۋاقىتتىڭ وتۋىمەن، ول دا بىرتىندەپ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قۇلشىلىق ەتۋمەن، شۇكىرلىكپەن، سۇبىحانمەن، دۇعا جاساۋمەن ءوتىپ كەتەدى، ال اللا ﷻ ونى ىستەۋشىگە سىي-ساۋاپتارىن بەرەتىن بولادى، ولار وسىلاي ۇتادى، ۇتتىرىپ قويمايدى.

سوندىقتان، ءبىزدىڭ جىلىمىز جاقسىلىقپەن باستالادى، جاماندىقپەن باستالمايدى، ءسىز بۇل جىلعا وزىڭىزگە، وتباسىڭىزعا، بالالارىڭىزعا، تۋعان جەرىڭىزگە، مەملەكەتىڭىزگە دۇعا جاساپ كىرەسىز، جاقسىلىق سۇراپ، شىن جاقسىلىقتى تىلەپ كىرەسىز، مۇميندەردىڭ يمانىنىڭ ارتۋىن سۇراپ، ادامداردىڭ جاقسى بولۋى ءۇشىن ولارعا حيدايات سۇراپ كىرەسىز. ءسىز بۇل جاڭا جىلعا وزگە ادامداردىڭ دا ءوسىبىر ادەمى كۇندەردىڭ، ادەمى ۋاقىتتاردىڭ ءدامىن تاتۋى ءۇشىن دۇعا جاساپ كىرەسىز. بۇل ولارعا ءناسىپ بولعاي، ءبىز ەشكىمگە كەسىر تىلەمەيمىز، ءبىز زۇلىمدىقتىڭ توقتاۋىن قالايمىز، اللا ﷻ زۇلىمعا ۇشىراعاندارعا ساۋاپ بەرگەي، اللا ﷻ دىڭ ساۋابى ساۋابى شەكسىز، وندا شەگارا جوق. زۇلىمدىققا ۇشىراۋشىنىڭ سابىرلىلىعى ءجايلى، «إِنَّمَا يُوَفَّى ٱلصَّـٰبِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابٍ» (راسىندا، سابىر ەتكەندەردىڭ ساۋابى ەسەپسىز تۇردە بەرىلەدى) (قۇران 39:10) دەلىنگەن، دەمەك ولارعا ساۋاپ ەش سۇراۋسىز بەرىلەدى، ولارعا تەك ون ەسە، ءجۇز ەسە، مىڭ ەسە ەمەس، ءبىراق ەسەپسىز تۇردە بەرىلەدى، وندا سان بولمايدى، اللا ﷻ ولارعا قازىناسىنان بەرەدى.

سول ءۇشىن مۇحارام ايىنىڭ ءبىرىنشى كۇنى بەرەكەلى كۇن، اللا ﷻ بۇل بەرەكەلى جىلدى يمانىمىز ءۇشىن قايىرلى ەتكەي، ال ونىڭ بارلىعى يمانى بار كىسى ءۇشىن قايىرلى، بۇنداعى وزگەرىس سول، تاعى ءبىر جىل ءوتىپ كەتتى. وتكەن جىلدىڭ سوڭعى قۇلشىلىعى قاجىلىق ەدى، شۇكىر-اللا، ول ءبىزدىڭ سوڭعى قۇلشىلىعىمىز، قاجىلىعىمىز بولدى، ول ونى وتەۋگە مۇمكىندىگى بارلارعا ارنالعان، سوڭعى مىندەت - قاجىلىق، قاجىلىقتى ءالى وتەمەگەندەرگە قاجىلىق مىندەت بولماق، ال بارعانداردىڭ قاجىلىعىن اللا ﷻ قابىل ەتكەي. وعان بارا الماعان كوپتەگەن ادامدار بار، وندا مەككە شەتىنە دەيىن بارسا دا، وعان كىرە المايتىن كوپتەگەن ادامدار بولدى. ولار وندا نيەتتەرىمەن، اقيقي شىنايى نيەتتەرىمەن باردى، اللا ﷻ ولاردىڭ قاجىلىعىن ءسوزسىز قابىل ەتەتىن بولادى، سەبەبى وسىنداي ۇقساس جاعداي پايعامبارىمىز ﷺ عا دا تۋىلعان، دەمەك ول وندا قاجىلىققا بارعاندا، شەكتەۋگە ۇشىرادى، ونان سوڭ ول وندا يحرامنان شىعىپ، قۇرباندىق شالدى.

وسىنداي جاعدايعا ۇشىراعاندار بيىل قاجىلىققا بارعانداردان كوپ بولدى، ولار قاجىلىق شەگاراسىنا كىردى، قاعبانى زيارات ەتتى، ءبىراق ارافاتقا بارا المادى، ءبىراق اللا ﷻ ءسوزسىز ولارعا سىي-ساۋاپتارىن بەرەتىن بولادى. «إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّات» (ياعني امالدار نيەتتەرگە بايلانىستى) دەلىنەر، امال نيەتكە قارايدى، ولار بارلىعى بىردەي نيەت ەتىپ باردى، «كىرەتىن جولدى قالاي تابامىز؟» دەدى، ءبىراق بۇل ولارعا تاعدىر تۇسىنىگىندە بەرىلدى، ينشاللا. اللا ﷻ ونى قابىل ەتكەي، قاجىلىق ءار جىلدىڭ سوڭعى قۇلشىلىعى، ودان سوڭ ءبىز ونى قايتا باستايمىز، جاڭاسى باستالادى، ال قاسيەتتى ايلاردىڭ ءبىرى بولعان مۇحارام ايىندا بەرەكەلى كۇندەر بار، بۇرىنعى زاماندا وسى ايدا ورازا ۇستالىناتىن، ال كەيىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونى رامازان ايىنا وزگەرتتى. سونىمەن رامازان پارىز بولدى، مۇحارام پارىز ەمەس، ءبىراق وندا ورازا ۇستاسا بولادى، ءقازىر مۇحارامنىڭ ءبىرىنشى كۇنىنەن 10 ءىنشى كۇنىنە دەيىن ورازا ۇستاۋدا زور يگىلىك بار، ءبىراق بۇنداعى كۇندەردىڭ ەڭ ماڭىزدىسى اشۋرا كۇنىمەن باستالار، دەمەك كۇندەردىڭ ەڭ ساۋاپتىسى، فازيلەتتىسى اشۋرا كۇنى بولماق.

اشۋرا كۇنى مۇحارام ايىنىڭ 10 ءىنشى كۇنى بولادى، ول كۇنى ورازا ۇستاۋ بار، جانە ىستەلىنۋگە ءتيىستى باسقا مىندەتتەر دە بار، كىم ونى ىستەسە، ساۋاپ تابادى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءسىز وزىڭىزگە ساي كەلگەنى بويىنشا ورازا ۇستايسىز. دەمەك ءسىز مۇحارامنىڭ 9-10 ءىنشى كۇنى نەمەسە 10-11 ءىنشى كۇنى ورازا ۇستاساڭىز بولادى، نەمەسە 9، 10، 11 ءىنشى كۇندەردى قوسىپ ءۇش كۇن ورازا ۇستاڭىز، نەمەسە وسى ءبىرىنشى كۇنىنەن باستاپ 10 ءىنشى كۇنىنە دەيىن ورازا ۇستاڭىز. اركىم قالاعانىن ىستەۋىنە بولادى، بۇلار مۇميندەرمەن مۇسىلماندارعا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بەرىلگەن ءبىر ساۋعا، ونان سوڭ، ارينە، پايعامبارىمىز ﷺ تۋىلعان بەرەكەلى اي، رابيۋل-اۋال ايى كىرەدى، ول دا اسا بەرەكەلى، اسا ۇلىق كۇن، ول كۇنى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا پايعامبارىمىز ﷺ دى جىبەردى. كەيبىر نادان ادامدار، «ونى بيداعا» دەيدى، ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺ ءار دۇيسەنبى كۇنى ورازا ۇستاعان. سوندا ادامدار ودان نە ءۇشىن دۇيسەنبى كۇنى ورازا ۇستاعانىن سۇراعاندا، ول، «مەن وسى كۇنى تۋىلعام، سول ءۇشىن ورازا ۇستايمىن» دەيدى، دەمەك پايعامبارىمىز ﷺ ءوزىنىڭ تۋىلعان كۇنىن ءار دۇيسەنبى كۇنى قۇتتىقتاعان، سەبەبى ونىڭ تۋىلعان كۇنى دۇيسەنبى ەدى، ال ءبىز ونى جىلىنا ءبىر رەت قانا قۇتتىقتاساق تا، ول بىرەۋلەرگە تىم كوپ بولىپ كەتەدى ەكەن!

ونان سوڭ، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، رەجەپ، شاعبان، رامازان، ورازا ايت، قۇربان ايت، ءقادىر ءتۇنى قاتارلىلار بار، ولاردىڭ بارلىعى ءبىر جىلدىڭ ىشىندە ءوتىپ كەتتى، بىرەۋىنەن تاعى بىرەۋىنە كەتۋدە، سوندىقتان بۇل جىلىمىز بوسقا كەتپەدى، دەمەك بۇل ءومىر مۇسىلمان ءۇشىن بوسقا كەتپەيدى، ۋاقىت بوسقا كەتپەيدى، ولاردىڭ بارلىعى تولىپ تۇر. مىنا الەمدە بوس تۇرعان ەشتەڭە جوق، ەندەشە يسلام قالاي بوس بولماق؟ ول مۇلدەم بوس ەمەس، ال بوس دەگەنىمىز، ءومىرى بوس دەگەنىمىز يمانى جوق ادام، بوس نارسە دەگەن وسىنداي ادام. مەيلى ول بىردەڭەنى سونشاما ويلاي بەرسىن، ول ءبارىبىر بوس بىرەۋ بولماق، جانە ول بوس ادامداردىڭ ارتىنان جۇگىرەدى، وندا ەشتەڭە جوق. تولى ادام دەگەنىمىز، ينشاللا، مۇميندەر بولماق، ولاردىڭ ءاربىر مينۋتى ءقادىرلى، ءاربىر مينۋتى اللا ﷻ دىڭ يگىلىكتەرىمەن ساۋاپتارىنا تولى، ينشاللا، اللا ﷻ ءوسىبىر كۇندەردى بەرەكەلى ەتكەي، ينشاللا. اللا ﷻ ساحيبۋل زامان مۇحامماد ءال-ءماحدي حازىرەتتى بيىل جىبەرگەي، ينشاللا، ءبىزدىڭ كۇتىپ جۇرگەنىمىز وسى ەدى، ول كۇننەن كۇنگە جاقىنداپ كەلەدى، ينشاللا، ول بيىل بولعاي، ينشاللا، ءۇمىتىمىز مىنە وسى، ينشاللا.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8283