You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ӘУЛИЕЛЕРДЕН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗДЕР



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8242
ӘУЛИЕЛЕРДЕН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗДЕР

- иманым болаттай берік болсын десең, жүрегің қауырсыннан жұмсақ болсын.

- мәлім шәкірт әулие пірінен, 'дүние деген не?' деп сұрайды, әулие оған, 'сені Алла жолынан тосатын әрқандай нәрсе дүние делінеді' деп, жауап береді.

- 'сау бол' деп, қоштасып айырылысу бірін-бірі көзімен сүйгендерде болатын құбылыс. Ал бірін-бірі жүрек және жан-рухымен сүйгендерде айырылысу деген нәрсе болмайды.

- үзілмей жалғаса беретін баянды сұлулық жүректің сұлулығы ғана.

- бұтхана, шіркеу, мешіттерден Алланы іздедім, таба алмадым, бірақ Оны жүрегімнен таптым, Алла жұректе.

- төзімділік дегеніміз босқа күтіп отыру емес, сарғайу емес, жоқ, олай емес. Төзімділік дегеніміз алдын ала көре білу, тікенге қарап, роза гүлінің шығатынын білу, түнге қарап, күндіздің келе жатқанын білу. Ғашықтар сабырлы келеді, олар айдың толуына біраз уақыттың керек екендігін түсінеді.

- неге өзіңізді түсіндіріп әуре боласыз? сізге кесім жасап отырғандар тек өздерінің әйнегімен қарап отыр емеспе, үндемеңіз, оларға көрсетіңіз.

- әркүні өмір өше береді, бірақ үмітің өсе береді, бұл неткен қызық формула десеңізші.

- махаббатсыз өмір - бос өмір, 'қайсы махаббатты іздеймін' деме, махаббатта таңба жоқ, анықтама жоқ, ол сондай, қарапайым әрі кіршіксіз.

- тәніңді тиым және оразамен тазаларсың, бірақ жүрегіңді махаббат қана тазалай алады.

- көңілсіз болма! қиналу да бір нығымет, Алла оның ішіне зор рахымын жасырған.

- жылай бер, жаста кие бар, ол әлсіздік емес, ол күштілік белгісі, жас барда Алла рахымы бар, Ол жылатар.

- жасырын тілек тіле, дұға ет, жыла, мұңай, 7 қат көктен бір үн келер, жүрегің жараланса, жаман іс емес, себебі Алла, 'Мен жаралы жүрекке ең жақынмын' дейді.

- әр сәтте Алладан мың хабар бар, әр рет 'о Алла' деген жылауға, Ол, 'Мен мұндамын деп, жүз рет жауап берер.

- әр жолы жалғыз қалғанда, біліңіз, Алла барлығын кетіріп жіберіп, Ол тек сізбен ғана қалды, сөйлесіп алыңыз.

- мейлі қалай бүркенсеңіз де, Алла сізді біледі, Ол сіздің әлі айтпаған сөздеріңізді естіп болған.

- сағыныш бар сырдың өзегі, ол ем-шипа әкеледі, бірақ онда 1 ғана заң бар: аңсаумен қиналасыз, нәпсіңіз сынады, ал қалауыңыз іске асар кезде, құрбан боп кетеді, осыған шыдайсызба.

- сенің Маған деген сағынышың - Менің саған жіберген хаттарым, ал сенің Маған жетпекші болған барша ұмтылысың, ақиқатында Менің саған жетпек болған ұмтылысым еді.

- байлық дегеніміз дүниеге бай болу емес, бірақ жаныңның бай болуы.

- сүйген нәрсеңе қол жеткізу үшін, ең әуелі жек көретін нәрсеңе сабыр ет.

- елдің барлығы 'белгілі біреу' болғысы келіп, шапқылап жүрсе, сіз 'белгісіз біреу' болуға шапқылаңыз.

- жарық және жылу беретін шырақ болу оңай емес, ол үшін әуелі сіз өзіңіз күйіп жануыңыз керек.

- қақсаң, Ол қақпаны ашар, жоғалсаң, Ол аспанда күндей жарқыратар, құласаң, Ол көкке көтерер, ал жоққа айналсаң, Ол сені бүкіл бәрі етер.

- өзін мыжған қолға да хош иісін қалдырып кететін гүл сияқты болыңыз.

اۋليەلەردەن قالعان اسىل سوزدەر

- يمانىم بولاتتاي بەرىك بولسىن دەسەڭ، جۇرەگىڭ قاۋىرسىننان جۇمساق بولسىن.

- ءمالىم شاكىرت اۋليە پىرىنەن، 'دۇنيە دەگەن نە؟' دەپ سۇرايدى، اۋليە وعان، 'سەنى اللا جولىنان توساتىن ءارقانداي نارسە دۇنيە دەلىنەدى' دەپ، جاۋاپ بەرەدى.

- 'ساۋ بول' دەپ، قوشتاسىپ ايىرىلىسۋ ءبىرىن-ءبىرى كوزىمەن سۇيگەندەردە بولاتىن قۇبىلىس. ال ءبىرىن-ءبىرى جۇرەك جانە جان-رۋحىمەن سۇيگەندەردە ايىرىلىسۋ دەگەن نارسە بولمايدى.

- ۇزىلمەي جالعاسا بەرەتىن باياندى سۇلۋلىق جۇرەكتىڭ سۇلۋلىعى عانا.

- بۇتحانا، شىركەۋ، مەشىتتەردەن اللانى ىزدەدىم، تابا المادىم، ءبىراق ونى جۇرەگىمنەن تاپتىم، اللا جۇرەكتە.

- توزىمدىلىك دەگەنىمىز بوسقا كۇتىپ وتىرۋ ەمەس، سارعايۋ ەمەس، جوق، ولاي ەمەس. توزىمدىلىك دەگەنىمىز الدىن الا كورە ءبىلۋ، تىكەنگە قاراپ، روزا گۇلىنىڭ شىعاتىنىن ءبىلۋ، تۇنگە قاراپ، كۇندىزدىڭ كەلە جاتقانىن ءبىلۋ. عاشىقتار سابىرلى كەلەدى، ولار ايدىڭ تولۋىنا ءبىراز ۋاقىتتىڭ كەرەك ەكەندىگىن تۇسىنەدى.

- نەگە ءوزىڭىزدى ءتۇسىندىرىپ اۋرە بولاسىز؟ سىزگە كەسىم جاساپ وتىرعاندار تەك وزدەرىنىڭ اينەگىمەن قاراپ وتىر ەمەسپە، ۇندەمەڭىز، ولارعا كورسەتىڭىز.

- اركۇنى ءومىر وشە بەرەدى، ءبىراق ءۇمىتىڭ وسە بەرەدى، بۇل نەتكەن قىزىق فورمۋلا دەسەڭىزشى.

- ماحابباتسىز ءومىر - بوس ءومىر، 'قايسى ماحابباتتى ىزدەيمىن' دەمە، ماحابباتتا تاڭبا جوق، انىقتاما جوق، ول سونداي، قاراپايىم ءارى كىرشىكسىز.

- ءتانىڭدى تيىم جانە ورازامەن تازالارسىڭ، ءبىراق جۇرەگىڭدى ماحاببات قانا تازالاي الادى.

- كوڭىلسىز بولما! قينالۋ دا ءبىر نىعىمەت، اللا ونىڭ ىشىنە زور راحىمىن جاسىرعان.

- جىلاي بەر، جاستا كيە بار، ول السىزدىك ەمەس، ول كۇشتىلىك بەلگىسى، جاس باردا اللا راحىمى بار، ول جىلاتار.

- جاسىرىن تىلەك تىلە، دۇعا ەت، جىلا، مۇڭاي، 7 قات كوكتەن ءبىر ءۇن كەلەر، جۇرەگىڭ جارالانسا، جامان ءىس ەمەس، سەبەبى اللا، 'مەن جارالى جۇرەككە ەڭ جاقىنمىن' دەيدى.

- ءار ساتتە اللادان مىڭ حابار بار، ءار رەت 'و اللا' دەگەن جىلاۋعا، ول، 'مەن مۇندامىن دەپ، ءجۇز رەت جاۋاپ بەرەر.

- ءار جولى جالعىز قالعاندا، ءبىلىڭىز، اللا بارلىعىن كەتىرىپ جىبەرىپ، ول تەك سىزبەن عانا قالدى، سويلەسىپ الىڭىز.

- مەيلى قالاي بۇركەنسەڭىز دە، اللا ءسىزدى بىلەدى، ول ءسىزدىڭ ءالى ايتپاعان سوزدەرىڭىزدى ەستىپ بولعان.

- ساعىنىش بار سىردىڭ وزەگى، ول ەم-شيپا اكەلەدى، ءبىراق وندا 1 عانا زاڭ بار: اڭساۋمەن قينالاسىز، ءناپسىڭىز سىنادى، ال قالاۋىڭىز ىسكە اسار كەزدە، قۇربان بوپ كەتەدى، وسىعان شىدايسىزبا.

- سەنىڭ ماعان دەگەن ساعىنىشىڭ - مەنىڭ ساعان جىبەرگەن حاتتارىم، ال سەنىڭ ماعان جەتپەكشى بولعان بارشا ۇمتىلىسىڭ، اقيقاتىندا مەنىڭ ساعان جەتپەك بولعان ۇمتىلىسىم ەدى.

- بايلىق دەگەنىمىز دۇنيەگە باي بولۋ ەمەس، ءبىراق جانىڭنىڭ باي بولۋى.

- سۇيگەن نارسەڭە قول جەتكىزۋ ءۇشىن، ەڭ اۋەلى جەك كورەتىن نارسەڭە سابىر ەت.

- ەلدىڭ بارلىعى 'بەلگىلى بىرەۋ' بولعىسى كەلىپ، شاپقىلاپ جۇرسە، ءسىز 'بەلگىسىز بىرەۋ' بولۋعا شاپقىلاڭىز.

- جارىق جانە جىلۋ بەرەتىن شىراق بولۋ وڭاي ەمەس، ول ءۇشىن اۋەلى ءسىز ءوزىڭىز كۇيىپ جانۋىڭىز كەرەك.

- قاقساڭ، ول قاقپانى اشار، جوعالساڭ، ول اسپاندا كۇندەي جارقىراتار، قۇلاساڭ، ول كوككە كوتەرەر، ال جوققا اينالساڭ، ول سەنى بۇكىل ءبارى ەتەر.

- ءوزىن مىجعان قولعا دا حوش ءيىسىن قالدىرىپ كەتەتىن گۇل سياقتى بولىڭىز.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8242