77 КІСІНІҢ ЖАНЫН ӘЗІРЕЙІЛДЕН ҚАЙТАРЫП ӘКЕЛГЕН ӘУЛИЕ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8240
77 КІСІНІҢ ЖАНЫН ӘЗІРЕЙІЛДЕН ҚАЙТАРЫП ӘКЕЛГЕН ӘУЛИЕ
Әйгілі әулие Абдулқадір Ғейлани өз заманының ең биік әулиесі, әулиелер сұлтаны еді, оған Алладан аса зор күш берілген, оның мүриті өте көп еді, ол осы мүриттерін әркүні кереметімен шолып шығатын. Бірде ол бір мүритінің жанын таба алмай қояды, сосын ол кереметімен аршыға өрлеп, жан алғыш Әзірейіл періштені қуып жетеді. Ал әзірейіл періште илаһи шарбаққа 77 адамның жанын салып бара жатыр екен, Абдулқадір Ғейлани әулие оған 'менің мүритінің жанын қайтар, мен оны жетер биік мақамына әлі жеткізген жоқпын' дейді. Әзірейіл періште бой бермейді, айтыса келе, Абдулқадір Ғейлани әулие Алладан берілген кереметімен шарбақтағы 77 адамның жанын босатып, өз денелеріне қайтарып жібереді. Әзірейіл періште Аллаға болған жәйды айтады. Алла оған, 'сүйікті құлым, қадірлі досымның мүритінің жанын алудан бұрын одан рұхсат сұрауың керек еді, бұндай күшті сүйікті ерке достарыма Мен бергенмін, манағы 77 жан өз иелеріне барып қайта кірді, олардың әрбіріне 77 жас ғұмыр бердім' дейді. Сол түні сол сәтте өлген 77 адам қайта тірілді, олар 77 жасқа жеткенде қайтыс болды. Кейбір үлкен әулиелерге осындай күш берілген, ал осындай әулиеге ергендер тәлейлі адамдар, ол бір сұраусыз берілген нығымет. Себебі әулие пір мүритінің өлер кезінде рухани күшпен келіп, шайтанды қуады, оны о дүниеге иманды хәлде аттандырады. Ал қабырда мүриті үшін әңкүр-мүңкірдің сұрағына жауап береді, аса сұсты әңкүр-мүңкір періштелер әулиені көргенде жуасып кетеді, әулиеге сәлем беріп, 'жол сізден болсын' дейді. Олар әулиелердің дәрежесі өздерінен әлде қайда жоғары екендігін біледі. Соңында әулие қиямет күнінде мүриттерін жинап, пайғамбарымыздың шапағатына алдымен іліндіреді, мүриттері үшін жауап бере алады, олардың есебі жеңіл және тез кетеді. Әулиелер жәннаттан әлде қайда биік болған Алла құзіретіндегі аса жақсы орында тұрады, олар пайғамбарлармен бірге Аллаға тым жақын жерде болады. Ол мекеннің қасында жәннат жәй жер болып қалады. Ал әулие мүриттері де әулие пірімен сол мекендерде жүреді. Демек әулие өзіне бая берген мүриттеріне осы дүниеде де, қабырда да, қияметте де серік болады, оларға жәрдемдеседі, ал ақиретте мәңгі бірге болады.
77 كىسىنىڭ جانىن ازىرەيىلدەن قايتارىپ اكەلگەن اۋليە
ايگىلى اۋليە ءابدۋلقادىر عەيلاني ءوز زامانىنىڭ ەڭ بيىك اۋليەسى، اۋليەلەر سۇلتانى ەدى، وعان اللادان اسا زور كۇش بەرىلگەن، ونىڭ ءمۇريتى وتە كوپ ەدى، ول وسى مۇريتتەرىن اركۇنى كەرەمەتىمەن شولىپ شىعاتىن. بىردە ول ءبىر ءمۇريتىنىڭ جانىن تابا الماي قويادى، سوسىن ول كەرەمەتىمەن ارشىعا ورلەپ، جان العىش ازىرەيىل پەرىشتەنى قۋىپ جەتەدى. ال ازىرەيىل پەرىشتە يلاھي شارباققا 77 ادامنىڭ جانىن سالىپ بارا جاتىر ەكەن، ءابدۋلقادىر عەيلاني اۋليە وعان 'مەنىڭ ءمۇريتىنىڭ جانىن قايتار، مەن ونى جەتەر بيىك ماقامىنا ءالى جەتكىزگەن جوقپىن' دەيدى. ازىرەيىل پەرىشتە بوي بەرمەيدى، ايتىسا كەلە، ءابدۋلقادىر عەيلاني اۋليە اللادان بەرىلگەن كەرەمەتىمەن شارباقتاعى 77 ادامنىڭ جانىن بوساتىپ، ءوز دەنەلەرىنە قايتارىپ جىبەرەدى. ازىرەيىل پەرىشتە اللاعا بولعان ءجايدى ايتادى. اللا وعان، 'سۇيىكتى قۇلىم، ءقادىرلى دوسىمنىڭ ءمۇريتىنىڭ جانىن الۋدان بۇرىن ودان رۇحسات سۇراۋىڭ كەرەك ەدى، بۇنداي كۇشتى سۇيىكتى ەركە دوستارىما مەن بەرگەنمىن، ماناعى 77 جان ءوز يەلەرىنە بارىپ قايتا كىردى، ولاردىڭ اربىرىنە 77 جاس عۇمىر بەردىم' دەيدى. سول ءتۇنى سول ساتتە ولگەن 77 ادام قايتا ءتىرىلدى، ولار 77 جاسقا جەتكەندە قايتىس بولدى. كەيبىر ۇلكەن اۋليەلەرگە وسىنداي كۇش بەرىلگەن، ال وسىنداي اۋليەگە ەرگەندەر تالەيلى ادامدار، ول ءبىر سۇراۋسىز بەرىلگەن نىعىمەت. سەبەبى اۋليە ءپىر ءمۇريتىنىڭ ولەر كەزىندە رۋحاني كۇشپەن كەلىپ، شايتاندى قۋادى، ونى و دۇنيەگە يماندى حالدە اتتاندىرادى. ال قابىردا ءمۇريتى ءۇشىن اڭكۇر-مۇڭكىردىڭ سۇراعىنا جاۋاپ بەرەدى، اسا سۇستى اڭكۇر-مۇڭكىر پەرىشتەلەر اۋليەنى كورگەندە جۋاسىپ كەتەدى، اۋليەگە سالەم بەرىپ، 'جول سىزدەن بولسىن' دەيدى. ولار اۋليەلەردىڭ دارەجەسى وزدەرىنەن الدە قايدا جوعارى ەكەندىگىن بىلەدى. سوڭىندا اۋليە قيامەت كۇنىندە مۇريتتەرىن جيناپ، پايعامبارىمىزدىڭ شاپاعاتىنا الدىمەن ىلىندىرەدى، مۇريتتەرى ءۇشىن جاۋاپ بەرە الادى، ولاردىڭ ەسەبى جەڭىل جانە تەز كەتەدى. اۋليەلەر ءجانناتتان الدە قايدا بيىك بولعان اللا قۇزىرەتىندەگى اسا جاقسى ورىندا تۇرادى، ولار پايعامبارلارمەن بىرگە اللاعا تىم جاقىن جەردە بولادى. ول مەكەننىڭ قاسىندا ءجاننات ءجاي جەر بولىپ قالادى. ال اۋليە مۇريتتەرى دە اۋليە پىرىمەن سول مەكەندەردە جۇرەدى. دەمەك اۋليە وزىنە بايا بەرگەن مۇريتتەرىنە وسى دۇنيەدە دە، قابىردا دا، قيامەتتە دە سەرىك بولادى، ولارعا جاردەمدەسەدى، ال اقيرەتتە ماڭگى بىرگە بولادى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8240