You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

СЕН АРТЫҚПА, ИТІМ АРТЫҚПА ДЕГЕН МҰҢҒЫЛ ХАНЫ ИСЛАМ ҚАБЫЛ ЕТТІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8237
'СЕН АРТЫҚПА, ИТІМ АРТЫҚПА' ДЕГЕН МҰҢҒЫЛ ХАНЫ ИСЛАМ ҚАБЫЛ ЕТТІ

шыңғысханның шағатай ұрпағынан шыққан тұғылық темір хан, қазіргі қытайдың іле қазақ обылысы қорғас алмалықта өмір сүрді, және ол алмалықты шағатай ордасының астанасы етті. Ол жас кезінде аң аулап жүріп, бір дәруішке кездесіп қалады және оған, 'сен артық па, әлде мына итім артық па' дейді, дәруіш, 'егер Алла мені сүйсе, мен иттен артықпын, ал сүймесе, мен иттен төменмін' дейді, бұл жауап хан жүрегіне мірдің оғындай қадалады. Ол таңғалады, одан ислам жәйлы көп сұрайды және мұсылмандық қабылдайды, ол бір түнде 70 мың мұңғыл әскерін исламға кіргізеді. Ал әлгі дәруіш әйгілі әулие сопы Мәуләнә әршидин хазірет еді. Ол шағатай ұлысының ақылшысы, дін басы болып, бүкіл шағатай ұлысына дін таратты, ханға пір болады. Тұғлық темір іле құлжадан самарханға жорыққа шығып, хан болғысы келіп жүрген ақсақ темірді ұстамақ болады, екі темір қиян кескі шайқасып, тұғлық темір ақсақ темірді жеңеді, оны тірі қолға түсіреді. Ақсақ темір кешірім сұрар, тұғылық темір оны кешіріп, үлкен бек етіп тағайындайды, ақсақ темір ешкімнен жеңілмеген, бірақ ол осы тұғылық темірден жеңіледі. Тұғылық темір іле құлжадағы ордасына қайтып келеді, ислам дініне қызмет өтейді, қайтыс болғанда сол алмалыққа жерленеді, күмбезі қазіргі қытайдағы іле қазақ аймағының қорғас алмалық ауылында орналасқан, күмбез алдына қытай билігі тұғылық темірдің мүсінін тұрғызып қойған, ол тұғылық темір мазары деп аталады. Оның ұрпақтарынан алаш ахмет хан, уәис хан, сайд хан сияқты әйгілі тұлғалар шықты, олар кейінгі қазақ хандығының құрылуына жәрдем етті, әсіресе, алаш ахмет хан қазақ сарбаздарын бастап қалмақтарды көп шапты, қырғыздарды исламға кіргізді, оның ұлы мәнсұр хан қырғызды енесейден тәңір тауға көшіріп әкелді. Оның ұрпағы сайд хан ұйғырды билеп, нақышбанд сопылық тәриқатын ұстанды, тибетке дейін ислам таратты. Оның ең соңғы ұрпағы 1933 інші жылы қытайдағы құмыл қаласында хандық тақтан түсірілді. Тұғылық темір өлген соң, ақсақ Темір билікті тартып алды, әйгілі Темір империясын құрды. Ал пір Мәуләнә рашидин хазіреттің ұрпақтары ұйғыр ұлысында нақышбанд сопылық тәриқат әулиелері келгенге дейін діни билікте болды. Олар нақышбанд сопылық тәриқатын ұстанып, исламға жалғасты қызмет етті, оның мақам қабыры қытайдың оңтүстік шыңжаң Ұйғыр өлкесі ақсуда әлі күнге дейін жақсы сақталынған. Тұғылық темірдің ұрпағынан шыққан сопы уәйіс хан іле қазақ аймағы құлжа ауданында жерленген, оның қабыр басына мешіт салынған. Осы уәйіс хан мазарына қытай іле қазақ обылысы оңіріндегі қазақ найман тайпасындағы матай қызайларының билерімен игі жақсылары жерленген. Ол жерде ертеде сопыларға арналған халуа жасайтын бөлме болған, қазіргі қытай билігі ол жерлерді қатаң қорғауға алған. Одан 70 шақырым жерде Қазақстанмен шегара жерде әйгілі қонақай мазары бар, онда шағатай ханның жүсіп саккаки деген әулие уәзірі жерленген, мазарға 700 жылдан асты. Ондағы қазақ, ұйғыр, қырғыз, түңгендер қонақай мазарына ұдайы зиярат жасап келген.

'سەن ارتىقپا، ءيتىم ارتىقپا' دەگەن مۇڭعىل حانى يسلام قابىل ەتتى

شىڭعىسحاننىڭ شاعاتاي ۇرپاعىنان شىققان تۇعىلىق تەمىر حان، قازىرگى قىتايدىڭ ىلە قازاق وبىلىسى قورعاس المالىقتا ءومىر ءسۇردى، جانە ول المالىقتى شاعاتاي ورداسىنىڭ استاناسى ەتتى. ول جاس كەزىندە اڭ اۋلاپ ءجۇرىپ، ءبىر دارۋىشكە كەزدەسىپ قالادى جانە وعان، 'سەن ارتىق پا، الدە مىنا ءيتىم ارتىق پا' دەيدى، ءدارۋىش، 'ەگەر اللا مەنى سۇيسە، مەن يتتەن ارتىقپىن، ال سۇيمەسە، مەن يتتەن تومەنمىن' دەيدى، بۇل جاۋاپ حان جۇرەگىنە ءمىردىڭ وعىنداي قادالادى. ول تاڭعالادى، ودان يسلام ءجايلى كوپ سۇرايدى جانە مۇسىلماندىق قابىلدايدى، ول ءبىر تۇندە 70 مىڭ مۇڭعىل اسكەرىن يسلامعا كىرگىزەدى. ال الگى ءدارۋىش ايگىلى اۋليە سوپى ءماۋلانا ءارشيدين حازىرەت ەدى. ول شاعاتاي ۇلىسىنىڭ اقىلشىسى، ءدىن باسى بولىپ، بۇكىل شاعاتاي ۇلىسىنا ءدىن تاراتتى، حانعا ءپىر بولادى. تۇعلىق تەمىر ىلە قۇلجادان سامارحانعا جورىققا شىعىپ، حان بولعىسى كەلىپ جۇرگەن اقساق تەمىردى ۇستاماق بولادى، ەكى تەمىر قيان كەسكى شايقاسىپ، تۇعلىق تەمىر اقساق تەمىردى جەڭەدى، ونى ءتىرى قولعا تۇسىرەدى. اقساق تەمىر كەشىرىم سۇرار، تۇعىلىق تەمىر ونى كەشىرىپ، ۇلكەن بەك ەتىپ تاعايىندايدى، اقساق تەمىر ەشكىمنەن جەڭىلمەگەن، ءبىراق ول وسى تۇعىلىق تەمىردەن جەڭىلەدى. تۇعىلىق تەمىر ىلە قۇلجاداعى ورداسىنا قايتىپ كەلەدى، يسلام دىنىنە قىزمەت وتەيدى، قايتىس بولعاندا سول المالىققا جەرلەنەدى، كۇمبەزى قازىرگى قىتايداعى ىلە قازاق ايماعىنىڭ قورعاس المالىق اۋىلىندا ورنالاسقان، كۇمبەز الدىنا قىتاي بيلىگى تۇعىلىق تەمىردىڭ ءمۇسىنىن تۇرعىزىپ قويعان، ول تۇعىلىق تەمىر مازارى دەپ اتالادى. ونىڭ ۇرپاقتارىنان الاش احمەت حان، ءۋايس حان، سايد حان سياقتى ايگىلى تۇلعالار شىقتى، ولار كەيىنگى قازاق حاندىعىنىڭ قۇرىلۋىنا جاردەم ەتتى، اسىرەسە، الاش احمەت حان قازاق ساربازدارىن باستاپ قالماقتاردى كوپ شاپتى، قىرعىزداردى يسلامعا كىرگىزدى، ونىڭ ۇلى ءمانسۇر حان قىرعىزدى ەنەسەيدەن ءتاڭىر تاۋعا كوشىرىپ اكەلدى. ونىڭ ۇرپاعى سايد حان ۇيعىردى بيلەپ، ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىن ۇستاندى، تيبەتكە دەيىن يسلام تاراتتى. ونىڭ ەڭ سوڭعى ۇرپاعى 1933 ءىنشى جىلى قىتايداعى قۇمىل قالاسىندا حاندىق تاقتان ءتۇسىرىلدى. تۇعىلىق تەمىر ولگەن سوڭ، اقساق تەمىر بيلىكتى تارتىپ الدى، ايگىلى تەمىر يمپەرياسىن قۇردى. ال ءپىر ءماۋلانا راشيدين حازىرەتتىڭ ۇرپاقتارى ۇيعىر ۇلىسىندا ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقات اۋليەلەرى كەلگەنگە دەيىن ءدىني بيلىكتە بولدى. ولار ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىن ۇستانىپ، يسلامعا جالعاستى قىزمەت ەتتى، ونىڭ ماقام قابىرى قىتايدىڭ وڭتۇستىك شىڭجاڭ ۇيعىر ولكەسى اقسۋدا ءالى كۇنگە دەيىن جاقسى ساقتالىنعان. تۇعىلىق تەمىردىڭ ۇرپاعىنان شىققان سوپى ءۋايىس حان ىلە قازاق ايماعى قۇلجا اۋدانىندا جەرلەنگەن، ونىڭ قابىر باسىنا مەشىت سالىنعان. وسى ءۋايىس حان مازارىنا قىتاي ىلە قازاق وبىلىسى وڭىرىندەگى قازاق نايمان تايپاسىنداعى ماتاي قىزايلارىنىڭ بيلەرىمەن يگى جاقسىلارى جەرلەنگەن. ول جەردە ەرتەدە سوپىلارعا ارنالعان حالۋا جاسايتىن بولمە بولعان، قازىرگى قىتاي بيلىگى ول جەرلەردى قاتاڭ قورعاۋعا العان. ودان 70 شاقىرىم جەردە قازاقستانمەن شەگارا جەردە ايگىلى قوناقاي مازارى بار، وندا شاعاتاي حاننىڭ ءجۇسىپ ساككاكي دەگەن اۋليە ءۋازىرى جەرلەنگەن، مازارعا 700 جىلدان استى. ونداعى قازاق، ۇيعىر، قىرعىز، تۇڭگەندەر قوناقاي مازارىنا ۇدايى زيارات جاساپ كەلگەن.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8237