You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ТОЗАҚТАҒЫ ОРНЫН КӨРІП, ЖЫНДАНҒАН ЕВРЕЙ ҒАЛЫМЫ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8234
ТОЗАҚТАҒЫ ОРНЫН КӨРІП, ЖЫНДАНҒАН ЕВРЕЙ ҒАЛЫМЫ

бірде еврейдің әйгілі ғұламалары мәшһүр әулие әбдул-қадір ғейлани хазіретке келіп, исламды төмендетпек болады, олардың ең мықты ғұламасы пайғамбарымызға тіл тигізіп, мұғжизаны жоққа шығарады. Сол кезде әбдул-қадір хазірет еврей ғұламасына оң жеңін көтеріп, 'басыңды сұғып қарап көрші' дейді, еврей қарайды, сәлден соң ол басын шығарады, оған не көрдің делінеді. Ғұламаның жүзі қатты өзгерген, ол таңғалулы күйде, 'мен сіздің жәннаттағы өте биік дәрежеңізді көрдім' дейді. Сосын әулие оған, 'сол жеңіме қарап көр' дейді, ол қарайды, бірақ басын шығарған соң, ол қатты қорқып кетеді, шәхада айтып мұсылман болады, ол, 'тозақтағы орнымды көрдім' дейді, ол дірілдеп, есі шығады, тек, 'әбдул-қадір, абдул-қадір' дей береді. Ол өзінің бұрынғы хәлде өлсе, тозақтық болатынын көріп, есі шыққан еді, ол ақылынан кетеді. Ол көп ұзамай өледі, ал қабырда да ол әңкір-мүңкірдің әр сұрағына 'әбдул-қадір' деп, жауап береді. Сол кезде қабырға абдул-қадір ғейлани әулие келеді, ол әңкір-мүңкірге, 'сендер не сұрасаңдар да, ол қияметке дейін 'абдул-қадір' деп жауап берер' дейді, және бұл еврей мүриті үшін әңкір-мүңкірдің сұрағына ол өзі жауап береді. Шын әулиенің бір шарапаты осы, демек кім осындай әулиеге бая берсе, ол өлгенде осы әулие пірі оның қабырына келіп, оған көмектеседі, әңкір-мүңкірдің сұрағына жауап береді. Піріңіз нағыз әулие болса ғана, Алладан осындай нығымет нәсіп болады. Әңкір-мүңкір періштелер әулиені көргенде жуасып, 'жол сіздікі' дейді, әулиенің дәрежесі өте жоғары.

توزاقتاعى ورنىن كورىپ، جىندانعان ەۆرەي عالىمى

بىردە ەۆرەيدىڭ ايگىلى عۇلامالارى ءماشھۇر اۋليە ءابدۋل-ءقادىر عەيلاني حازىرەتكە كەلىپ، يسلامدى تومەندەتپەك بولادى، ولاردىڭ ەڭ مىقتى عۇلاماسى پايعامبارىمىزعا ءتىل تيگىزىپ، مۇعجيزانى جوققا شىعارادى. سول كەزدە ءابدۋل-ءقادىر حازىرەت ەۆرەي عۇلاماسىنا وڭ جەڭىن كوتەرىپ، 'باسىڭدى سۇعىپ قاراپ كورشى' دەيدى، ەۆرەي قارايدى، سالدەن سوڭ ول باسىن شىعارادى، وعان نە كوردىڭ دەلىنەدى. عۇلامانىڭ ءجۇزى قاتتى وزگەرگەن، ول تاڭعالۋلى كۇيدە، 'مەن ءسىزدىڭ ءجانناتتاعى وتە بيىك دارەجەڭىزدى كوردىم' دەيدى. سوسىن اۋليە وعان، 'سول جەڭىمە قاراپ كور' دەيدى، ول قارايدى، ءبىراق باسىن شىعارعان سوڭ، ول قاتتى قورقىپ كەتەدى، ءشاحادا ايتىپ مۇسىلمان بولادى، ول، 'توزاقتاعى ورنىمدى كوردىم' دەيدى، ول دىرىلدەپ، ەسى شىعادى، تەك، 'ءابدۋل-ءقادىر، ابدۋل-ءقادىر' دەي بەرەدى. ول ءوزىنىڭ بۇرىنعى حالدە ولسە، توزاقتىق بولاتىنىن كورىپ، ەسى شىققان ەدى، ول اقىلىنان كەتەدى. ول كوپ ۇزاماي ولەدى، ال قابىردا دا ول اڭكىر-مۇڭكىردىڭ ءار سۇراعىنا 'ءابدۋل-ءقادىر' دەپ، جاۋاپ بەرەدى. سول كەزدە قابىرعا ابدۋل-ءقادىر عەيلاني اۋليە كەلەدى، ول اڭكىر-مۇڭكىرگە، 'سەندەر نە سۇراساڭدار دا، ول قيامەتكە دەيىن 'ابدۋل-ءقادىر' دەپ جاۋاپ بەرەر' دەيدى، جانە بۇل ەۆرەي ءمۇريتى ءۇشىن اڭكىر-مۇڭكىردىڭ سۇراعىنا ول ءوزى جاۋاپ بەرەدى. شىن اۋليەنىڭ ءبىر شاراپاتى وسى، دەمەك كىم وسىنداي اۋليەگە بايا بەرسە، ول ولگەندە وسى اۋليە ءپىرى ونىڭ قابىرىنا كەلىپ، وعان كومەكتەسەدى، اڭكىر-مۇڭكىردىڭ سۇراعىنا جاۋاپ بەرەدى. ءپىرىڭىز ناعىز اۋليە بولسا عانا، اللادان وسىنداي نىعىمەت ءناسىپ بولادى. اڭكىر-مۇڭكىر پەرىشتەلەر اۋليەنى كورگەندە جۋاسىپ، 'جول سىزدىكى' دەيدى، اۋليەنىڭ دارەجەسى وتە جوعارى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8234