МҰҒЖИЗА СҰРАП, АЖАЛ ҚҰШҚАНДАР

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8228
МҰҒЖИЗА СҰРАП, АЖАЛ ҚҰШҚАНДАР
Алла Иса пайғамбарды тек руханиятқа арнады, ол дүние тәркі жан болды. Оның бар дүниесі бір ине, бір сабақ жіп қана болды, үйленбеді. Ол кедей болғандықтан, өз еврейлері оған ермей қойды, еврейлер, 'бізге сүлеймен сияқты бай пайғамбар керек' деді. Ал оған ергендердің көбі Аллаға шынайы иман ету үшін емес, бірақ мұғжизаны қызық көрумен дүниеге кенелу үшін жүрген болатын. Ол бірде мәлім ерушісімен келе жатқанда қураған үлкен сүйекті көреді, ал ерушісі оған, 'оны тірілдірші' дейді, иса хазірет, 'болмайды, онда не игілік бар, ол саған зиян болса қайтесің?' дейді, бірақ ана кісі бой бермейді, 'тірілдір' деп, тұрып алады. Ол оны тірілдіреді, сүйітсе, ол бір үлкен арыстан екен, арыстан арыс етіп, манағы адамды желкеден алып, орманға кіріп кетеді, ол осылай арыстанға жем болады. Тағы бірде оның екі серігі, 'мына тастарды алтынға айналдыр, сонда Аллаға иманымыз тіпті де бекем болар' дейді. Ол, 'арты жақсы болмас' дейді, олар бой бермейді, ақыры ол бір үйінді тасты мұғжизамен алтынға айналдырады. Ал манағы екеуі сол кезде 'иманымыз күшейеді' деген сөздерін ұмытып, алтынға таласады, иса пайғамбар бір жақта қалады. Соңында олар алтынға таласып, бірін-бірі өлтіреді, олардың шаруасы осылай бітеді. Демек Аллаға иман біртіндеп келеді, егер ол мұғжизалар арқылы болса, адамның келтірген иманы көбінде бос болады, берік болмайды. Сондықтан кім иманға өз жүрек түсінігімен келсе, ол айды бөліп, күнді жарғаннан, жұлдызға барғаннан, өліні тірілдіргеннен де зор мұғжиза жасаған болады.
مۇعجيزا سۇراپ، اجال قۇشقاندار
اللا يسا پايعامباردى تەك رۋحانياتقا ارنادى، ول دۇنيە تاركى جان بولدى. ونىڭ بار دۇنيەسى ءبىر ينە، ءبىر ساباق ءجىپ قانا بولدى، ۇيلەنبەدى. ول كەدەي بولعاندىقتان، ءوز ەۆرەيلەرى وعان ەرمەي قويدى، ەۆرەيلەر، 'بىزگە سۇلەيمەن سياقتى باي پايعامبار كەرەك' دەدى. ال وعان ەرگەندەردىڭ كوبى اللاعا شىنايى يمان ەتۋ ءۇشىن ەمەس، ءبىراق مۇعجيزانى قىزىق كورۋمەن دۇنيەگە كەنەلۋ ءۇشىن جۇرگەن بولاتىن. ول بىردە ءمالىم ەرۋشىسىمەن كەلە جاتقاندا قۋراعان ۇلكەن سۇيەكتى كورەدى، ال ەرۋشىسى وعان، 'ونى ءتىرىلدىرشى' دەيدى، يسا حازىرەت، 'بولمايدى، وندا نە يگىلىك بار، ول ساعان زيان بولسا قايتەسىڭ؟' دەيدى، ءبىراق انا كىسى بوي بەرمەيدى، 'ءتىرىلدىر' دەپ، تۇرىپ الادى. ول ونى تىرىلدىرەدى، سۇيىتسە، ول ءبىر ۇلكەن ارىستان ەكەن، ارىستان ارىس ەتىپ، ماناعى ادامدى جەلكەدەن الىپ، ورمانعا كىرىپ كەتەدى، ول وسىلاي ارىستانعا جەم بولادى. تاعى بىردە ونىڭ ەكى سەرىگى، 'مىنا تاستاردى التىنعا اينالدىر، سوندا اللاعا يمانىمىز ءتىپتى دە بەكەم بولار' دەيدى. ول، 'ارتى جاقسى بولماس' دەيدى، ولار بوي بەرمەيدى، اقىرى ول ءبىر ءۇيىندى تاستى مۇعجيزامەن التىنعا اينالدىرادى. ال ماناعى ەكەۋى سول كەزدە 'يمانىمىز كۇشەيەدى' دەگەن سوزدەرىن ۇمىتىپ، التىنعا تالاسادى، يسا پايعامبار ءبىر جاقتا قالادى. سوڭىندا ولار التىنعا تالاسىپ، ءبىرىن-ءبىرى ولتىرەدى، ولاردىڭ شارۋاسى وسىلاي بىتەدى. دەمەك اللاعا يمان بىرتىندەپ كەلەدى، ەگەر ول مۇعجيزالار ارقىلى بولسا، ادامنىڭ كەلتىرگەن يمانى كوبىندە بوس بولادى، بەرىك بولمايدى. سوندىقتان كىم يمانعا ءوز جۇرەك تۇسىنىگىمەن كەلسە، ول ايدى ءبولىپ، كۇندى جارعاننان، جۇلدىزعا بارعاننان، ءولىنى تىرىلدىرگەننەن دە زور مۇعجيزا جاساعان بولادى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8228