САЛҒАН ҮЙІ ӨЗДЕРІНЕН ҰЗАҚ ЖАСАЙТЫН АДАМДАР

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8224
САЛҒАН ҮЙІ ӨЗДЕРІНЕН ҰЗАҚ ЖАСАЙТЫН АДАМДАР
Иса пайғамбар сапарда келе жатып, бір там үйге кіреді, оның ішінде 700 жастағы жасамыс кісі намаз оқып жатыр екен. Екеуі біраз сұхбат құрады, жасамыс кісі сондай тақуа, оның әркүнгі өмірі дерлік құлшылықпен өтеді екен, там үйінен басқа ештеңесі жоқ. Иса пайғамбар оған, 'о қадірлі қария, кейін ақырзаманда мына дүниеге сондай бір түрлі адамдар келеді, олар сіздің жасыңыздың оннан біріндей ғана ғұмыр көреді, бірақ өздерін сізден де көп жасайтындай сезінеді, олар сіздің жасыңызға шыдайтындай үй салар' дейді. Ал жасамыс қария таңғалып, 'егер менің жасым олардай қысқа болса, басымды сәждеден алмас едім' дейді. Ал пайғамбарымыз да, 'менің кейінгі үмбетім Аллаға шерік қоспайды, бірақ олар дүниенің артынан кетіп бұзылады, исламнан алыстайды, кәпірлер басын қай тесікке сұқса, олар да сол тесікке басын сұғады, кәпірлерге ереді, оларға зауал сол кезде келер' дейді. Ол және, 'ақырзаманда үмбетім өте көп болады, бірақ түкке шамасы келмейтін бос болады, олар теңіз толқынының қайраңға соққан көпіршігі сияқты келеді, ештеңеге жарамайды, кәпірден пәс болады, себебі олар менің жолымды тастап, нәпсімен дүниеге ереді, кәпірге еліктейді, сондықтан Алла олардан қорғанын алып кетеді, олар өздерімен қалады, міне осы кезде кәпірлер оларға әңгір таяқ ойнатар' дейді. Ал біз пайғамбарымыз айтқан сол заманда тұрмыз, қазір мұсылмандар исламды дұрыс ұстануды білмес, оны ұмытқан, олар исламды пайғамбарымызбен әулиелер, ізгі ғұламалар көрсеткен жолмен емес, бірақ өз нәпсілері көрсеткен жолмен ұстануда.
سالعان ءۇيى وزدەرىنەن ۇزاق جاسايتىن ادامدار
يسا پايعامبار ساپاردا كەلە جاتىپ، ءبىر تام ۇيگە كىرەدى، ونىڭ ىشىندە 700 جاستاعى جاسامىس كىسى ناماز وقىپ جاتىر ەكەن. ەكەۋى ءبىراز سۇحبات قۇرادى، جاسامىس كىسى سونداي تاقۋا، ونىڭ اركۇنگى ءومىرى دەرلىك قۇلشىلىقپەن وتەدى ەكەن، تام ۇيىنەن باسقا ەشتەڭەسى جوق. يسا پايعامبار وعان، 'و ءقادىرلى قاريا، كەيىن اقىرزاماندا مىنا دۇنيەگە سونداي ءبىر ءتۇرلى ادامدار كەلەدى، ولار ءسىزدىڭ جاسىڭىزدىڭ وننان بىرىندەي عانا عۇمىر كورەدى، ءبىراق وزدەرىن سىزدەن دە كوپ جاسايتىنداي سەزىنەدى، ولار ءسىزدىڭ جاسىڭىزعا شىدايتىنداي ءۇي سالار' دەيدى. ال جاسامىس قاريا تاڭعالىپ، 'ەگەر مەنىڭ جاسىم ولارداي قىسقا بولسا، باسىمدى ساجدەدەن الماس ەدىم' دەيدى. ال پايعامبارىمىز دا، 'مەنىڭ كەيىنگى ۇمبەتىم اللاعا شەرىك قوسپايدى، ءبىراق ولار دۇنيەنىڭ ارتىنان كەتىپ بۇزىلادى، يسلامنان الىستايدى، كاپىرلەر باسىن قاي تەسىككە سۇقسا، ولار دا سول تەسىككە باسىن سۇعادى، كاپىرلەرگە ەرەدى، ولارعا زاۋال سول كەزدە كەلەر' دەيدى. ول جانە، 'اقىرزاماندا ۇمبەتىم وتە كوپ بولادى، ءبىراق تۇككە شاماسى كەلمەيتىن بوس بولادى، ولار تەڭىز تولقىنىنىڭ قايراڭعا سوققان كوپىرشىگى سياقتى كەلەدى، ەشتەڭەگە جارامايدى، كاپىردەن ءپاس بولادى، سەبەبى ولار مەنىڭ جولىمدى تاستاپ، ناپسىمەن دۇنيەگە ەرەدى، كاپىرگە ەلىكتەيدى، سوندىقتان اللا ولاردان قورعانىن الىپ كەتەدى، ولار وزدەرىمەن قالادى، مىنە وسى كەزدە كاپىرلەر ولارعا اڭگىر تاياق ويناتار' دەيدى. ال ءبىز پايعامبارىمىز ايتقان سول زاماندا تۇرمىز، ءقازىر مۇسىلماندار يسلامدى دۇرىس ۇستانۋدى بىلمەس، ونى ۇمىتقان، ولار يسلامدى پايعامبارىمىزبەن اۋليەلەر، ىزگى عۇلامالار كورسەتكەن جولمەن ەمەس، ءبىراق ءوز ناپسىلەرى كورسەتكەن جولمەن ۇستانۋدا.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8224